- •1Cұрақ. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2Сұрақ хyii-xyiii ғ. Қазақ жоңғар қатынастары
- •3Cұрақ Қазақстанда « Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Әміршіл әкімшіл жүйенің орнауы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ . Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық ескеркіштер.
- •2Сұрақ Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары.18ғ.
- •3 Сұрақ Қазақ акср нің құрылуы. Қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау.
- •3 Билет
- •1. Сақ тайпалары. Қоғамдық – саяси құрылысы:
- •3 Cұрақ Қазақстанда жэс ті іске асыру
- •4 Билет
- •1 СұрақҚазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның қасиеттері.
- •2 Сұрақ . Хүі – хүіі ғғ. Қазақстан мәдениеті.
- •3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. (1918-1920)
- •5 Билет
- •1. Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы.
- •2 Сұрақ. Хүіі хүііі ғғ. Қазақ орыс қатынастары.
- •3 Сұрақ. Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан.
- •6 Билет
- •1Сұрақ. Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы.
- •7 Билет
- •1 Cұрақ Түрік және Батыс Түрік қағанаты. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы.
- •2Сұрақ хү-xyiiIғғ. Қазақтарлың экономикалық және мәдени өмірі.
- •3 Сұрақ . Қазақстандағы хх ғ 20-30жж мәдени құрылысы.
- •8 Билет
- •1 Сұрақ . Оғыздар мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2. Сұрақ . Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі.
- •3 Сұрақ . Қазақстанда хХғ. 30 ж заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия.
- •9 Билет
- •2 Сұрақ . Хүііі ғ екінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан. (1771-1781 жж.).
- •3. Сұрақ Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (хх.30ж. 2 жартысы)
- •10 Билет
- •1 Сұрақ . Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2 Сұрақ xiXғ. 60-90ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аударудың басталуы.
- •3 Сұрақ . Хх ғ 30-40жж басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру.
- •11 Билет
- •1 Сұрақ. Қимақ қағандығы.Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
- •3. Сұрақ . 1941-1945 жж қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
- •12 Билет
- •1Сұрақ. Қарахандықтар мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті. (942-1210 жж.)
- •2 Сұрақ. Кіші және Орта жүзде хандықтардың жойылуы. ХіХғ 20ж патша үкіметінің Қаз.Да жүргізілген әкімшілік және сот реформасы.
- •3 Сұрақ 1941-1945 жж. Қазақстандықтардың ерен еңбектері
- •13 Билет
- •1 Сұрақ Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ . Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. (1773 – 1775жж)
- •3 Сұрақ Қазақстанның хх ғ. 40-50 жж. Қоғамдық –саяси өмірі. «Бекмаханов ісі».
- •14 Билет
- •1 Сұрақ . Қарақытайлар мемлекеті. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты.
- •3Сұрақ . Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтежиелері.
- •15 Билет
- •1Сұрақ Найман мен керейлердің ұлыстары
- •2 Сұрақ . Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі. Толықтыру
- •3. Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991)
- •16 Билет
- •1. Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны.
- •2 Сұрақ Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •3 Сұрақ Қазақстаның 60шы жылдардың екінші жартысы мен 80ші жылдардың басындағы әлеуметік экономикалық дамуы
- •17 Билет.
- •2 Сұрақ . Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
- •3 Сұрақ. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Экономиканы қайта құру (20 ғ. 40-шы жылдарының екінші жартысы).
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Іх-хіі ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.
- •3. 1986Ж желтоқсан оқиғасы. Қазақ жастарының тұңғыш рет демократиялық бой көтеруі.
- •19 Билет
- •1. Ақ Орданың құрылуы және дамуы.
- •2. Ресейдегі Столыпиннің аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға жаңадан орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы.
- •20 Билет
- •1 Сұрақ Қазақстан Монғол империясының құрамында. Алтын Орданың құрылуы және ыдырау.
- •2. ХХғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907жж. Революция.
