- •1Cұрақ. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2Сұрақ хyii-xyiii ғ. Қазақ жоңғар қатынастары
- •3Cұрақ Қазақстанда « Кіші қазан» идеясын жүзеге асырылуы. Әміршіл әкімшіл жүйенің орнауы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ . Қола дәуірі. Қазақстан жеріндегі археологиялық ескеркіштер.
- •2Сұрақ Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі. Қазақ батырлары.18ғ.
- •3 Сұрақ Қазақ акср нің құрылуы. Қазақ жерлерін біріктіруді аяқтау.
- •3 Билет
- •1. Сақ тайпалары. Қоғамдық – саяси құрылысы:
- •3 Cұрақ Қазақстанда жэс ті іске асыру
- •4 Билет
- •1 СұрақҚазақстан жеріндегі тас ғасыры және оның қасиеттері.
- •2 Сұрақ . Хүі – хүіі ғғ. Қазақстан мәдениеті.
- •3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында. (1918-1920)
- •5 Билет
- •1. Қаңлы мемлекеті. Саяси тарихы және шаруашылығы.
- •2 Сұрақ. Хүіі хүііі ғғ. Қазақ орыс қатынастары.
- •3 Сұрақ. Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан.
- •6 Билет
- •1Сұрақ. Үйсін мемлекеті. Саяси тарихы және әлеуметтік құрылымы.
- •7 Билет
- •1 Cұрақ Түрік және Батыс Түрік қағанаты. Саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы.
- •2Сұрақ хү-xyiiIғғ. Қазақтарлың экономикалық және мәдени өмірі.
- •3 Сұрақ . Қазақстандағы хх ғ 20-30жж мәдени құрылысы.
- •8 Билет
- •1 Сұрақ . Оғыздар мемлекеті. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2. Сұрақ . Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі.
- •3 Сұрақ . Қазақстанда хХғ. 30 ж заңдылықтың бұзылуы және жаппай репрессия.
- •9 Билет
- •2 Сұрақ . Хүііі ғ екінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты. Абылай хан. (1771-1781 жж.).
- •3. Сұрақ Қазақстанның соғыс алдындағы жылдарда дамуы (хх.30ж. 2 жартысы)
- •10 Билет
- •1 Сұрақ . Түргеш қағанаты. Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2 Сұрақ xiXғ. 60-90ж. Самодержавиенің аграрлық саясаты. Қазақстанға орыс шаруаларын жаппай қоныс аударудың басталуы.
- •3 Сұрақ . Хх ғ 30-40жж басқа халықтарды Қазақстанға күштеп қоныстандыру.
- •11 Билет
- •1 Сұрақ. Қимақ қағандығы.Саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
- •2. Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы.
- •3. Сұрақ . 1941-1945 жж қазақстандықтардың майдандағы ерліктері.
- •12 Билет
- •1Сұрақ. Қарахандықтар мемлекеті. Саяси тарихы, шаруашылығы мен мәдениеті. (942-1210 жж.)
- •2 Сұрақ. Кіші және Орта жүзде хандықтардың жойылуы. ХіХғ 20ж патша үкіметінің Қаз.Да жүргізілген әкімшілік және сот реформасы.
- •3 Сұрақ 1941-1945 жж. Қазақстандықтардың ерен еңбектері
- •13 Билет
- •1 Сұрақ Қыпшақ хандығы. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ . Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы. (1773 – 1775жж)
- •3 Сұрақ Қазақстанның хх ғ. 40-50 жж. Қоғамдық –саяси өмірі. «Бекмаханов ісі».
- •14 Билет
- •1 Сұрақ . Қарақытайлар мемлекеті. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ Сырым Датұлы бастаған Кіші жүздегі көтеріліс: себептері және сипаты.
- •3Сұрақ . Тың жерлерді игеру: жағымды және жағымсыз нәтежиелері.
