- •18. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •19. Дәрігердің тактикасы қандай?
- •32. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •33. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •41. Қандай диагноз қоюға болады?
- •65. Қандай диагноз қоюға болады?
- •78. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •79. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •85. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •86. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •87. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •88. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •89. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •90. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •95. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •96. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •97. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •98. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •99. Дәрігердің әрекеті қандай?
- •103.Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?
- •104. Қандай диагноз дұрыс?
- •107. Қай диагноз дұрыс?
- •108. Қандай диагноз болуы мүмкін?
4 курс емтихан ЛОР
1. Отоскопияға қажетті инструметті атаңыз:
А. құлақ воронкасы
В. құлақ пинцеті
С. мұрын айнасы
D. көмей айнасы
E. мұрын-көмей айнасы
2. Артқы риноскопияға қажетті инструмент:
А. құлақ воронкасы
В. құлақ пинцеті
С. мұрын айнасы
D. көмей айнасы
E. мұрын-жұтқыншақ айнасы
3. Орофарингоскопияға қажетті инструментті көрсетіңіз:
А. құлақ воронкасы
В. шпатель
С. мұрын айнасы
D. көмей айнасы
E. мұрын-жұтқыншақ айнасы
4. Алдыңғы риноскопияға қажетті инструментті атаңыз:
А. құлақ воронкасы
В. құлақ пинцеті
С. мұрын айнасы
D. көмей айнасы
E. мұрын- жұтқыншақ айнасы
5. Тікелей емес ларингоскопияға қажетті құрал:
А. құлақ воронкасы
В. құлақ пинцеті
С. мұрын айнасы
D. көмей айнасы
E. мұрын- жұтқыншақ айнасы
6. Лакунарлы баспанын диагностикасына тән белгілер:
А. тандай бадамшасының және доғаларының гиперемиясы
В. тандай бадамшасы лакунасының көлемінің үлкеюі
С. лакунаның тереңінен ақ немесе ақшыл- сары түсті жамылғылардың көрінуі
D. таңдай бадамшасының беткейінде іріңді фолликулярдың болуы
E. аран ассиметриясы
7. Фолликулярлы баспаның симптомын атаңыз
А. Доғаның гиперемиясы,
В. Таңдай бадамшасының лакунасының кеңеюі,
С. лакунадағы ақ немесе ашық сары түсті жамылғының болуы,
D. араңның ассиметриясы,
E. таңдай бадамшасының фолликуласының іріңдеуі.
8. Көмей стенозының үшінші дәрежесінде қай байламаны кесу керек
А. Сақина-қалқанша тәрізді,
В. Тіл-жұтқыншақ,
С. қалқанша-көмей бөбішік,
D. ожау –көмей бөбешік
E. қалқанша тіл асты
9. Жедел ларингиттің басты симптомы
А. Жөтел, афония немесе дисфония
В. Балаларда стеноздың болуы
С. балаларда мойын клетчаткасының ісінуі
D. температура мен пульс сәйкес келмейді
E. жақ асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы
10. Мұрын пердесінің гематомасының емі
А. тампонада
В. Ашу және дренаждау
С. тілу және тампонада
D. пункция, сору және тампонада
E. физиотерапия
11. сыртқы есту жолының фурункуласының басты симптомын көрсетіңіз
А. Құлақтың ауруы
В. Сыртқы есту жолындағы шектелген ісіну және гиперемия
С. дене температурасының жоғарлауы
D. құлақтан ірің ағу
E. естудің төмендеуі
12. мастоидиттің мастоидальды симптомы
А. Құлақтың ауруы
В. Естудің төмендеу
С. құлақтан іріңнің ағуы
D. сыртқы есту жолының артқы жоғарғы қабырғасының салбырауы
E. субпериостальды абсцесс
13. кисельбах өрімі қайда жерде орналасқан
А. Мұрын пердесінің алдыңғы төменгі бөлігінде
В. Мұрын пердесінің алдыңғы артқы бөлігінде
С. мұрын пердесінің алдыңғы жоғарғы бөлігінде
D. мұрынның бүйір қабырғасында
E. мұрын қуысының төменгі қабырғасында
14. төменде келтірілген аурулардың қай түрі риногенді басішілік асқынуларға енеді
А. Перисинуозды абсцесс
В. Кавернозды синустың тромбозы
С. мишық абсцессі
D. сигма тәрізді синустың тромбозы
E. дифузды іріңді менингит, лабиринтит
15. катаральды баспаның симптомы
А. Таңдай бадамшасының және доғасының гиперемиясы
В. Таңдай бадамшасының лакунасының кеңеюі
С. лакунада ақшыл немесе ашық-сары жамылғылардың болуы
D. фолликуланың іріңдеуі
E. аранның асиметриясы
16. Сыртқы есту жолындағы ісінген (бөрткен) бөгде денені алу алдында құлаққа не тамызу керек
А. Сутегінің асқан тотығын тамызу
В. Су тамызу
С. спирт тамызу
D. перманганат калий ерітіндісін тамызу
E. пеницилин ертіндісін тамызу
17. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқастың шағымы: оң жақ құлағының қатты ауруына, ауырсыну самай және төбе тұсына беріледі және шайнаған кезде күшейе түседі. Дене температурасы 37,8°С-қа дейін көтерілген.
