Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бауыржан Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.93 Кб
Скачать

6.1 Сурет. Қысқа тұйықталу токтарын есептеу үшін орын басу сұлбасы

Есептеу сұлбасында немесе арнайы қосымшаларда номиналды параметрлері көрсетіледі.

Есептеулерді жеңілдету мақсатында есептеу схемасында шиналардағы кернеудің нақты шамаларының орнына келесі шкалаға сәйкес кернеудің орта Uорт (кВ) мәнін көрсетеді: 770; 515; 340; 230; 154; 115; 37; 24; 20; 18; 15,75; 13,8; 10,5; 6,3; 3,15.

Әр электрлік сатыға орта кернеуді қабылдағаннан кейін барлық элементтердің номиналды кернеуін осы сатыдағы орта кернеуге тең деп есептейді.

Электр қондырғысының есептеу сұлбасында қысқа тұйықталу орындарын көрсетеді. Содан кейін таңдалған қысқа тұйықталу нүктесі үшін эквивалентті электрлік орын басу сұлбасын тұрғызады.

6.2 Қысқа тұйықталу токтарын анықтау

Қуатты немесе қысқа тұйықталу тогын біле отырып есептеу үшін бізге жүйенің реактивті кедергісін білуіміз қажет. Шымкентская 110 кВ шинасын қабылдағандықтан есептеу үшін 110 кВ шиналардағы қысқа тұйықталу тогын аламыз.“Оңтүстік жарық” ЖШС мәліметтері бойынша қысқа тұйықталу тогы 17 кА тең.

Жүйенің кедергісін анықтаймыз:

Трансформатор орамаларының кедергісін анықтаймыз:

Кернеу трансформатордың төлқұжатында көрсетілген мәліметтер бойынша қысқа тұйықталу пайызда трансформатордың пайыздағы кедергісіне тең.

мұнда: Sном– трансформатордың номиналды қуаты, МВ∙А;

Таңдалған трансформатор:

ТРДН 16000/110-У1

ҚТ шығындары Pк.з. =90 кВт;

Бос жүріс шығындары Pх.х.=21 кВт;

ҚТ кернеуі Uк.=10,5 %;

Номиналды қуат Sн.=16МВ·А;

ЖК орамасының кернеуі, Uвн. =115 кВ;

ТК орамасының кернеуі, Uкн. =11 кВ.

Қысқа тұйықталу кернеуінің активті құраушысы:

Қысқа тұйықталу кернеуінің реактивті құраушысы:

Трансформатордың актив кедергісі мына формуласымен анықталады:

Жоғарғы кернеу жағы:

Төменгі кернеу жағы:

Трансформатордың индуктивті кедергісі мына формуламен анықталады:

110 КВ кабель желісінің кедергісін анықтау:

Әуе желісінің актив кедергісі мына формуламен анықталады

Rәж= R0·L =0,306∙(4,6+0,12)=1,44 Ом/км

мұнда,r0, x0-сымның активті және индуктивті кедергісі Ом/км.

Әуе желісінің реактив кедергісі мына формуламен анықталады:

Хәж= Х0·L =0,404∙(4,6+0,12)=1,90 Ом/км

Қысқа тұйықталу токтарының есебін орын басу сұлбасындағы элементерінің кедергісінің есептік мәліметтері бойынша шығарамыз. Есептік сұлбаға қысқа тұйықталу тогын анықтау қажет ететін нүктелерді таңдаймыз.

ТҚ-10 кВ екі қорек көзінен қоректенгендіктен қысқа тұйықталу токтарын қоректенудің үш режимі үшін анықтаймыз. Олар: 10 кВ шинаның екі жүйесі де Т1 –ден қоректенгенде; 10 кВ шинаның екі жүйесі де Т1 –ден қоректенгенде; Т1 мен Т2 параллельді жұмыс істегенде.

Үш фазалы қысқа тұйықталу токтарын мына формуламен анықтаймыз:

Мұнда, Z-қысқа тұйықталу нүктесіне дейінгі нәтиже кедергісі, Ом.

Т1 трансформаторынан қорек алған кезде, К1 нүктесіндегі жалпы кедергіні анықтаймыз:

ЖК жақтағы үш фазалы қысқа тұйықталу тогы:

К2 нүктесіне активті және реактивті кедергіні келтіреміз.

