Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
na_ruki_LOR_4_kurs_ZhM_150_s_1201_ra_1179_emtik...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
83.58 Кб
Скачать

41. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқастың шағымы: оң жақ құлағының қатты ауруына, ауырсыну самай және төбе тұсына беріледі және шайнаған кезде күшейе түседі. Дене температурасы 37,4° С-қа дейін көтерілген.

Объективті: оң жақ құлақ қалқаны қалыпты. Сыртқы есту жолының қабырғасында конус тәрізді түзіліс, терісі қызарған. Дабыл жарғағы көрінбейді. Құлақ қалқанының алдыңғы жағындағы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырады, құлақ түйінін басқанда ауырсынады. Екі жақ құлағыда сыбырлап сөйлегенді 6м естиді.

А. жедел ортаңғы отит

В. сыртқы құлақ шиқаны

С. отгематома

D. құлақ қалқанының хондроперихондриті

E. құлақ қалқанының тілме ауруы

42. қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 40 жаста төбелес кезінде көмей тұсынан, қатты заттық тиюінен жарақат алған. Келесі күні науқас ЛОР дәрігеріне қаралды. Науқаста инспираторлы ентігу, қозу, тахикардия анықталады. Қарағанда: көмей кіреберісінде дауыс санылауын жауып тұрған кілегей астылық гематома анықталды.

A. көмей бөгде денесі

B. жарақаттан кейінгі эзофагит

C. трахеяның зақымдалуы

D. жұтқыншақтың зақымдалуы

E. көмейдің жабық жарақаты.

F. Көмейдің гематомасы

J. көмейдің стенозының ІІ дәрежесі

H. өңештің жабық жарақаты

43. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас оң жақ құлағының ауырсынуына, бұлақ ағуына, естуідің төмендеуіне, бас ауруға шағымданады. Ауырғанына 2 апта. Амбулаторлы емделген құлақтың ауруы басылмаған, дене қызуы қалыпты, ірің ағуы тоқтамаған. 2 күн бұрын оң жақ құлақ арты аймағы ісініп, ауырсынған, дене қызуы 37,5 С көтеріліп, ірің ағу күшейген. Объективті: емізік тәрізді өсінді тұсындағы жұмсақ тканьдар ісінген, перкусия, пальпация кезінде ауырсынады. Отоскопияда: оң жақ есту жолында көп мөлшерде қаймақ тәрізді ірің бөлініс. Сыртқы есту жолының сүйекті бөлігі артқы-жоғарғы қабырғасының ығысуынан тарылған. Сыбырлап сөйлегенді 2-2,5м естиді.

А. жедел ортаңғы отит

В. сыртқы құлақ шиқаны

С. отгематома

D. құлақ қалқанының хондроперихондриті

E. жедел ортаңғы іріңді отит. Мастоидит

44. Қандай диагноз қоюға болады?

44 жастағы науқасты тамағының қышуы және күюі мазалайды. Бұл шағымдар әсіресе жалпы салқындаудан және ащы тағам қабылдағаннан кейін жиі пайда болады.

Обьективті: жұтқыншақтың клегей қабығы сәл қызарған. Бадамша бездері ұлғаймаған, жамылғы және тығын анықталмайды. Жұтқыншақтың артқы клегей қабаты қызарған, тұтқыр қақырықпен жабылған, беткейінде лимфоид тканьдардың және бүйір қатпарлардың (валиктердің) гипертрофиясы байқалады. Көмекейдің клегей қабығы өзгеріссіз дыбыс жалғамалары ақ, қозғалмалы. Дауыс саңылауы кең.

А. фарингит

В. катаралды ангина

С. моноцитарлы ангина

D. жұтқыншақ кандидозы

E. агранулоцитарлы ангина

45. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 52 жаста, балық жеп отырғанда тамағының төменгі аймағында ауырсыну пайда болған, нанның қатты қабығын жеген, ауырсыну одан сайын күшейе түскен, 4 сағаттан кейін, шұғыл жәрдем машинасымен қабылдау бөліміне жеткізілді.

