Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бауыржан Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.93 Кб
Скачать

11.5 Кестенің жалғасы

1

2

3

Жалпы станциялық шығындар

84

0,4

Басқа шығындар

140

0,7

Барлығы:

44203,5

100

Екінші нұсқаны дәл осылай есептеп, нәтижелерін 15.6 кестеге енгіземіз.

Кесте 11.6

Май бакты ажыратқыштар үшін қажет эксплуатациялық шығындарының құрылымы

Шығындардың түрі

Бағасы, мың.тг

Пайдалану шығынының құрылымы, %

1

2

3

Амортизациялық алынымдар

14570,85

81,7

Еңбек ақы қоры

560

3,1

Материалдар мен бөлшектер

1151,3

6,5

Әлеуметтік салық

112

0,63

Қызмет көрсету шығындары

1209,38

6,8

Жалпы станциялық шығындар

84

0,47

Басқа шығындар

140

0,8

Барлығы:

17827,53

100

11.3 Экономикалық эффектілік

Технико-экономикалық есептеулер екі немесе одан да көп бірнеше нұсқаларды салыстыру нәтижесінде электрмен жабдықтау нұсқасының ең үнемдісін олардың негізгі көрсеткіштері бойынша таңдайды. Негізгі көрсеткіштерге капитал салымдары мен жылдық эксплуатациялық шығындары жатады. «Энергетикадағы технико-экономикалық есептеулердің негізгі ережелеріне» сәйкес нұсқалардың капитал салымдарын және жылдық эксплуатациялық шығындарын салыстыруды есептік шығындарды есептеу әдісі бойынша жүргізеді:

,

мұндағы Ен – нормативті эффектілік коэффициенті, ол 0,12-ге тең деп қабылданады.

1-ші нұсқа:

2- ші нұсқа:

Есептеулерді жүргізгенде энергия шығындарын тек жаңадан салынған энергетикалық объектілер үшін ғана ескереді. Әдетте, энергетикалық объектілер үшін минимумға келтірілген экономикалық сипаттамалары өте ұқсас болады. Сондықтан, бір-бірінен тек 3-5%-ға ерекшеленетін нұсқалар да болады. Мұндай нұсқалар экономикалық тұрғыдан қарағанда теңбе-тең. Ең үнемді нұсқа экономикалық көрсеткіш бойынша емес, ол олардың техникалық сапасы бойынша таңдалады.

Элегазды ажыратқыштардың пайдаланудағы артықшылықтар 15.7- кестеде көрсетілген.

Кесте11.7

Негізгі пайдалану сипаттамалары

Техникалық сипаттамалары

ВМТ-110-25/12500 майлы ажыратқыш

ЗАР1FG-145/EK

элегазды ажыратқыш

1

2

3

1-нұсқа

2-нұсқа

Қондырғының циклы, циклдер

500

6000

Ажыратылудың толық уақыты,с

0,5

0,2

Термикалық беріктіліктің шекті тогы, кА

25

40

Өтетін шекті токтын амплитудасы, кА

40

100

Термиялық беріктілік бойынша шекті токтың ағу ұзақтығы, с

3

3

Жөндеу жұмыстары

Жөндеу жиілігі

Жылына 1 рет және әрбір ҚТ кейін

Пайдалануға берер алдында

Жұмыстың көлемі

Сыртқы қарау

Сыртқы қарау

Оқшауламаны сүрту

қажет етпейді

Оқшауламаның электр беріктілігін тексеру

қажет етпейді

өтпелі кедергіні өлшеу

қажет етпейді

Ағымдық жөндеу

Жөндеу жиілігі

Жылдық қарау нәти-желеріне байланысты

-

Жұмыс көлемі

Майды тексеру және ауыстыру

қажет етпейді

Контактілердің жұмыс істеуін тексеру

қажет етпейді

Күрделі жөндеу

8 жылда 1 рет

қажет етпейді

Майлы ажыратқыштар жәнеэлегазды ажыратқыштардың техникалық сипаттмаларын салыстыру нәтижесінде бірінші нұсқаның, яғни элегазды бакты ажыратқыштарын орнатудың тиімділігін анық көруге болады.

Таңдалған нұсқа электрмен жабдықтау сенімділігін, ұзақ пайдалану мерзімін қамтамасыз етеді.

