Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зерттеу.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
149.85 Кб
Скачать

24. Сөйлем құрау дағдыларын тексеру

Атауы: «Кім тапқыр?»

Мақсаты: Баланың сөйлем құрылымын талдау туралы ұғымдарын тексеру.

Барысы: Мұғалім балаға бір сөйлемді береді,бірақ ол сөйлемдердің орны ауысқан түрінде беріледі.

Мысалы: тептік шаңғы біз,шөп қозы жеді,алма кеше тердік біз.

Атауы: «Сен аяқта»

Мақсаты: Баланың логикалық ойлау қабілетін,зейінін,сөйлем құрылымын талдау түсініктерін тексеру.

Барысы: Мұғалім баланың алдына аяқталмаған сөйлем береді.Сөйлемнің соңғы сөзі жақша ішінде тұрады.Бала жақшада тұрған сәйкес келетін сөзді таңдап көп нүктенің орнына қойып шығады.

Мысалы:

Біз кеше циркке.....(жедік,келеміз,бардық)

Мен кітап.....(бардым,оқыдым,биледім)

Қыста қар.....(жауады, жанады, себеді)

Атауы : Қателерін түзет

Мақсаты : Сөйлем құрлымын талдау қабілетін дамыту

Сипаттамасы : Сөйлемді тыңда, қателерін түзет.

Бұзау Арайды бақты.

Ағаш Арманды отырғызды.

Гүл Әсемге су құйды.

25. Сөзжасам дағдыларын тексеру

  1. Сиыр сауатын адамды кім дейміз?

  2. Мен саған сөздер айтамын. Сен сол сөздерге – дай, – дей, – тай, – тей қосып айт.

1 Гүл

2 Тас

3 Мұз

4 Көбелек

5 Тау

  1. сыйдыратын заттын атын атау (май салғыш, қант салғыш)

  2. журнақтардын мағынасын түсінуі суреттен көрсету

Көрпе-көрпеше

Жастық

Үйшік

Кітап

26. Сөзөзгерту дағдыларын тексеру

  1. Мен затты аз мөлшерде айтамын, ал сен көп мөлшерде айт. 1 Алма 2 Шие 3 Қарандаш 4 Күшік 5 Мысық 6 Өрік

Заттарға қарап,көпше түрін ата

Менде гүл бар,сенде нелер бар?

  1. « Ненің құйрығы»

Мақсаты: Берілген сөздерге ілік септігінің жалғауын қолдану дағдыларын қалыптастыру.

ненің құйрығы екенін айтып өтейік.

1 Ит

2 Маймыл

3 Қоян

4 Мысық

  1. Түлкі

  1. Жіктік жалғауларды Қолдану дағдыларын анықтау

Нұсқау Сөйлемді аяқта Мен ойнаймын ,...

Сен-Сіз- Ол-Біз-Сендер-Олар-

4 )Тәуелдік жалғауының қолданылуы

Сөйлемді аяқта Менің қаламым

Сенің Сіздің Оның Біздің Сендердің Сіздердің Олардың

27. Байланыстырып сөйлеуін тексеру

Байланыстырып сөйлеуін тексеру үшін төменгідегідей әдістерді қолдануға болады:

1. сурет бойынша әңгіме құрастыру.

2. сериялы сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Нұсқау. Суретке қарап, оларды ретімен қойып әңгіме құрастыр.

3. Мәтінді тыңдап мазмұнын айту.

Нұсқау. Мен қазір әңгіме оқып беремін, сен мұқият тыңдап, есіңе сақтап мазмұнын айтып беруің керек.

Мәтін екі реттен көп оқылмайды. Арнайы әдебиеттерде байланыстырып сөйлеудің бірнеше критерийлері қарастырылады. Олар: байланыстылығы, кезектілігі, логикалық-мазмұндық жағы, яғни оның тақырыпқа сәйкестілігі, толықтылығы.

Кейінгі әдебиеттерде (Р.И. Лалаева, Т.А. Фотекова) байланыстырып сөйлеудің қалпы төменгідегідей критерийлер бойынша бағаланады:

1. мазмұндық тұтастығы – мазмұнның негізгі бөліктері дұрыс кезектілікпен, тақырыпқа сай берілген, себеп-салдары толық ашылады;

2. әңгіменің лексикалық-грамматикалық өңделуі, дұрыс қолдануы, сөздерді мағынасы, ұқсастығы бойынша шатастыру, алмастырудың байқалмауы, аграмматизмнің болмауы;

3. тапсырманы өзбетімен орындауы - әңгімені өзбетімен бірден

құрастыруы. Көмек көрсетілуі, көмектің түрі. Осы аталған критерийлер бойынша баланың байланыстырып сөйлеуінің даму денгейі қортындыланады.