Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом орауа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78.04 Кб
Скачать

2 Бинармды метафораның тілдегі көрінісі

2.1 Метафораны зерттеудегі когнитивтік бағыт

Батыс ғалымдары Дж.Лакофф және М.Джонсон метафораның күнделікті өмірдегі, ойлаудағы, тілдегі маңызына кеңінен тоқталады. Бұл ғалымдар өз зерттеулерінде метафораны когнитивтік феномен ретінде бағалайды, яғни адам өзіне етене таныс, нақты заттар арқылы абстрактілі ұғымдарды ойлап шығарады және оларға атау береді деген пікірді қуаттайды [13 б.]. Дж.Лакофф, М.Джонсон адам ойлау қабілетінің ерекшелігін саралауда 4 дистинктивті қабілетін көрсетеді:

«1) адам ойлауында және концептуалдық жүйенің құрылуында адамның сыртқы әлемді танудағы физикалық және әлеуметтік тәжірибесі басты рөл атқарады. Осы ретте «тәжірибені» кең көлемде, яғни тарихи, әлеуметтік, лингвистикалық параметрлерді және перцептуалды әрекетерді есепке ала отырып түсіну қажет;

2) ойлауда бейнелер арқылы метафора мен метонимия күнделікті тәжірибелік дәлелі жоқ ұғымдарды таңбалайды;

3) ойлау гештальттік ( құрылымдық) сипатқа ие;

4) ойлау экологиялы, яғни қоршаған ортаны қабылдаудағы тәжірибеміз бен абстрактілі концептер өзара байланысып жатады [17,46 б.]. Адам бай тәжірибесінің тілдік бірліктерді жасаудағы маңызы зор, өйткені белгілі бір нысанның таңбасының артында сол нысан туралы білім қоры да жинақталады. Білім қоры құрылымдық сипатта адам санасында сақталады. Дж. Лакофф, М.Джонсон метафораның когнитивтік феномен, ал адамның танымдық жүйесінің метафоралы екенін дәлелдейді.

Метафоралану процесі - күрделі іс-әрекет. Оның сипатын тілші Е.О. Опарина былай көрсетеді: «Метафоралану концептуалдық сатыдан басталады: тіл қолданушының назарына Х нысанның Р белгісі ілінеді және осы белгі санада У реалиінің ассоциациялы ұқсас бейнесін туғызады. Осы ұқсастық атау жасауға әкеледі» [22,10 б.]. Метафоралануда пайдаланатын лексикалық құралдар тек қана тілдік емес, тілден тыс онтологиялық және мәдени факторлармен тығыз байланысты. Лексикалық бірліктің көптеген белгілерінің бір белгісінің мағынасы белсенділік танытып атауға негіз болады. Мысалы: белағаш - үй төбесіне салынатын арқалық (ҚТТС, 1999). Осы атаудың құрамындағы бел лексикасы «арқа тұтар тірек, күш» метафоралық мағынасымен атаудың уәждемесіне еніп отыр. Бұл ауыспалы мағына бел - адам денесінің орта бөлігі тура мағынасының негізінде жасалып отыр. Яғни адам ағзасында белдің жалпы дене бітімді тік дәрежеде ұстап тұрар қызметі ассоциациялы бейнесінің негізінде бел - күш, жігер, мықтылық ұғымдарын қоса туындайды. Бұл жерде де екі реалии салыстырыла келе, ортақ белгілерін тану арқылы мағына кеңейтіліп тұр.

Атау жасаудағы метафораның ролі туралы Н.Д.Арутюнова: «Метафора семантикалық процеске серпіліс береді де, өзі өшеді, жоғалады, образдылығы бірте-бірте жойылып, оның орнына ұғым келеді»- деп көрсетеді [23,16 б.].

метафораның табиғатын ашуда әртүрлі әдістер қолданылады. А.Ричардс, М.Блэк интерактив әдісі. Әлем туралы ойымызды қалыптастыруда тура мағынадағы сөздердің ассоциациялық кешенін құрайтын энциклопедиялық, ұлттық-мәдени, адамның жеке білімдерін пайдалану метафора арқылы жүзеге асырылады.

Метафора үрдіс ретінде белгілі кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. В.Г.Гак оны былай суреттейді:

«1) гетерогенді (әртүрлі) ұғымдардың арасындағы ұқсастықты белгілеу,

2) фокустандыру, яғни ассоциациялар мен белгілерді таңдау,

3) сүзгілеу (фильтрация), жаңа ұғымдардың ассоциацияларын «тура мағынамен» сәйкестендірілуі және жаңа концептердің тілде қалыптасуы» [21,37б.]. Метафораны әлемдік тіл білімінде зерттелуін қарастырғанда, олардың әр бағытта жазылғанын көреміз. Солардың ең негізгілерін сараптасақ төмендегідей:

1. Семасиологиялық бағыт. Бұл ретте тілдік метофоралардың мағыналық құрылымы, тура және метафоралық мағыналардың семдік ара қатынасы, метафоралардың жасалу механизмі қарастырылады. Бұл бағытта В.Г.Гак, Н.Д.Арутюнова, В.К. Харченко, М.Г.Комлев т.б. еңбектерін атауға болады.

2. Ономосиологиялық бағыт. Тілден тыс нысандардың тілдегі көрінісін сипаттаудағы метафораның қызметін айқындауға бағышталған тұжырымдар Ю.С. Степанов, Г.В. Колшанский, В.Н.Телия еңбектерінен табылады.

3. Генесеологиялық бағыт. Бұл ретте метафора тек тілшілердің ғана назарына ілікпейді, сонымен қатар танымдық іс-әрекетті қалыптастыру тәсілі ретінде философтардың да зерттеу нысанына айналады. Метафораның танымдық қызметі туралы пікірлер А.А.Потебня еңбектерінен бастау алып, күні бүгінге дейін зерттеу еңбектерінің нысаны болып келеді.