Обьективті: Тура емес ларингоскопияда алмұрт тәрізді синуста клегей және көбік анықталады. Өңештің сұйық бариймен рентгеноскопиясында, өңештің жоғарғы бөлігінде контраст сәл кідіреді және сызық тәріздес көлеңке анықталады.

А. өңештің бөгде денесі

В. бронханың бөгде денесі

С. көмейдің бөгде денесі

D. көмейдің баспасы

E. кеңірдектің бөгде денесі

46. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 47 жаста шағымы: дауысының қарлығуына, ауырғанына жарты жыл. Өзінің ауыруын шылым шегумен байланыстырған, сол себепті үш ай бұрын шылым шегуін тоқтатқан, бірақта дауысы сол күйінде қалған. Объективті: жұтқыншақта патологиялық өзгерістер аңықталмайды. Ларингоскапияда: оң жақ дауыс қатпарында беткейі тегіс емес инфильтрат анықталады, қатпардың қозғалғыштығы шектелген, көмей арқылы тыныс алуы қиындықсыз. Қатпар астылық кеңестікте өзгеріс жоқ. Басқа ЛОР мүшелерінен патологиялық өзгеріс аңықталмайды.

А. көмейдің фибромасы

В. көмейдің туберкулезы

С. көмейдің аллергиялық ісінуі

D. жедел ларингит

E. көмейдің жаңатүзілісі

47. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 27 жаста диагнозы мойынның ортаңғы кистасы және соған сәйкес хирургиялық ем қолданылды. Операция жергілікті жансыздандырумен жүргізілді, науқас операциядан кейінгі жарақаттын ауырсынуына шағымданады. Хирург киста негізіне 0,5- проценттік анестетикалық ертіндімен толық жансыздандыру жасап, операцияны жалғастырды, бес минуттан кейін науқаста тұншығу, ентігу, акроцианоз пайда болды.

А. көмейдің қатерсіз ісігі.

В. көмейдің ісінуі.

С. өңештің ісінуі.

D. трахея-өңеш жыланкөзі.

E. мойын флегмонасы.

48. Қандай диагноз қоюға болады?

5 жасар қызға аденотомия операциясын жасау кезінде тұншығу пайда болды, құрысулардан соң, есінен таңған.

А. көмейдің бөгде денесі

В. өңештің бөгде денесі

С. жұтқыншақтың бөгде денесі

D. көмейдің ісінуі

E. мұрын-жұтқыншақтың бөгде денесі

49. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 24 жаста, басын бұрғанда, жұтынғанда тамағының қатты ауыруына, қалтырауға, тершеңдікке шағымданады. Ауруы үш күн бұрын жедел түрде дене температурасының жоғарлауымен басталған.

Қарағанда: мойынның барлық лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады. Жұтқыншақтың және көмейдің кілегей қабығы гиперемияланған және ісіңген. Бөбешіктің тіл беткейінде дөңгелектен төмпешік бар, ортасында іріңдік байқалады. Көмейдің төмеңгі бөліктері көрінбейді

А. көмей бөбешігінің абсцессі

В. көмейдің туберкулезы

С. көмейдің аллергиялық ісінуі

D. жедел ларингит

E. көмейдің жаңа түзілісі

50. Қандай диагноз қоюға болады?

Үш жасар қыз клиникаға жеткізілді. Ата-анасының айтуы бойынша, екі сағат бұрын ойнап жүрген кезде мұрыннын оң жақ жартысына түйме салып жіберген. Бөгде денені алуға әрекет жасалған, түйме бірақ мұрыннын артқы бөлігіне ығысып кеткен.

Объективті: оң жақ мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған, тереңде бөгде дене анықталады. Оң жағында мұрынмен тыныс алу қиындаған.

А. мұрын сүйектерінің сынығы;

В. мұрынның соғылған жарақаты

С. мұрыннан қан кету

D. жедел ринит

E. мұрын қуысының бөгде денесі

51. Қандай диагноз қоюға болады?

34 жасар науқас сол жақ мұрыннан іріңді бөлініске, мұрынмен тыныс алудың қиындауына, субфебрильді температураға шағымданады. Соңғы 10 жылда мұрынынан сұйықтық жиі ағады және ұзақ уақытқа созылады. 3 жыл бұрын аурудың өршуі кезінде мұрын қосалқы қуыстарының қабынуы диагнозы қойылды.