Объективті: оң жақ құлақ қалқаны қалыпты. Сыртқы есту жолының қабырғасында конус тәрізді түзіліс, терісі қызарған. Дабыл жарғағы көрінбейді. Құлақ қалқанының алдыңғы жағындағы лимфа түйіндері ұлғайған, пальпация кезінде ауырады, құлақ түйінін басқанда ауырсынады. Екі жақ құлағы сыбырлап сөйлегенді 6м естиді. Диагнозы: Сыртқы құлақ шиқаны
A. пункция
B. сору
C. қатты таңу
D. антибиотиктер
E. тілу
F. дренаждау
J. УЖЖ
H. лазеротерапия
18. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас оң жақ құлағының ауырсынуына, бұлақ ағуына, естуідің төмендеуіне, бас ауруға шағымданады. Ауырғанына 2 апта. Амбулаторлы емделген құлақтың ауруы басылмаған, дене қызуы қалыпты, ірің ағуы тоқтамаған. 2 күн бұрын оң жақ құлақ арты аймағы ісініп, ауырсынған, дене қызуы 37,5°С көтеріліп, ірің ағу күшейген.
Объективті: емізік тәрізді өсінді тұсындағы жұмсақ тканьдар ісінген, перкусия, пальпация кезінде ауырсынады.
Отоскопияда: оң жақ есту жолында көп мөлшерде қаймақ тәрізді ірің бөлініс. Сыртқы есту жолының сүйекті бөлігі артқы-жоғарғы қабырғасының ығысуынан тарылған. Сыбырлап сөйлегенді 2-2,5м естиді. Диагнозы: Жедел ортаңғы іріңді отит. Мастоидит
A. парацентез
B. мастоидотомия
C. ортаңғы құлақтың жалпы қуыстық операциясы
D. антибиотиктер
E. дерматолог дәрігерінің кеңесі
F. невропатолог дәрігерінің кеңесі
J. тимпанопластика
H. антротомия
19. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас оң жақ құлағының ауырсынуына, бұлақ ағуына, естуідің төмендеуіне, бас ауруға шағымданады. Ауырғанына 2 апта. Амбулаторлы емделген құлақтың ауруы басылмаған, дене қызуы қалыпты, ірің ағуы тоқтамаған. 2 күн бұрын оң жақ құлақ арты аймағы ісініп, ауырсынған, дене қызуы 37,5°С көтеріліп, ірің ағу күшейген.
Объективті: емізік тәрізді өсінді тұсындағы жұмсақ тканьдар ісінген, перкусия, пальпация кезінде ауырсынады.
Отоскопияда: оң жақ есту жолында көп мөлшерде қаймақ тәрізді ірің бөлініс. Сыртқы есту жолының сүйекті бөлігі артқы-жоғарғы қабырғасының ығысуынан тарылған. Сыбырлап сөйлегенді 2-2,5м естиді.
A. ҚЖА, диафоноскопия
B. ЗЖА, артқы риноскопия
C. Емізікше өсіндінің рентгенографиясы
D. КТ
E. көз дәрігерінің кеңесі
F. невропатолог дәрігерінің кеңесі
J. риноскопия
H. тура емес ларингоскопия
20. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас 30 жаста оң жақ құлағының ауырсынуына, естуідің төмендеуіне, дене қызуы 39°С шағымданады. Ауырғанына 3 күн, сырқатын салқын салқын тиюімен байланыстырады. Объективті: АD – сыртқы есту жолында патологиялық бөлініс жоқ. Дабыл жарғағы гомогенді гиперемияланған және томпайып тұр. СС – 0,5 м. AS – қалыпты. Диагнозы: Жедел ортаңғы іріңді отит.