4. Лингвистикалық бағыт. Тілдік метафоралардың сипатын морфологиялық, сөзжасамдық, синтаксистік мәселелер шеңберінде айқындауға тырысқан А.А. Потебня, В.В.Виноградов, В.В.Лопатин, Н.Д.Арутюнова еңбектерін атауға болады. Метафораны тілдік құбылыс ретінде зерделеуде қолданылған семасиологиялық, ономасиологиялық, гнесеологиялық т.б бағыттар көптеген мәселелердің түйінін шешіп бере алмағандықтан, соңғы кездерде бұл тілдік құбылысты когнитивтік бағытта қарастырыла бастады. Адамның танымдық процестерімен тілдік дамудың байланысы лингвистикаға жаңаша көзқараспен келуді талап етіп қойды. Байқап отырғанымыздай, соңғы кездегі тіл біліміндегі когнитивтік бағыт тілдік проблемаларға мүлде өзге қырынан келуді алға тартып отыр. Когниттану саласы ғылымның философия, логика, лингвистика, психология, мәдениеттану, жасанды интелект сияқты бірнеше салаларының басын тоғыстыру арқылы тілдік мәселелерді шешуді ұсынады. «Фрейм - нақты заттардың беретін қасиеттері мен қатынастары туралы белгілі ситуациялардың беретін білімінің адам санасындағы когнитивтік құрылымы» [32,23 б.]. Фреймдер ақпараттар жинақталған ұяшықтардан құрылады. Олар белгілі тәртіппен сатылы орналасады. Жоғарғы сатыдағы ұяшық ақпараттары адамның сенсорлы мүшелері арқылы оңай қабылданады. Бұл нысандардың сыртқы пішіні, түрі, көлемі, дәмі сияқты ақпараттар болуы мүмкін. Ортаңғы ұяшықтарда қажеттілікке қарай таңдалатын ақпараттар сақталады. Ал төменгі сатыда қабылдауда бірден көріне қоймайтын нысандар туралы энциклопедиялық біліммен байланысты ақпараттар жинақталады. Әр фрейм көлемді де, күрделі құрылым болып табылады. Лингвистикада фрейм тілдегі әртүрлі стереотипті жағдай туралы білімнің берілуін түсіндіруде қолданылады. Сонымен қатар, әр тілдік таңбаның белгілі бір нысан туралы білім қорын беруіне байланысты оларды фрейм ретінде қарастыруымызға негіз болады. Фрейм тілі метафоралану процесін суреттеуде липгвистикалық, экстралингвистикалық мәліметтерді бөле жара қарастырмауымен тиімді. Когнитивтік тұрғыда метафора екі фрейм арасында жүргізілетін шартты әрекет ретінде танылады. Бірінші негіз-фрейм, метафораның сигнификативті дискрипторына сәйкес келеді, екінші мақсат-фрейм денотативті дискриптор деп алынады [31,45 б.]. Негіз-фрейм метафоралық үлгіге қажет таңбаны ұсынады. Таңба ұқсастық нәтижесінде мақсат-фреймге ауысады.