Ом

Ом

К2 нүктесіне жалпы кедергіні анықтаймыз:

ТК жақтағы үш фазалы қысқа тұйықталу тогы:

Енді соққы тоғын анықтайық:

Та1= с

Та2= с

ЖК жағы:

ТК жағы:

Соққы ток

iу110 =

i10 =

7 Трансформаторлы қосалқы станцияға қондырғылар таңдау

Қажет жабдықтарды таңдау қабылданған электр жалғанымдар сұлбасы негізінде жасалады. ТК және ЖК жақтарына электржабдықтарды таңдамастан бұрын, жұмыс токтарын есептеп алу қажет, соларға сүйене отырып қосалқы станция аппаратурасы таңдалатын болады. Жұмыс токтары формуламен шығарылады:

Жоғарғы кернеу жағы үшін:

Төмен кернеу жағы үшін:

7.1.1 ЭБЖ тексеру есебі

Қосалқыстанция 110 кВ электрберілістің әуе және кабельді екі тізбекті желісінен қорек алады. Берілген әуе желісінен “Текстильная”және “№3” ҚС қорек алады. ӘЖ АС-95/16 маркалы сым орнатылған.

ӘЖ қимасын тексереміз. 110 кВ электрберіліс желелері үшін сымдардың есебі токтың экономикалық тығыздығы jэк арқылы жүргізіледі. Сымның экономикалық қимасы мына формула арқылы анықталады:

Fэк = Imax/ jэк

Мұнда, Iрасч – қосалқыстанциядағы жүктеменің максималды есептік тогы;

jэк–токтың экономикалық тығыздығы, А/мм2;

Tmax=7080,27с.(қыс) шартты максималды жүктеме ұзақтығынан таңдалады Орта Азияда, Қазақстанда, Орталық Сібірде қолданылатын алюминьді және болатты алюминьді сымдар үшін jэк. =1,3 А/мм2.

Максималды жүктемедегі нормальды режимдегі ТЭЦ-2-ден “Текстильная ” ҚС дейінгі ӘЖ тогын анықтаймыз:

Мұндағы, Smax–үш қосалқыстанцияның максималды жүктемесі

n = 1 – фазадағы сым саны.

7.1 кесте

Қосалқыстанцияның қолданылатын қуатының нәтижелері

Қосалқыстанция атауы

Р, МВт

Q, Мвар

Текстильная

19,631

10,702

№3

32.3

21.5

«Текстильная» ҚС Толық қуатты анықтаймыз:

Желі тогын анықтаймыз:

«Текстильная» ҚС-нан “№3 ” ҚС дейінгі КЖ үшін сым қимасы тең:

Fэк = Imax/ jэк =149,69/1,3=115,14 мм2

Таңдалған қима қызу шартын қанағаттандыру керек [1]:

Imax ≤Iдоп,

мұнда Iдоп–сымның қзақ ықтимал тогы.

3х95/16 ӘЖ үшін Iдоп=330 А.

149А<330А

Яғни «Текстильная» ҚС-нан “№3” ҚС дейін АС95/16 әуе желісін аламыз.

7.1.2 Жоғарғы жақ 110 кВ айырғышты таңдау

Айырғыш – бұл токсыз немесе елеусіз ток шамасы бар электр тізбегін өшіру және қосу үшін арналған түіндік коммутациялық аппарат. Қауіпсіздік қаматамасыз ету үшін өшіріліп тұрған жағдайда оның түйіндерінің арасында оқшауламалы аралық болады.

Жөндеу жұмыстары кезінде айырғышпен кернеуі бар бөліктермен және жөндеу жұмыстарына шығарылған қондырғылар контактілері арасында көрінетің ара-қашықтық жасалады.

Айырғыштармен жүктеме тоғын өшіруге болмайды, себебі контакт жұйесі доға сөндіретін құрылғымен жабдықталмаған және де жүктеме тоғын қателесіп сөндірген жағдайда тұрақты доға пайда болады да, ол фаза аралық қысқа тұйықталуға және қызмет көрсетуші персоналды апаттық жағдайларға әкелуі мүмкін. Айырғышпен операция жасар алдында тізбек ажыратқышпен ажыратылуы керек.

Бірақта электр қондырғысының схемасын қарапайым жасау үшін айырғышпен келесі операцияларды жасауға болады:

-трансформаторлар нейтралін және жерлендіргіш доға сөндіруші реакторларды торапта жерге тұйықталу болмаған жағдайда өшіруге және қосуға;

шиналардың және барлық қондырғылардың зарядтық тоғын (конденсаторлар батареясынан басқа) өшіруге және қосуға;

кернеуі 10 кВ және одан төмен сыртта орнататын үшполюсті айырғышпен 15 А дейін жүктеме тоғын өшіруге және қосуға.