A. парацентез
B. антибактериалды терапия
C. көкірек пердесінің КТ
D. котетеризация
E. жергілікті ем (отипакс)
F. құлақты өзіндік үрлеу
J. Поллитцер бойынша құлақты үрлеу
H. УЖЖ
21. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас 31 жаста клиникаға мұрыннан қан кетумен жеткізілді, себебін мұрын жарақатымен байланыстырады. Есінен танбаған, лоқсу, құсу болмаған. Қарағанда: мұрын қыры орталық сызықта, жұмсақ ткандары инфильтрацияланған, басқанда қатты ауырсынады. Мұрын қуысында тампон, бірақ оған қарамастан мұрынның артқы бөлігінен қан кетуде. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің ығыспаған сынығы анықталады.
Диагнозы: Мұрын сүйектерінің сынығы. Мұрыннан қан кету.
A. алдыңғы тампонада
B. артқы тампонада
C. антигистаминді препараттар, құлаққа дәрі тамызу
D. антибиотикотерапия
E. мұрын сүйектерінің репозициясы
F. мұрынға тамыр тарылтқыш дәрі-дәрмектер тамызу
J. сыртқы есту жолын жуу
H. гипотензивті дәрі-дәрмектер
22. Дәрігердің тактикасы қандай?
10 айлық бала В., анасының айтуы бойынша 3апта бұрын ортаңғы құлақтың жедел iрiңдi ауруымен ауырған.
Амбулаторлы емделген. Анасы оң жақ құлағына және мұрынына дәрі тамызған, ұнтақталған сульфадимезин таблеткасын берген. Нәрестенiң жағдайы кешегi күнге дейiн қанағаттанарлық болған. Бұдан 2 күн бұрын кешке қарай температурасы 37,5°-қа көтерiлiп, iрiң ағу күшейiп, тәбетi жоғалған, ұйқысы нашарлап, басын қозғай берген, ауру құлағына қолын апарады. Дене температурасы 38°.
Объективтi қарағанда: Оң жақ құлақ арты аймағы ісінген, емiзiкше өсiндi тұсында жұмсақ тканьдер қызарған, iсiнген, құлақ түйiнiн басқанда ауырады.
Отоскопия: Оң жақ есту жолында жағымсыз иiстi көп мөлшерде iрiңдi бөлiнiс, артқы қабырғасының төмен түсуiнен есту жолы тарылған. Дабыл жарғағы қызарған, ісінген, ерекше белгілері ажыратылмайды. Диагнозы: Жедел іріңді ортаңғы отит. Антрит.
A. парацентез
B. мастоидотомия
C. антротомия
D. антибиотиктер
E. гематолог дәрігерінің кеңесі
F. невропатолог дәрігерінің кеңесі
J. ортаңғы құлақтың жалпы қуыстық операциясы
H. тимпанопластика
23. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас сол құлақ қалқанының ауырсынуына және ісінуіне шағымданады. Ол екі күн бұрын күресіп жаттығу кезінде құлағынан жарақат (соққы) алған.
Объективті: құлақ қалқанының жоғары алдыңғы беткейінде дөңгелек пішінді, алқызыл түсті ісік бар ұстағанда ауырады. Басқа ЛОР мүшелері ерекшеліксіз. Диагнозы: Отгематома
A. пункция
B. сору
C. қатты таңу
D. гипотензивті препараттар
E. тілу
F. дренаждау
J. УЖЖ
H. антикоагулянтты дәрі-дәрмектер
24. Дәрігердің тактикасы қандай?
Пневмония әсерінен әлсіреген науқаста антибиотикотерапия фонында дене қызуы жоғарлап, тамағында ауырғандық, аран кілегей қабығының қызаруы, бадамша без беткейінде жамылғылар пайда болып, бір-бірімен қосылып таңдай доғаларына және жұтқыншақтың бүйір қабырғаларына тарады.
A. флораға жағынды алу
B. биопсия
C. жақ асты, шап, шынтақ лимфа түйіндерің пальпациялау
D. ҚЖА
E. ЗЖА, сканерлеу
F. мойынның УДЗ
J. аяқ-қолдың КТ
H. антибиотикотерапия
25. Дәрігердің тактикасы қандай?
Үш жасар қыз клиникаға жеткізілді. Ата-анасының айтуы бойынша, екі сағат бұрын ойнап жүрген кезде мұрыннын оң жақ жартысына түйме салып жіберген. Бөгде денені алуға әрекет жасалған, түйме бірақ мұрыннын артқы бөлігіне ығысып кеткен.
Объективті: оң жақ мұрын қуысының кілегей қабаты гиперемияланған, инфильтрацияланған, тереңде бөгде дене анықталады. Оң жағында мұрынмен тыныс алу қиындаған.
A. ілмектің көмегімен бөгде денені алу
B. эндотрахеальды наркоз
C. мұрынды тазарту
D. пинцеттің көмегімен бөгде денені алу
E. мұрын қуысын жуу.
26. Дәрігердің тактикасы қандай?
