- •2009 Жылы Елбасымен ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын үдемелі іске асыру тапсырмасы қойылған болатын. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – электр энергетикасы саласы.
- •1.2 Объектілерді электрмен жабдықтау схемалары
- •1.3 Табиғи – климаттық жағдайы
- •1.2 Кесте
- •Сурет 3.1 «Рождественка» қс-нан шығатын 35 кВ желілердің бастапқы есептік сұлбасы
- •3.2 Жүктеменің тәуліктік графигінің тұрғызылуы
- •3.4 Қондырғының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •4 «Рождественка» қосалқы станциясындағы трансформаторлардың қуатын және санын таңдау
- •4.1 Трансформаторлардың асқын жүктелу қабілеттілігін есептеу
- •7.2 «Рождественка» қосалқы станциясындағы қысқа тұйықталу токтарын есептеу
- •110 КВ ток трансформаторларын таңдау шарттары
- •35 КВ вакуумды ажыратқыштарды таңдау шарттары
- •10 КВ кернеу трансформаторларын таңдау
- •9.2 Дифференциалдық қорғаныс
- •9.5 Автоматика және сигнализация
- •10.3 Өндірістік санитария
- •10.6 Қосалқы станцияның атқ-н найзағайдың тікелей соғуынан қорғау
- •11.2 Тұрғындарды электрмагнитті өрістерден қорғау
- •12 Кернеуі 10 кВ комплектті тарату құрылғысын доғадан қорғаудың микропроцессорлі жүйесі
- •12. 1 Доғалы қысқа тұйықталуды айқындау әдістері
- •12.2 Доғалы қысқа тұйықталудан қорғау әдістерін салыстыру
- •12.3 Электрлік доға параметрлерін бақылау
- •12.4 Қорғау құрылғыларының қазіргі техникалық орындалуы
- •12.5 Оптико-электрлік доғалық қорғаныстары (оэдқ)
- •12.7 Қорғаныс үйлесімділігі бойынша қорытынды шешім
- •12.8 Овод-м типті доғадан қорғау құрылғысы
- •12.9 Овод-м құрылғысының структуралық (құрылымдық) схемасы
- •Сурет 15. Овод-м типті құрылғысының структуралықсхемасы
- •13.1 Электртехникалық қызметі (этқ)
- •13.2 Техникалық қызмет көрсетудің жылдық графигін тұрғызу
- •14.2 Капитал салымдары
- •14.3 Еңбек ақыны есептеу
- •14.4 Жобаның өтелу мерзімі
- •30000 Циклға шыдайтын механикалық ресурс
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
13.1 Электртехникалық қызметі (этқ)
Кәсіпорынның ЭТҚ – күрделі көп мақсатты жүйе. Оның прогрессивті дамуы үшін жөндеу жұмыстары жүйесімен қарастырылған жұмыстардың орындалуын ұйымдастырумен ғана шектеліп қоюға болмайды.
Сондықтан ЭТҚ жылдық және перспективті даму жоспарларын өңдеу қажет. Олар электрқондырғылардың пайдалану сенімділігін және орныққан қуатты қолдану, электрэнергиясын үнемдеу, ұжымның әлеуметтік дамуы мен еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды орындау бойынша шараларды қамту керек.
Персонал іс-әрекетіне байланысты емес себептерден болатын істен шығудың объективті факторларына: қоршаған ортаның әсері, машиналардың жұмыс режимінің бұзылуы, электрмен жабдықтау режимінің бұзылуы, электрқондырғыларының ескіру процестері жатады.
Жылдық өндірістік бағдарлама тек құрамымен ғана емес, сондай-ақ оның көлемімен, еңбек ауқымдылығымен және жұмыстың бағасымен сипатталады.
Жұмыс көлемі электрқондырғыларының шартты бірліктерінде, еңбек ауқымдылығы - адам·сағ, ал бағасы – мың. теңге бойынша есептелінеді.
Маусымдық коэффициент келесі өрнекпен анықталады:
Мұндағы tП – электрқондырғысын бір жыл ішінде қолдану ұзақтығы, ай.
Электр қондырғының әр түрі үшін оның тәулік бойы бос еместігін және қоршаған ортаның сипатын ескере отырып, норматив жүйелер арқылы жөндеу жұмыстарының жиілігін анықтайды.
Жоспарлы техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу жұмыстар санын осы жиілікке байланысты қабылдайды. Тәулік сайын жұмыс істемейтін электрқондырғылар үшін оны маусымдық қолдануға дайындау үшін қажет маусымдық ТҚК және АЖ-ді қарастырады.
