- •18. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •19. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •32. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •33. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •41. Қандай диагноз қоюға болады?
- •65. Қандай диагноз қоюға болады?
- •78. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •79. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •85. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •86. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •87. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •88. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •89. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •90. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •95. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •96. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •97. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •98. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •99. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •103.Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?
- •104. Қандай диагноз дұрыс?
- •107. Қай диагноз дұрыс?
- •108. Қандай диагноз болуы мүмкін?
32. Дәрігердің әрекеті қандай?
Науқас 23 жаста: сол жақ мұрын жартысынан қою іріңді бөлініске, мұрыннан тыныс алуының қиындауына, дене температурасы – 37,8ºС дейін жоғарылауына шағымданады. Ауырғанына 10 жыл болған, мұрыннан жиі бөліністің болуына шағым айтады.
Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған. Сол жақ төменгі және ортаңғы мұрын кеуілжірлері гипетрофияланған, ортаңғы және төменгі мұрын жолында іріңді бөлініс анықталады. Сол жақ гаймор қуысының тұсы басқанда ауырсынады. Мұрынмен тыныс алу қиындаған.
A. мұрын маңы қойнауларының рентгенографиясы
B. мұрын сүйектерінің рентгенографиясы
C. ҚЖА
D. УДЗ
E. ЭЭГ
F. флораға жағынды алу
J. гематолог дәрігерінің кеңесі
H. невропатолог дәрігерінің кеңесі
33. Дәрігердің әрекеті қандай?
Науқас жол апатынан кейін, жедел көмек көрсету машинасымен клиникаға жеткізілді. Шағымы: оң жақ құлақтан қан кетуге, ликвория, естудің төмендеуіне, бас айналуға, құсуға.
Қарағанда: оң жақ құлақтың есту жолы кең, ұйыған қанмен жабылған, сыртқы есту жолының сүйекті бөлігінің жоғарғы қабырғасының терісі және дабыл жарғағы зақымданған. Сыбырлап сөйлегенді құлақ қалқаны тұсынан естиді.
A. емізікше өсіндінің ретгенографиясы
B. терапевт дәрігерінің кеңесі
C. нейрохирургтің кеңесі
D. алдыңғы риноскопия
E. бас сүйегінің рентгенографиясы
F. тура емес ларингоскопия
J. орофарингоскопия
H. артқы риноскопия
34. Дәрігердің әрекеті қандай?
Ер адам 35 жаста, құлағының ауырсынуына, құлағындағы бөгде денеге шағымданады, ауыруын құлағына енген тараканмен байланыстырады. Отоскопияда: есту жолында таракан көрінеді. Диагноз: сыртқы есту жолының бөгде денесі.
A. ілмектің көмегімен алу
B. пинцеттің көмегімен алу
C. жуу арқылы алу
D. құлақты тазарту
E. спирт тамызу
F. май тамызу
J. құлақ арты тілік арқылы алу
H. құлыққа ляпис тамызу
35. Дәрігердің әрекеті қандай?
5 жасар бала алты сағат бұрын бұршақпен ойнап жүріп бір түйірін оң жақ құлаққа салып жіберген, бөгде денені алуға әрекет жасалған, бірақ алынбаған. Қарағанда: оң жақ құлақтың сыртқы есту жолы кең және жасыл түсті дөнгелек түзіліспен бітелген. Сыбырлап сөйлегенді алты метрден естиді. Диагноз: Сыртқы есту жолының бөгде денесі.
A. ілмектің көмегімен алу
B. пинцеттің көмегімен алу
C. жуу арқылы алу
D. құлақты тазарту
E. спирт тамызу
F. май тамызу
J. сутегінің асқан тотығының ертіндісін тамызу
H. құлақ арты әдісімен алу
36. Дәрігердің әрекеті қандай?
Ер адам 32 жаста, көлік апаты болған жерден жедел жәрдем машинасымен клиникаға жеткізілген, шағымы: оң жақ құлақ қалқанының ауырсынуына және қан кетуге.
Отоскопияда: сол құлақ қалқанының бекіген жерінде үш сантиметр көлемінде жұмсақ ткандар зақымдалған, жиектері тегіс емес, және қан қатпалары бар, сыртқы есту жолы кең, ұйыған қандар көрінеді, дабыл жарғағы сұр түсті, ерекше белгілері айқын, емізікше өсінді пальпация және перкусия кезңде ауырсынбайды. СС - 6 метрден естиді.
