Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом ТО.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
103.42 Кб
Скачать

5. Экономикалық бөлім

Дипломдық жобаның бұл бөлімінде бөлімшенің экономикалық көрсеткіштерін есептеліп, шығындар сметасы құрастырылады.

5.1. Капитал салымының есебі.

Капитал салымдары есебінің құрамына құрал- жабдықтарды сатып алу, жеткізу, монтаждау және орналастыру және құрылыс жұмыстарының шығындары кіреді.

Капитал салымының сомасы:

К = Сқұр.жаб. + Сдм + Стас + Сқұр – Кжар. + Кжою

Мұндағы:

Сқұр.жаб - алынған құрал- жабдықтар, инвентрлар мен приборлардың, айлабұйымдардың құны, теңге

Сдм - монтаждау, демонтаждау шығындары, теңге

Стас - тасымалдау жұмыстарының шығындары, теңге

Сқұр - құрылыс-монтаж жұмыстарының құны, теңге

Кисп- одан әрі пайдалануға жарамды құрал-жабдықтардың амортизацияланбаған баланстық құнының бөлігі, теңге

Кжою - одан әрі пайдалануға жарамсыз құрал-жабдықтардың амортизацияланбаған баланстық құнының бөлігі, (жою), теңге

Бөлімше ғимаратының құрылысына қайта құру жүргізілсе, бұл жұмыстардың тиісті көлемін есептеу қажет (қабырғалар, қалқалар тұрғызу, терезе ойықтарын жасау немесе жаңа коммуникациялар жүргізу т.б).

Монтаждау және демонтаждау шығындары егер нақты шығын көлемі белгісіз болса, құрал- жабдықтар құнының 5-15 % есебімен алынады.

Тасымалдау жұмыстарының шығыны құрал- жабдықтар құнының 5 % мөлшерінде алынады.

Алынған құрал- жабдықтардың, инвентрлар мен приборлардың, айлабұйымдардың құны кезеңдегі нарықтық баға құнымен есептеледі.

Құрылыс- монтаждау жұмыстарының құны (ҚМЖ)

СҚМЖ = Vғим* Сқмж үлесі *К1

Мұндағы:

Vғим - қайта құрылуға тиісті ғимараттың немесе құрылыстың көлемі, м³;

Сқмж.үлесі – 1 м³ құрылыс-монтаж жұмыстарына капитал салымының үлестік нормативі;

К1- С қмж.үлесі үшін қайта есептеу индексі.

Құрал-жабдықтар шығыны:

С құр.жаб = Sғим * Сқж үл.норм*К2

Мұндағы:

Sғим – ғимараттың ауданы, м²;

Сқж үл.норм - 1 м³ құрылыс-монтаж жұмыстары үшін капитал салымының үлестік нормативі;

К2 - С қж үл.норм үшін қайта есептеу индексі.

Автосервис учаскесінің инвестициялық жоба құны

К = Сқмж + Сқұр.жаб

Қайта құру жағдайында бұрынғы бар құрылыс пен құрал-жабдықтар құнын ескеру қажет.

Капитал ғим. = Сғим.қалд.құны+ Сқмж

Капиталқж. = Сқұр.ж.қалд.құны. + Сқұр.жабд.

Мұндағы:

Сғим.қалд.құны,Сқұр.ж.қалд.құны. – қайта құру кезеңіндегі ғимарат пен құрал-жабдықтардың қалдық құны, теңге.

5.2.Техникалық қызмет көрсету жұмыскерлерінің еңбек ақы және еңбек жоспары.

Еңбек ақының жылдық жоспары кәсіпорын жұмысшыларына бір жылда төленетін еңбек ақымен есептеледі.

5.2.1. Жөндеу жұмыскерлерінің еңбек ақы қорының есебі.

Сервистік участок жұмыскерлерінің жылдық еңбек ақы қоры жылдық еңбек сиымдылығы және орындаушылардың біліктілігі негізінде және қолданылатын еңбек ақы төлеу мен сыйлық ақы төлеу жүйесіне байланысты есептеледі.