ТҚК және АЖ-ң орта жылдық санын төмендегідей анықтаймыз:
Ұзындығы 61,3 км ӘЖ үшін – tтр=12 ай, tто=3 ай, nтр=12/ tтр=12/12=1,
nто= tП/tто- nтр =12/3-1=3
мұндағы tтр, tто – ТЖ және ТҚК жиілігі, ай.
tП – электрқондырғы бір жылда қолдану ұзақтығы, ай.
Жоспарлық жұмыстарға кететін жылдық еңбек шығындар келесі өрнек бойынша анықталады:
ТЖ.ТҚҚi=nТҚҚi·qТҚКi∙ni=61,3·3∙1=183,9 адам·сағат
ТЖ.АЖi=nАЖi·qАЖi∙ni=61,3·3∙15=919,5 адам·сағат
Мұндағы nТҚҚi, nАжi – бір жылдағы i-ші типті электр қондырғысының механикалық ТҚК және ТЖ саны,ni - i-ші типті электр қондырғының саны.
Бірінші тараудың жұмыс көлемін электр қондырғының физикалық бірліктерін шартты бірліктерге ауыстыру жолымен анықталады. Ол үшін барлық электр қондырғыны номенклатуралы топтарға (әуе желілері, қосалқы станциялар, электр жетектері, электр термиялық қондырғылар және т.б.), әр топтағы параметрлері бірдей электр қондырғыларының физикалық бірліктер санын есептейді және оны топқа сәйкес ауыстыру коэффициентіне көбейтеді, яғни:
Мұндағы Кперi – i-ші топқа сәйкес ауыстыру коэффициенті.
Оперативті қызмет көрсетуге қажет жылдық еңбек шығындарын жоспарлы жұмыстардың 15-30% шамасында қабылдайды.
Басқа қондырғылар үшін еңбек шығындарын дәл осы жолмен анықталып, 3 қосымшаға енгізілді.
13.2 Техникалық қызмет көрсетудің жылдық графигін тұрғызу
ТҚК және АЖ жылдық графигі – техникалық пайдалануды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін негізгі құжат болып табылады.
Графикті тұрғызу мақсаты – электр қондырғының барлық типтері үшін ТҚК және АЖ өткізу мерзімі мен санын анықтау. Әртүрлі типті, алайда профилактикалық шараларды орындау жиілігі бір электр қондырғыларды бір топқа біріктірген және жұмыстың еңбек ауқымдылығын топқа есептеген дұрыс.
Графикті тұрғызу үшін бастапқы материалдарға келесі құжаттар жатады:
-электр қондырғыларды тіркеу картасы;
-жүйе нормативтері және электрификацияланған объектілердің бос еместік графигі.
ТҚК және АЖ жиілігі бір электр қондырғының барлығы бір топқа біріктіріледі.
14 Жобаның экономикалық бөлімі
14.1 Жұмысты ұйымдастырудың жалпы сауалнамалары
Нарықты экономикада бір мезгілді шығындардың әр түрін нақты түсінген өте маңызды. Оларға капитал, капитал салымдары, инвестициялар, өндірістік факторлар (мұның ішінде негізгі фонд және айналым құралдары кіреді)
Негізгі өндірістік факторлардың экономикалық негізі – жан-жақты ұзақ уақыт бойы өндіріс процесінде электр қондырғылары ескіріліп, олардың құны біртіндеп күшін жояды.
Айналым фонды мен айналым құралдары өндіріс процесінде өздерінің өнім бағасын түгелідей жояды.
Негізгі және өндірістік фондарының үш түрлі айырмашылықтарын атап өтейік:
- айналым құралдарымен салыстырғанда негізгі фондарының қызмет көрсету мерзімі ұзақ.
- негізгі фондылар арқылы өнім құнына ұзақ және баяу өтеді, ал айналым фондылары оны өнімге бірден өткізіді.
Бірмезгіл шығындар мен жылдық шығындар - өндірістік фондылары өзінің құның өнімге өткізу процесінде байқалады. Өндірісте қатысу формасына байланысты бұл фондылар негізгі және айналым болып бөлінеді.
Негізгі фондылар – еңбек құрылғыларының ақшалық көрінісі болып табылады және өндірісте ұзақ уақыт пайдалану процесіне қатысады.
Технологиялық белгілер бойынша негізгі фондылар төменгідей бөлінеді:
- ғимараттар;
- үймелектер;
- тарату құрылғылары;
- күштік машиналар мен қондырғылар;
- өлшеуіш, реттеуіш приборлары және орнатылмаған техника;
- тасымалдау құрылғылары;
- құрал-саймандар;
- өндірістік және шаруашылық тауарлары;
- басқа негізгі фондылар (еңбектің құндылығы төмен және тез істен шығатын құрылғылар, капитал салымдары және т.б.)