Мамандық бойынша сұрақ

Ажыратқыштар. Олардың түрлері және жетектері туралы қазақша реферат

Ажыратқыш – тізбекті кез келген режімде ажырататын коммутациялық аппарат. Олардың турлері кестеде келтірілген

Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын блғаны жөн. Барлық жоғары вольтты ажыратқыштарды екі негізгі топқа бөлуге болады:

Майлы ажыратқыштар

Майсыз ажыратқыштар

Майлы ажыратқыштар оз кезегінде:

Үлкен көлемді майлы ажыратқыштар

Аз көлемді майлы ажыратқыштар болып бөлінеді.

Біріншіден, ажырату кезінде түйіпелер аралығында пайда болатын электр доғасын өшіруге, сондай ақ тоқ жүретін бөліктерді бір бірінен және жерге қосылған бактан оқшаулауға пайдаланылады. Екіншіден, май тек доғаны өшіру үшін ғана қолданылады, ад тоқ жүретін бөліктерді оқшаулау ауа және керамикалық, органикалық оқшаулатқыш материалдар арқылы жүзеге асырылады.

Элегазды ажыратқыштар ЗАР1FG-145/EK типті

Қазіргі уақытта элегазды ажыратқыштар қарқынды зерттелуде.Элегаз днгеніміз электр доғасы тез сөндіретін (яғни доғаның жануын қолдамайтын) газ .Тәуелсіз елдер достастығында кернеуі 35-500кВ қондырғыларда элегазды ажыратқыштар сынақтан өтіп пайдалануда.

Бұндай ажыратқыштардың негізгі құндылығы мыныдай:

Өртке және қопарылысқа қауіпсіз;

Ажыратуға аз уақыт кетеді;

Ашық ауада және үйдің ішінде орналастыруға болады;

Мөлшері және салмағы өте аз.

Элегаздыңжай ауамен салыстырғанда тығыздығы 5 рет, ал электр беріктігі 2-3 рет көп инертті газ. Доғаның жануын қолдамайды. Элегазды ажыратқыштарда доғаны сөндіретін автоматты құрылғылар пайдаланылады.

Бұл құрылғылардың түйіспелерін ажырату процесінде элегаз қосылады да, тез уақытта(шамамен 10мс) доғаны сөндірнтін жерге жеткізеді де,доға сөндіріледі.Әдетте элегазды ажыратқыштар герметикалық аппаратқа жатады. Ол көбінесе бакты майлы ажыратқыштарға ұқсас.Суретте элегаздық ажыратқыштың автопневматикалық сөндіру қурылғысының сұлбасы көрсетілген .Поршень(1) және қуыс түйіспнсе (2) қозғалмайды. Ажырату процесінде фторпластан жасалған соплосы (4) бар цилиндр (3) оңға қарай жылжвйды. Осы мезгілде А көлеміндегі элегаз қосылады да, түйіспелер ажыратылады.Қозғалатын және қозғалмайтын түйіспелердің аралығында электр доғасы пайда болады. Осы герметикалық жабық көлемде элегаздың күшті ағыны (0,4÷0,6МПа) шамамен 10мс ішінде доғаны сөндірнді.Тізбекті қосу процесінде соплоны (4) цилиндр (3) және розетка тәрізді түйіспе(5) солға қарай жылжиды. Ауалы ажыратқыштармен салыстырғанда тізбекті қосу процестері шусыз орындалады.

Элегазды толтырғышы бар ажыратқыш күштік трансформаторларын және зарядталған ток желілерін қосып ажыратуға арналған. ОЭ-110 автоматты түрде айыруды қосуды қамтамасыз етеді. Негізгі тіреуішінде үш полюс орналасқан. Ток өткізгіш желілер жоғары және ортаңғы фланстардың қосқыш шығыс контактілеріне қосылады. Контакті камераның ішінде розетка типті қозғалмайтын контакт және қозғалатын экранды едендік контакт орналасқан. Қосылу ППО жетек серіппесінің күші көмегімен іске асырылады. Контакттағы қысым серіппе және серіппелі контакт арқылы пайда болады. Айырғыш серіппелер арқылы тізбек автоматты түрде өшіріледі. Доғаны өшіру үшін арнайы қондырғы қарастырылған, себебі элегаздың электр беріктілігі жоғары, ал ажыратқыш 20 А-ден аспайтын токты сөндіруге арналған. Камерадан шығар алдында қозғалмалы тартқыштың герметикалық тығыздалуы үшін майлы гидрозатвор қолданылады. Контакті камера 110кВ және одан жоғары кернеуі бар қондырғыларға модуль болып табылады. Ажыратқышта 220кВ кернеу кезінде екі камера болуы қажет. Жабық орындалған ажыратқыштың құндылығы, нақты жұмыс істеуі және қосу ажыратуға аз уақыт жұмсалуы. Ажыратқыштар мына параметрлер бойынша таңдалады:

