Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Biokhimia_bez_otveta.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.07 Кб
Скачать

| Жасуша цитозолінде

242. ~Адам организміндегі бөлініп шығарылатын мочевинаның мөлшері тамақ құрамындағы ... байланысты.

| липидтерге

| көмірсуларға

| витаминдерге

| ақуыздарға

| микроэлементтерге

243.~ Кребс айналымы ... жүреді.

| рибосомада

| жасуша ядросында

| митохондрияда

| жасуша цитозолінде

| Гольджи аппаратында

244.~ Организмдегі мочевина синтезінің биохимиялық процесі ... деп аталады.

| глюконеогенез

| үш карбон қышқылының айналымы

| гликоксилатты айналым

| орнитин айналымы

| гликолиз

245.~ Организмде амин қышқылдарының диссимиляциясы нәтижесінде түзілген аммиак ... жолымен залалсызданады.

| гликолиз

| пентозофосфаттық

| лимон қышқылы айналымы

| мочевина түзілу айналымы

| май қышқылдарының тотығу

246.~Үш карбон қышқылы циклінің аралық өнімі ... қышқылы болып табылады.

| пропион

| пирожүзім

| сүт

| янтарь

| бетта-оксимай

247.~Ацетил-КоА қымыздық сірке қышқылымен әрекеттесіп … қышқылын түзеді.

| цис-аконитат

| фумар

| лимон

| алма

| альфа-кетоглутар

248.~ Қарапайым микробтар және ірі молекулаларға тосқауыл қызметін атқаратын гетерополисахарид:

| гепарин

| дерматан сульфат

| кератан сульфат

| гиалурон қышқылы

| хондроитин сульфат

249.~Үш карбон қышқылы циклінде тотықсызданған дегидрогеназалар ... тотығады.

| тотығудан фосфорлануда

| оттегімен әрекеттескенде

| ГДФ қайта фосфорлануында

| биологиялық тотығу тізбегінде

| тотықсызданып аминдену арқылы

250.~Биологиялық тотығу – бұл ... алып келетін тотығу-тотықсыздану реакцияларының тізбегі.

| аммиак түзілуіне

| СО2 түзілуіне

| субстраттың тотығуына, судың түзілуіне және энергия бөлінуіне

| энергия сіңіру арқылы субстраттар тотығуына

| Н2О мен СО2 түзілуіне

251.~ Электрохимиялық потенциал Н+... тасымалдану нәтижесінде пайда болады.

| матрикстен цитоплазмаға

| мембранааралық кеңістіктен матрикске

| мембранааралық кеңістіктен оттегіне

| матрикстен мембрана аралық кеңістікке

| цитоплазмадан оттегіге

252.~ Пируватдегидрогеназалық комплекс … ішкі мембранасында болады.

| ядроның

| лизосоманың

| жасуша ядросының

| Митохондрияның

| Гольджи комплексінің

253. ~Ауыз қуысында альфа-амилазасының әсерінен крахмалдан басқа ... ыдырайды.

| целлюлоза

| сахароза

| Гликоген

| лактоза

| мальтоза

254.~ Биологиялық тотығу мен тотыға фосфорланудың қабысу бұзылғанда ...

| АТФ-тің түзілуі жоғарлайды және жылудың бөлінуі төмендейді.

| жылудың бөлінуі мен АТФ түзілуі жоғарылайды.

| жылудың бөлінуі мен АТФ түзілуі төмендейді.

| АТФ-тың түзілуі төмендейді және жылудың бөлінуі жоғарлайды.

| энергия жылу түрінде бөлінбейді.