2.2 Бинармды метафоралардың зерттелуі Комбинаторлы қатынастың үшінші сипатының негізінде метафораның құрамындағы етістіктердің семантикалық валенттілігін құраушы эмосемалардың мақсат пен контекстке байланысты өзектенуі жатыр. Бұл сипаттағы метафораларға біріккен айқын конататтық компоненті бар, тіпті асемантикалық синтагматикалық байланысқа ие құбылған семантикалық валенттілік қасиеті бар метафоралар жатады. Р.Сыздық бұндай метафораларды тіл білімінде бинармдар деп атайтынын жазады. «С.Есенин поэзиясындағы метафораларды зерттеуші Н. А. Басилая мұндай метафоралық тіркестерді бинармдар деп атайды, яғни мағыналық өрісі мен тіркесу қабілеттері әртүрлі сөздердің бірі метафораланып( мағынасы ауысып) екіншісі метафоралап (қасындағы сөздің мағынасын ауыстырып) тіркесуі бинарм болып шығады. Мысалы, Есенинде кездесетін руки березы, кости березы, мольба берез дегендерде береза метафоралайтын сөз, ал оның алдындағы сөздер – метафоралап тұрғандар. Абайда да үміттің аты, саңырау қайғы деген тіркестер бинармдар: мағынасы жағынан тіркесімділік қабілеті жоқ сөздердің бір мағынасы ауысып (ат, саңырау) екіншісі тіркескен сөзінің мағынасын ауыстыртып (үміт, қайғы) тұрған метафоралық қолданыстар». Бұл топтағы эпитет және метафораларда комбинаторлы – синтагмалық қатынас денотаттық, сигнификаттық және коннотаттық, факультативті макрокомпоненттердің өзара және араласа үйлесуінен, сондай-ақ, кеңейген көлемде келуінен көрінеді. «Бұрын қолданылмаған сөз орамдарында айту арқылы дәстүрлі метафоралардың тірккесі шеңберін әрі қарай кеңейтуге болады. Тіпті, бұл дәстүрлі метафоралардың өзгеруіне де әкелуі мүмкін. Талаптың мініп тұлпарын, Тас қияға өрледің (Абай,184)». Бұндағы тұлпар міну сөз – синтагмасының өзінде-ақ, жағымды бағалауыштық конноттатық оккозионалды сема байқалады да, талаптың сөзімен кеңейеді, ал егер есекті міну дегенде жағымсыз бағалауышы бар коннотация пайда болар еді. Оның үстіне , бұл мағыналы қатынасты одан әрі кеңейтсек, мақсатсыз қолданыстағы бұлыңғыр семалары өзектенген коннотация көрінер еді. Денотаттық, сигнификативті жағдайлар сол күйінде бұл топтағы метафораларға ауысып, үйлесуі тілдегі қалыптасқан дәстүрлі нормаларға сәйкес жүреді. Мәселен: «Отыз жасқа келгенде Дүниедей кең едің Отыз бес жасқа келгенде Қара судың бетінде Сығылып аққан сең едің». Осындағы дүниедей кең, сығылып аққан сең сөздері өзара мағыналық үйлесімде бір мақсатқа сай ауысып қолданысқа түсіп тұр. Бұл сөздердің тіркесімінде көз алдыңа ауани деректі заттық бейне келетіндей, денотаттық жағдайдың сәйкесті көшуі орын алғаны анық аңғарылады. Комбинаторлы – синтагмалық қатынастың тілімізде бұрыннан бар екенін Р.Сыздық айтып өтеді: «Абайдың мағынасы жағынан бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді тіркестіріп, көбінесе авторлық тың эпитеттерді ұсынуын (жалтаңдаған жас жүрек, мен – сынық жан, т.б. сияқты Қ.Жұмалиев орыс көркем сөзінің үлгісі, Абайға дейінгі қазақ позиясында кездеспеген тың тәсіл дегенді айтады. Ал мұқият іздестірсек, бұл сонау Ахмет Яссауи поэзиясынан келе жатқан, ертеректегі қазақ өлең – жырларынан да табылатын поэтикалық көне тәсілдердің бірі екенін байқаймыз». « Ал қазақ ақын – жазушылары тілінде Абайдағыдай жиі болмағанымен, бұл тәсіл арқылы жасалған тіркестер бар екенін айта аламыз Мысалы, Кемпірбайдың: Тәуекел дариясынан бетім жудым – дегенін ... оқысақ, мұндағы көрсетілген эпитеттер қалыпты емес, авторлық қолданыстар екенін байқаймыз». Дегенмен де мағыналық жағынан үйлеспеуге де тиіс сөздердің үйлесіп, эпитет, метафораларды құрауы ішінара фольклорда, авторлы әдебиетте, сонымен қатар, Махамбет, Дулат поэзиясында кездескенімен , бүгінгі поэзияда кеңінен орын алуы Абай поэзиясынан басталады. Бұл туралы Р.Сыздық «Соны эпиттетер ұсынуы үшін Абай синкреттік амалды кеңінен пайдаланған, яғни семантикалық жағынан бір-бірімен үйлеспейтін «тіркеспейтін! Сөздерді тіркестіруді жүйеге айналдырған. Мысалы , Көрмеген көп дүние көл көрінді Кірлемеген көңілдің ашығында – дегенінде кірлемеген эпитеті мағынасы жағынан өзі анықтап тұрған көңіл сөзіне жанаспауға тиіс, өйткені кірлейтін нақты зат (киім, төсек, т.б.) болса керек еді, ал көңіл нақты зат атауы емес, дерексіз (абстаркт) ұғым атауы. Бұл жерде кірлемеген деген сөз – метафораланып, әлі жамандық көрмеген, барлығына үмітпен қарайтын адамды бейнелеп атайтын образ,» — дейді. Мұнда комбинаторлы–синтагматикалық қатынас кейбір денотаттық семалардың үйлескен сипатта ауысып, сигнификаттық семамен ыңғайласуын жүзеге асырып тұр. Бұндай жағдайда мағына макрокомпоненттерінің бірі кейбір оккозионалды және айырушы семаларының өзара синтагмалық байланыс құруы пайда болады жіне бұл мәтіндегі бейнеліліктің дәрежесін күшейтеді. Семантикалық байланыстың бұндай түрлері тілімізде бұрыннан кездесетін асемантикалық байланыстардан бөлек типте болады. А.С.Филатова: « белгілік сөздің мағынасы заттық не тіркесетін сөздің интенсионалына немесе күшті импликционалына тең келсе, семантика жаңаша мәнді жамылып, басқа ережемен байланыса бастайды», - деп лексикалық синтагматиканың эпитет, метафоралардың өзге түрлерін лексикалық құрамда тұрақтандыратынын көрсетеді. Дж. Лакофф метафораны тілдік емес, концептуалды құбылыс, ал метафоралық тіл- концептуалды метафораның беткі жағының көрінуі, яғни тұрақталған метафора озіндік тілдік кейіпте болады деп жазады. Концептуальды метафора деректі және дерексіз ұғымдардың бірлігінен құралып, индивидтің менталдығына қатысты болатынын басқа да зерттеушілері мысалы, G.A. Miller нақтылайды. Өлең мәтінінде өзгерген синтагмалық байланыстың тұрақталуын Р.Сыздық образ ұғымымен байланыстырады; « ... ақын іші алтын, сырты күміс сөз, буулы сөз, қуаты күшті нұрлы сөз, жабырқаңқы сөз деген жаңа қолданыстырады ұсынады. Бұлар семантикалық алшақ ұғымдардың тоғысуынан жасалғандар: жабырқау – адамға тән сипат, әрі кетсе «адам» мәнінде жұмсалатын көңіл сөзімен тіркесуге бейім, ал сөздің жабырқаңқы болуы – образ. Сөздердің бұндай түрде тәркесуі деректі ауани мағына макрокомпоненттердің өзара синтагмалық қатынас құрап, сөз-синтагма жасауы болып көрінеді, ал сыртқы түріне келсек, бейнелілік, яғни образ пайда болады 37,317 б.]. Синтагмалық байланыс көркемдеу тәсілін тудырушы болып, эпитет, метафора, образдың қалыптасу негіздерінің бірі болады. Асау жүрек аяғын шалыс басқан деген өлең тармағы бастан-аяқ синкреттік қолданыс: жүректің асаулығы да семантикалық үйлесімі жоқ сөздердің «ынтымақтасуы», аяғын шалыс басқан деген де дәл осындай.. Осы іспеттес: Күйлі, күйсіз бәйгеге қажыды көңілім көп шауып – деген жолдарда ақынның айтпақ идеясының астармен (метафорамен) берілгенін көрсетеді. Көңілдің бәйгеге шабуы- соны образ, ал ол бәйгеге көңілдің кейде күйлі, кейде күйсіз кезде түсуі де осы образды одан сайын күшейтіп, «әр сөздің ұнасымын тапқан» 37,317 б.]