Жүктеме тогы бойынша

Құрылысы бойынша

Электродинамикалық беріктілігі бойынша

Термиялық бекітпе бойынш

Термиялық беріктілігі бойынша

Жоғарғы фланец

Қозғалмайтын контакт

Экран

Контактілік серіппе

Қозғалатын контакт

Изоляциялық контакт

Майлы гидроток

Тірек

Тартылыс жетегі

Буфер

Моновакуумметр

Қозғалатын контакт жетегі

ЗАР1FG-145/EK маркалы ажыратқыш 110кв, сыртқы тарату құрылғыларына қолдануға арналған ажыратқыш “Евроконтракт” компаниясының өнімі болып табылады “Siemens AG” Берлин қаласы лицензиясы бойынша. Ажыратқыш ТМД және Әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп жасалған және басқа ажыратқыштарға қарағанда бірнеше артықшылықтарымен ерекшеленеді: Кепілдік мерзімі 5 жыл, орташа жөндеуді қажет ететің уақыты 25 жыл, жұмысқа жарамдылық уақыты 40 жыл, жоғарғы электрлік беріктілігі, салмағы женіл 1500 кг.

Суретте элегаздық ажыратқыштың автопневматикалық сөндіру құрылғысының сұлбасы көрсетілген. Поршень (1) және қуыс түйіспе (2) қозғалмайды. Ажырату процесінде фторпластан жасалған соплосы (4) бар цилиндр (3) оңға қарай жылжиды. Осы мезгілде А көлеміндегі элегаз қосылады да, түйіспелер ажыратылады. Қозғалмайтын және қозғалатын түйіспелердің аралығында электр доғасы пайда болады. Осы герметикалық жабық көлемдегі элегаздың күшті ағыны (0,4-0,6 МПа) шамамен 10 мс ішінде доғаны сөндіреді. Тізбекті қосу процесінде соплолы (4) цилиндр (3) және розетка тәрізді түйіспе (5) солға қарай жылжиды. Ауалы ажыратқыштармен салыстырғанда тізбекті айыру (қосу) процестері шусыз орындалады.

Жоғары кернеулі ажыратқыштар жоғары кернеулі электр тізбегін қосуға және ажыратуға, сондай ақ қысқа тұйықталу кезінде ажыратуға арналған. Оның ажырататын қабілеті жеткілікті, қыска уақытта орындайтын жұмысы сенімді болуы тиіс. Жоғары вольтты ажыратқыштар қопарылудан және өрттен қауіпсіз, құрылымы қарапайым, пайдаланылуы ыңғайлы, мөлшері мен салмағы мүмкіндігінше шағын болғаны жөн.

Бұл семестірлік жұмыс барысында мен ажыратқыштың жұмыс істеу принципімен таныстым. Ажыратқыш және олардың түрлеріне қысқа шолу жасап, олардың артықшылықтарымен кемшіліктерін оқып үйрендім. Кернеуге,токка және қоршаған ортаға байланысты ажыратқыштарды таңдайтын жалпы талаптар бар екенін білдім.