Айырғышпен және бөлгішпен елеусіз магниттелу тоғы бар күштік трансформаторларды және ауа мен кабель желілерінің зарядтық тоғын өшіруге және қосуға болмайды.

Іште орнатылатын айырғыштар бір полюсті және үш полюсті болуы мүмкін. Үш полюсті айырғыштар жалпы рамада немесе әр полюс жеке рамада орналастырылуы мүмкін. Жеке полюстар айырғыш берілісімен байланысқан ортақ валмен бірігеді. 1000 А-ге дейін айырғыш пышақтары екі мыс жолақтан жасалады, ал одан көп тоқтар үшін – үш-төрт жолақтан.

Ашық тарату құрылғысында орнатылатын айырғыштардың сәйкес оқшауламасы болуы керек және қоршаған ортаның жағымсыз жағдайларында өзінің қызметтерін орындау керек.

Алдынт-алаРНД(З)-110У/100 айырғышты таңдаймыз.

110 кВ айырғышты таңдау келесідей орындалады:

Қондырғының кернеуі бойынша:

Uқон ≤ Uном ,Uқон=110кВ ,Uном=110кВ;

Ток бойынша:

Iмах ≤Iном.

Iмах =117А; Iном=1000А, ;

Электродинамикалық тұрақтылық бойынша:

ісоқ≤ iдин

iсоқ=10,2 кА; iдин=80кА.

Термиялық тұрақтылық бойынша:

Вк≤ I2терtтер.

Та=0,04с, tсөну=3с,

Вк=I2п.о(tоткла),

Вк=(4,181)2 ∙(3+0,04)=59,43 кА2 ∙с

I2терtтер=31,5 ∙3=2976кА2 ∙с.

575,3 кА2 ∙с≤ 2976кА2 ∙с.

Шарт орындалды. SBBII-2AM айырғышты орнатуға қабылдаймыз. Есептік және каталогтык мәліметтер 7.1 кестеде.

7.2 кесте

Айырғышты таңдау шарттары

РНД(З)-2-110/630

Таңдау шарттары

Есептік мәліметтер

Каталогтық мәліметтер

Uорн ≤ Uном

Uорн=110кВ

Uном=110кВ

Imax ≤ Iном

Imax=117А

Iном=630А

ісоқ ≤ ідин

ісоқ=10,288 кА

ідин=80кА

Вк≤ I2терtтер.

Вк=59.43 кА2 ∙с

I2терtтер=222 ∙3=1456кА2∙с.

7.1.3 Жоғарғы жақ 110кВ ажыратқышты таңдау

Алдын-алы 110 кВ 3АР1 DT-123колонкалы элегазды ажыратқышты таңдаймыз [10], Iном=1250А.

Ажыратқышты таңдау кезінде келесідей шарттарды орындауымыз керек:

-қондырғының кернеуін

Uқон ≤ Uном;

-токтың ұзақтылығын,

Imax ≤ Iном;

-ажырату қабілетін.

Вк ≤ I2терtтер.

Вк=I2п.о(tоткла)

Та=0,04с

Ажыратқыш сөнудің толық уақыты tсөну=0,3с;

Вк=(4,181)2 ∙(0,3+0,04)=12,23 кА2∙с

I2терtтер=402∙3=4800кА2∙с

Ажыратқышты таңдау шарттары 7.3 кестеде көрсетілген.

7.3 кесте

110кВ ажыратқышты таңдау шарттары

ЗАР1FG-145/EK SIEMENS элегаздық ажыратқышы

Таңдау шарттары

Есептік мәліметтер

Каталожные данные

Uорн ≤ Uном

Uорн=110кВ

Uорн=110кВ

Imax ≤ Iном

Imax=117А

Iном=1600А

Вк ≤ I2терtтер

Вк=12,23кА2∙с

I2терtтер=2976,75кА2∙с

ісоқ≤ ідин

ісоқ=10,288кА

ідин =102кА

7.1.4 Жоғарғы жақ 110 кВ ток трансформаторларын таңдау

Ток трансформаторы 110кВ ЗАР1ВТ-126 жоғарғы кернеулі ажыратқышына енгізілген.

