Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 глава 2раздел.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72.45 Кб
Скачать

2 бөлім

Жеке тұлға мен кіші топтардың перцептивтік -стильдік ерекшелік диагностикасы

5.2.1. Әлеуметтік -перцептивтік баға

Жаттықтырушының жеке-шығармашылық ерекшелігі

(Ю. Ханин, А. Стамбулов)

Әдістің мазмұны . Баған спортсменнің жаттықтырушыға қатынасын анықтайтын 24 сұрақтан ( әрқайсысында 8 сұрақтан) тұратын, үш; : гностикалық, эмоционалдық және мінез- құлықтық параметрден тұрады.

Гностикалық параметр спортсменнің көзқарасы бойынша жаттықтырушының маман ретіндегі шеберлігін анықтайды. Эмоционалды параметр спортсменге адам ретінде жаттықтырушының қаншалықты ұнайтынын анықтайды, мінез құлықтық параметр жаттықтырушы мен спортсменнің қарым -қатынасы шындығында қалай құралғанын көрсетеді.

Нұсқау .Пікірдің әрқайсысын мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз жаттықтырушымен қатынасыңызға тікелей қатысты деп ойласаңыз «Ия» деп, олай болмаса «жоқ» деп жазыңыз.

Сұрақтар

  1. Жаттықтырушы оқушыларының қандай нәтижеге жете алатынын болжай алады.

  2. Жаттықтырушымен тіл табысуым қиын.

  3. Жаттықтырушы — шыншыл адам.

  4. Жаттықтырушы жарысқа мені шеберлкпен бастап алып келеді.

  5. Жаттықтырушыға адамдармен қарым -қатынаста сезімталдық анық жетіспейді.

  6. Жаттықтырушының әр сөзі мен үшін -заң

  7. Жаттықтырушы мені дайындау жұмыстарын мұқият жоспарлайды.

  8. Жаттықтырушыма разымын.

  9. Жаттықтырушы менен көп нәрсе талап етпейді..

  10. Жаттықтырушы әр кез дұрыс ақыл айта алады..

  11. Мен жаттықтырушыма толық сенемін.

  12. Жаттықтырушымның бағасы мен үшін маңызды

  13. Жаттықтырушы негізінен белгілі бір үлгі бойынша жұмыс істейді.

  14. Жаттықтырушыммен жұмыс істеу нағыз рахат.

  15. Жаттықтырушым маған аз уақыт бөледі.

  16. Жаттықтырушы менің жеке бас ерекшелігімді есепке алмайды

  17. Жаттықтырушым қолданатын әдістердің дұрыстығы мен қажеттілігіне менің күмәнім жоқ.

  18. Жаттықтырушыммен сырласпаймын.

  19. Жаттықтырушым менің кішкене қатем үшін де жазалайды.

  20. Жаттықтырушым менің осал және күшті жақтарымды жақсы біледі.

  21. Жаттықтырушыма ұқсағым келеді.

  22. Жаттықтырушым екеуміз тек іскерлік қарым қатынастамыз

Кілтпен сәйкес келетін әр сұраққа 1 ұпай беріледі. . Гностикалық компоненті бар сұрақтар 1, 4, 7, 10, -13, -16, 19, 22 (мынадай«-» белгісі бар нөмірлер «жоқ» деген жауапты , қалғаны — «иә» деген жауапты білдіреді.). эмоциялық — сұрақтар -2, -5, 8, 11, 14. -17, -20. Мінез-құлықтық сұрақтар — 3, 6, -9, 12, -15, 18, -21, -24.

Сауалнама нәтижелерін графикалық түрде немесе кестенің көмегімен беріледі. Кестеде «Жаттықтырушы —спортсмен» бағанының нәтижесін есептеудің бір нұсқасы берілген.

Ф.И.О. (код)

Көрсеткіштер

Гностикалық

Эмоционалдық

Тәртіптік

Қорытынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

А

Б

В

Г

Д

Е

Ж

З

И

К

Орташа

арифметикалық

х ± m

3

3

2

6

2

3

3

6

8

1

3,7 ± 0,6

5

4

1

5

1

2

1

6

8

1

3,4 ± 0,6

5

3

2

5

3

4

2

4

7

6

4,1 ± 0,5

13

10

5

16

6

9

6

14

23

8

12,2 ± 1,7

Орташа арифметикалық баға жаттықтырушының өзіндік жалпы «портретін» елестетуге мүмкіндік береді.