. Бүгінгі поэзияда комбинаторлы-синтагмалық қатынасқа құрылған негізін Абай салған метафоралар мен перифраздар көптеп кездеседі. Мысалы: Жер –көрхана, уақыт- ажал, құм-кебін, Көрхана жер ұсынып-ақ тұр төрін ... Тау емізіп тарғыл дене бұлт қаншық, Тау үрпісіп қаншық бұлттар жұтқансып Түлкі бұлақ түрленеді қыңсылап, Құйрықтарын бұттарына тыққынсып С. Ад. б.]. Бұнда бірінші денотаттық жағдайдан көшкен, екінші денотаттық жағдайда сигнификативті ситуацияға сәйкес өзара комбинаторлы қатынасқа түсу жүзеге асып тұр. Бұндағы бастапқы денотаттық жағдайда жер көр, ажал мезгіл, құм көрге бірге кетер жабын, киім мағынасында, ал қимыл ауысуына негіз болып тұрған синтагмалық қатынастар етістіктің семантикалық валентілігінен туады: қаншық емеді, жұтқансиды; түлі қыңсылайды; құйрығын бұттарына тыққансиды. Бірінші денотаттық жағдайды негізінен етістіктер беретіндіктен метафоралық ауысу осы көлемнен басталады. Мәселен: Оралғасын, арман-ай, бір Аққа көңіл ауар шын! Желіні толған Аруана- айдың Уыз нұрын сауарсың С. Нұр. б.]. Мұнда ақ яғни шұбатқа көңіл ауған соң, аруананы сауу қалыпты іс- әрекет комбинаторлы ауысуға ұшырап, метафорлы тіркестерді тудырып тұр. Етістіктерінің семантикалық валенттілігінің комбинаторика құрауы туралы Р.Сыздық былай дейді. «Абай жаңа образды тіркестердің құрылымдық элементі етіп етістіктердің ішінде сатудан басқа сауу (адам сауу, қулық сауу, еңбегін сауу), бағу (күлкі бағу, ғылым бағу, ел бағу), табу (орын табу, ой табу) деген сөздерді пайдаланған. Жақша ішінде көрсетілген тіркестер де соны құрылымдар және астарлап айтылған образды экспрессиялайды, ... сауылатын тек мал болса керек еді, Абай адамды, қулықты, еңбекті сауғызады; қазақтың далаға жайып, күтіп бағатыны да мал ғой, Ал Абай күлкіні, ғылымды, елді «бақтырып қояды, демек, бұлар да Абай пайдаланған синкреттік амал, яғни семантикалық мәндері жағынан бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді тіркестіру орын алған» 37,317 б.]. Сондай-ақ, мысалы: «Кеудемді жарған алғашқы бәйшешек- сезім Қыстың ең соңғы кәріне ұрынбаған.» Н. Бердалы, Ж.а.ант..]. Мағынаның көшу негізінде бәйшешектің алғаш қар астынан шығуы, оқыс аязға ұрыну деректі денотаттық жағдай көрінісі жатыр. Мұндай ауысу поэзияда көптеп кездеседі; сезім- сүңгі тамшылайды, махаббаттың денесін арулайын, қанатын қақты қайрылмай көк көгершіні көңілдің, солғын күздей боп сарғайды бүгін гүл- өңім, ит-өмір қоса жармасар балақтан қауып, жапырақ – жүрек алмасып өмір сүреді т.т.  Ж.а.ант. б.]. Мағыналардың ауысуы салдарынан поэзияда метафоралы сөз- синтагмалар көптеп тұрақталуда, мәселен, ару- түндер ағытар түймесін; жылан-ғұмыр арбаға; сәби- шындық жылайды бесігінде, ғасыр-ана келмейді кешірімге; аяусыз жалған ажал-қармаққа ілдірген; ай-арудың түн шашынан аймалап; сезім- құрық түскенде кеңірдектен; тау-басымды сүйедім таң- тұғырға; көз бұлақтан ағылып қан- үмітім; қыз-дүние қылымсиды; ит- тірліктің сүйегіне таласып; т.т. С. Ад. б.]. Бұл тіркестерде комбинаторлы-синтагмалық қатынастар орын алғандықтан мағыналы үйлесу ауыс сипатта болса да сақталып тұр. Бірақ денотаттық жағдайды кейбір ақындар екінші жағдайда дұрыс көшіре алмай, комбинаторлы – синтагмалық қатынас жүзеге аспайтын жағдайлары көптеп кездеседі. Х. Нұрмұқанов бұл үйлеспеу туралы былай деп жазады: Найзағай от кірпігін қадады да, Аспанның бұлт шылады табағына . Көктемге көрімдік қып кетті жаңбыр Қайыңның күміс қадап сабағына Қ.Б. б.]. Өлеңнің сөздерін қаламгер түгелдей дерлік соны тіркестерде, (бұлт шылау, найзағайдың кірпігіне, жаңбырдың көрімдігі, қайыңның сабағы) ажарлап, құбылтып қолданып, әр жолға тұтас шумаққа келісті рең берген. Бірақ автор қаламы бұл жерде жаза басқан: аспан табағына найзағайдың бұлт шылауы шындыққа қайшы әрекет. Себебі бұлт – найзағай кірпігінің құдыретінен пайда бола қалатын бояу емес, керісінше, сол найзағайдың өзін дүниеге келтіретін ток көзі» 37,317 б.]. Метафоралардың аталымға айналу туралы Б. Қасым: «Метафора аталым тұрғысынан бейнелілік қасиетінен өтіп, тек ұғымға атау беру қызметіне көшеді», - дейді37,317 б.]. Сонымен бірге, метафораларды, ол: а) Атауыштық метафоралар ( ботакөз, бізқұйрық, бізтұмсық); б) Танымдық метафоралар ( ғаламшар, бойтұмар, беташар, тұсаукесер, атажұрт); в) Экспрессивтік-бағалауыштық метафоралар (жексұрын, жолбике, көртышқан, оқжылан), - деп бөледі 37,317 б.]. Бұл ерекшеліктер туралы «метафораның аталым жасаудағы қызметінің маңызы сөзқосым бірліктері арқылы когнитивтік аспектіде зерттеледі»,- дейді 37,318 б.]. Танымдық тұрғыда тұтас метафоралық моделдердің өзара тіркесуі көрінеді, оның негізінде де денотаттық жағдайлар жатады. Когнитивті әдіс бойынша А.Н. Баранов формалды тіркескен және мазмұнды тіркескен метафора түрлерін бөліп, формалды тіркесуді сыртқы, ішкі деп 2-ге жіктейді. Ішкі тіркесуге денотативті байлаулы, денотативті байлаусыз метафоралар жатады, ал сыртқы да осы сипатта тек контекстке қатысты болады. Мазмұнды жағынан метафоралы моделдер когнитивті- семантикалық тіркесу типі бойынша және ғаламның тілдік бейнесіне қатысты онтологиялық тіркесу типі бойынша екіге ажырайды 37,318 б.]. Дж.Лакофф, М.Джонсон да метафораны осы тұрғыдан қарастырғаны белгілі. А. Әмірбекова концепт қалыптастырудағы метафораның қызметі семаларға сүйене жүзеге асатынын сызбалармен бейнелейді. Мысалы: «Жігіт - бүркіт» метафорасындағы С1 - жігіт-батыр, қайсар; С 2 – бүркіт – мықтылық,жыртқыш, күшті; Қ 1 – ел қорғаны; Қ 2 – құс патшасы». Концепт қалыптастырудағы метафораның қызметі ерекше болады, яғни, А.Әмірбекова: «метафора концепт қалыптастыратын құрылымдық элементтердің бейнелеу қызметін атқарады. Метафоралану әрекеті адам тәжірибесіндегі ассоциативтік, стереотиптік, символдық танымына негізделеді. Концепт қалыптастырудағы метафораның қарапайым қызметі- танылатын дүниенің бір қасиетін ауыстырып, санадағы гештальт құрылымда жаңа фон қалыптастыру», деп жазады 37,317 б.]. Ал В.Н. Телия: «Когнитивті метафоралар – дерексіз ұғымдарды қалыптастырушы және атаушы метафоралар», деп көрсетеді 37,319 б.]. Көркем мәтіндегі концептілер түрлері мен қалыптасуы туралы А. Әмірбекова: «Поэтикалық мәтінде концепт қалыптастыратын метафора – индификативті және синергиялық метафоралар». Индикативті метафора ұқсату процесін көруден алған әсері арқылы қалыптастырады. Синергиялық метафора ұқсатылатын дүниені мейлінше сәйкес келмейтін қашық бейнемен үйлестіру арқылы қалыптасады, яғни түпкі мағыналарында ешқандай байланыс жоқ болса да өзара үйлестіру. Метафора екі құрылымда қалыптасады: а) Негізгі компонент (білдіруші); б) Көмекші компонент (бейнелеуші). Көмекші компонент денотат, яғни обьетілер класы арқылы танылатын метафораны индификативті метафора дейміз. Себебі ондағы ұғым қалыптастыратын компонент затқа бағытталады. Концепт қалыптастыруда басты роль атқаратын – көмекші копонент », – деп көрсетеді 37,319 б.]. 2.3 Қазақ тіліндегі бинармды метафоралар