110кВ ток трансформаторын келесі шарттармен таңдаймыз:

Uқон ≤ Uном, Uқон=110кВ, Uном=110кВ

Imax ≤ Iном, Imax=117А , Iном=600А.

7.4 кесте

Ток трансформаторының екінші ретті жүктемесі

Құрылғы

Типі

Жүктеме, ВА

А

В

С

Амперметр

Н-344

10

10

10

Ативті және реактивті энергия есептегіші

“Евро-Альфа”

ЕА-0,5

2,5

-

2,5

Барлығы

12,5

10

12,5

Ток трансформаторларын таңдау шарттары 7.5 кестеде көрсетілген

7.5 кесте

110 кВ ток трансформаторларын таңдау шарттары

110 кВ ток трансформаторыТВТ-110

Таңдау шарты

Есептік берілгендер

Каталогты берілгендер

Uорн ≤ Uном

Uорн=110кВ

Uном=110кВ

Imax ≤ Iном

Iмах=117А

Iнорм2=5 А

Iном1=300

Iнорм2=5 А

ісоқ≤ ідин

ісоқ=10,288кА

ідин=10-126кА

Вк ≤ I2терtтер

Вк=12,23кА2∙с

I2терtтер=262∙3=2028 кА2∙с

7.1.5 Жоғарғы жақ 110 кВ кернеу трансформаторларын таңдау

110 кВ кернеу жағынанDDB-12.3типті кернеу трансформаторын таңдаймыз[7]:

Uорн=110 кВ = Uжұм =110 кВ

Қажет өлшеуші құрылғылар мен кернеу трансформаторының екінші ретті орамасының жүктемесі 7.4кестеде келтірілген.

7.6 кесте

110 кВ кернеу трансформаторының екінші ретті жүктемесі

Құрылғы

Типі

Бір ораманың қуаты S, ВА

соsφ

sinφ

Құрылғылар саны

Тұтынылатын қуат S, ВА

Активті және реактивті есептегіші

110 кВ ҚШ

«Евро-Альфа» ЕА-0,5

3

0,38

0,925

1

3

Вольтметр

Э-335

2

1

0

1

2

Барлығы

5

7.2 Тарату құрылғысының кернеуі 10 кВ қондырғылары мен құрама шиналарын таңдау және тексеру

7.2.1 Төменгі жақ 10кВ ажыратқышты таңдау

К

ВВЭ-10-31,5/1600У3 вакуумды ажыратқышы

Таңдау шарты

Есептік берілгендер

Каталогты берілгендер

Uорн ≤ Uном

Uорн=10 кВ

Uном=10 кВ

Imax ≤ Iном

Imax=1407А

Iном=1600А

Вк ≤ I2терtтер

Вк=12,75кА2∙с

I2терtтер= 2976,75 кА2∙с

ісоқ≤ ідин

ісоқ=18,283кА

Iдин=80кА

ернеуі 110/10кВ «Текстильная» қосалқы станциясында вакуумдық ажыратқыш орнатылған. Вакуумдық ажыратқыштардың артықшылықтары төменде келтірілген:

-габаритінің және салмағының аздығы;

- қоршаған ортаға және адам денсаулығына тигізер зияны жоқ, тіпті ажыратқыштың корпусы зақымдалған жағдайда;

- пайдалануда өте қарапайым және энергетикалық сипаттамалары жоғары;

- автоматика және басқарудың басым бөлігі ажыратқыштың электр жетегінде орналасқандықтан, оны басқару схемасы жеңілдетілген.

Ажыратқыштың жетегі - қосу операциясы үшін, ажыратқышты қосылған күйде ұстап тұру үшін және сөндіру үшін арналған.

Жетек - жоғарыда айтылған операцияларды іске асыру үшін қажет күшті тудыратын арнайы құрылғы.

Кейбір ажыратқыштарда, мәселен, ауа ажыратқыштарында жетек оның контактілі жүйесімен бірге орындалған.

Жетектің негізгі бөліктеріне қосу механизмі және ажырату механизмі жатады.

Қысқа тұйықталу уақытына қосылған жетек механизмі контактілерді бір-бірінен итеретін электр динамикалық күшті жояды.

Қосу операциясы тез орындалуы керек. Қосу уақыты неғұрлым аз болса, соғұрлым автоматты қайта қосылу уақыты да аз болады.

Қосуға және ажыратуға кететін энергия көзіне байланысты жетектердің келесі түрлері бар: қолдық, пружиналы, жүктік, электрмагнитті, пневматикалық.