ЖОҒАРҒЫ КЕРНЕУЛІ ЭЛЕГАЗДЫ АЖЫРАТҚЫШТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ МОДЕЛЬДЕРІН ТАЛДАУ Ф. М. Камалиев, техн. ғылымдарының кандидаты, доцент, А. А. Булатов магистрант Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Мақалада жоғарғы кернеулі ажыратқыштардың бірнеше түріне талдау жасалды. Ажыратқыштардың доға сөндіру қабілеті жөнінде мәліметтер берілді. Ажыратқыштың коммутациялық және механикалық ресурстары қарастырылды. Сонымен қатар, ВГБ-35 сериялы элегазды бакты ажыратқыштың жалпы сипаттамасы көрсетілді. В данной статье проведен анализ на несколько видов высоковольтных выключателей. Приведены данные на состояния гашение дуги выключателей. Были рассмотрены коммутационные и механические ресурсы выключателей. Кроме этого, приведены общее сведения бакового элегазового выключателя серии ВГБ-35. This article is analyzed some types of high-voltage circuit breaker. Reseating of arc switch condition is resulted. Computational and mechanical resources were considered. Besides, general information of bulk-oil circuit breaker series VGB-35 is considered. Қосалқы станциялардың жоғарғы кернеулі ажыратқыштары үшін ең қиын режим қысқаша тұйықталу (ҚТ) тоқтарын коммутациялау болып табылады. Бірақ ажыратқыштарды пайдалану кезінде бұл режимдер сирек кездеседі, дегенмен де, ҚТ тоғы пайда болған кезде ажыратқыштар тиімді түрде жұмыс жасауы қажет. Энергожүйенің қуаты мен кернеу кластарының жоғарлауы ҚТ тоғының өсуіне алып келді. Жоғарғы кернеулі ажыратқыштарды өндірушілер мен орнатушылар тораптың тұрақты жұмысын қалыпты сақтау мақсатында ҚТ тоғының айыру уақытын азайтуға тырысты. Алғашқы модельді бакты майлы ажыратқыштарға ҚТ тоғын айыру үшін өндірістік жиіліктегі тоқтың 10-20 периоды қажет болды, ал қазіргі кезде жоғарғы кернеулі ажыратқыштардың жаңа модельдері пайда болды, олардың алдыңғымен салыстырғанда ҚТ тоғының айыру уақыты 10 есе аз, солардың бірі – элегазды жоғарғы кернеулі ажыратқыш. Ажыратқыш – тоқты қосуға және айыруға арналған электр қондырғыларындағы негізгі аппарат болып саналады, оның атқаратын қызметі кез-келген режимде: ұзақ жүктемеде, асқын жүктемеде, қысқа тұйықталуда, бос жүрісте тізбекті айыру және қосу болып табылады. Қызметінің ең ауыры және қиыны Қ.Т. тоғын айыру [1]. Ажыратқыштар үшін коммутациялық және механикалық ресурс деген түсінік қолданылады. Соңғысы ажыратқыш жетегінің ресурсы сипатталатын және ажыратқыштың негізгі тізбегінде тоқ болмаған кезде орындалатын, қосу-еркін кідіріс- айыру топтамасының санымен анықталады. Оның нормалық мәні паспорттық берілгендерінде көрсетіледі. Ажыратқыштың жетегі барлық нормалық ресурстарда, бір рет есептелген режимде жұмыс жасайды, сондықтан да пайдалану факторларына әсер ететін ресурстарды есептеудің қажеті жоқ, өйткені оның нормалық ресурстан айырмашылығы болмайды. Ары қарай жоғарғы кернеулі ажыратқыштың коммутациялық қалыптасқан ресурстын қарастырамыз. Ажыратқыштың коммутациялық ресурсы, оның доға сөндіру камерасының техникалық құрылымы мен түйіспелер жүйесін қарастырады. Қосылуы жағдайында, ажыратқыштың түйіспелер жүйесі арқылы, оның конструктивті элементтерінің тозуын және түйіспелер жүйесінің материалдарында фазалық ауысуды болдырмайтын жүктеменің жұмысшы тоқтары өтеді. Жоғарыда айтылғандай, қалыпты жұмыс режимінде бірінші кезекке математикалық модельдеуге көмектесетін, химиялық пайдалану факторлары жатады. Ажыратқыштың бірнеше типтері үшін: ауалық, вакуумдық, элегаздық - модельдердің параметрлерінің мәні әртүрлі болады. Айта кету керек, қысқаша тұйықталу және асқын жүктеме тоғы, сонымен қатар доға жануы кезінде жүктемеде тұрған ажыратқыштың айыру процесінде, химиялық фактордың рөлі маңызды болып қалады [2]. Ауалық ажыратқыштарда доға сығымдалған ауамен сөндіріледі, ал тоқ өткізгіш бөліктерді және доғасөндіргіш құрылғыны оқшаулау фарфор немесе қатты оқшаулауыш материалдармен жүзеге асырылады. Ауалық ажыратқыштардың құрылыс сұлбасы әртүрлі болуы номиналды кернеуге, айырулы тұрған түйіспелер арасындағы оқшаулатқыш аралықтарды жасау әдістеріне, сығымдалған ауаның доғасөндіргіш құрылғыға берілу тәсіліне байланысты. Түйіспелердің ажырау сәтінде камераға резервуардан сығымдалған ауа беріледі де, доға сөнетіндей қуатты үрлеу пайда болады. Үрлеу бойлық немесе көлденең болуы мүмкін. Айырулы тұрған түйіспелер арасындағы қажетті оқшаулағыш аралықтар доғасөндіргіш камера ішінде түйіспелердің арасын қажетті аралыққа ашу арқылы жасалады. Дегенмен де, ауалық ажыратқыштың өз кемшіліктері бар, айтар болсақ сығымдауыш құрылғының қажеттілігі, біраз бөлшектер мен түйіндердің құрылысының күрделілігі, бағасының салыстырмалы қымбаттығы, енгізілмелі тоқ трансформаторын орнату қиындығы. Атмосфералық қысым кезінде вакуумдық аралықтың электрлік беріктігі, ауалық аралыққа қарағанда бірненше есе көп екені белгілі. Түйіспелер ажырағанда олардың жанасу беттері тез азаяды, сондықтан жанасу нүктесінде өтетін тоқтың әсерінен температура кенеттен көтеріліп, еріген металлдан көпірше пайда болады. Өте қысқа уақытта аталған көпірше қызып, буға айналады. Металл буының арасында доға жанады. Терең вакуумның нәтижесінде зарядтталған бөлшектердің қоршаған кеңістікпен тез араласуы басталады. Тоқ нөлден өткен кезде доға сөнеді. Шамамен 10 мкс түйіспелер арасында вакуумның электрлік беріктігі қалпына келеді. Қозғалғыш түйіспенің жүрісі 4 мм. Камераның қысымы 10 - 4 – 10 - 6 Па. Вакуумдық ажыратқыштардың кемшіліктеріне айыру тоғының аздығы және аз индуктивті тоқтарды айырғанда, камерадағы доғаның сөнуі тоқтың нөл арқылы өтуі нәтижесінде, коммутациялық асқын кернеу туындау мүмкіндігі жатады [3, 4]. Элегазды ажыратқыш жоғарғы кернеулі ажыратқыштардың ішіндегі ең жаңа түрі. Оның доға сөндіргіш ортасы ретінде электрлік беріктігі үлкен және доға сөндіргіш қасиеті өте жақсы алтыфторлы күкірт (SF6, элегаз) қолданылады. Алтыфторлы күкірт үшін элегаз (электрлі газ) деген атауды 1947 ж. совет елінің физигі Б.Гохберг берген, ол бірінші рет жоғарғы кернеулі электр жабдықтарда оқшаулама ортасы ретінде элегазды пайдалану мүмкіндігі туралы ұсыныс жасаған. Алтыфторлы күкірт SF6 – элегаз, «электротерісті» газдар қатарына жатады, бос электрондарды ұстап алатын теріс зарядталған аз және ауыр қозғалатын иондарға түрленетін, молекулаларының қасиеттеріне байланысты осындай атқа ие. Қалыпты температурада (20 оС) және 0,1 МПа қысымда элегаз түссіз және иіссіз болып келеді. Оның тығыздығы ауаның тығыздығынан 5 есе артық, температурасы 30 оС кезінде дыбыс жылдамдығы 138,5 м/с, Элегаздың молекулалық массасы 146,06. Оның құрамында 21,95 % күкірт, 78,05 % фтор. Элегазды ажыратқыштарда автопневматикалық (автокомпрессорлы) доға сөндіргіш құрылғы қолданылады, ол айыру процессі кезінде газды поршенді құрылғының көмегімен сығады да, доғалық аймаққа бағыттайды. Элегазды ажыратқыш өздігінен газды сыртқа лақтырмайтын тұйық жүйе болып келеді. Элегазды ажыратқыштар жоғарғы техникалық көрсеткіштерге ие және қысқаша тұйықталу тоғын 20 рет сөндіруге қабілетті. Бактан шығатын элегаздың шығыны жылына 1 %-ті құрайды. Капиталды жөндеуге дейінгі элегазды ажыратқыштың пайдалану мерзімі 10 жыл. 1 - кесте. ВГБ-35 сериялы элегазды бакты ажыратқыштың техникалық берілгендері Параметрлердің атауы Қабылданған нормасы 1. Номиналды кернеу Uном,кВ 35 2. Жұмыс кернеуі U ж,кВ 40,5 3. Номиналды тоқ Iном, А 630 4. Номиналды айыру тоғы Iном.о, кА 12,5 5. Апериодты құраушысының номиналды салыстырмалы құрамы, % 32 көп емес 6. Жүктеме тоғының соs j 0.91 Тесіп өтетін ҚТ тоғының параметрлері: - ең жоғарғы шегі (электродинамикалық тұрақтылық тоғы), кА - периодты құраушысының бастапқы іс-әрекеттік мәні, кА - термиялық тұрақтылық тоғы, кА - термиялық тұрақтылық тоғының ағынды уақыты, с 35 12,5 12,5 3 Қосу тоғының параметрлері, кА: - ең жоғарғы шегі - периодты құраушысының бастапқы іс-әрекеттік мәні 35 12,5 1. Бір конденсаторлы батареяның айыратын сыйымдылықты тоғы, А 600 көп емес 10. Жүктелмеген трансформатордың магниттеуші айыру тоғы, А 0,24.....6,5 11. Өзінің айыру уақыты tайыр, с 0,04+0,005 12. Толық айыру уақыты tайыр+ tт, с 0,065+0,01 13. АҚҚ кезіндегі минималды тоқсыз үзіліс, с 0,03 14. Өзінің қосу уақыты, с 0,12 көп емес 15. Қосу және айыру кезіндегі түйіспелер полюстарын қосу және айырудың уақыт айырмашылығы, с 0,01 көп емес Элегазды ажыратқыштың артықшылығына өртке және жарылуға қауіпсіздігі, жылдам әсер еткіш және автоматты қайта қосу (АҚҚ) барлық топтамасына (цикл) қолданылады, айыруы аса қиын жағдайда жоғарғы ажырату қабілеті, электірлік төзімділігі ауаға қарағанда 2,5 есе артады. 0,2 МПа қысымда элегаздың электрлік төзімділігі трансформатор майының төзімділігімен теңеседі, жоғарғы меншікті көлемді жылу сиымдылығы ток өткізгіш бөлшектерінің жүктемесін көбейтуге және ажыратқыштардағы мыстың салмағын азайтуға мүмкіндік береді, элегазды үру камерасының номиналды айыру тогы ауаныкінен 5 есе жоғары, бос желідегі сыйымдылық тоқтарды сенімді айыруы, доға сөндіргіш түйіспелердің тозуының сирек кездесуі, салмағының жеңілдігі, сыртқы және ішкі орнатуларға қолайлылығы. Сонымен қатар, элегазды ажыратқыштың аз ғана кемшілігі бар,оның 0,1 МПа қысымда, төменгі температурада сығылуы, қысым жоғарлаған сайын жоғарылайды. Мысал ретінде ВГБ-35 сериялы элегазды бакты ажыратқыштың жалпы сипаттамасы 1.1- кестеде көрсетілген. Ажыратқыштың кернеуі 35 кВ, жиілігі 50 Гц, үш фазалы айнымалы тоқ тізбегін қалыпты және апаттық режимде айыруға арналған. [5, 6, 7]. Осы мақаланы жазудағы мақсатымыз жоғарғы кернеулі элегазды ажыратқыштың техникалық құрылымының модельдеріне талдау жасай отырып, осы ажыратқыштың басқа жоғарғы кернеулі ажыратқыштардан артықшылығын ескеріп, қосалқы станцияларда қысқаша тұйықталу тоғын айыру үшін жоғарғы кернеулі элегазды ажыратқышты орнатуды ұсынамыз.