Риноскопияда: Мұрын қуысының кілегей қабығы гиперемияланған, инфильтрацияланған. Сол жақ төменгі және ортаңғы мұрын кеуілжірінің гипертрофиясы, сол жақтағы төменгі және ортаңғы мұрын жолдарынан іріңді бөлініс анықталады. Сол жақ жоғарғы жақтық қуыс аймағының тұсы басқанда ауырсынады. Мұрынмен тыныс алу сол жақ жартысында қиындаған. Жұтқыншақтың артқы қабырғасында іріңді бөлініс бар. Мұрын маңы қуысының рентгенограммасында: сол жақ жоғарғы жақтық қуысының толықтай қараюы анықталады.

А. жоғарғы жақ қуысының кистасы.

В. созылмалы іріңді гайморит.

С. іріңді сфеноидит

D. созылмалы іріңді фронитит

E. созылмалы іріңді этмоидит

52. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады.

14 жасар науқаста тұмаудан кейін оң жақты іріңді синусит дамыған. Жүргізілген емге қарамастан науқастың жағдайы нашарлаған, бас ауруы күшейіп, дене температурасы – 39,4ºС, дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғалды. Пульс минутына 98 рет, ритмді. Экзофтальм, оң жақ жоғарғы қабақ тканының инфильтрациясы анықталады. Оң жақ көз алмасының қозғалысы шктелген. Пальпацияланғанда оң жақ қас үсті аймағы ауырсынады.

А. қабақтың ісінуі

В. орбитаның флегмонасы

С. вазомотор риниті

D. кавернозды синустың тромбозы

E. Сигма тәрізді синустың тромбозы

53. Диагноз қойыңыз?

31 жасар науқас: сол жақ мұрын жартысынан қою іріңді бөлініске, мұрыннан тыныс алуының қиындауына, бас ауруға, маңдай аймағындағы ауырсынуға, дене температурасы – 37,8ºС дейін жоғарылауына шағымданады. Ауруы 3 жыл бұрын басталған, тұмаудан кейін мұрыннан қою ірің ағып және басы ауырған. Денесі салқындаса, ауруы өршиді. Соңғы өршу 1 апта бұрын басталған.

Объективті қарағанда: мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған. Сол жақ мұрын кеуілжірлері гипетрофияланған, ал ортаңғы мұрын жолында іріңді бөлініс және кіші көлемдегі полиптер анықталады. Сол жақ қас үсті аймағы пальпацияда ауырсынады. Рентгенограммада: маңдай қуысында толықтай қараюмен іріңнің деңгейі және сол жақ гаймор қуысында аз дәрежеде қабырғалық қараюы анықталады.

А. жоғарғы жақ қойнауының кистасы

В. созылмалы іріңді гайморит.

С. вазомотор риниті

D. созылмалы іріңді фронтит

E. полипозды-іріңді гемисинусит

54. Науқастың диагнозы қандай?

26 жастағы науқастың шағымдары: оң жақ мұрын жартысынан тыныс алудың қиындауында. Өзін 2 жыл бойы науқас деп санайды. Мұрынның бітелуі бірте-бірте басталған, алғашқысында оң жағы мұрын жартысында тыныс алуы қиындаған, содан соң тыныс шығаруыда нашарлаған. Мұрын қуысын қарағанда кілегей қабығы орташа дәрежеде ісінген, мұрын пердесінің сүйекті-шеміршекті бөлігі қыр тәрізді оңға ығысқан, оң жағында іріңді бөлініс бар. Рентгенограммада оң жақ гаймор қойнауында және торлы қуыс клеткалары қарайған. Мұрын жұтқыншақты қарағанда оң жақ хоананы жауып тұрған сұр түсі түзіліс анықталады.

А. полипозды-іріңді гемисинусит

В. созылмалы іріңді гайморит

С. оң жақ жоғарғы жақ қойнаудың ісігі

D. созылмалы іріңді фронтит

E. созылмалы іріңді гайморит, этмоидит. Хоаналды полип.

55. Қандай диагноз қоюға болады?