10 кВ кернеу жағына ВВЭ-10-31,5/1600У3 вакуумды ажыратқышын таңдаймыз

Uорн ≤ Uном,Uорн= 10 кВ ,Uном=10кВ;

ісоқ≤ iдин, iсоқ=18,283кА, ідин= 80кА;

Imax ≤ Iном, Imax=1407,Iном= 2000А;

В к= I2п.о(tоткла)=7,1422∙(0,2+0,05)=12,75кА2∙с

Таңдау шарттары 7.6 кестеде көрсетілген.

10 кВ ажыратқыштарды таңдау шарттары

7.2.2 Төменгі жақ 10 кВ ток трансформаторын таңдау

10 кВ ток трансформаторы 10 кВ енгізудің ұяшығында орналасқан. Таңдау шарттарын көрсетейік:

Uорн ≤Uном, Uорн=10 кВ , Uном =10 кВ;

Imax≤Iном, Imax=1407А, Iном = 1500А.

7.8 кесте

Ток трансформаторының екінші ретті жүктемесі

Құрылғы

Типі

Жүктеме, ВА

А

В

С

Амперметр

Н-344

10

10

10

Ативті энергия есептегіші

САЗ-И680

2,5

-

2,5

Реативті энергия есептегіші

2,5

-

2,5

Барлығы

15

10

15

Екінші өлшегіш ораманың жүктемесі каталог бойынша: S2ном=10 ВА.Ток трансформаторларын таңдау шарттары 7.9 – кестеде көрсетілген.

7.9 кесте

10 кВ ток трансформаторларын таңдау шарттары

ТОЛ-10 ток трансформаторы

Таңдау шарты

Есептік берілгендер

Каталогты берілгендер

Uорн ≤ Uном

Uорн=10кВ

Uном=10кВ

Imax ≤ Iном

Iмах1=1407 А,Iмах2=5А

Iном1=1500А, Iном2=5А

ісоқ≤ ідин

ісоқ=18,283кА

ідин=80кА

Вк ≤ I2терtтер

Вк= 12,75кА2∙с

I2терtтер=322∙3=3072кА2∙с

7.2.4 Төменгі жақ 10 кВ кернеу трансформаторын таңдау

10 кВ кернеу жағынан: НТМИ-10-66У3 кернеу трансформаторын таңдаймыз,Uном=10кВ, S2пред=960 ВА.

Кернеу трансформаторларын таңдау шарттары:

Uорн ≤Uном,Uорн=10 кВ,Uжұм =10 кВ

Қажет өлшегіш құрылғылардың тізімі және трансформатордың екінші ретті жүктемесі 8.2.4 кестесінде көрсетілген.

10 кВ шинаның бірінші секциясындағы кернеу трансформаторының екінші ретті жүктемесі:

S2∑=59ВА

Кернеу трансформаторын таңдау шинаның басқа секциялары үшін аналогты түрде өтеді.

Кернеу трансформаторын құрылғылармен жалғау үшін механикалық төзімділік шарты бойынша сымның қимасы 1,5 мм2 кем емес мыс кабель қ қ қабылдаймыз.

7.10 кесте

10 кВ кернеу трансформаторының екінші ретті жүктемесі

Құрылғы

Типі

Бір ораманың қуаты S, В∙А

соsφ

sinφ

Құрылғы саны

S, ВА

Активті және реактивті есептегіш

Трансформатордан 10 кВ енгізу

“Евро-Альфа”

ЕА-0,5

3 Вт

0,38

0,925

1

3

Вольтметр

Э-335

2 Вт

1

0

1

2

Активті және реактивті есептегіш

10 кВ желісі

“Евро-Альфа”ЕА-0,5

3 Вт

0,38

0,925

18

54

Барлығы

59

7.2.5 10 кВ асқын кернеуді шектеуші қондырғыны таңдау

Төменгі (10 кВ) кернеу жағына ОПН-РС-УХЛ1 типті сызықты емес асқын кернеуден шектеуіш қондырғысын таңдаймыз[7].

Оның негізгі параметрлері төмендегідей:

Номиналды кернеуі, кВ - 10

Ең жоғарғы кернеу, кВ - 12,7.

7.2.6 Төменгі жақ 10 кВ құрама шиналарын таңдау

Төмен кернеу жағына шина қатты түрде орындалады. Ол термиялық және динамикалық төзімділік шарты бойынша тексеріледі.

