- •1Cұрақ. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2Сұрақ хyii-xyiii ғ. Қазақ жоңғар қатынастары
- •3Cұрақ Қазақстанда « Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Әміршіл әкімшіл жүйенің орнауы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ . Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық ескеркіштер.
- •2Сұрақ Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары.18ғ.
- •3 Сұрақ Қазақ акср нің құрылуы. Қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау.
- •3 Билет
- •1. Сақ тайпалары. Қоғамдық – саяси құрылысы:
- •3 Cұрақ Қазақстанда жэс ті іске асыру
- •4 Билет
- •1 СұрақҚазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның қасиеттері.
- •2 Сұрақ . Хүі – хүіі ғғ. Қазақстан мәдениеті.
- •3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. (1918-1920)
- •5 Билет
- •1. Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы.
- •2 Сұрақ. Хүіі хүііі ғғ. Қазақ орыс қатынастары.
- •3 Сұрақ. Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан.
- •6 Билет
- •1Сұрақ. Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы.
- •7 Билет
- •1 Cұрақ Түрік және Батыс Түрік қағанаты. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы.
- •2Сұрақ хү-xyiiIғғ. Қазақтарлың экономикалық және мәдени өмірі.
- •3 Сұрақ . Қазақстандағы хх ғ 20-30жж мәдени құрылысы.
- •8 Билет
- •1 Сұрақ . Оғыздар мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2. Сұрақ . Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі.
- •3 Сұрақ . Қазақстанда хХғ. 30 ж заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия.
- •9 Билет
- •2 Сұрақ . Хүііі ғ екінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан. (1771-1781 жж.).
- •3. Сұрақ Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (хх.30ж. 2 жартысы)
- •10 Билет
- •1 Сұрақ . Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2 Сұрақ xiXғ. 60-90ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аударудың басталуы.
- •3 Сұрақ . Хх ғ 30-40жж басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру.
- •11 Билет
- •1 Сұрақ. Қимақ қағандығы.Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
- •3. Сұрақ . 1941-1945 жж қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
- •12 Билет
- •1Сұрақ. Қарахандықтар мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті. (942-1210 жж.)
- •2 Сұрақ. Кіші және Орта жүзде хандықтардың жойылуы. ХіХғ 20ж патша үкіметінің Қаз.Да жүргізілген әкімшілік және сот реформасы.
- •3 Сұрақ 1941-1945 жж. Қазақстандықтардың ерен еңбектері
- •13 Билет
- •1 Сұрақ Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ . Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. (1773 – 1775жж)
- •3 Сұрақ Қазақстанның хх ғ. 40-50 жж. Қоғамдық –саяси өмірі. «Бекмаханов ісі».
- •14 Билет
- •1 Сұрақ . Қарақытайлар мемлекеті. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты.
- •3Сұрақ . Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтежиелері.
- •15 Билет
- •1Сұрақ Найман мен керейлердің ұлыстары
- •2 Сұрақ . Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі. Толықтыру
- •3. Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991)
- •16 Билет
- •1. Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны.
- •2 Сұрақ Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •3 Сұрақ Қазақстаның 60шы жылдардың екінші жартысы мен 80ші жылдардың басындағы әлеуметік экономикалық дамуы
- •17 Билет.
- •2 Сұрақ . Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
- •3 Сұрақ. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Экономиканы қайта құру (20 ғ. 40-шы жылдарының екінші жартысы).
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Іх-хіі ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.
- •3. 1986Ж желтоқсан оқиғасы. Қазақ жастарының тұңғыш рет демократиялық бой көтеруі.
- •19 Билет
- •1. Ақ Орданың құрылуы және дамуы.
- •2. Ресейдегі Столыпиннің аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға жаңадан орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы.
- •20 Билет
- •1 Сұрақ Қазақстан Монғол империясының құрамында. Алтын Орданың құрылуы және ыдырау.
- •2. ХХғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907жж. Революция.
- •3Сұрақ. XX. 90- шы жж. Саяси процестер. Ксро ның ыдырауы . Тмд ның құрылуы
- •21 Билет
- •1 Сұрақты толықтыру
- •2. Бірінші дүнижүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
- •3 Сұрақ . Семей ядролық пологоны. Арал қасіреті.
- •22 Билет
- •1. Моғолстан мемлекеті.
- •2 Сұрақ . 1917 ж Ақпан төңкерісі және Қазақстанға тигізен әсері.
- •3 Сұрақ . Қр тәуелсіздігінің жариялануы.
- •23 Билет
- •1 Сұрақ . Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары.
- •2 Сұрақ . 1916ж. Ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи маңызы.
- •3 Сұрақ. Қазақстандағы 90шы жж. Әлеуметтік-экономикалық реформалар: қиындықтар, табыстар.
- •24 Билет
- •1 Сұрақ . Әбілхайыр хандығы.
- •3 Сұрақ. Қр сыртқы саясаты: даму бағыттары.
- •25 Билет
- •1. Ноғай ордасы. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ . ХХғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ «Қазақ» терминінің этимологиясы: әлеуметтік және этникалық мәні.
- •2 Сұрақ. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.
- •3 Сұрақ қр мемлекеттік рәміздері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
- •2 Сұрақ Шоқан Уәлиханов
- •3 Сұрақ Конституция 1995 жыл 30 тамыз
- •28 Билет
- •1 Сұрақ Қасым хан
- •29 Билет
- •1 Сұрақ Тәуекел және Есім хан
- •30 Билет
- •1 Сұрақ Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
- •2 Сұрақ . Қазақ өлкесінің автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның Кеңес үкіметіне қатынасы.
3 Сұрақ қр мемлекеттік рәміздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ГЕРБI, елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ТУЫ – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.
27 Билет
1 Сұрақ Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр(1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты.Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын(Тоқа Темір тұқымы) жеңді. 1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде , хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар ДулатиҚазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады.
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды.
Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді.