255.~ Тыныс алу тізбегінің төртінші сатысының қызметі - электрондарды цитохромдардан ... тасымалдау.

| убихинонға

| бірінші сатыға

| екінші сатыға

| оттегіге

| үшінші сатыға

256. ~ Бауыр және ми жасушаларына глюкозаның өтуi ... байланысты.

| инсулинге

| гликогеннің мөлшеріне

| қан қысымына

| глюкозаның мөлшеріне

| адреналинге

257 ~Глюкозаның аэробты тотығуының екінші сатысы ... басталады.

| пируваттың тотықсыздануынан

| оксалоацеттатың синтезінен

| лактаттың тотығуынан

| цитраттың синтезінен

| пируваттың тотығып декарбоксилденуінен

258.~ Асқазан сөлінің құрамына ... кірмейді.

| ренин

| пепсин

| НСL

| трипсиноген

| гастриксин

259.~Азот ағзадан негізінен... құрамында сыртқа шығарылады.

| несеп қышқылының

| аминқышқылдарының

| билирубиннің

| мочевинаның

| нуклеотидтердің

260.~Балалардың асқазанындағы сүтті ұйытатын фермент:

| пепсин

| химотрипсин

| трипсин

| ренин

| эластаза

261. ~ Асқазан сөлінде органикалық қышқылдардың, әсіресе сүт қышқылының көбеюі ... болады.

| пепсин жетіспегенде

| трипсин жетіспегенде

| НСl жетіспегенде

| НСl көбейіп кеткенде

| гастриксин жетіспегенде

262. ~ Ересек адамның денесіндегі тәулігіне түзілетін және ыдырайтын ақуыз мөлшері ... тең.

| 80г

| 210г

| 500г

| 400г

| 100г

263.~Адам мен жануарлардың организмінде кальцийдің алмасуын ... витамині реттейді.

| С

| В2

| Д

| А

| В6

264. ~Кокарбоксилаза коферменті – бұл:

| ниацин

| рибофлавин

| пиридоксальфосфат

| тиаминпирофосфат

| пиридоксамин

265.~Асқазан сөліндегі тұз қышқылы ... қатыспайды.

| ақуыз ісінуіне

| ақуыз денатурациясына

| трипсиногенді активтеуге

| бактерицидті әсерге

| пепсиногенді активтеуге

266.~ Пирожүзім қышқылының тотығып декарбоксилдену реакциясына ... қатысады.

| пиридоксин

| ниацин

| тиамин

| рибофлавин

| пантотен қышқылы

267.~Полиқанықпаған май қышқылы:

| май

| линол

| арахидон

| стеарин

| олеин

268.~Фосфолипидтер құрамына … кірмейді.

| май қышқылдары

| глицерин

| фосфор қышқылы

| ацетон

| азоттық негіздер

269.~ Өт қышқылдары … түзіледі.

| фосфолипидтерден

| май қышқылдарынан

| простагландиндерден

| холестериннен

| ганглиозидтерден

270.~Глюконеогенез дегеніміз- ...

| гликогеннің синтезделуі.

| гликогеннің ыдырауы.

| пентозалардың синтезі.

| аралық өнімдерден глюкозаның синтезделуі.

| бос май қышқылдарының синтезі.

271.~ Бүйректің метаболиттік қызметтінің бір түріне активті ... витаминін түзу жатады.

| Е

| К

| Д

| А

| С

272.~ Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері ... ммоль/л.

| 7,0-14,0

| 2,3-3,3

| 3-8,0

| 3,4-6,0

| 5,2-6,6

273.~ 43 жастағы М.есімді науқастың плазмасы мөлдір, холестерині -5,2 ммоль/л, α-холестерол - 0,94 ммоль/л, атерогенділік индексі - 4,5. Бұндай жағдайда липид алмасуының күйін ... деп бағалауға болады.

| гиперлипидемия

| гипохолестеринемия

| атерогенді сипатының спектрі

| қалыпты

| гиполипидемия

274.~Көмірсулар ағзада гликоген түрінде деполанып, … қызмет атқарады.

| реттеушілік

| қорғаныстық

| пластикалық

| резервтік

| құрылымдық

275.~Кетон денелерінің түзілуі үшін бастапқы зат ... болып табылады.

| малонил-КоА

| глутарил-КоА

| гидроксиметил-КоА

| ацетил-КоА

| ацетон

276.~Кетогенез және холестерин синтезінің реакциялары … пайда болуына дейін ұқсас.

| ацетоацетил КоА

| ацетоацетаттың

| гидроксиметилглутарил-КоА-ның

| мевалон қышқылының

| скваленнің

277.~Хиломикрондардың үшацилглицериндері ... ыдырайды.