Өткізгішті термиялық төзімділікке тексеру. Өткізгіштерді термиялық тұрақтылыққа тексеру барысында υс ≤ υршарты орындалуы керек [1, 3].Мыстан дайындалатын шиналар үшін рұқсат етілетін температура -200оС.

Төмен кернеу жағында ағатын, жұмыс тогы, анықталады

Токтың экономикалық тығыздығы бұрынғы түрінде қалдыjэк=1,8 А/мм2

Алдын-ала рұқсат етілген ток бойынша тік бұрышты қимасымен алюминьді сырланған шиналарды таңдаймыз [9], онда шарт орындалады

Imax2=1407 А≤ Iк.доп=2080 А

Таңдалған шинаның қимасы 100×8 және қима 600мм2 құрайды. Шинаны термиялық төзімділікке тексереміз. Төмен кернеу жағындағы шинаның термиялық төзімділікке есептеулері жоғары кернеу жағында қолданылған формулалармен жасалады.

vнанықталуын келесі қатынастың қолданылуымен жасайды:

ƒн = 550C

vк=500С ≤ vк.доп=550С

800 мм2 тік бұрышты қимасымен мыс бірсызықты сырланған шиналар термиялық төзімділік шарты бойынша өтеді.

Динамикалық төзімділікке бірполюсті шиналарды есептеу

Үшфазалы ҚТ кезінде ең көп салыстырмалы күш салу анықталады [2]:

Мұндағы, а – 26 см тең фазалар арасындағы қашықтық; i(3)y2 – үшфазалы қысқа тұйықталудың екпінді тогы.

Ең көп динамикалық күш салулар ҚТ үшфазалы тогында пайда болады, сондықтан есептеулерде үшфазалы ҚТ екпінді тогы ескеріледі.

Біркелкі таратылған f(3) күші иетін сәтті жасайды, Н/м (шина тіректерде еркін жататын, көпөткінді бөрене ретінде қарастырылады)

Мұндағы, l –шиналық құралым мен тіректік оқшаулағыштар арасындағы өткіннің ұзындығы, м.

Иетін сәт әсерінен пайда болатын, шина материалындағы кернеу, МПа,

мұндағы W – күш салу әрекетіне перпендикулярлы, осіне байланысты шина кедергісінің сәті, формуламен анықталады:

Шиналар динамикалық төзімді, егер

σрасч=6,41МПа≤ σдоп=140МПа

Тап осы қиманың шиналық құралымы динамикалық төзімділік шарты бойынша өтеді.

Каталогтық және есептік берілгендері 8.8-кестеде келтірілген.

7.11- кесте

10 кВ құрама шиналарын таңдау шарты

10 кВ құрама шиналар 60 х 10

Таңдау шарты

Есептік берілгендер

Каталогты берілгендер

Uорн ≤ Uном

Uорн=10кВ

Uном=10кВ

σесеп≤ σрұқ

σесеп=6,41 МПа

σрұқ=140 МПа

Imax ≤ Iрұқ

Imax=1407А

Iрұқ=1475А

νс.есеп ≤ νрұқ

νс.есеп=55оС

νрұқ=300оС

7.3 «Текстильная» қосалқы станциясының өзіндік қажетін қоректендіру сұлбасы

Қосалқы станцияның өзіндік қажет тұтынушылар құрамы қосалқы станцияның типіне, трансформаторлардың қуатына, электр қондырғыларының типтеріне байланысты. Өзіндік қажет тұтынушылар қуаты 110/10 кВ. Ол қорек көзін төмендеткіш трансформаторлардан алады.

Өзіндік қажет трансформаторлардың қуаты жүктеме және біркелкілік коэффициентін ескеру арқылы өзіндік қажет жүктемелері бойынша таңдалады. «Центральная» қосалқы станциясының негізгі тұтынушылары: тұрғын үй кешендері және тоқыма өнеркәсібі «Текстильная» қосалқы станциясында екі өзіндік қажет трансформаторы орнатылған, себебі кернеуі 110/10 кВ болатын екі трансформаторлы қосалқы станцияларда екі өзіндік қажет трансформаторлары орнатылуы қажет.

«Текстильная» қосалқы станциясында айнымалы оперативті ток қолданылады, сондықтан ӨҚТ-1 және ӨҚТ-2 өзіндік қажет трансформаторлары Т-1, Т-2 негізгі трансформаторлардың кірмелеріне шықпалар арқылы қосылады.