Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих.гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.7 Кб
Скачать

3 Билет

1. Сақ тайпалары. Қоғамдық – саяси құрылысы:

Қазақстан және Орал далаларында сақтар мен сарматтар билік құрған дәуірді тарихта «ерте темір ғасыры», «ерте көшпенділер дәуірі» немесе «скифтер дәуірі» деп атайды.

Сақтар. Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі-сақтар. Археологиялық зерттерлеуге және жазба деректерге қарағанда б.з.б. VII-IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша, Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендейтін көшпелі тайпаларды жалпы атпен сақтар деп атаса, ал гректің атақты тарихшысы Герадот (б.з.б. V ғ.) сақтарды «азиялық скифтер» деп атаған. Осымен қатар Герадот өзінің «Тарих» деп аталатын еңбегінде б.з.б. I мыңжылдықта Орта Азия және Қазақстан жерінде «Сақ» деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар: массагеттер, даилер, каспийшілер, исседондар, сарматтар, алаңдар, аримаспылар т.б.

Герадоттың айтуынша: «Сақтар-скиф тайпалары, бастарына тік тұратын, төбесі шошақ тығыз кийізден істелінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер болған».

Сақ тайпалары үш топқа бөлінген.

1)Шошақ бөрікті сақтар (Тиграхауда) Тянь-Шань тауын, Жетісу жерін, Сырдарьяның орта ағысын мекендеген

2)Теңіздің арғы жағындағы сақтар (парадарайя) Қара теңіздің солтүстігінен, Арал маңын яғни Сырдария мен Амудария өзендерінің төменгі ағысын мекендеген.

3)Хаома сусынын дайындайтын сақтар (хаомоварга) Мұрхаб анғарын мекендеген.

Сақтардың шаруашылығы.

Сақтар, негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығының үш түрі болды:

1)Көшпелі мал шаруашылығы. Батыс және Орталық Қазақстанда өріс алды. Жылдың суық мезгілін көшпелі сақтар құм жоталарының баурайына орналасқан қыстауларға немесе ірілі-уақыты өзендер жағасында өткізді. Олар бір жерде ұзақ отырып қалмай, мал жайымен келесі қыстауға, қолайлы жайылымдарға қарай орын ауыстырып отырды.

2)Жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малды қыстатып шығаратын тұрақты қоралар салды. Олар жыл сайын малдарын осы қора-жайларға айдап әкеліп отырды. Шаруашылық кәсібінің бұл түрі орманды дала оңірінде және биік таулы жерлерде кең тарады. Мұндай жерлер Тянь-Шань және Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстан аймағы болды. Қыстау маңындағы жерлерде тары, арпа, бидай өсірді. Пішен дайындалып, малды қолда ұстаудың мүмкіндігі туды. Енді сақтар қыстауларда ұзақ уақыт тұру үшін ағаштан, тастан жылы тұрғын үй салатын болды.

3)Сақтарда шаруашылықтаң үшінші түрі- Отырықшы егін және мал шаруашылығы– Оңтүстік Қазақстанда, Сырдарья, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойында, табиғи су қорлары мол жайылымдары көп жерлерде кеңінен тарады. Бұл жерлерде суғармалы және тәлімі егіншілік басым болды.

Сақтарда мал шаруашылығының, негізігі бағыты қой өсіру еді. Олар қылшық жүнді қойлармен қатар, биязы жүнді қойда өсірді.

Сақтар тұрмысында жылқы өте бағалы саңалды. Тез семіретін және қысқы тебінге төзімді жылқы түрімен бірге, салт мінуге арналған жүйрік сәйгүліктер өсірді. Ал шөлді және шөлейтті жерлерде айыр өркешті түйе өсіруді қолайлы көрді. Сақтардың өнері мен саудасы.

Сақтарда қолөнер мен сауда дами бастады. Шеберлер ер-тұрман, әшекей, найза, семсер акинақ, қанжар, жебенің ұштарын т.б. жасаған.

Қолөнер жақсы дамыды. Мыс, алтын, күміс, қорғасын т.б. металдарды көп пайдалаған. Сонымен бірге теріден, ағаштан, қыштан ыдыстар жасаған.

Сақтар Алтай, Сібір, Шығыс және Европа халықтарымен тығыз байланыс жасап тұрды. Сауда Жібек жолы және б.з.б. I мыңжылдықтағы «Дала жолы» арқылы дамыды.