- •15 Билет
- •1Сұрақ Найман мен керейлердің ұлыстары
- •2 Сұрақ . Бөкей Ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісі. Толықтыру
- •3. Қазақстан қайта құру жылдарында (1985-1991)
- •16 Билет
- •1. Жібек жолы, оның ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі орны.
- •2 Сұрақ Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісі және оның тарихи маңызы.
- •3 Сұрақ Қазақстаның 60шы жылдардың екінші жартысы мен 80ші жылдардың басындағы әлеуметік экономикалық дамуы
- •17 Билет.
- •2 Сұрақ . Сырдария қазақтарының Жанқожа Нұрмұхамедов басқарған көтерілісі
- •3 Сұрақ. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Экономиканы қайта құру (20 ғ. 40-шы жылдарының екінші жартысы).
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Іх-хіі ғғ. Қазақстан жерінде ғылым мен мәдениеттің дамуы.
- •3. 1986Ж желтоқсан оқиғасы. Қазақ жастарының тұңғыш рет демократиялық бой көтеруі.
- •19 Билет
- •1. Ақ Орданың құрылуы және дамуы.
- •2. Ресейдегі Столыпиннің аграрлық реформасы және оның мақсаты. Қазақстанға жаңадан орыс шаруаларының жаппай қоныс аударуы.
- •20 Билет
- •1 Сұрақ Қазақстан Монғол империясының құрамында. Алтын Орданың құрылуы және ыдырау.
- •2. ХХғ. Басындағы Қазақстан. 1905-1907жж. Революция.
- •3Сұрақ. XX. 90- шы жж. Саяси процестер. Ксро ның ыдырауы . Тмд ның құрылуы
- •21 Билет
- •1 Сұрақты толықтыру
- •2. Бірінші дүнижүзілік соғыс және оның Қазақстанға әсері.
- •3 Сұрақ . Семей ядролық пологоны. Арал қасіреті.
- •22 Билет
- •1. Моғолстан мемлекеті.
- •2 Сұрақ . 1917 ж Ақпан төңкерісі және Қазақстанға тигізен әсері.
- •3 Сұрақ . Қр тәуелсіздігінің жариялануы.
- •23 Билет
- •1 Сұрақ . Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан территориясына жорықтары.
- •2 Сұрақ . 1916ж. Ұлт-азаттық қозғалысы және оның тарихи маңызы.
- •3 Сұрақ. Қазақстандағы 90шы жж. Әлеуметтік-экономикалық реформалар: қиындықтар, табыстар.
- •24 Билет
- •1 Сұрақ . Әбілхайыр хандығы.
- •3 Сұрақ. Қр сыртқы саясаты: даму бағыттары.
- •25 Билет
- •1. Ноғай ордасы. Саяси тарихы.
- •2 Сұрақ . ХХғ. Басында Қазақстанда құрылған қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ «Қазақ» терминінің этимологиясы: әлеуметтік және этникалық мәні.
- •2 Сұрақ. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы.
- •3 Сұрақ қр мемлекеттік рәміздері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ Қазақ халқының қалыптасуы және Қазақ хандығының құрылуы
- •2 Сұрақ Шоқан Уәлиханов
- •3 Сұрақ Конституция 1995 жыл 30 тамыз
- •28 Билет
- •1 Сұрақ Қасым хан
- •29 Билет
- •1 Сұрақ Тәуекел және Есім хан
- •30 Билет
- •1 Сұрақ Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығының нығаюы
- •2 Сұрақ . Қазақ өлкесінің автономиясын жариялау. «Алаш Орда» үкіметі және оның Кеңес үкіметіне қатынасы.
1-билет
1Cұрақ. Ғұндардың саяси тарихы, қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.