Метафораны жасау немесе жасай алмау бұл ойлаушы, сөйлеуші адамды сипаттайтын критерийлердің бірі ретінде танылады. Зерттеушілер сөзімен айтқанда, метафора әлемнің жеке тілдік көрінісін бейнелейді, себебі индивидуальдылық жеке адамның белгілі тілдік құралдарды таңдауына байланысты, яғни әр адамға, сөз суретшісіне, арнайы тек соған ғана тән қасиет бар. Бинармдардың қазақ тіліндегі ерекшеліктеріне байланысты зерттеу жұмысына тоқталайық . Мысалы: Одан да тыныш ішіп тапқаныңды, Өлеңнің біл отына таптануды. Үмітке жүкті дүние туар бір күн, Айтар сол бұрқануды, аттануды 38,50 б.]. Бұл өлең жолдарындағы үмітке жүкті дүние метафорасы автордың жеке қолданысы болып танылады. Ең алдымен, автордың сөйлемде өзек етіп алған «дүние» сөзінің мағынасына келсек, «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» дүние ар. зат. 1. Өмір, тіршілік. 2. Зат, мүлік, жиһаз, нәрсе. 3. Әлем, жер жүзі, жиһан. 4. Табиғат, жаратылыс. 5.Табиғат пен қоғамдағы белгілі ортадағы өмір сүретіндердің тобы, жиынтығы. 6. Ауыс. Белгілі сөздермен қосылып, мол, көп деген ұғымды білдіреді 39,400 б.]. Бұл сөйлемде дүние сөзін қаламгер «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» берілген өмір, тіршілік мағынасында қолданып тұр. Яғни өмірдің, тіршіліктің жақсылықтың нышанын күтуде екенін, үлкен үміттің бар екенін, болашақтың бейнесін автор өзіндік сөздік қорымен оқырманға жеткізіп отыр. Мұндағы үмітке жүкті дүние қолданысы ұқсастық ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туындаған бинармды метафора. Окказионал қолданысқа негіз болған ұқсастық олардың белгілі бір жағдаятқа байланыстылығы деп білеміз. Метафораның тәсіл ретіндегі басты мақсаты заттар мен құбылыстарға атау беру болғандықтан, олардың жасалуында ұқсастық сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады. Ойымыздың дәлелі ретінде Ә.Кекілбаевтан тағы бір мысал келтіре кетейік. Күткен күн келе қоймас сағынғанмен, Шырпынбас бедеу дүние шабынғанмен От боп еріт көкіректің тақыр мұзын38,50 б.]. Мұндағы бинармды метафора «көкіректің тақыр мұзы» автордың тілдің ерекше поэтикалық және философиялық белгілеріне тән ойлау қабілетін танытып отыр. Философиялық ойлау мен көркем шығармашылық адамның айналасындағы дүниені танумен байланысты. Мәнмәтінде әбден күдер үзген үміттің, көңілі қалған жүректің, қатып қалған сезімді ояту мақсатында жасалған бинармды метафора деп ойлаймыз. Мұндай нысандардың өзгешелігі ұқсастықты тануға, айқындауға көмектеседі. Автор қоршаған әлемдегі заттар мен құбылыстар өзгешелігімен оқырман қауымға әсерлі болып отыр. Образдылық қуаты солғындамаған ауыс мағыналы сөздерді – “метафора”, бұрыннан қолданылып келе жатқан эксметафораларды “ауыс мағына” деп ажыратып тастауға болмайды, өйткені қазіргі “ауыс мағыналы” сөз деп жүргеніміз – бұрынғы индивидуалдық метафора. Дәстүрлі метафоралар жаңа сөз қисынында құбылып “жаңарады”, сондықтан “дәстүрлі” деудің өзі де шартты. Метафораның түп тамыры тілдің, сөздің туу тарихымен тікелей байланысты. Метафора тілді байытады, оған бұрын болмаған жаңалықтар енгізіледі, бірде-бір нәрсенің атаусыз қалмауына көмектеседі, әсіресе жеке қаламгердің қаламынан туған қолданыстар. Мысалы: Қараңғылық қымтап алып бір күні, Жұмылып қап күміс күннің кірпігі. Сыпырғышы ажал деген тирақтың Сипап кетсе жүзімдегі күлкіні 38,16 б.]. Жоғарыдағы берілген бинармды метафораны жасауда автор адамның бойында болатын нәрсенің (кірпік) күннің бір белгісі ретінде көрсетіп тұр. Сонымен қатар күнді күміске балап отыр. Яғни бір затты, іс-әрекетті, құбылысты басқа бір затқа, әрекетке, құбылысқа балап сипаттағанда, суреттегенде олардың арасындағы ортақ белгі қасиеттер негізге алынады. Сондықтан да бинармды метафора адамның айналадағы болмысты танып білуінің логикалық тәсілі, өмірдегі шындық құбылыстар арасындағы ұқсастықтарды сарапқа салудың, ой қорытудың, пәлсафалық пайымдау жасаудың құралы деп те қарауға болады. Мағына масштабын кеңейтетін, сөздердің жаңаша қолданылуын туғызатын тәсілдерінің бірі – метафора. Бұл ретте оны тарихи жағынан тұрақты әсер ететін негізгі семантикалық заңдылықтардың бірі деп тануға тиіспіз. Міне, осы тұрғыдан тіл табиғатындағы метафораның сырын, жасалу жолдарын, заңдылықтарын ашып беру керек. Заттар мен құбылыстардың атауын белгілі бір сөз арқылы бекітулі болады. Бірақ ол сөз – сол зат пен құбылыстың өзі емес, оның белгілі бір қатынастағы көшірмесі, “сәулесі”. Мысалы: Махаббаттың құйыны Қыз көрпесін ысырды. Махаббаттың құйыны Ұйқының туын ұшырды 38,21 б.]