- •1. Физиологиялық зерттеу әдістері
- •2.Қанның құрамы және қызметі.
- •Қанның құрамы.
- •4.Қозу және қозғыштық.
- •5. Қан плазмасы
- •6. Ішкі секреция бездері
- •10 Билет жоқ.
- •11.Эритроциттер
- •12.Жүрек циклы
- •14.Жүректің өткізгіш жолдары
- •15 Билет жоқ
- •16 Биологиялық гемолиз.
- •17.Тежелу
- •Орталық жүйке жүйесі
- •19.Бұлшықеттердің қажуы
- •20.Жұлынның құрылысы мен қызметі
- •22. Жүйке талшығы.
- •24.Осмостық гемолиз
- •Қантамырлардың түрлері және олардың құрылыс ерекшеліктері
- •56 Билет жоқ
- •59 Билет-жоқ
- •62 Билет-жоқ
- •63 Билет- Қанның құрамы, қан жасушалары. Эритроциттер
- •Қанның құрамы.
- •Дәм сезу
- •Сипап сезу
- •66 Билет- Жүйке жүйесінің типтері
- •Қүрылысы
- •-Қызметі
- •71. Жоғары жүйке қызметі
- •Қызметі:
- •Гипофиз-қақпалық жүйе
- •73Билет-жоқ
- •74. Физиологиялық зерттеу әдістері
- •Асқорыту ферменттері
- •Сілекей
- •77. Тромбоцит
- •Лимфа тамырлары
- •80 Билет
- •Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы
- •Зерттеу
- •Таңғажайып фактілер
- •90 Қан топтары
- •Жалпылама
Қүрылысы
Құрылысы: Бұл - бүйректің жоғарғы ұшында орналасқан жұп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 грамм, екеуін қосқанда салмағы шашамен 12-14 грамм. Оң жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үшбұрыш, сол жақтағы пішіні - жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасын 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртыс қабаты 90%-ын алып жатыр. бБүйрекүсті безднерінен көптеген гармон түзіледі.
-Қызметі
Қызметі: 1)Бездердің қыртысты қабатынан түзілген гармондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді.; 2)Тұз және су алмасуды қаматамассыз етеді. 3)Қан мен басқа ұлпаларға натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді; 4)Жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатын адреналин гармоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; бауырдағы гликоген мөлшерін азайтады; қан ұюын тездетеді; жүректің жиырылу ырғағын тездетеді.
68-сұрақ
Дұрыс (тиімді) тамақтану организмнің қалыпты жағдайда тіршілік етуін, оның денсаулығын және еңбек ету қабілетін қамтамасыз етеді.
Тағам заттары: белоктар, майлар, көмірсулар, макро және микроэлементтер (минерал заттар), витаминдер, фитоцидтер, тағамдық талшықтар). Қазіргі кезде академик А.А.Покровский ұсынған " Балансты тамақтану" концепциясы кең қолданылады. Рациональды ( тиімді) тамақтану 3 принципке негізделеді:
Энергия тепе-теңдігін сақтау
Тамақ құрамындағы қоректік заттар ұтымды үйлестірілген болу керек. – Белок(Б), Май (М), Көмірсулар қатынасы 1:1:4,6.
Тамақтану режимді сақтау
Тәуліктік тамақтанудағы нормалары: Ересек адамдарда тәулігіне:
Белок-80-100г (1г белок 1 кг дене салмағына шаққанда, оның ішінде 55%-жануар белогы болу керек
Май-80-100 (50-60% жануар майы)Көмірсу-400-500 г
69-сұрақ
Сезіну — материалдық дүниедегі белтілі бір кезде адамның тиісті сезім органдарына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін психикалық үрдіс. Алдымызда тұрған бір затты, мысалы, үстелді көруіміздің арқасында біз оның түсін, формасын, көлемін белтілейміз; сипап-сезіну аркылы оның қатты, тегіс екенін; қолымызбен қозгап көріп оның салмағын т.с.с. білеміз. Мұның бәрі - сол материалдық заттың жеке қасиеттері, олар туралы мәліметтерді бізге Сезіну хабарлайды. Сезіну материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен касиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп. миымызда бейнеленуі. Сезіну - біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болын жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық үрдіс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады.
кабылдаудың физиологиялық негізіне мидың аналитикалы және синтетикалы қызметі жатады. Өйткені сырттан әсер еткен тітіркендіргіштерге анализ жасамасақ, оның ерекшеліктерін толық анықтай аламыз. Толық анықтау үшін анализденген затты синтездеу керек. Қабылдау процессінде бірнеше анализатор қызмет етеді. Кез келген жаңа затты қабылдау бұрыннан бар тәжірибеге және білім негізінде жүзеге асады. Сондықтан қабылдау процессінде бұрын қалыптасқан уақытша байланыстың кейбіреулері жанданып отырады. Қабылдағанда адам миындағы болып жатқан процесстерді физиологиялық негіз деп атайды. Қабылдаудың түрлері түйсіктің түрлеріне ұқсас болып келеді.
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз.Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
70-сұрақ.Тыныс алу жүйесі - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.