Біздің заманымыздан бұрын I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Евразияның этникалық – саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ролі күшейе түсті. Осы өңірде, Байкалдан Оңтүстікте таман және Ордасқа дейін созылып жатқан далалық және шөлейт аудандарда қарабайыр малшаруашылығы мен шұғұлданған, этникалық жағынан әр түрлі тайпалар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы ғұндар еді. Қазақстанның Онтүстік және Жетісу жерлерінде ғұндар б.з.б. II-I ғ.ғ. келе бастаған. Ғұндар жайлы тарихи деректерді көрнекті Қытай тілінің мамандары Н.Я. Бичурин мен Н.Кюнердің еңбектерінен білеміз. Ал олардың тарихын жазуға еңбек еткен ғалымдар А.Н. Бенрштам, Л.И. Гумилев, Н.И. Конрад. Қазақ ғалымдарының ішінде соңғы кезде К.М. Байпаков айналысып жүр.
Б.з.б. IV-III ғасырларда Қытайдың солтүстік шекарасында тұрған тайпалар топтасып, тайпалық екі бірлестік құрды. Олардың біріншісі Сюнну (Хунну немесе ғұндар); екіншісі дунху бірлестіктері деп аталды. Сюнулар (ғұндар) өз заманындағы, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады. Ғұндардың этникалық шығу тегі, тілі осы күнге дейін дәлелденбей отыр. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы тегі деп есептейді.
Жылнамалар бойынша, ғүн тайпаларының бірігіп саяси күшейген кезі б.з.б. 209 жылы Мөде ханның билік жүргізген мезгілі. Оның жасаған әскери реформалары ғұндарды қуатты мемлекетке айналдырған. Олар өздерінің оңтүстігіндегі дунхуларды талқандап, быт-шытын шығарды. Олардың аман қалғандары Монголия, Маньчжурияға дейін қашып бас сауғалауға мәжбүр болады. Ғұндар мұнымен де қанағаттанып қоймай б.з.б. 203-202 жылдары Саян-Алтай таулары және жоғарғы Енисей жеріне дейін шабуыл жасап, Қытайдың хань әулетінің негізін салушы (б.з.б. 202 ж.) Лю-банды б.з.б. 200 жылы жеңіп, оларды өздеріне бағынышты етеді. Қытай императоры ғұндардың Шаньюіне (ханына) қыз беріп, алым-салық төлеп тұрған. Сөйтіп, Байкал көлінен Тибет тауына дейін Шығыс Түркістанның Хуанхэ өзінінің Орта ағысына дейінгі аралықты алып жатқан ұлан байтақ жерде «Ғұн державасы» пайда болды. Мемлекеттің басында ұлы Шаньюй тұрды. Оның билігі дара және мұрагерлік болды. Әдетте ол тағын үлкен ұлына немесе інісіне өсиет етіп қалдырған. Шаньюй барлық ғұндарға тиесілі жерлер және бүкіл мемлекет территориясына билік жүргізуге құқылы болды. Ғұн қоғамында патриархаттық – рулық қатынастары әлі күшті болған .
Ғұндардың шаруашылығы. Ғұндарда мал шаруашылығы жақсы дамыды. Олар үй-жануарларының барлық түрлерін өсірген. Жазба деректер ғұндар үйір-үйір жылқы, қора-қора қой өсіруші еді деп хабарлайды. Оларда егін шаруашылығы да маңызды роль атқарды. Әсіресе, ғұндар тарыны өсірген. Археологиялық қазба жұмыстары кезінде, егіншіліктің ойдағыдай болғанын білдіретін темір орақ, шойын тістер, қол диірмендер, тас үккіштер сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал саймандар табылған. Сонымен қатар ғұндар аң аулаумен айналысқан. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ғұндардың негізгі баспанасы киіз үй және жартылай жертөбелер болды. Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және солтүстік ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, Солтүстік Монголияға және Шығыс Туркістанның солтустік аймақтарында көшіп қонып жүрді.
Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай жылжуы б.з.б. I ғ. басталса, б.з. IV ғ. дейін созылған. Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың саяси картасына, этникалық құрамына үлкен өзгерістер туғызды.
