Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.85 Кб
Скачать

39) Ұсақ моторикасын тексеру

1)5-6рет саусақтарды жұдырыққа жұмып, ашу:

2)Қолдың барлық саусақтарын бесбармаққа кезек-кезек қосу:

Ұсақ моторика дегеніміз – қолдың, қол білезігінің, саусақтардың, қол бұлшық еттерінің қимыл-қозғалысы. Олардың қол білезіктері әлсіз және салбырт, алақандарын жұдырыққа түйе алмайды, саусақтарын бір-бірден санап,үлкен бас саусақты қалған саусақтарға қарсы қоя алмайды. Қолдарына қасық, қарындаш ұстау қиынға соғады. Олар затты жұдырықпен ұстайды; қпйшымен қия алмайды, ермексазды илей алмайды. Қандай да болмасын әрекетті орындау кезінде ересектердің көмегін қажет етеді.

Мектепке дейінгі жаста ұсақ моторика мен қол қимылдарының координациясын дамыту бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Қажетті қимылдар немесе әрекеттерді жүзеге асыру кезіндегі тұрақты сәтсіздіктер сабақтан бас тартуға әкеледі. Сондықтан, баланың қызығушылығын арттыру мақсатымен, кез келген тапсырманы ойын түрінде ұсынған дұрыс, және де ол жағымды эмоционалдық ынталандыру тудыратындықтан, психикалық тонустың жоғары болуына себеп болады, бір жағынан жұмысқа деген қабілеттілікті жақсартады.

40) Оқудың бұзылуын ерте анықтау әдістемесі

Оқуының жағдайын тексеру үшін арнайы іріктеліп алынған сөйлемдерді пайдаланады, егер бала нашар оқитын болса, онда әріптерді оқып талдаудан бастайды. Осы мақсатпен ысқырық және ызың, ұяң және катаң әріптерді атауды ұсынады, ал егер сөйлеу тілінің ақаулығына байланысты айта алмаса, онда ол әріптерді сөздің құрамынан немесе қолмен жазылған және таңбалы нұсқасын көрсетеді. Бала берілген әріптерді бірден танитын, танымайтынын анықтаудың манызы бар. Бұдан кейін буындарды ОҚУДЫ тексереді. Құрамында қатар тұрған дауыссыз және дұрыс айтылатын да, дұрыс айтылмайтын да дыбыстары бар буындарды алдымен тура, сосын керісінше буындарды оқытады. Бұдан кейін сөздерді оқуға көшеді. Оқуды тексеру үшін алдымен жәй сөйлемдерді, сосын дыбыстық және морфологиялық құрамы бойынша күрделілеу сөздерді іріктеп алады. Оқытуға пайдалануға жарайтын сөздер: Марат, Рахат, Жанат, көрпе, тері, сағат, шана, тақия, қалпақ, қарлығаш, перде, дана, сабын, шапан. Бала оқыған сөздерін түсінетін, түсінбейтіндігін міндетті түрде тексеру керек. Бұны анықтау үшін оқыған сөзіне бір мағыналы сөздерді іріктеп алып, оны сөйлемнің құрамына еңгізуді, сосын соған лайықты суретті іздеуді ұсыну арқылы жасайды. Түсінігін тексеру үшін бейнелі суреттердің және дыбыстың құрамы бойынша ұқсас сөздердің арнайы жиынтығын ұсынуға болады. Әрбір зат және әрбір сөз жеке-жеке анықтамаларда (карточкада) бөлек көрсетілген. Балаға анықтамада таңбаланған кез келген бір сөзді оқытады да, сол сөзбен аталатын затты басқа заттар бейнеленген суреттердің арасынан тауып алуды ұсынады. Мысалға берілетін сөздер мен соларға лайықты бейнелі суреттер: мысық, тышқан, қоян, түлкі, шалғы, бала, сағат, қасық, кітап, күрек. Бала оқығанын қалай түсінгені сұраққа жауап немесе мазмұнын айтқызу арқылы міндетті түрде тексереді. Оқуын тексерген кезде баланың буынға бөліп немесе бүтін сөзді және жеке әріптерді іріктеп, олардан буын және сөз құрап оқитын ерекшеліктерін көрсету қажет. Оқуын тексеру барысында байқалғанның бәрі жазып алынады.