Негізгі өндірістік жұмыскерлердің орташа тарифтік разряды келесі формуламен анықталады:

Rжж = ΣRi * Ni /Σ Ni

Мұндағы:

Ri – тиісті біліктілік разряды;

Ni – тиісті раздядтағы адамдар саны, адам.

Жалпы еңбек ақы қоры

ЕАҚжалпы = ЕАҚнег + ЕАҚқос.

Мұндағы:

ЕАҚ нег – негізгі еңбек ақы қоры, теңге;

ЕАҚқос. – қосымша еңбек ақы қоры, теңге.

Қосымшалардың қоса алғандағы негізгі еңбек ақы қоры.

ЕАҚжалпы = ЕАҚкес. + Сыйақыжж + Қосбр. + Қостүн.

Мұндағы:

ЕАҚкес – кесімді еңбек ақы қоры, теңге;

Сыйақыжж – жөндеу жұмыскерлеріне сыйақы сомасы, теңге;

Қосбр. – бригадаға жетекшілігі үшін қосымша, теңге;

Қостүн. – түнгі жұмыстар үшін қосымша, теңге.

Кесімді еңбек ақы қоры.

ЕАҚкес. = Сорт * Тж

Мұндағы:

Сорт. - жұмыскердің орташа тарифтік ставкасы, теңге.;

Сорт = (Nзиянсыз * Сорт.зиянсыз. + Nзиянды.* Сорт.зиянды) / (Nзиянсыз + Nзиянды)

Мұндағы:

Nзиянсыз,Nзиянды – зиянды және зиянсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлер саны, адам,

Сорт.зиянсыз., Сорт.зиянды - зиянды және зиянсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлердің орташа сағаттық ставкасы, теңге.

Сорт.зиянсыз = ΣСі * Nі /Σ Nі

Мұндағы:

Сі – зиянсыз еңбек жағдайында жұмыс істейтін сәйкес разрядтағы жұмыскерлердің сағаттық тарифтік ставкасы, теңге.

Сорт.зиянды = к * Сорт.зиянсыз

Мұндағы:

К – зиянды еңбек жағдайы үшін қосымшаның коэффициенті. (1,2)

Жөндеу жұмыскерлеріне жоспарлы жұмыстарды орындағаны және сапалы еңбегі үшін сыйақы (Сыйақыжж) кесімді еңбек ақыдан пайызбен белгіленеді.

Сыйақыжж = Сыйақыжж* ЕАҚкес.

Бригадаға жетекшілігі үшін қосымша.

Қосбр. = Nбр.* Қорж.уақ.*Ссағ.*Қоспайызы/100

Мұндағы:

Nбр – бөлімшедегі бригадирлер саны, адам;

Қоспайызы – қосымша пайызы.

Түнгі жұмыстар үшін қосымша.

Қос.түн = 1/7* Сағ.түн * Сор.

Мұндағы:

1/7 – қосымша мөлшері.

Сағ.түн - түнгі уақыттағы жұмыс сағатының саны, (22 – де 6 –ға дейін)

Қосымша еңбек ақы қоры.

ЕАҚқос. = ЕАҚнег. * Қоспайыз.

Қоспайыз. – негізгі еңбек ақыдан қосымша еңбек ақы пайызы.

Қоспайыз. = (Ккез.дем./ (Кк - (Ккез.дем. + Кд + Кмер))*100%

Мұндағы:

Ккез.дем./ – кезекті және қосымша еңбек демалысы күндерінің саны.

Кд, , Кмер. – жылдағы мереке және демалыс күндерінің саны.

Жөндеу жұмыскерлерінің еңбек ақыларына әлеуметтік салық мөлшері.

Әсалық = Пс* ЕАҚжалпы

Мұндағы:

Пс – салық пайызы.

Өндірістік жұмыскердің орташа айлық еңбек ақысы:

ЕАорт = ЕАҚжалпы./ (12* Nжж)