14 жасар қызда тамағының өзіндік ауруы, қызба, әлсіздік бар. Бірнеше күнгі жеңіл әлсіздіктен кейін, 3 күн бойы жоғарыда келтірілген шағымдар мазалайды.
Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, тері – ылғалды, қызуы 40ºС. Жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған. Бадамша ақ жамылғымен жабылған. Жоғарғы мойын, жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған оданда басқа қолтық, шап бездері пальпацияланады.
ЖҚА: лейкоцит 12х109/л, эозинофил – 0 %, базофил - 1%, таяқша ядролы - 0%, сегмент ядролы - 23%, лимфоцит - 50%, моноцит - 26%.
A. Флораға жағынды алу
B. Биопсия
C. КТ, мұрын маңы қойнауларының рентгенографиясы
D. ҚЖА
E. ЗЖА, қол-аяқтың КТ
F. көз дәрігерінің кеңесі
J. мойынның УДЗ
H. эзофагоскопия
27. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқастың шағымы: мұрынмен тыныс алуы қиындауы. Анамнезде: 1 апта бұрын жарақат алған, мұрыннан қан кету болмаған. Есінен танбаған. Мұрыны бірте-бірте бітелген. Жалпы жағдайы өзгеріссіз.
Қарағанда: мұрын қыры ортаңғы сызықта, тері жамылғысында гематомалар, мұрын арқылы дем ала алмайды. Алдыңғы риноскопияда: мұрын кіреберісінде мұрын пердесі симметриялы қалыңдаған. Мұрын қуысы, кеуілжірілер көрінбейді. Диагнозы: Мұрын пердесінің гематомасы.
A. пункция
B. сору
C. алдыңғы тампонада
D. антикоагулянттар
E. тілу
F. дренаждау
J. гипотензивті препараттар
H. ультракүлгін сәулесі
28. Дәрігердің тактикасы қандай?
Қыз 5 жаста жергілікті анестезия арқылы аденотомия жасау кезінде науқаста бірден тұншығу ұстамасы пайда болды. Бала есінен танып, құрысу белгілері байқалды.
A. коникотомия
B. трахеотомия
C. гормонотерапия
D. антигистаминді препараттар
E. жасанды дем алдыру
29. Дәрігердің тактикасы қандай?
29 жастағы науқас әйел ЛОР-клиникаға шұғыл түрде өңештің ет түйірімен денесінің бітелуінен келіп түсті. Өңеш стенозы, бала кезінде химиялық күйіктен кейін пайда болған. Бірнеше рет қайталап эзофагоскопия жасаудан соң бөгде дене қиындықпен алынды. Келесі күні дене қызуы 38,7С-қа дейін көтеріліп, өңеш бойының ауырсынуы пайда болды.
A. өңештің ренгеноскопиясы
B. антикоагулянттар
C. антибиотикотерапия
D. парентеральды тамақтандыру
E. көп мөлшерде сұйықтық қабылдау
F. коникотомия
J. невропатолог дәрігерінің кеңесі
H. көз дәрігерінің кеңесі
30. Дәрігердің тактикасы қандай?
Ер адам 43 жаста құлағының кенеттен естімей қалуына шағымданады, ауруын байланыстырады шомылған кезде құлағына судың кіруімен. Диагнозы: Сыртқы есту жолының құлығы.
А. ілмектің көмегімен алу.
В. пинцеттің көмегімен алу.
С. құлақты жуу.
D.құлақты тазарту
E. тамыр тарылтқыш дәрі дәрмектерді құлаққа тамызу
31. Дәрігердің тактикасы қандай?
Науқас 25 жаста клиникаға мұрыннан қан кетумен жеткізілді, себебін мұрын жарақатымен байланыстырады. Есінен тан ған, басы айналып, лоқсу, құсу болған. Қарағанда: мұрын қыры орталық сызықта, жұмсақ ткандары инфильтрацияланған, басқанда қатты ауырсынады. Мұрын қуысында тампон, бірақ оған қарамастан мұрынның артқы бөлігінен қан кетуде. Рентгенограммада мұрын сүйектерінің ығысқан сынығы анықталады. Диагнозы: Ми-бас сүйегінің жабық жарақаты.Мұрын сүйектерінің сынығы. Мұрыннан қан кету. .
A. алдыңғы, артқы тампонада
B. мұрын-өңеш зонды
C. гипотензивті препараттар
D. антибиотиктер
E. мұрын сүйектерінің репозициясы
F. невропатолог дәрігерінің консультациясы
J. ультрадыбыспен көкірек пердесін зерттеу
H. эхоэнцефалография