. Бұл өлең жолдарындағы ұйқының туы бинармды метафорасы махаббат сезімінің әсерінен адам ұйқысының қашуын бейнелеу мақсатында қолданылған. Мұндағы адамның физиологиялық жағдайын, яғни демалыс түрін оқырман қауымға жеткізуде автор ту символымен сомдаған. Мұнда жазушы ұйқыны өз қалпынан басқаша сипаттап көрсету арқылы окказионал қолданыс жасаған. Бұл жерде нақтылай кететін фактор сөздің жаңа мағынаға ие болуы емес, оның белгілі бір жағдаятқа байланысты мәнмәтінде жаңа қолданысқа түсуі. Бинармды метафора тілде елеулі қызмет атқарады. Ол сөзге атау беріп, жаңа мағына тудырады, көркем образ жасайды, сөз мағынасына көркемдік түр беріп қана қоймай, айтылған ойға терең, жанды сипат береді. Сөзге эмоционалды-экспрессивті мән үстейді. Сөз мағынасынан әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуын, ұлттың сипатын көре аламыз. Мысалы: Анадайдан оны көріп бүлкілдеп, Жорытады атың. Көзіңе де жылтың кеп, Қуаныштың домбырасы кеудеңе Майда қоңыр күй тартады шіңкілдеп 38,50 б.]. Поэтикалық мәтінде табиғат пен адамның белгілерін, қасиеттерін өзара араластырып, бір-біріне ұқсатып, балама жасау құбылысы туындайды. Жоғарыдағы өлең шумақтарындағы қуаныштың домбырасы метафорасы Ә.Кекілбаевтың өзіндік таным ерекшелігімен туған. Мұндағы «домбыра» әуен ұғымымен байланысты түсіндірілу керек. Ұлттық мәдени ерекшеліктерден хабар беретін домбыра автордың жеке танымымен ұлттық негізде қуаныштың символы болса, поэтикалық мәнмәтінде қуанып тұрған адам бейнесін көз алдыңа елестетеді. Жоғарыдағы мысалдардағы бинармды метафоралардан жазушы ақиқат дүниедегі объектілерді бақылай отырып, олардың арасындағы байланысты оқырманға әсерлі етіп жеткізе білген. Шығармашылық жолы барысында ол сырт дүниені өзінің көзімен басқаша пішіп, оның ішкі мәнін көрсету үшін өзінің жеке авторлық әлемін жасаған. Яғни ерекше – үшінші ақиқат дүние жасаған. Метафораға бір-біріне сәйкес келмейтін, үйлеспейтін ұғымдарды байланыстыру қабілеті тән. Субъектілік, индивидуалдық қасиеті метафораны универсалды құрал ретінде сипаттайды. Біздің бұл ой-түсініктен түйетініміз тек қана сөйлеуші мен адресатты құбылта алатын, тілдік тұлғаның өлшемі болып табылатын метафоралық құрылымдарға жазушы Ә.Кекілбаевтың жеке қолданыстағы метафораның осы қасиеттерді өз бойына жинақтағаны байқалады. Дәстүрлі метафораларда тұтас бір халықтың ортақ бейнелі ойы, дүниетанымы білдіріледі. Сондықтан олардың білдіретін мағынасы көпшілікке түсінікті болады. Ал индивидуалды-авторлық метафоралар жеке адамның дүниені бейнелі қабылдауын, тануын көрсетеді. Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора белгілі бір ақынның я жазушының туындысында өмір сүреді. Белгілі мәнмәтінде ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндік ерекшелігін көрсетеді. Сондықтан келтірінді мағына әрдайым құбылмалы болады. Мысалы: Қазақтың бағы жүрсе ­– кәукілдеген мақтан әңгімесі, гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы болады 38,140 б.]. Бұл сөйлемдегі кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүріс бинармды қолданысы адамның мінез-құлқына байланысты пайда болған жүріс-тұрысты бейнелеп тұр. Жазушы «шалқайып, шіреніп жүру» мағынасындағы жүрісті суреттеу мақсатында бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді өзара байланыстырып бинармды қолданыс жасаған. Метафораның табиғаты әлемге көркемдік көзбен қараумен байланысты. Әрбір автордың поэтикалық туындысы оның құрған және қолданған метафораларының сипатына байланысты. Сондықтан метафора ─ поэтикалық мәтіннің басты компоненті. Себебі онда міндетті түрде поэтикалық ой мен әлемдік бейненің көрінісі болады. Метафораны поэтикалық мәтінге жақындастыратын факторлар: • ойдағы бейне айтылмақ пікірдің бірігуі; • дәл мағынада айтылмауы; • объектілердің белгілері мен мағыналарының өзара араласуы; • бірнеше интерпританцияда ұғынылуы; • дәлелдемелердің қолданылмауы; • объектілердің мәнін ашуда тиімді әрі қысқа жол таңдау; • көлемдік баламамен астарлау . Мұндай метафоралық қолданыстар жазушының өзіндік қолтаңбасын танытады. Сондықтан да бұл тәрізді метафоралар жалпы халықтық емес, жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора деп аталады. Мысалы: Бұған дейін сыр алдырмаған сәнді сарайлардың да бөксесі жалаңаштана бастады 38,65 б.]. Жазушы қолданған «сарайлардың бөксесі» метафоралық тіркесі белгілі бір ғимараттардың төменгі жақ бетін сомдау мақсатында пайда болып тұр. Сарайлардың бөксесі бинармды қолданысының оқырман сезіміне әсер ететін экспрессиялығы мен эмоционалдылығы мол. Бұрынғы сылбыр тірліктің үлбіреп-мөлдіреп қалған сылқым пердесін айдын көлде бір шоршыған ақ сазандай ақ тәнінің бір рахатымен күлпаршалап күлге лақтырмақ 38,65 б.]. Бұл сөйлемдегі «сылқым перде» бинармды метафоралық қолданысы автордың өмір құбылысына өзінің идеялық-эстетикалық көзқарасын айқындау негізінде жасалған. Сылқым перде бинармды қолданысының мағынасы өткен өмірдің парағын ашып, еске түсіру мақсатында жасалып тұр. Мұнда жазушы өмір ақиқатын өткен өмірдің болмыс сырын сырлы сөзбен бейнелеп, адамның сезім күйі арқылы өмір шындығын бір сәттік ойлау нәтижесіннен пайда болған метафоралық тіркес. Сөз шеберлерінің мақсаты – айтпақ ойын, идеясын көркем тілмен жеткізу болғандықтан Т.