2. Тәуке хан кезіндегі қазақ хандығының саяси жағдайы. «Жеті жарғы» заңдар жинағы.(1680-1718)

Тәуке хан «Жәңгірдің ұлы,1680-1718\1713жж» билігінің ерекшлігі. Халықтың бөлшектенуі тоқтатылып,бір ортаға бағындырылды.Жоңғар шапқыншылығы бәсеңдеп,тыныштық орнады. Мемлекеттік құрылыстң негізі ұстанымдарын анықтайтын жеті жарғы заңын жасады. Көрші елдермен достық қатынаста болуды көздеді:қырғыз,қарақалпақ,орыс елдері.Тәуке хкнның негізгі мақсаты-билердің көмегімен хан билігін нығайту.Билер кеңесін ішкі және сыртқы саясаттағы аса маңызды мәселелерді шешетін Басқару жүйесіне айналдырдыБилер кеңесі Битөбеде,Мәртөбеде,Күлтөбедеөткізілді.Даулы мәселені шешуді билер сотына жүктеді.

Тәуке хан ықпалды билерді мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды.Ұлы жүзде-Төле би,Орта жүзде-Қазыбек би,Кіші жүзде –Әйтеке бидің беделі ерекше болды.Үш жүздің басын біріктіруде билер кеңесі үлкен рөлі атқарды. Тәуке хан саясатының басты бағыттары Қоғамдағысаяси қайта құрулар жүргізу арқылы хандық өкіметті орталыұтандыруға ұмтылды. Орта азиямен сауданы дамытты.»1687-1688ж».Орыс қазақ қатынастарын нығайтты.1680ж-жоңғарлар Оңтүстік Қазақстанға жорығы кезінде Түркістанды ала алмады.17ғ.аяғы-18ғ. Басында Тәуке хан заманында Қасым мен Есім ханның әдет-ғұрпы ережелері жүйе келтіріліп,ЖЕТІ ЖАРҒЫ заңдар жинағы шығарылды.ақсүйектердің артықшылық жағдайын қорғау көзделді.Құн төлеу –адам өлтіргені үшін мүліктік өтем төлеу енгізілді.Әкімшілік –Құқық нормалары мен қылмысты іс құығы. Сұлтандардан басқа әр адам ханға жыл сайын мал-мүлкінің жиырмадан бір бөлігі мөлшерінде салық төлеу.Құн төлеу:ерлер 1000қой,әйелдер 500қой.дене мүше құны:бармақ-100,шынашақ-20қой

2 - Отбасы неке құқығы Ата –аналар өз балаларын өлтіргені үшін жазаға тартылмайды.Ата –анасы қайтыс болса жас балалар тустарының қамқорлығына беріледі.

3-Сот ісі. Соттау құқығы ханның,билер мен ру басыларының қолында болды. Істі шешкені үшін билер мен арада жүргізушілерге өтелетін есенің оннан бірі бөлігі берілуге тиіс.Айыптау үшін 2-7куә қажет.Куә болмаған жағдайда адалдығымен белгілі адам ант беруге тиіс.Билерге сенім білдірмесе,айыпкер билерді ауыстырылуын сұрауға құқылы.

4-Сұлтанды не қожаны тіл тигізіп,ренжітуші адам9мал;соққыға жығыушы 27мал айып төлейді. 5-Сұлтанды не қожаны өлтірсе 7адамның құнын төлеу.6-Әйелді зорлағанды өлім жазасына кесу. 7-Әйелге тіл тигізуші одан кешірім сұрайды,бұлай істеуден бас тартса ,қорлағаны үшін құн төлейді. 8-Жеті куә әшкерленсе,құдайға тіл тигізушіні таспен ұрып өлтіріледі.9- Ұрлық үшін үш тоғыз (27)төлейді,бұл жаза айыбына деп(100түйе-300жылқыға н/е 1000қойға тең)аталады. 10-Өлтірген тазы н/е бүркіт үшін иесіқұл н/екүң талап етеді.11-Хан сұлтанар,ру ақсақалдары халық істерін талқылау үшін күзде жиналуы қажет.12-Жиналысқа қару-жарақсыз келуге рұқсат етілмеиді.Қарусыз адамның дауысы болмайды ж/е оған жасы кішілерорын бермейді. 13-Әрбір тармақтың,ру мен бөлімшенің өз таңбасы болуы қажет.

Тәуке ханның билігітұсында қазақ ойрат қатынастары шиеленісті.17ғаяғы-18ғ басы –жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін жаулап алып,Сарысу алқабына дйін жетті.Үш жүздің өкілдері жауға қарсы күресте бірлесу мақсатында 1710ж Қарақұм жиынын өткізді.Нәтижесінде бірыңғай халық жасағықұрылып,жоңғарлар шығысқа ығыстырылды.Тәуке хан халық алдында үлкен беделге ие болып,``әз тәуке``атанған. Тарихшылар``Қазақ Ордасының Ликургі ``деп жоғары бағалады.

1718(1715)ж-үш жүзді билеген Тәуке ханның қазасынан кейін жоңғар шапқыншылығы күшейе түсті.