Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ каз 2014..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.19 Mб
Скачать

Дәрілер технологиясынан Мемлекеттік біліктілік емтихан дәрежесінде оқпе арналған практикалық дағдылар бойынша тапсырмалар тізімі

Кезең дер

Студенттерге арналған тапсырмалар

Мак.

балл

Уақ., мин

1

Дәрілік қалыпқа жазылған рецептті талданыз. Дәрілік калыптарды дайындауды регламенттейтін нормативтік құжаттарды және анықтама әдебиеттерін қолдана отырып, рецепттік жазбаға енеген сандық есептеуге жататын жоғары реттік дозасы және жоғары тәуліктік дозасы белгіленген улы, наркотикалық және басқа заттардың дозаларын тексеріңіз; рецептуралық жазбадағы ингредиенттердің сыйымдылығын анықтаңыз. Ұсынылған дәрілік қалыптағы дәрілік және көмекші заттардың мөлшерін есептеңіз. Ұсынылған дәрілік қалыптың дайындалу үрдісіне байланысты дайындық жұмыстарды жүргізіңіз: қажетті құрал-жабдықтарды және кіші механизация заттарын; дәрілік және көмекші заттары бар штангластарды; орамдау және тығындау заттарын; негізгі және қосымша этикеткаларды дайындаңыз.

100

10

2

Осы дәрілік калыптың оңтайлы әдісін негіздеп, берілген дәрілік қалыпты дайындаңыз. Дәрілік қалыпты босатуға безендіріп, жазбаша бакылау паспортын жазыңыз. Нормативтік құжаттардың талабына сай дайындалған дәрілік қалыптың сапасын бағалаңыз: жазбаша бақылау, орамдалу, безендіру сапасы, органолептикалық бақылау, массасы немесе көлемі бойынша рұқсат етілген ауытқулар %-дық үлесте, спецификалық көрсеткіштер.

100

25

3

Дайын өнімді сипаттаңыз: нормативтік құжатқа сәйкес дәрілік қалыптың түрі, сыртқы түрі, негізгі белгіленуі, орамдалуы, сақтау жағдайлары, жарамдылық мерзімі. Технологиялық үрдістің дұрыс графикалық блок-сызбасын, қолданылатын құрал-жабдықтар мен өндірістің аппаратуралық сызбасын таңдап алыңыз. Аралық бақылау түрлерін, өндірістің негізгі бакылау нүктелерін, атап көрсетіңіз. Технологиялық процестің бақылау нүктелерін көрсетіңіз.

100

10

4

Препарат құрамын және бастапқы заттардың сипаттамасын атаңыз (кесте түрінде безендіріңіз). Материалдық балансты құрастырыңыз. Технологиялық түсімді, технологиялық шығынды, шығын коэффициентін формулалар бойынша есептеңіз. Өндірістік формула құрастырыңыз.

100

20

5

Дәрілік препараттың сапасын анықтайтын параметрлер тізімін (сапалық спецификациясын) ҚР МФ сәйкес құрастырыңыз.

100

15

Барлығы

100

80

Дәрілік қалыптар технологиясы бойынша оқпе өткізуге қажет қондырғылар, құралдар, дәрі-дәрмектер, реактивтер, материалдар, құжаттар тізімі

Кезеңдер

Жабдықтар атаулары

1.

Рецепттің фармацевтикалық сараптамасы; нормативтік құжаттарды, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу, жазбаны бағалау, дәрілік заттар мен көмекші заттардың мөлшерін есептеу. Дәрілік қалыпты дайындауға арналған дайындық жұмыстары

Мемлекеттік фармакопея (МФ), бұйрықтар, анықтамалық әдебиеттер, калькулятор, қажет қондырғылар, кіші механизация құралдары, құралдар, ыдыстар, көмекші материалдар, қатты, сұйық және жұмсақ дәрілік қалыптарға арналған негізгі және қосымша этикеткалар, емтихан алушыға ақпарат, сағат.

2.

Дәрілік қалыпты дайындау, жазбаша бақылау паспортын толтыру, сапа бағасы

Өңдеуге арналған ерітінділер, қажет қондырғылар, кіші механизация құралдары, құралдар, ыдыстар, қажет ингредиенттері бар штангластар, көмекші материалдар, қатты, сұйық және жұмсақ дәрілік қалыптарға арналған негізгі және қосымша этикеткалар, жазбаша бақылау паспорты, рецепт, нормативтік құжаттар (НҚ), анықтамалық әдебиеттер, таразы, калькулятор, рН анықтауға арналған индикатор, микроскоп, зат шынысы, жабын шынысы, емтихан алушыға ақпарат, сағат.

3.

Дайын өнім сипаттамасы Өндірістің технологиялық, аппаратуралық сызбалары. Өндірістік процестің бақылау нүктелері.

Анықтамалық әдебиеттер, НҚ, дайын дәрілік препараттар, өндірістің технологиялық және аппаратуралық сызбалары, емтихан алушыға ақпарат, сағат.

4.

Дәрілік препараттың құрамы, Активті субстанциялардың және эксцепиенттердің сипаттамасы, материалдық баланс. Өндірістік формула.

Инструкциялық материалдар, ҚР МФ, калькулятор, материальдық балансты құруға және техника-экономикалық көрсеткіштерді есептеуге арналған кестелер. Емтихан алушыға ақпарат, сағат, НҚ.

Емтихан алушыға ақпарат, сағат,

5.

Дәрілік қалыптың сапа параметрлерін (сапалық спецификациясын) құрастыру

Емтихан алушыға ақпарат, сағат, НҚ, таразы, өлшеуіш тастар, калькулятор.