Ахметжан шығармаларынан да бинармды метафора молынан ұшырасады. Мысалы, Осымен сөз бітті дегендей атақты хирург тағы да телефонның құлағына жармасты40,14 б.]. Ол кезде жай ғана жастықтың буына масайған желөкпе жігіт емес, өнер сүйер зиялы қауымға аты танылып қалған талантты суретші еді 40,71 б.]. Тағдырдың асау толқыны, 40,71 б.], мастық буы 40,70 б.], ыңғайсыздық бұлты 40,73 б.], жердің түбі 40,72 б.], теңіз беті 40,74 б.], өкініштің өткір тырнағы 40,96 б.]. Осы сынды мысалдар суреткердің ойының көркемдігін, сөз байлығының молдығын танытады. Авторлық метафораның өзге тілдік бірліктерден айырмашылығы – шығарушы авторларының болуында, олардың өзіндік бейнелі ойын көрсететіндігінде. Мысалы, Т.Ахметжан шығармаларынан автордың өзіндік қолтаңбасын бейнелейтін мынадай бинармды тіркестерді атап көрсетуге болады: Күннің алтын құйрығы 40,68 б.], мамырдың май тоңғысыз мамық түні 40,142 б.], тыныштық – сезімнің шалқар дариясы 40,149 б.], тыныштық – шексіз ойдың ошағы 40,149 б.]. Бұл сөйлемдердегі күннің алты құйрығы, мамырдың май тоңғысыз мамық түні, сезімнің дариясы, ойдың ошағы деген тіркестер автордың өзіндік қолтаңбасын бейнелейтін тілдік бірліктер. Сөз мағынасының ауысуы арқылы пайда болған тілдік бірліктер жазушының тілдік танымын аңғартып, шығармаларының жаңашыл бағытта жазылғандығын көрсетеді. Қолданылған сөздердің тура мағынадан ауыспалы мағынаға көшуінің бірден-бір жолы контекст құрамындағы мағыналық байланыс арқылы айқындалады. Мағыналық өзгеріске ұшыраған тілдік бірліктер қолданыс барысында ойға қатысты ақпараттарды дәл көрсетуге септігін тигізеді. Метафора қызметін ұлттық танымдық болмысымен де байланыстыра саралау мүмкіндігі мол. Бірқатар сөз жекеше тұлғада тұрып-ақ көптік ұғымды білдіре алады. Нұртуғанның «Қарасай-Қази» дастанында: Қалипаның Қарасайға айтқаны: Қарасай топырақ жасын берсін саған, Жеткерсін жаратқан хақ талабыңнан! – деп жырлайды. Мұндағы «топырақ жасы» тіркесі көптік категорияда қолданылып, адамзаттың өмір жасымен байланыстырып,бинармды метафора  жасап тұр.  Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай өлеңдерінде де “жастықтың оты”, “жүректің көзі”, “дүние есігі” деген бинармды метафоралар кездеседі. Тіліміздегі түс атауларының семантикалық өзгерісі парадигмалық, синтагмалық қатынастарға негізделгендіктен, тоқтаусыз шегі жоқ, лексикалық синтагматикалық байланысқа ие. Мысал келтірер болсақ, С. Сейфуллин, «Қызыл ат» дастанын жазғаны белгілі. Мұндағы «Қызыл ат» атауы тегін қойылмаған атау, өйткені қазақта «қызыл» сөзі атқа қатысты мүлде қолданылмайды. Б.Хасанов бұны былай түсінеді: «Сонда бұл «қызыл ат» деген не? Сәкеннің жырлағаны қызыл түсті ат деуге бола ма еді? Жоқ болмайды. Сәкен Сейфуллиннің жырлап отырғаны – бұрынғы тепеңдеген көк шолақ емес, социалистік көлік, жаңа қоғамның аты» 37,191 б.]. «Қоңыр» сөзінің таралуының радиалды құрылымына келер болсақ, Ғ.Мүсірепов бір ғана «қоңыр» сөзінің өзін бір контексте түрліше құбылтып қолданған. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сәулесі Шайзаны да қоңырландырып, сурғылтқа таңдық түс береді. Үй де қоңыр, көлеңке де қоңыр. Қоңыр үйдегі тұрмыста қоңыр. Қоңыр үйдегі жандар да қоңыр. Қоңыр ойлы Шайзаның әні де қоңыр. Қоңырлатып, ыңырсып өлең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады. 41,19 б.]. Осы үзіндіде қоңыр сын есімі он үш рет қайталанады. Екі-ақ жерде етістік түрінде (қоңырландырып, қоңырлатып) қолданылады. Ал қалған жердің бәрінде есім қалпында жұмсалған. Алынған мысалдардағы қоңыр сөзі тоғыз жерде өзінің тура мағынасында, алты жерде метафора ретінде келген (тұрмыс та қоңыр, жандар да қоңыр, қоңыр ойлы әні де қоңыр, қоңырлатып өлең айтады, қоңыр күймен). Осы метафоралар контекст арқылы бірінің стильдік сырын бірі аша түскен. Шебер суреткердің қоңыр сын есімін әр сөйлем сайын осылай жарыстыра қолдануы кездейсоқ емес. Контекске кірген әрбір сөйлемді жеке-жеке алып талдасак, қоңыр сөзінің шын мәніндегі стильдік қызметі толық ажыратылмай қалады. Автордың қоңыр сөзін бұлай әр түрлі құбылтып қолдануынан кейіпкердің бір сәткі көңіл күйін, ішкі жан дүниесін, айналасындағы өмір құбылысымен, сыртқы ортамен органикалық байланыста нанымды суреттегенін байқауға болады. Демек, жазушының қоңыр сөзін соншама көп қайталап қолдануындағы мақсаты біреу-ақ. Ол — өзінің суреттеп отырған кейіпкерінің тұрмыс жағдайындағы тапшылықты, осыған байланысты оның басындағы көңілсіздікті, көңілінде бұдан басқа да әлдеқандай алаң бар екенін көрсету. Қоңыр сөзінің тұтас контекстегі метафоралық мағынасы автордың осы мақсатына бағындырылған. Кәрі әже күндегі машығы бойынша бесік жырын айтады… Осындай қоңыр кештің қоңыр күйі. Бейуағына жеткен әженің өмірлік көй-көйі 42,11 б.].