- •1Cұрақ. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2Сұрақ хyii-xyiii ғ. Қазақ жоңғар қатынастары
- •3Cұрақ Қазақстанда « Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Әміршіл әкімшіл жүйенің орнауы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ . Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық ескеркіштер.
- •2Сұрақ Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары.18ғ.
- •3 Сұрақ Қазақ акср нің құрылуы. Қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау.
- •3 Билет
- •1. Сақ тайпалары. Қоғамдық – саяси құрылысы:
- •3 Cұрақ Қазақстанда жэс ті іске асыру
- •4 Билет
- •1 СұрақҚазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның қасиеттері.
- •2 Сұрақ . Хүі – хүіі ғғ. Қазақстан мәдениеті.
- •3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. (1918-1920)
- •5 Билет
- •1. Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы.
- •2 Сұрақ. Хүіі хүііі ғғ. Қазақ орыс қатынастары.
- •3 Сұрақ. Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан.
- •6 Билет
- •1Сұрақ. Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы.
- •7 Билет
- •1 Cұрақ Түрік және Батыс Түрік қағанаты. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы.
- •2Сұрақ хү-xyiiIғғ. Қазақтарлың экономикалық және мәдени өмірі.
- •3 Сұрақ . Қазақстандағы хх ғ 20-30жж мәдени құрылысы.
- •8 Билет
- •1 Сұрақ . Оғыздар мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2. Сұрақ . Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі.
- •3 Сұрақ . Қазақстанда хХғ. 30 ж заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия.
- •9 Билет
- •2 Сұрақ . Хүііі ғ екінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан. (1771-1781 жж.).
- •3. Сұрақ Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (хх.30ж. 2 жартысы)
- •10 Билет
- •1 Сұрақ . Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2 Сұрақ xiXғ. 60-90ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аударудың басталуы.
- •3 Сұрақ . Хх ғ 30-40жж басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру.
- •11 Билет
- •1 Сұрақ. Қимақ қағандығы.Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
- •3. Сұрақ . 1941-1945 жж қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
- •12 Билет
- •1Сұрақ. Қарахандықтар мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті. (942-1210 жж.)
- •2 Сұрақ. Кіші және Орта жүзде хандықтардың жойылуы. ХіХғ 20ж патша үкіметінің Қаз.Да жүргізілген әкімшілік және сот реформасы.
- •3 Сұрақ 1941-1945 жж. Қазақстандықтардың ерен еңбектері
- •13 Билет
- •1 Сұрақ Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ . Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. (1773 – 1775жж)
- •3 Сұрақ Қазақстанның хх ғ. 40-50 жж. Қоғамдық –саяси өмірі. «Бекмаханов ісі».
- •14 Билет
- •1 Сұрақ . Қарақытайлар мемлекеті. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты.
- •3Сұрақ . Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтежиелері.
- •15 Билет
- •1Сұрақ Найман мен керейлердің ұлыстары
- •2 Сұрақ . Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі. Толықтыру
- •3. Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991)
- •16 Билет
- •1. Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны.
- •2 Сұрақ Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •3 Сұрақ Қазақстаның 60шы жылдардың екінші жартысы мен 80ші жылдардың басындағы әлеуметік экономикалық дамуы
- •17 Билет.
- •2 Сұрақ . Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
- •3 Сұрақ. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Экономиканы қайта құру (20 ғ. 40-шы жылдарының екінші жартысы).
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Іх-хіі ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.
- •3. 1986Ж желтоқсан оқиғасы. Қазақ жастарының тұңғыш рет демократиялық бой көтеруі.
- •19 Билет
- •1. Ақ Орданың құрылуы және дамуы.
- •2. Ресейдегі Столыпиннің аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға жаңадан орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы.
- •20 Билет
- •1 Сұрақ Қазақстан Монғол империясының құрамында. Алтын Орданың құрылуы және ыдырау.
- •2. ХХғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907жж. Революция.
- •3Сұрақ. XX. 90- шы жж. Саяси процестер. Ксро ның ыдырауы . Тмд ның құрылуы
- •21 Билет
- •1 Сұрақты толықтыру
- •2. Бірінші дүнижүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
- •3 Сұрақ . Семей ядролық пологоны. Арал қасіреті.
- •22 Билет
- •1. Моғолстан мемлекеті.
- •2 Сұрақ . 1917 ж Ақпан төңкерісі және Қазақстанға тигізен әсері.
- •3 Сұрақ . Қр тәуелсіздігінің жариялануы.
- •23 Билет
- •1 Сұрақ . Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары.
- •2 Сұрақ . 1916ж. Ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи маңызы.
- •3 Сұрақ. Қазақстандағы 90шы жж. Әлеуметтік-экономикалық реформалар: қиындықтар, табыстар.
- •24 Билет
- •1 Сұрақ . Әбілхайыр хандығы.
- •3 Сұрақ. Қр сыртқы саясаты: даму бағыттары.
- •25 Билет
- •1. Ноғай ордасы. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ . ХХғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ «Қазақ» терминінің этимологиясы: әлеуметтік және этникалық мәні.
- •2 Сұрақ. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.
- •3 Сұрақ қр мемлекеттік рәміздері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
- •2 Сұрақ Шоқан Уәлиханов
- •3 Сұрақ Конституция 1995 жыл 30 тамыз
- •28 Билет
- •1 Сұрақ Қасым хан
- •29 Билет
- •1 Сұрақ Тәуекел және Есім хан
- •30 Билет
- •1 Сұрақ Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
- •2 Сұрақ . Қазақ өлкесінің автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның Кеңес үкіметіне қатынасы.
25 Билет
1. Ноғай ордасы. Саяси тарихы.
Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Бат. Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Бат. Сібір ойпатына дейін, солт.-батыста Қазанға дейін, оңт.-батыста Арал, Каспий т-не дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Н. о. алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған. “Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ-дың 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Н. о-ның негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Кастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Н. о-ның даралануы 13 ғ-дың 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өз-нің төм. саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Н. о-нда этн. құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі”, әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, князь, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Н. о-ның саяси үстемдігі, экон. тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды. 15 ғ-дың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығ. Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігінің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал ш. болды. Н. о-ның құрамына енген тайпалар (маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, ар-ғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этн. құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Н. о. мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (қ. Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ-дың аяғында Н. о. орыс мемлекетімен саяси және сауда-экон. байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды. 16 ғ-дың 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресейжаулап алғаннан кейін Н. о. әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солт. Кавказда Кіші Ноғай ордасы, Жем, Ойыл жағалауларында Алты ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуы¬лынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағалауына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Н. о. ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Н. о. түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Н. о-на кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды
