Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тарих.гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.7 Кб
Скачать

3. Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991)

Қайта құру кезеңіндегі (19851991 жылдары) Кеңес Одағында болып өткен өзгерістер әлемге әйгілі ұлы мемлекеттің ыдырауына әкеліп соқты. 1991 жылдың желтоқсанында Қазақстандемократиялық, адамзаттық құндылықтарға негізделген жаңа саяси құрылыстың жолында тұрды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан шын мәніндегі тәуелсіз және демократиялық мемлекет болу мүмкіндігіне ие болды. Алда саяси және экономикалық өзгерістер стратегиясын белгілеу міндеттері тұрды. Әсіресе дамудың мынадай жолдарын белгілеп алу керек болды:

Нарықтық экономика құрылымына негізделген демократиялық қоғам құрылысының нұсқасы — Қазақстанның экономикалық және саяси дамуының таңдап алған жолы болды. Бұл мақсаттың үдесінен шығу үшін Қазақстанға жаңа сипаттағы дамудың құқықтық негіздерін көрсетіп отыратын жаңа Конституция қабылдау керек болды.

1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимні мен мемлекеттік Туы айшықтанды.

1992 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының мемлекеттік (бірінші) Гимні бекітілді. Музыкасын Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, мәтінін Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырза-Әли, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібаевалар жазды.

2006 жылы 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Жарлығына толықтырулар мен өзгертулер енгізілген Конституциялық заңына Елбасы қол қойды. Сол бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік Гимнінің жаңа мәтіні мен музыкалық өңдеуі бекітілді (әні: Ш.Қалдаяқовтікі, сөзін жазғандар: Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев).

Мемлекеттік рәміздердің белгіленуі мен бекітілуі жаңа мемлекеттің сыртқы сипатын анықтай түсті. 1993 жылдың 28 қаңтарындаҚазақстан Республикасы жаңа Koнcтитуцияға ие болды. Бірінші Конституция экономикалық және саяси реформа құрылымының негізін қалап, жеке меншік институтының заңдылығын жариялады, қысқасы, ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздік құрылысының құқықтық негіздерін белгіледі. Дегенмен аталмыш Конституцияда қазақстандық қоғамның біркелкі еместігі жөніндегі талас тудыратын тұжырымдар көрініс тапты.

«Еліміздің алғашқы Конституциясы 1993 жылдың қаңтар айында күшіне енген бойда-ақ, кемшіліктерін, әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістің шын ахуалынан аулақ жатқандығын көрсетті.

Желпіністің желі тез ыдырады. 1993 жылғы Конституция егемен Қазақстанды құрудың күнбе-күнгі қарапайым да ауыр қызметіне Құқықтық негіз бола алмайтындығын аңғартты».

жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Кеңестің XII шақырылуы мерзімінен бұрын өз өкілеттігін тоқтатты. Азаматтық талап негізімен Конституциялық сот 1994 жылдың 7 наурызында сайланған Жоғарғы Кеңесті заңсыз деп тапты. Осы оқиға Жаңа Конституцияны өмірге әкелуге бірден-бір себепші болды.

Н.Ә.Назарбаев — Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті

Алайда конституциялық бұл уақытша тоқырау, тұтас алғанда, саяси тоқырауға жол ашқан жоқ, керісінше, 1995 жылы Қазақстанда ішкі және сыртқы саясат едәуір айшықтана түсті.

Атап айтқанда:

мемлекет ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен 1995 жылдың наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды;

халықаралық сахнада Қазақстан көптеген елдердің мойындауы мен көмегіне ие болды.

Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының халқы ел Президенті Н.Назарбаевтың ұстанған саяси бағытын қолдап-қуаттап, 1995 жылдың 29 сәуірінде өткен республикалық референдумда мемлекет басшысының өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде өз дауыстарын берді.

«Тізімге іліккен азаматтардың 91,21 %-ы дауыс берді. Дауыс беруге қатысқан адамдардан 95,46%-ы Президент өкілеттігін ұзартуды жақтады».

1995 жылдың 30 тамызындағы республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Оған азамат және адамның азаттығы мен құқығы — ең бірінші негіз етіп алынды.