Мұндағы қоңыр күй дегендегі метафораның (яғни қоңыр сөзінің) дәл мағынасын тұтас контекске қарап қана ажыратуға болады. Автор бұл арада оны сәл бір кірбің, мұң мәнінде қолданып отыр. Біз сөзді осылай метафоралық мәнде әлденеше рет қайталап қолдану арқылы белгілі бір көркемдік мақсатқа жету — көбінесе әдеби шығарма стиліне тән ерекшелік. Сөзді жалпы қайталап қолдану сөйлеу стилінде де жиі кездеседі. Бірақ, сөйлеу стиліндегі сөз қайталаудың сипаты басқарақ. Өйткені мұндағы қайталаулардан (яғни бір сөзді бірнеше рет қолданудан) көркем әдебиет тіліндегі қайталаулардағыдай көркемдік, стильдік астар байқалмайды. Жұмекен Нәжімеденов болса, «қоңыр» сөзін былайша құбылтады: «Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, Көзін сулап қалып еді қамығып. Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп - Қоңырқай ой маза берер емес түк. Қоңырайып жатыр алда жол әлі, Кеудем кейде қоңыр жырға толады, Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн, Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім. Қоңыр күзде қоңыр шаруа - күйбеңмен, Қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем. Қоңыр – қоңыр күй тыңдап ем жасымда, Шешем қалды қоңыр төбе басында. Қоян жолға қоңыр ымырт түскенде, Қоңырайып отырамын үстелге» 43,91 б.]. Бұл сөз тіркесімдерінің лексикалық синтагмалық қатынасы бір-бірін қабылдап тіркесуінен көрінеді. Бұндағы сөз-синтагмалардың бәрі «қоңыр» лексемасымен үйлескен. Контексте ортақ жалпылауыш ортақ сема көрінеді, ол «қарапайымдылық және табиғатпен бірге жасасу», яғни өмір қалпын, соның ішінде бұл сөздердің лексикалық синтагматикасының мәні қазақ ұлтының мәдениетімен тәрбиеленген адамға ғана түсінікті.Тағы бір мысал: Тыныштықтың түсі деп қоңыр түсті, қоңыр түсті таңдадым, көңіл түсті, Момын ғой деп кидім мен қоңыр көйлек, Мінезім де қоңыр ғой,момын ғой деп...43,36 б.], Айсыз қара түндерге ат құлағын қақтырып Тәуекелдің қолына тағдырымды лақтырып, талай жорттым жолсызбен, айдалада ақ тымық...43,18 б.]. Ақыл қандай сасқалақ, көңіл қандай күйгелек- Сұлы мұрты тізеңе қадалғанда ине боп, сөлін екті даланың ол да саған, шырқырай тыртысқанда тістесіп мың дию мен бір құдай...43,19 б.], Оятады бұтаны жел ақырын Шық-көздерін жапырақтың тырнап ашып. Сабақ мойнын жапырақ мың бұрап ап, Жылт-жылт етіп айнала тұрды қарап...43,35 б.]. Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыз, тыныштықтың түсі, тәуекелдің қолы, даланың сөлі, жапырақтың көздері, жапырақтың мойны секілді мағыналық жағынан тіркеспейтін сөздер метафораланып өлеңді өзгеше айшықтап тұр. Көркем шығармадағы әрбір кейіпкердің образын ашу оның жеке мінезі, жан дүниесі, сезім-түйігін айқындайтын тілдік құралдар арқылы анықталады. Ол кейіпкер болмысын танытатын тұтас «әлемнің» ішкі жан дүниесін бейнелейтін бір үлгі іспетті. Нені ойлайын – бәрібір, шашылды кеп, тары-үміт, айналғандай тарыға жалғыз жүрек жарылып43,16 б.], Әр жыл сайын көктемде, Жүрегімді қанатты ойлар тепкенде. Жалтақтаймын ағаштардың басына, бұталарға жасыл-жасыл бүр жапқан, Құсым келіп қонатындай бір жақтан... ...Жүрек қаны - қаламымның сиясы, қасіретімді қайда апарып құясың? 43,36 б.], Құдай өзің дәме бер, Бермесең де емексіт, Бал болмаса дәме-үміт, су да емес-ау, демек, сүт, Ашып кетті сүт-үміт, Қашып кетті көкжиек, ауық-ауық аулақта ішін тартты жел өксіп. Менің туған жерімнің тікенінде де ұят бар- Тікенімен тырысып теріс айналды қияқтар. Менің туған жерімнің қаңбағында да салмақ бар, Қабырғасы ырсайдай ақ тікенді бір сайға жасырынды қаңбақтар. Бір бәйтерек тереңнен шығар-ау деп ұмтылып, демін ішке ап сары бауыр ұйып қалды құм тынып... бұл мысалдарда ақын өз психологиялық көңіл-күйіндегі құбылыстың сипатын бинармды метафора арқылы танытады. Сол сияқты , Бақ – құдайға бағымсыз, Басқаларға жағымсыз жігіт еді, ол рас, қолы шешен, тілі-үнсіз43,11 б.], немесе КПСС ойлайды өзі дұрыстап: Экватор боп он есе, Шеңбер болып немесе бөшке-жерді құшағында тұр ұстап. ал анау жақ сөз гулетіп бір қауым, Сан саланың салыстырып ыңғайын, ұшқын іздеп әрбір тастың қырынан, бензин-бөшкеге от қоюға тұр дайын 43,46 б.], — десе, енді бір өлеңінде: Көзбен де емес, сақалымен төкті жас 43,13 б.], — деп өзгелердің жүрек түкпіріне өлеңімен үңіле отырып,  бинармды метафора жасаған. Мұндағы ерекше көрсетілген бинармдар Жұмекеннің өзіндік қолтаңбасын танытады.  Мысалдарда көрсетілгендей сөзде заттың өзі белгіленбейді, аталмайды, зат туралы адамның санасында бейнеленген түсінік, қандай да бір концепт аталады. Жоғарыда аталған авторлардың туындысында бинармды метафоралардың белгілі бір және әртүрлі жағдаяттарға байланысты көп туындағынан байқадық. Ұлттық мәдениетке сай халықтың тіл байлығын танытатын бинармды метафоралар қазақ ақын–жазушыларының шығармасында көптеп кездесетініне көз жеткіздік