- •3Сұрақ. XX. 90- шы жж. Саяси процестер. Ксро ның ыдырауы . Тмд ның құрылуы
- •21 Билет
- •1 Сұрақты толықтыру
- •2. Бірінші дүнижүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
- •3 Сұрақ . Семей ядролық пологоны. Арал қасіреті.
- •22 Билет
- •1. Моғолстан мемлекеті.
- •2 Сұрақ . 1917 ж Ақпан төңкерісі және Қазақстанға тигізен әсері.
- •3 Сұрақ . Қр тәуелсіздігінің жариялануы.
- •23 Билет
- •1 Сұрақ . Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары.
- •2 Сұрақ . 1916ж. Ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи маңызы.
- •3 Сұрақ. Қазақстандағы 90шы жж. Әлеуметтік-экономикалық реформалар: қиындықтар, табыстар.
- •24 Билет
- •1 Сұрақ . Әбілхайыр хандығы.
- •3 Сұрақ. Қр сыртқы саясаты: даму бағыттары.
- •25 Билет
- •1. Ноғай ордасы. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ . ХХғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ «Қазақ» терминінің этимологиясы: әлеуметтік және этникалық мәні.
- •2 Сұрақ. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.
- •3 Сұрақ қр мемлекеттік рәміздері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
- •2 Сұрақ Шоқан Уәлиханов
- •3 Сұрақ Конституция 1995 жыл 30 тамыз
- •28 Билет
- •1 Сұрақ Қасым хан
- •29 Билет
- •1 Сұрақ Тәуекел және Есім хан
- •30 Билет
- •1 Сұрақ Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
- •2 Сұрақ . Қазақ өлкесінің автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның Кеңес үкіметіне қатынасы.
5 Билет
1. Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы.
Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары «Авеста» мен «Махабхарата» кангха болып кездеседі. Түркі руналық жазушыларында Кангю-тарбанд деген кенттің (қаланың) аты бар.
Қаңлы тайпаларын Қытай жазба деректері бойынша, алғаш рет қазақ халқының тарихына таныс еткен ғалымдар көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Жазба деректерді пайдалана отырып, қаңлылардың қысқаша болса да тарихына көңіл бөлген академик В. В. Бартольд. Ол қаңлы тайпаларын Сырдарьяның орталық ағасында өмір сүрген деп тұжырым айтады.
Біздің заманымыздаң бұрынғы III ғасырда қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Олардың астанасы – Битянь қаласы. Олардың саны 600 мың, немесе 120 мың үй болған.
Қаңлы мемлекеттік бірлестігінің басында Уын әулетінен шыққан патшалар тұрды, олар «би» немесе “ ябғу” деген титулға ие болды. Бұдан басқа мемлекеттік аппаратқа патшаның орынбасарлары және үш кеңесші кірді. Сол кезде (б.з.б. II ғасырдың аяғы – I ғасырдың басы) қаңлы мемлекетіне бес иелік – Сусе, Фумо, Юйни, Цзи, Юйцзянь кірді. Қаңлылар Қытай, Рим, Кавказ және Орта Азия елдерімен сауда байланыс жасап тұрды. Олар үйсін, ғұн тайпаларымен соғысқан.
Қаңлылырдың қоғамдық құрылысы. Қаңлы тайпасында билік мұрагерлік жолмен әкеден балаға беріліп отырған. Бар билік ақсақалдардың, ру басшылары мен әскери көсемдердің қолында болған.
Шаруашылығы. Қаңлылардың негізгі кәсібі егіншілікпен ұштасқан мал шаруашылығы болды. Оларда тәлімі және көлдетіп суару егіншілік жақсы дамыды. Олар дәнді дақылдар еккен және огород өсурумен де айналасқан. Аң аулау мен балық аулаудың қосалқы маңызы болды. Елік, тау теке, арқар, киік аулады. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде балық аулау құралдары – шанышқылар, сүңгілер, қармақтар, жүкшелер шықты. Ет, балық және өсімдік өнімдерімен жабайы өсетін алма, алмұрт, өрік, тау жуасы, сарымсақ т.б. пайданылды.