4 жасар қыз М., тұншығу белгісімен облыстық балалар ауруханасының ЛОР бөліміне жеткізілді. Анасының айтуы бойынша, 2 сағат бұрын көшеде жүріп келе жатып, алма жеген. Кенеттен ит үрген кезде, қыз қорқып кетіп, айқайлаған, алғашқысында көгерген, содан соң ұстамалы жөтел пайда болған, бір рет құсқан. Ұстамалы жөтел кезінде, ентігу пайда болған, алғашқысында дем алуы қиындаған және дауысы қарлыққан. Ұстамалы жөтел 15-20 минутқа созылған, содан соң басылған, тыныс алуы қиындаған, дауысы қарлыққан күйде қалған.

Объективті: Қыз өте мазасыз, тыныс алысында шу айқын естіледі, дауысы қарлыққан. Аускультация және кеуде сарайының рентгеноскопиясы қалыпты.

А. жедел ларингит

В. қатпар астылық ларингит

С. көмейдің бөгде денесі

D. кеңірдектің бөгде денесі

E. көмей баспасы

56. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 20 жаста жергілікті анестезия арқылы, өңештегі балық сүйегін алу үшін эзофагоскопия жасалды. II физиологиялық тарылуда өңеш қабырғасын зақымдай орналасқан бөгде дене. Бөгде дене алынды, науқасқа көп мөлшерде антибиотикотерапия тағайындалды. Ауруханада жатқанда дене қызуы жоғарылаған, науқас 10 күннен кейін қанағаттанарлық күйде үйіне шығарылған. Сол күні науқас автобус ішінде ауыздан профузды қан кетуден бірден қайтыс болған.

А. көмей ісінуі.

В. посттравматикалық эзофагит.

С. кеңірдектің зақымдануы

D. аортаның зақымдануы

E. жұтқыншақтың зақымдануы

57. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас сол құлақ қалқанының аймағындағы ісінудің ауырсынуына шағымданады, 2 күн бұрын бокспен шұғылдану кезінде, сол құлақ қалқаны аймағының соққы алған. Объективті: сол құлақ қалқанының жоғары үштен бір бөлігінің беткейінде, дөңгелек пішінде, көгілдір – қызыл ісіну бар, пальпациялағанда аздап ауырсынады, флюктуацияланады.

А. жедел ортаңғы отит.

В. сыртқы құлақ фурункуласы.

С. отгематома.

D. құлақ қалқанының хондроперихондриті.

E. құлақ қалқанының тілмелік қабынуы.

58.Қандай диагноз қоюға болады?

Науқастың шағымы: оң жақ құлағының қатты ауруына, ауырсыну самай және төбе тұсына беріледі және шайнаған кезде күшейеді. Дене температурасы 37,4°С-қа дейін көтерілген.

Объективті: оң жақ құлақ қалқаны қалыпты. Сыртқы есту жолының қабырғасында конус тәрізді түзіліс, терісі қызарған. Дабыл жарғағы көрінбейді. Құлақ қалқанының алдыңғы жағындағы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырады.құлақ түйінін басқанда ауырсынады. Екі жағы құлағы сыбырлап сөйлегенді 6м естиді.

А. жедел ортаңғы отит

В. сыртқы құлақ шиқаны

С. отгематома

D. құлақ қалқанының хондроперихондриті

E. тілме ауруы

59. Қандай диагноз қоюға болады?

24 жасар науқастың шағымы: құлағының қатты ауруына, ауырсыну шайнаған кезде күшейе түседі.

Отоскопияда: Сыртқы есту жолының қабырғасында конус тәрізді түзіліс, терісі қызарған. Дабыл жарғағының түсі сұр, ерекше белгілері айқын көрінеді. СС – 6 метр.

А. жедел ортаңғы отит

В. сыртқы құлақ шиқаны

С. отгематома

D. құлақ қалқанының хондроперихондриті

E. оң жақты созылмалы іріңді мезотимпанит. Лабиринтит.

60. қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 34 жаста шүйде аймағының ауырсынуына, оқтын-оқтын мұрыннан сұйықтықтың ағуына шағымданады.

