- •1. Физиологиялық зерттеу әдістері
- •2.Қанның құрамы және қызметі.
- •Қанның құрамы.
- •4.Қозу және қозғыштық.
- •5. Қан плазмасы
- •6. Ішкі секреция бездері
- •10 Билет жоқ.
- •11.Эритроциттер
- •12.Жүрек циклы
- •14.Жүректің өткізгіш жолдары
- •15 Билет жоқ
- •16 Биологиялық гемолиз.
- •17.Тежелу
- •Орталық жүйке жүйесі
- •19.Бұлшықеттердің қажуы
- •20.Жұлынның құрылысы мен қызметі
- •22. Жүйке талшығы.
- •24.Осмостық гемолиз
- •Қантамырлардың түрлері және олардың құрылыс ерекшеліктері
- •56 Билет жоқ
- •59 Билет-жоқ
- •62 Билет-жоқ
- •63 Билет- Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
- •Қанның құрамы.
- •Дәм сезу
- •Сипап сезу
- •66 Билет- Жүйке жүйесінің типтері
- •Қүрылысы
- •-Қызметі
- •71. Жоғары жүйке қызметі
- •Қызметі:
- •Гипофиз-қақпалық жүйе
- •73Билет-жоқ
- •74. Физиологиялық зерттеу әдістері
- •Асқорыту ферменттері
- •Сілекей
- •77. Тромбоцит
- •Лимфа тамырлары
- •80 Билет
- •Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Зерттеу
- •Таңғажайып фактілер
- •90 Қан топтары
- •Жалпылама
4.Қозу және қозғыштық.
Қозу – тітіркендіру салдарынан пайда болатын тірі тіндердің (ұлпалардың) әрекеті, белсенді қызмет атқара алатындай жағдайы; тірі жасушалардың тітіркенуге қайтаратын жауабы. Қозу – түрлі физикалық, химиялық, функциональдық өзгерістер жиынтығынан тұратын, тек тірі ұлпаларға, тірі организмге тән, қозғыштық қасиет негізінде дамитын күрделі биологиялық процесс. Организмде қозғыштық қасиет жойылса, жасушалардың қызметі бұзылып, тіршілігі тоқтайды. Қозғыштық – тірі организмдердің тітіркендіруге арнаулы өзіндік реакциямен, таралатын әрекет потенциалымен (тітіркеніспен) қайтаратын жауабы. Қозу процесіне әр түрлі өзіндік және жалпылама белгілер тән. Мысалы, қозған тінде зат алмасу процесі күшейеді, оның химиялық құрамы мен физикалы-химиялық қасиеттері сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Бұлшық ет пен жүйкелер қозғанда мембранада (жарғақшасында) жайыла таралатын электр заряды пайда болады. Осымен байланысты жасуша жарғақшасы арқылы электр зарядының өзгеруі қозу процесінің бір белгісі болып табылады.Қозудың өзіндік белгісі әрбір органның өзіне тән әрекетімен бейнеленеді. Мысалы, қозған бұлшық ет талшықтары жиырылады, без тіні – сөл бөледі, жүйке талшықтарында тітіркеніс (импульс) пайда болады. Қозу – толқын тәрізді таралатын процесс. Тіннің бір жерінде пайда болған қозу оның басқа бөліктеріне жайыла таралады. Ет пен жүйке тіндерінде қозу электрлік жолмен, әрекет потенциалы түрінде таралады. Тіннің бір жасушасында немесе бір телімінде пайда болған әрекет потенциалы оның басқа бөліктерін тітіркендіреді. Қозу процесі шектелген (таралмайтын) және шектелмеген (таралатын) болып екіге бөлінеді. Қозудың табиғатын түсіндіретін мембраналық-иондық теорияға сәйкес абстракциялық рефрактерлік сатысы (Қозу жағдайындағы тіннің кенеттен әсер еткен тітіркендіргішке жауап бермеуі) натрий иондарының жасуша ішіне өтуі тоқтап, жарғақша арқылы калий иондары өтуінің жоғарылауымен байланысты. Осының нәтижесінде жарғақшаның қозғыштығы уақытша тоқтайды да, онда жаңа тітіркендіруге жауап ретінде әрекет потенциалы туындамайды. Салыстырмалы рефрактерлік жағдайында натрий иондарының өтуін төмендететін, калий иондарының өтуін жоғарылататын жағдайлар жойылып, жарғақшаның тыныштық күйіндегі қасиеттері қалпына келеді. қозуға кері физиологиялық процесс тежелу деп аталады
5. Қан плазмасы
Қан плазмасы (қан сарысуы) - қанның сарғыштау түсті сұйық бөлімі. Егер қанды ыдысқа құйып тұндырса, ыдыста 3 қабат айқын білінеді. Соның ең үстіңгі сарғыш түсті мөлдірлеу қабаты плазма. Ал астыңғы қызыл түсті қабаты - қан жасушалары. Плазманың құрамында 90-92% су; 7-8% нәруыз (белок); 0,12% глюкоза; 0,7 0,ұ% май; 0,9% тұз болады. Бұлардан басқа сүтқышқылы, ферменттер гормондар бар. Плазмадағынәруыздар (7-8%) 3 топқа бөлінеді: альбуминдер (4,5%); глобулиндер (1,7-3,5 %) және фибриногендер (0.4). Фибриноген нәруызы қанның ұюына қатысады. Құрамында фибриноген нәруызы болмайтын қан сарысуы сарысу деп аталады .Қан сарысуы мен сарысудың айырмашылығы: қан сарысуы қаннын сұйық бөлігі, ал сарысу ұйыған қаннан кейінгі сұйықтық (қан ұйығының сығындысы). Альбумин менглобулин нәруыздары жасушадағы су мен денедегі сұйықтықты реттеуге қатысады. Минералды калий, кальций, магний тұздары болады. Нәруыздар қан ұюына қатысып, плазмаға жабысқақтық қасиет береді.
Глюкоза - жасушалар үшін негізгі қуат көзі. Плазмада глюкоза мөлшері 0,04%-дан аз болса, ми жасушалары қатты қозып, бұлшақеттер жиырылып, құрысады, түйіледі. Гліокозаның концентрациясы тым азайып кетсе, қанайналымы мен тынысалу бұзылып, адам өліпкетуі мүмкін.