Қаңлы тайпалық бірлестігі б.з.б. I ғасырдың ортасында ыдырады.
2 Сұрақ. Хүіі хүііі ғғ. Қазақ орыс қатынастары.
Қазақ елінің ауыр сыртқы жағдайын Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының қолдауы арқылы шешпекші болады. Әбілқайыр ханның мақсаттары: Қалмақтар мен башқұрттардың қазақ жерін шабуылдауын тоқтату;Петербург билеушілеріне арқа сүйеп, аға хандыққа таласта қарсыластарын жеңу;Жайықтың төменгі ағысы, Есіл, Ертіс, Ор өзенлері бойындағы қазақтардың мал жайылымдары үшін бейбіт өмірді сақтау;Қазақ жері арқылы керуен жолдарының қауіпсіздігін қалпына келтіру; Ең басты мақсаты: Жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен байланыс орнату.
1730 қыркүйек Петербургке аттанған елшілері Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлының Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсырды. 1731ж 19 ақпан Кіші жүзді империя құрамына қабылдау туралы хан ұсынысын империат рица Анна Иоановна қабылдады. Кіші жүз ақсүйектері мен Әбілқайырдан ант қабылдау үшін Ресейден сыртқы істер коллегиясының тілмашы ,дипломат А. И. Тевкелев бастаған елшілік жіберілді. 1731 ж қазанда орыс елшілері Ырғыз өзені бойындағы Әбілқайыр ордасына келгенде, қазақ ақсүйектері арасында алауыздық бар екені анықталды. Барақ сұлтан, Бөгенбай батыр топтары Кіші жүзді Ресейге қосу жөніндегі шараларды аяқсыз қалдыруға тырысқанмен , бұл қарсылық сәтсіз аяқталды. 1731ж 10 қазан Кіші жүздің 29 старшыны Ресейдің қоластына кіруге ант берді. ХҮІІІ ғ ортасы Қазақ өлкесінің саяси экономикалық дамуында жаңа өзгерістер қалыптасты. Отарлау саясатына қарамастан қазақ орыс сауда байланыстары және шетелдермен қатынас өзара тиімді жағдайда дамыды. Осы кездегі сауда айналымының орталығы Орынбор қаласы . ХҮІІІ ғ ІІ жарт. Қазақ орыс саудасының белгілі орталықтары : Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма (1761 ). Әскери тірек ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы Шығыс Қаз. бекіністер әскери қызметін жоғалтып,сауда айналымының орталықтарына айналды. 18ғ 60 ж. Қазақ орыс сауда байланысының кеңейген кезеңі. Қазақтардың жиі саудаласатын тауарлары: мал өнімдері, киіз, көбінесе мал Ресейлік тауарлар көшпенділердің күнделікті өмір қажеттерін қанағаттандыратын заттар. Қазақтармен сауданың тиімділігіне көңіл аударған орыс үкіметі бекіністерде мешіттер салғызды, айырбас сарайларын кеңітті. Батыс Сібір, Орта Азияны сапалы ас тұзымен қамтамасыз ететін орталықтар пайда болды: Керекудің маңындағы Қалқаман, Қарасу тұз көлдері. 1766 ж Әбілмәмбет хан Екатерина патшайымға хат жолдап, Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды. 1767 ж 15 қараша ІІ Екатерина Бұхар саудагерлеріне Қазақстан территориясында еркін сауда жасауға рұқсат берді. Орта Азия хандықтары және Қашғар көпестерінің жиі келетін сауда орталықтары Қызылжар ( Петропавл)қаласы. Шыңжаңмен сауда байланысының орталықтары Семей, Өскемен, Бұқтырма қоныстары. Қазақ орыс саудасындағы отарлық белгілер кейін бұл сауданың бір жақты дамуына жол ашып Қазақстанның Ресейге тәуелділігін күшейтті.
