Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бауыржан Диплом.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
525.93 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ

Алиев б.М

"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС 110/10 кВ "Текстильная" қосалқы станциясын қайта құрылымдау

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

мамандығы 5В071800 - Электр энергетика

Астана 2015

Түйін

ОӘЖ:

Бұл жобада ОҚО облысы Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-ның кернеуі 110/10 кВ «Текстильная» қосалқы станциясын қайта құрылымдау тақырыпты дипломдық жобада электр жүктемелері мен қысқа тұйықталу токтарының есептері жүргізілді, қосалқы станцияның электр жабдықтары, корғаныс аппараттары таңдалды, ҚС-ның жерлестіру есебі жүргізілді.

Сондай-ақ жобада еңбекті қорғау және қосалқы станцияны пайдалану мәселелері қарастырылды, техника-экономикалық есептеулер жүргізілді.

Ұсынылған жобада 110кВ АТҚ-да бөлгіштер мен қысқа тұйықтағыштарды және 10 кВ АТҚ-да май толтырылған ажыратқыштарды айырғыштар мен вакуумдық ажыратқыштарға ауыстырып қайта құрылымдау қарастырылды.

Дипломдық жоба 17 сурет, 27 кесте және 87 бет түсініктеме хаттамасы мен графикалық бөлімінің 5 парағынан тұрады.

УДК:

Аннотация

В данном проекте рассмотрена реконструкция подстанции ТОО «Оңтүстңк жарық транзит» напряжением 110/10 кВ«Текстильная», расположенной в городе Шымкент ЮКО области. Произведены расчеты нагрузок и токов короткого замыкания, выбор оборудования, защит, заземления подстанции. Рассмотрены вопросы охраны труда, эксплуатации подстанции, произведены технико-экономические расчёты.

Настоящим проектом предусматривается реконструкция ОРУ-110кВ с заменой отделителей и короткозамыкателей на элегазовые выключатели, и ОРУ-10кВ масляных выключателей на вакуумные.

Дипломный проект содержит 87страниц пояснительной записки, 17 рисунков, 27 таблиц и 5 листов графической части.

"Текстильная" қосалқы станциясының қайта құрылымдауын негіздеу

1985 жылы орнатылған трансформаторлы қосалқы станциясы 30 жылға жуық уақыт бойына қызмет көрсету мерзімінен асып кетті. Барлық құрылымдар қоршаған ортаның әсеріне байланысты пайдалану процесінде тексерілді. Осы әсерлерге бетон мен металлдың тотығуы, қозғалмалы қосылымдардағы элементтердің фрикционды ұсталымы жатады. Сондықтан, ұзақ мерзімді пайдалану үрдісінде болған құралымдардың сенімділігі төмендеді. Мұндай қондырғылардың осындай жағдайы тұрғылықты пунктілерді электрмен жабдықтауға ғана емес, сонымен бірге қызмет көрсетуші персоналдың өміріне қауіп тудырады.

Қосалқы станциясын әрі қарай апатсыз қолдану үшін жөндеу жұмыстары көлемі туралы немесе оларды қайта құрылымдау туралы сапалы және есептеулерге негізделген шешім қабылдау керек.

АТҚ - 110 кВ май толтырылған ажыратқыштармен орындалғандықтан, олар қазіргі заманғы ережеге сай болмағандықтан қайта құралымдауды қажет етеді. АТҚ - 110 кВ Simens элегазды бакты ажыратқыштарын орнатамыз.

10 кВ май толтырылған ажыратқыштардын орынына, олар қазіргі заманғы ережеге сай болмағандықтан қайта құралымдауды қажет етеді. 10 кВ вакумды бакты ажыратқыштарын орнатамыз.

Ажыратқыштардыжәне айырғыштарды ауыстырамыз.

Қосалқы станцияны тіреті түрден өтпелі станцияға өзгертеміз.