3.7.4 ЗAP FG-110 элегазды ажыратқышының негізгі сипаттамалары Элегазды 3АР1FG ажыратқыштары 687-78 МемСТ және 62271-100 МЭК талаптарына сай. Олардың ажыратқыш қабілеті жұмыс істеудің қалыпты апатсыз режимі кезінде және апаттық жағдайларда, оның ішінде, бұлардың техникалық параметрлерінің шеңберіндегі қысқа тұйықталулар кезінде аппаратураны және жүйенің компоненттерін ауыстырып қосқан кезде туындайтын барлық күштерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті. Ажыратылуының өз уақыты бойынша қолданылатын классификация бойынша ажыратқыш аса жылдам әрекет ететін ажыратқыш болып табылады. Элегазды ажыратқыштардың артықшылықтары жұмыс токтарының облысындағы немесе осында қысқа тұйықталу токтарының белгілі санының ажыратылуы назарға алынған жерлердегі, немесе біріншісі де, екіншісі де еске алынған жерлердегі ауыстырып қосудың жоғары жиілігі бар желілерде жұмыс істеген кезде әсіресе көрінісін тауып отырады. Элегазды ажыратқыштарды АПВ циклында ажыратқаннан кейін оның контактаралық аралығының электр беріктігінің қалпына келуінің жоғары жылдамдығы ерекше етеді. Аз көлемді, доғаны бәсеңсітудің токқа тәуелді 48 сипаттамасына иелерге қарағанда, доғаны екінші қайтара жағусыз сыйымдылық токтарын ажырату айтарлықтай жақсырақ жүргізіледі. Ажыратқыштың жетегі бірнеше ажырату электромагниттерімен жарақтандырылған. Өнімнің құрамында жанатын материалдар жоқ. Номиналды ток кезінде жоғары коммутациялық ресурсы 6000 цикл. Жөндеуаралық кезеңі 25 жыл құрайды. 3АР1FG типті элегазды ажыратқыштарды қолдану екінші қайтара қосуға арналған тізбектерде орынды, сондай-ақ олар жұмыс бабындағы жоғары сенімділікке және ұзаққа созылған уақытқа жарамдылыққа ие болып келеді. Ажыратқыштарды олардың үлкен өнімділік кезіндегі жинақы конструкциясы, шағын өлшемдері, компрессор түріндегі камераларда қарқынды ұзына бойына үрлеудің көмегімен доғаны бәсеңсітудің жоғары жылдамдығы ерекшелендіріп отыр. Олар іс-тәжірибеде бар тізбектердің кез келген жектемелерін ауыстырып қосу үшін, әсіресе: - қысқа тұйықталу токтарын; - жүктелген және жүктелмеген әуе желілерін; - жүктелген және жүктелмеген трансформаторларды ауыстырып қосу үшін ыңғайлы. Серіппе-моторлық жетегі бар 3АР1FG типті элегазды ажыратқыштардың негізгі сипаттамалары. Номиналды кернеу – 126,0 кВ Токтың номиналды күші – 3150 А; Ажырату тогының номиналды күші – 40,0 кА; Қоршаған ортаның жол берілетін температураларының облысы - - 40 - +40 °С; 20 °С кезіндегі номиналды қысым SF6 – 6,0 бар ( 0,6 МПа); Коммутациялардың номиналды тізбектілігі – О-0,3s-СО-3min-СО; Қосудың өз уақыты – 57,0 мсек; Қосқан кездегі бір уақытта еместік – 0,6 мсек; Ажыратудың өз уақыты – 31,0 мсек; Ажыратылған кездегі бір уақытта еместік – 0,5 мсек; Екінші қайтара автоматты қосқан кездегі минималды токсыз кідіріс – 300 мсек; Қысқа тұйықталудың есептік ұзақтығы – 3 с; Қысқа тұйықталу кезінде есептік қосылу тогы – 100 кА; Бос жүрісте өшірудің (көп күш түсудің 1,4 коэффициенті кезіндегі күш түспеген әуе желісінің) ток күші – 50,0 А. Ажыратқыштың конструкциясы және жұмысының сипаттамасы Күш беретін ажыратқыштың үш тірек оқшаулағышы негіздің бірлескен тірегінде тұр. Тірек оқшаулағышқа элегаз толтырылған, ол оқшаулағыш және доғаны сөндіргіш орта болып қызмет етеді. Тірек оқшаулағыштар құбырдың көмегімен газ камерасымен байланысқан. Элегаздың тығыздығы тығыздықты 49 бақылау аспабымен бақыланады және қысым деңгейі манометрде көрсетіледі. Ажыратқыш ұстаушы тіректегі жетек блогында орналасқан серіппелі жетекпен жарақтандырылған. Коммутацияның орындалуы үшін қажетті энергия барлық полюстер үшін ортақ қосатын серіппеде және ажырататын серіппеде орналасады. Қосатын және ажырататын серіппелер жетек блогында орналасқан. «В» фазасының тірек оқшаулағышы тікелей серіппелі жетекпен, бұру механизмімен іске қосылады және байланыстырғыш шлангтардың көмегімен «А» және «С» тірек оқшаулағыштардың бұру механизмімен байланысқан. Жетектің блогына енгізілген монтаж рамасында ажыратқышты бақылауға және басқаруға қажетті барлық қондырғылар, сондай-ақ электрлік байланыстырулар үшін қажетті клемма қораптары орналасқан. Сөндіргіш камера жермен оқшаулау тудыратын істікті оқшаулағышқа монтаждалған. Ажыратудың қозғалысы серіппелі жетектен