Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих.гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.7 Кб
Скачать

18 Билет

1 Сұрақ. Іх-хіі ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.

Қазақстан жеріндегі халықтардың ғылымы мен мәдениеті көрші елдерге қарағанда едәуір жоғарғы дәрежеде өркендеген. Бұған феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік құрылымның шығуы, отырықшы- егіншілік шаруашылық пен қалалардың өсуі, шоғырланып топтасқан этникалық процестердің күшеюі сияқты тарихи жағдайлар әсерін тигізді. Махмұд Қашқари (толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед) (1029-1101) – түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегінің авторы. Қашғарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген. Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан. Әкесі Құсайын Мұхаммед Мауреннахрды жаулаушы Боғырханның немересі. Ол Қашғарда білім алып, Бұхара мен Бағдадта оқуын жалғастырған. Түркі халықтарын түгелге жуық аралап, заң ілімі, арифметика, Құран, шариат пен хадис бойынша білім алды. Араб-парсы тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін меңгерді.

XI ғасырда «Диуани луғат-ат-түрік» еңбегін жазып, түркі тілдерінің мәртебесін көтерді. Сөздік тек ғана тіл білімінің мәселелеріне арналған еңбек ғана емес, сонымен қатар ғылымның көптеген салаларынан хабардар ететін сан-салалы еңбек болып табылады. Еңбекте Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әлеуметтік және мәдени өмірінің әр алуан салаларынан мәлімет беретін құнды туынды.Кітапта тек түркі сөздерін теріп жазып, өзге тілден енген сөздерді қолданбаған.

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» әскери, махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моральдық, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (шамамен 1017/1021-1075) – ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес, ғалым ретінде де танымал болған. Философия, математика, медицина, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, т.б. ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. В.В.Бартольд пен И.В.Стеблеваның айтуынша, ғұлама ойшылдың әйгілі дастаны «Құдадғу білік» (Құт негізі - білік) Қашқар қаласында жазылған. В.В.Бартольд ол кезде «Қашқар қаласының халқы ғана нағыз түркі тілінде», яғни, «түркі – хақан тілінде» сөйлеген дегенді айтады. Жүсіп Баласағұнидың есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылы жазып бітірген.

«Құдауғу білік» - әңгіме аңыз ретінде баяндалатын даналық сөз, өсиет, ғибрат. Дастан оқиғасы ХІ ғасырда Ыстық көл, Жетісу, Қашқар өлкесінде болған шындыққа байланысты өрбітілді. Жүсіптің дастаны саяси және ғибрат, өсиет, ақы ретінде имандылыққа үндейтін, тәлім-тәрбие берерлік дидактикалық тағылымдық туынды. Онда жеке адамның өзін қоғамда, үй ішінде қалай ұстай білу керектігінен бастап, хандар мен бектердің өз қарамағындағы әрбір қоғамдық топтарға қалауға тиіс екендігі жөнінде көптеген мәселелер қамтылады. Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұнға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген

Ахмет Яссауи 12 ғ-да Яссы (Түркестан) қаласында туған. Қожа Ахмет Яссауи атақты ойшыл әрі ақын болған. Ол мұсылман дінін таратуда ат салысқан. 14 ғ.Ақсақ Темір оның басына зәулім кесене тұрғызған. Ол түрік тілінде «Диурия Хикмет» (даналық кітап) өлеңдер жинағын шығарған. Соның бірі Сүлеймен Бақырғани болған. Оның артынан өнеге насихатқа толы өлеңдер қалдырған. Ахмет Яссауи жайлы айтқанда оның ұстазы Арыстан баба есімі қатар айтамыз. Халық арасында «Арыстан бабаға түне. Қожа Ахметтен тин» деген сөз бар. Дертіне дауя іздеген адамдар Арыстан баба мазарына түнеп, содан кейін Қожа Ахмет мазарына зиянат етеді.

2. ХІХ ғ екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы. Ұлт буржуазиясы мен жұмысшы табының ұлттық отрядының қалыптаса бастауы.XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда капиталистік қатынастардың дамуы - Қазақстанның жалпыресейлік экономикаға тартылуы. Банк және несие жүйесінің дамуы. Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының нәтижесінде аймактың экономикалық өмірінде түбегейлі өзгерістер жүзеге асты:аймақ жалпыресейлік еңбек бөлінісі мен жалпыресейлік және дүниежүзілік рынокқа тартылды;ортақ салмақ, өлшем, ақша белгілері жүйесі орнады;ауыл шаруашылығының тауарлық салалары есті; тау-кен және өңдеу өнеркөсібі дамыды.

Қазақстанда капитализмнің алдыңғы қатарлы белгілері пайда болып дамыды: қалалар мен темір жолдар салынды; тауар-ақша қатынастары дамыды;көшпелі қазақтар шаруашылықтың жартылай көшпелі және отырықшы түрлеріне ауыса бастады; әлеуметтік жіктеліс тереңдеп, жаңа әлеуметтік топтар пайда болды (жұмысшылар, жатақтар, батырақтар және т.б.).

Алайда Қазақстанға капиталистік қатынастар өте баяу енді, мұнда көпке дейін экономиканың артта қалған түрлері үстем болды. Қазакстан шаруашылық жағынан тек шикізат көзі тұрғысынан ғана игерілді. Өз кезегінде ресейлік өнеркәсіп орындары шығарған тауарларды өткізетін рынокқа айналды.

Сонымен қатар Орталық Ресейдің сауда-өнеркәсіп және монополистік буржуазиясының капиталы салынатын аймаққа айналды. Орыс, шетел және аз-маз жергілікті капитал негізінде тау-кен және мұнай орындарын игеретін акционерлік өндірістер құрыла бастады. Банк тораптары мен несие мекемелері құрылуы нәтижесінде капитал елдің шеткері аймақтарына да келіп жетті.

Қазақстандағы несие жүйесін барлық Ресей империясындағы сияқты Мемлекеттік банк бөлімшелері, акционерлік, коммерциялық банк филиалдары, өзара несие қоғамдары, қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырды. Мемлекеттік және ірі коммерциялық банк бөлімшелері XIX ғасырдың 70—80-жылдары Оралда, Петропавл, Семей, Омбы, Верный қалаларында ашылды.

XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда,