Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСПЭ каз 2014..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Мб
Скачать
☆

Оқпе бойынша бағалау критерийлері

Әріптік баға

Балдар

Оқу пәнін меңгерудің %-дық көрсеткіші

Дәстүрлі баға

А

4,0

95 – 100

үздік

А-

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

жақсы

В

3,0

80 – 84

В-

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

қанағаттанарлық

С

2,0

65 – 69

С-

1,67

60 – 64

D+

1,33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 - 49

қанағаттанарлықсыз

5-курс студенттерінің дәрілік қалыптар технологиясы бойынша практикалық дағдыларды бағалау КРИТЕРИЙЛЕРІ

Мынадай практикалық дағдыларды игеру үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:

- дәрілік препараттар өндірісін Мемлекеттік нормалануы;

- дәрілік қалып технологиясын сипаттау;

- дайындалған дәрілік қалыптың сапа бағасын беру;

- биофармацевтикалық зерттеулер.

«Үздік» - студент оқу материалы бойынша терең және жан-жақты білімін көрсете алған төмендегі жағдайда қойылады: рецептті дұрыс талдап, жазбаша бақылау паспортын құрып, барлық ережелерді сақтай отырып дәрілік қалып технологиясын дұрыс сипаттады. Дәрілік қалыптың сапа бағалауды жүргізгенде салыстырмалы көрсеткіштерге қойылатын НҚталаптарын ескерді. Ұсынылған дәрілік қалыптың биофармацевтикалық аспектілерін, дәрілік заттың дәрілік қалыптан босап шығуының мәнін дұрыс мазмұндап берді.

«Жақсы» - оқу материалы бойынша толық білімі бар және тапсырманы тиянақты орындаған студентке қойылады. Мұндай баға рецепт талдауын онша толық емес және дұрыс жүргізген, дәрілік қалып технологиясында 3 қате жіберген; ұсынылған жазба бойынша өзінің іс-әрекетін нақты негіздей алмаған, бірақ логикалық түсінігі бар; дәрілік қалыптың сапа бағасын жүргізудегі негізгі параметрлерді толық сипаттай алмағанда және дәрілік заттың дәрілік қалыптан босап шығуын анықтаушы әдістерде қателіктер жіберген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» - негізгі оқу материалы бойынша жұмысқа қажетті көлемдегі мөлшерде білім деңгейін көрсете білген және тапсырманы орындай алған студентке қойылады. Студент рецепт талдауын онша толық жүргізбеген, дәрілік қалып технологиясында 5 қате жіберген. Ұсынылған жазба бойынша өзінің іс-әрекетінде қанағаттанарлық жауап көрсеткен, қойылған сұрақтарға берген жауаптары нақты және толық емес. Дәрілік қалыптың сапа бағасын анықтауда және дәрілік заттың дәрілік қалыптан босап шығуын анықтаушы әдістерде қателіктер жіберген.

«Қанағаттанарлықсыз» - оқу материалының кілттік сұрақтары бойынша білімі жоқ, тапсырманы орындағанда үлкен қателіктер жіберген студентке қойылады. Студент рецепт талдауын жүргізе алмаған, дәрілік қалып технологиясын, дәрілік қалыптың сапа бағасын жүргізуді және дәрілік заттың дәрілік қалыптан босап шығуын сипаттай алмады. Анықтаушы әдістерде қателіктер жіберген. Студент проблемалық жағдайда өз бетінше іс-әрекет қолдана алмайды және білім деңгейі бойынша атестацияланбайды.