| панкреатиттік липазамен

| фосфолипазамен

| ұлпалық липазамен

| липопротеидлипазамен

| трипсинмен

278.~ Липолизді ... гормонынан басқаларының бәрі активтендіреді.

| адреналин

| инсулин

| норадреналин

| глюкагон

| тироксин

279. ~ Май тіндерінің негізгі қызметіне ... жатады.

| глицерофосфолипидтерді түзу және депонирлеу

| холестерин эфирлерін түзу және депонирлеу

| триглицеридтерді түзу және қор ретінде жинау, сонымен қатар организмнің энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз ететін триглицериндерді мобилизациялау

| кетонды денелерді түзу

| гликогенді түзу және оны қор ретінде жинау

280.~Катаболизм кезінде холестериннен ... түзіледі.

| стероидты гормондар және катехоламиндер

| май қышқылдары және циклопентанпергидрофенантрен

| глицерофосфолипидтер және стероидты гормондар

| өт қышқылдары және стероидты гормондар

| өт қышқылдары және катехоламиндер

281. ~Аминқышқылдарынан аминтоптарды ... тасымалдау трансаминдену деп аталады.

| аминқышқылдарға

| нуклеин қышқылдарға

| альфа-кетоқышқылдарға

| май қышқылдарына

| глюкозаға

282. ~ Аммиак ... кезінде түзілмейді.

| аминқышқылдарының катаболизмі

| биогенді аминқышқылдары ыдырау

| ішекте ақуыздар шіру

| нуклеин қышқылдарының түзілуі

| нуклеотидтер ыдырау

283. ~ Гемоглобиннің ыдырауы ... басталады.

| биливердиннің билирубинге тотықсыздануынан

| вердоглобиннің Fе2+ жоғалтуынан

| глобиннен гемнің бөлінуінен

| гемнің құрамындағы темірдің Fе2+ в Fe3+ тотығуынан

| протопорфириннің тұйық құрылымының ашылуы және вердоглобиннің түзілуінен

284. ~ Науқастың қанының құрамында тікелей емес билирубиннің мөлшері жоғары, ал несепте билирубин жоқ, нәжісте және несепте стеркобилиннің мөлшері ... кезінде төмендейді.

| механикалық сары ауру

| паренхиматозды сары ауру

| гемолиттік сары ауру

| Жилбер синдромы

| жаңа туылған нәрестелердегі физиологиялық сары ауру

285.~ Науқастың қанының құрамында билирубиннің мөлшері жоғары, негізінен тікелей билирубиннің мөлшері көп, билирубинемия байқалады, несепте, нәжісте стеркобилиннің мөлшері ... кезінде төмендейді.

| гемолиттік сары ауру

| паренхиматозды сары ауру

| Жилбер синдромы

| жаңа туылған нәрестелердегі физиологиялық сары ауру

| механикалық сары ауру

286.~ Метил тобын бір қосылыстан екінші қосылысқа тасымалдау ... деп аталады.

| трансаминдену

| трансацилдену

| трансметилдену

| гидроксилдену

| тотыға дезаминдену

287.~Пуринді нуклеотидтердің соңғы өнімі ... болып табылады.

| ксантин

| гипоксантин

| несеп қышқылы

| мочевина

| альфа –аланин

288. ~ Буындарда, теріде, байламдарда ... жиналып қалуынан подагра ауруы пайда болады.

| мочевинаның

| қымыздық қышқылының

| креатининнің

| несеп қышқылының

| бетта - аланиннің

289. ~ Калий ... негізгі ионы болып табылады.

| жасушадан тыс сұйықтықтың

| цитоплазмалық мембрананың

| жасушааралық сұйықтықтың

| қан плазмасының

| жасуша сұйықтығының

290. ~ Катехоламиндер ... түзіледі.

| гипофиздің алдыңғы қабатында

| гипоталамуста

| бүйрек үсті безінің милы қабатында

| гипофиздің ортаңғы бөлігінде

| бүйрек үсті безінің қыртысты қабатында

291.~ Глюкокортикоидтар мен минералокортикоидтар ... түзіледі.

| ұйқы безінің альфа-жасушаларында

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]