A. жарақатқа хирургиялық өндеу
B. сыртқы есту жолын жуу
C. сақпан тәрізді таңғыш
D. сіріспеге қарсы сары су (СҚС) егу
E. антибиотик
F. аудиограмма
J. артқы риноскопия
H. акуметрия
37. Дәрігердің әрекеті қандай?
Науқас 24 жаста, құлағының қатты ауырсынуына, естудің төмендеуіне, қара түсті іріңді бөліністің ағуына шағымданады. Отоскопияда: сыртқы есту жолының терісі тітіркенген, сұр түсті қабыршақтармен жабылған. Қабыршақтар қиындықсыз алынады, оның астындағы тері тітіркенген. Диагноз: Сыртқы отит.
A. ҚЖА
B. флораға және антибиотикке сезімталдығына жағында алу
C. құлақты тазарту
D. антибиотиктер
E. невропатолог дәрігерінің кеңесі
F. емізікше өсіндінің рентгенографиясы
J. көз дәрігерінің кеңесі
H. гемостатикалық дәрі-дәрмектер
38. Мыңа жағдайда шұғыл тамақ кесудің қай түрі тиімді?
Кезекші медбике кезекші дәрігерді шұғыл түрде клиниканың дәлізіне шақырды. Ол жақында көмей стенозының компенсация сатысында түскен, коридорда жатқан ауруды көрді. Тері жамылғысы көгерген, тыныс алуы толықтай тоқтаған, қол-аяқтары без-берекет қозғалыста.
A. коникотомия
B. крикотомия
C. трахеотомия
D. аденотомия
E. ларинготомия
F. гормонотерапия
J. қатты тану
H. салқын басу
39. Дәрігердің әрекеті қандай?
Науқас 15 жаста басының қатты ауыруына, мұрынна іріңді бөліністің болуына, мұрыннан тыныс алудың қиындауына шағымданады. Ауырғанына бес күн болған, ЖРВИ-мен бір апта бұрын ауырған, ауруы қастың тұсының сыздауымен, температураның 38,5°С көтерілуімен басталған. Келесі күні қабағы ісінген. Риноскопияда: мұрынның кілегей қабығы гиперемияланған, ортаңғы және төмеңгі мұрын жолдарында қаймақ тәрізді ірің аңықталады. Пальпация кезіңде жоғарғы жақ қуыс тұстарында және қастың аймағында ауырсыну байқалады. Рентгенограммада: барлық қойнаулардың гаммогенді қараюы. Диагноз: Жедел іріңді пансинусит.
A. фиброларингоскопия
B. мұрын жолдарының анемизациясы
C. алдыңғы тампонада
D. физиотерапия
E. гаймор қуысының пункциясы
F. маңдай қуысының трепанопункциясы
J. гемостатикалық препараттар
H. салқын басу
40. 34 жасар науқас: мұрынның сол жақ жартысынан іріңнің ағуына, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, субфебрильді температураға шағымданады. Мұрыннан сұйықтық ағуы соңғы 10 жыл бойы мазалайды. Үш жыл бұрын мұрын қосалқы қуыстарының қабынуы деп диагноз қойылған.
Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған инфильтрацияланған. Төменгі және ортаңғы мұрын кеуілжерінің гипертрофиясы, сол жағында ортаңғы және төменгі мұрын жолында іріңді түзіліс. Сол жақ гаймор қуысы пальпациялағанда ауырсынады. Мұрын тыныс алуы қиындаған. Іріңді бөлініс аранның артқы қабырғасы арқылы ағып тұр. Мұрын қосалқы қуыстарының рентгенограммасында сол жақ гаймор қойнауының гомогенді қараю бар. Диагнозы: Сол жақты созылмалы іріңді гайморит.
A. мұрын-жұтқыншақты жуу
B. ортаңғы мұрын жолдарының анемизациясы
C. гаймор қуысының пункциясы
D. маңдай қуысының трепанопункциясы
E. торлы қуыстың пункциясы
F. фотодинамикотерапиясы
J. лазеротерапия
H. криохирургия