Алдыңғы риноскопия: Мұрын қуысының кілегейі аздап ісіңген, төменгі мұрын кеуілжірінің алдыңғы бөлігінде көгілдір дақтар бар. Мұрын жолдары бос, мұрын-жұтқыншақтың артқы қабырғасы еркін көрінеді, мұрынмен тыныс алу қалыпты. Артқы риноскопия өзгеріссіз.

Мұрын маңы қойнауының рентгенограммасында: оң жақ маңдай қойнауының ортасында пішіні дөңгелек, шекарасы айқын диаметрі 1 см қараю анықталады, түзілістің шеті орбита қабырғасына жетпеген, маңдай-мұрын каналы зақымдалмаған. Бүйір проекциясында түзіліс алдыңғы қабырғасында орналасқан, артқы бөлігіндегі церебральді қабырғасына жетпеген, басқа мұрын маңы қойнауларының құрылымы өзгеріссіз. Басқа мүшелер мен жүйелер жағынан патология анықталмаған.

А. полипозды-іріңді гайморит

В. созылмалы іріңді гайморит.

С. созылмалы іріңді фронитит

D. маңдай қуысының остеомасы

E. созылмалы іріңді этмоидит. Кавернозды синустың тромбозы.

61. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 52 жаста, балық жеп отырғанда тамағының төменгі жағында ауырсыну пайда болған, нанның қатты қабығын жеген, ауырсыну одан сайын күшейе түскен, 4 сағаттан кейін, шұғыл жәрдем машинасымен қабылдау бөліміне жеткізілді.

Обьективті: Тура емес ларингоскопияда алмұрт тәрізді синуста клегей және көбік анықталады. Өңештің сұйық бариймен рентгеноскопиясында, өңештің жоғарғы бөлігінде контраст сәл кідіреді және сызық тәріздес көлеңке анықталады.

А. өңештің бөгде денесі

В. бронханың бөгде денесі

С. көмейдің бөгде денесі

D. көмейдің баспасы

E. кеңірдектің бөгде денесі

62. Қандай диагноз қоюға болады?

Бала 9 жаста, оң жақ тамағындағы ауырсынуға шағымданады. Ауырғанына 5 күн. Баспамен ауырып, емделген. Жалпы жағдайы ауыр. Дене температурасы 38,6. Тері жамылғасы бозғылт.

Фарингоскопияда: тризм, оң жақ бадамша орталық сызыққа және алға қарай ығысқан. Оң жақ алдынғы доға және жұмсақ таңдай гиперемияланған және инфильтрацияланған. Жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, басқанда ауырсынады.

А. катаралды ангина

В. паратонзиллярлы абсцесс

С. лакунарлы ангина

D. жұтқыншақ дифтериясы

E. фолликулярлы ангина

63. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 48 жаста, дауысы қарлыққан, физикалық жүктеме кезінде тыныс жетіспеушілігі байқалады. Осы көрініс бұдан 2 жыл бұрын струмэктомия операциясынан кейін дамыған. Тура емес ларингоскопияда: дабуыс қатпарының түсі сұр, бірақта қозғалысы шектелген.

А. созылмалы гипертрофиялық ларингит

В. көмейдің туберкулезы

С. көмейдің аллергиялық ісінуі

D. жедел ларингит

E. көмейдің параличі

64. Қандай диагноз қоюға болады?

Науқас 38 жаста, ренгенотехник, жұтынғанда тамағының ауырсынуына, температурасының жоғарлауына, аяқ-қолдардың ауырсынуына, қалтырауға шағымданады. Ауырғанын 2 күн, салқын тиюмен байланыстырады.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, терісі құрғақ, сұрғыш-сары түсті, дене қызуы 39º, пульсі минутына 88 рет.

Фарингоскопия: кілегей қабаты орташа қалыпта қызарған, бадамша беткейі лас-сұр түсті некрозды жамылғымен жабылған. Регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған. Қан анализінде гранулоциттердің айқын төмендеуі.

А. лакунарлы баспа

В. катаралды ангина

С. моноцитарлы ангина

D. жұтқыншақ кандидозы

E. агранулоцитарлы ангина

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]