Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Alisher.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.97 Кб
Скачать

14.4 Жобаның өтелу мерзімі

Техника-экономикалық есептеулер екі немесе одан да көп бірнеше варианттарды салыстыру нәтижесінде электрмен жабдықтау вариантының ең үнемдісін олардың негізгі көрсеткіштері бойынша таңдайды. Ол капитал салымдары және жылдық пайдалану шығындары. Есептеудің нәтижесінде салыстырмалы түрде ең тиімдісін таңдайды. «Энергетикадағы технико- экономикадық есептеулерінің негізгі ережелеріне» сәйкес варианттардың капитал салымдарын және жылдық пайдалану шығындарын салыстыруды есептік шығындарды есептеу әдісі бойынша жүргізіледі:

Мұндағы - нормативті эффектілік коэффиценті, ол 0,12-ге тең деп қабылданады.

1-Вариант

З=0,12∙3729+2629,351=3076,831мың.тг

2-Вариант

З=0,12∙5593,5+3259,485=3930,705мың.тг

3-Вариант

З=0,12∙6215+4382,271=5128,071мың.тг

Көрсетілген варианттардың бірін таңдаудағы экономикалық эфектіліктің негізгі көрсеткіші - өтеу мерзімі:

Е=К/С.

1-Вариант

Т=3729/3076,831=1жыл2ай

2-Вариант

Т=5593,5/3930,705=1жыл4ай

3-Вариант

Т=6215/5128,071=1жыл2ай

Есептеулернәтижелерікөрініптұрғандай, 2-вариант оптималдыемес, себебі 1-ші, 3-ші варианттар экономика жағынанүнемдірек.

1-вариант – май толтырылған ажыратқыш;

2-вариант – IN сериялы Schneider Electric Compact компаниясының өнімі.

Есептеулер жүргізілгенде энергия шығындарын тек жаңадан салынған обьектілер үшін жүргізіледі.Әдетте, энергетикалық обьектілер үшін минимумға келтірілген

Экономикалық сипаттамалары өте ұқсас болады. Сондықтан бір-бірінен тек 3-5%-ға ерекшеленетін варианттар да болады. Мұндай варианттар экономикалық тұрғыдан қарағанда теңбе-тең. Ең үнемді вариант экономикалық көрсекіші бойынша емес, ал олардың техникалық сапасы бойынша таңдалынады.

Бірінші мен үшінші варианттар экономикалық тұрғыдан теңбе-тең болғандыөтан, олардың техникалық сипаттамаларын салыстырамыз.

Schneider Electric Compact компаниясының IN сериялы ажыратқыштардың артықшылықтары:

Құрамындағы бөлшектердің бір-бірін ауыстыру

30000 Циклға шыдайтын механикалық ресурс

Күштік контактілерді тікелей өшіру

Экологиялық таза материялдарды қолдану

Safety+ халықаралыққауіпсіздік стандарттардан асуы

Жұмыс күйін 50 градус Цельсийге дейін сақтау

Таңдалынған вариант электрмен жабдықтау сенімділігін, ұзақ пайдалану мерзімін қамтамасыз етеді.

Қорытынды

Талдау жүргізу және есептеулер нәтижесінде кернеуі 110/35/10 кВ «Рождественка» қосалқы станциясында май толтырылған ажыратқыштарды «Таврида Электрик» фирмасының вакуумдық ажыратқыштарына, вентильді разрядтауыштарды сызықты емес асқын кернеуді шектегіштерге (ОПН) ауыстыру жолдары қарастырылды. Кернеулері 110 кВ және 35 кВ әуе желілерін тексеру есептеулері жүргізілді.

Релелік қорғаныс және автоматика бөлімінде трансформаторлар қорғанысы, 10 кВ ЭБЖ қорғанысы, резервті қосудың автоматикасы қарастырылды.

Арнайы бөлімде кернеуі 10 кВ комплектті тарату құрылғысын доғадан қорғаудың микропроцессорлі жүйесі туралы қарастырылды.

Экономикалық бөлімде қосалқы станцияны қайта құрылымдауға кеткен қаржылай шығындар мен жобаның экономикалық тиімділігі анықталды. Жоба құны – 102 736 740 тг, ал жаңа құрал-жабдықтарды орнатудың экономикалық тиімділігі жылына 11 301 000 тг құрайды.

Дипломдық жобада ұсынылған техникалық шешімдер тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесінің сапалық деңгейін және сенімділігін айтарлықтай жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]