жетек шток, білік және түйісу штогы арқылы сөндіргіш камераға беріледі. Бұру механизмінде элегаздың ыдырау өнімдерін жинап алуға және элегазды құрғақ күйде ұстауға арналған фильтрлеуші пакет орналасқан. Доға сөндіргіш камераның түйісулер жүйесі газды-тығыз фарфор қаптамада орналасқан. Негізгі ток тізбегі жоғарғы байланыстырғыш тақтайдан, контакт ұстағыштан, түйісу пластиналарынан, қыздыратын цилиндрден, цокольден және төменгі байланыстырғыш тақтайдан тұрады. Негізгі ток тізбегіне параллель контакт ұстағышта тұрған жылжымайтын контакттан және цилиндрде орналасқан қозғалатын контакттан тұратын, электр доғасының ток тізбегі түзіледі. Жылжымайтын және қозғалатын контакттар жануға жоғары төзімділігі бар материалдардан жасалған. Қозғалатын контакт, поршень және цилиндр берік механикалық байланысқа ие және, осылайша доға сөндіретін камераның қозғалмалы бөлігін құра отырып, коммутациялық штангамен байланысқан. Поршеньнің кері жағында қақпақ пластинасы бар, ол қақпақтар тобымен доғаны сөндіру үшін қажетті компрессиялық қондырғы құрайды. Қосатын серіппені керу білігі және шатун арқылы қозғалтқышы бар керу механизмімен керіледі. Керу процесінің соңында керу білігі ілгекпен кері механизмінен бөлінеді және қосатын ілгекпен ілініседі. Ажыратқышты ажыратушының көмегімен қосқан кезде ұстап тұратын ілгек блоктан шығарылады және босанған қосу серіппесінің қуаты жұдырықша арқылы жетек иінағашқа және онымен байланысты қосатын білікке беріледі. Ажыратқышты қосқаннан кейін қосатын серіппе 15 секундтан аспайтын уақыт ішінде толығымен керіледі. Механикалық блоктау ажыратуға операция орындалғанға дейін жетектің екінші қайтара қосылуын болдырмайды. Ажыратқан кезде сөндіргіш камералардың контакттары шатун, жетек шток, сондай-ақ байланыстыратын жетек механизм арқылы ажырату серіппесінің көмегімен ажырайды. 50 3.7.5 ЗAP FG-110 элегазды ажыратқышын орнатуға және құрылыс- монтаж жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар Аппараттар мен аспаптарды оларда пайдалану кезінде пайда болып отыратын ұшқындар немесе электр доғалары қызмет көрсететін персоналға зиян келтіре алмайтындай, қоршаған заттарды тұтандыра немесе зақымдай алмайтындай, қысқа тұйықталу немесе жерге тұйықталу тудыра алмайтындай етіп орналастыру керек. Жарықтағы әртүрлі фазалардың оқшауланбаған ток өткізетін бөліктерден бастап жерге тұйықталған конструкцияларға және қоршауларға, еденге және жерге дейінгі, оқшауланбаған ток өткізетін бөліктері арасындағы, сондай-ақ әртүрлі тізбектердің қоршалмаған ток өткізетін бөліктері арасындағы қашықтықтар мына мәндерден кем болмауға тиіс: - ток өткізетін бөліктерден ғимараттардың жерге тұйықталған конструкцияларына және бөліктеріне дейін – 700 мм; - әртүрлі фазалардың өткізгіштері арасында– 800 мм; - ток өткізетін бөліктерден тұтас шектеулерге дейін – 730 мм; - ток өткізетін бөліктерден торлы қоршауларға дейін – 800 мм; - әртүрлі тізбектердің қоршалмаған ток өткізетін бөліктері арасында 2900 мм; - қоршалмаған ток өткізетін бөліктерден еденге дейін – 3400 мм; - олар ОРУ аумағына шықпаған кезде және өткізгіш сымдардың астында жүретін жер болмаған кезде ЗРУ-дан қоршалмаған электр сымдардан жерге дейін – 5500 мм. Оқшауланбаған ток өткізетін бөліктерді камералардан тыс жерде орналастырған және оларды еденнен 3400 мм өлшемнен төменірек орналастырғанда, олар қоршалуға тиіс. Қоршаудың астындағы өтетін жердің биіктігі кемінде 1,9 м болуға тиіс. Қоршаулардан биігірек, еденнен 2,3м биіктікке дейін, бірақ 3400 мм өлшемнен төменірек орналасқан ток өткізетін бөліктер қоршаудың кеңістігінен 800 мм қашықтықта орналасуға тиіс. Егер оқшаулағыштардың фарфорының төменгі жиегі еден деңгейінен 2,2 м және одан көп биіктікте орналасқан болса, егер жоғарыда келтірілген талаптар орындалса, оны қоршамауға рұқсат етіледі. Құрылысты ұйымдастыру 3.01.01 -85 құрылыс нормаларының және ережелерінің 1 бөлігінің, құрылысты ұйымдастыру жобаларын жасау жөніндегі нұсқаудың, 33-82 ІҚН және 1.04.03-8 5 ҚНжЕ талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс. «ЖЭО-3» ӘЖ-110 №2,3 ұяларын және қорғаныстарын қайта құрастыру» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары күрделілік дәрежесі бойынша күрделі еместер қатарына жатады.