- •2009 Жылы Елбасымен ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын үдемелі іске асыру тапсырмасы қойылған болатын. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – электр энергетикасы саласы.
- •1.2 Объектілерді электрмен жабдықтау схемалары
- •1.3 Табиғи – климаттық жағдайы
- •1.2 Кесте
- •Сурет 3.1 «Рождественка» қс-нан шығатын 35 кВ желілердің бастапқы есептік сұлбасы
- •3.2 Жүктеменің тәуліктік графигінің тұрғызылуы
- •3.4 Қондырғының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •4 «Рождественка» қосалқы станциясындағы трансформаторлардың қуатын және санын таңдау
- •4.1 Трансформаторлардың асқын жүктелу қабілеттілігін есептеу
- •7.2 «Рождественка» қосалқы станциясындағы қысқа тұйықталу токтарын есептеу
- •110 КВ ток трансформаторларын таңдау шарттары
- •35 КВ вакуумды ажыратқыштарды таңдау шарттары
- •10 КВ кернеу трансформаторларын таңдау
- •9.2 Дифференциалдық қорғаныс
- •9.5 Автоматика және сигнализация
- •10.3 Өндірістік санитария
- •10.6 Қосалқы станцияның атқ-н найзағайдың тікелей соғуынан қорғау
- •11.2 Тұрғындарды электрмагнитті өрістерден қорғау
- •12 Кернеуі 10 кВ комплектті тарату құрылғысын доғадан қорғаудың микропроцессорлі жүйесі
- •12. 1 Доғалы қысқа тұйықталуды айқындау әдістері
- •12.2 Доғалы қысқа тұйықталудан қорғау әдістерін салыстыру
- •12.3 Электрлік доға параметрлерін бақылау
- •12.4 Қорғау құрылғыларының қазіргі техникалық орындалуы
- •12.5 Оптико-электрлік доғалық қорғаныстары (оэдқ)
- •12.7 Қорғаныс үйлесімділігі бойынша қорытынды шешім
- •12.8 Овод-м типті доғадан қорғау құрылғысы
- •12.9 Овод-м құрылғысының структуралық (құрылымдық) схемасы
- •Сурет 15. Овод-м типті құрылғысының структуралықсхемасы
- •13.1 Электртехникалық қызметі (этқ)
- •13.2 Техникалық қызмет көрсетудің жылдық графигін тұрғызу
- •14.2 Капитал салымдары
- •14.3 Еңбек ақыны есептеу
- •14.4 Жобаның өтелу мерзімі
- •30000 Циклға шыдайтын механикалық ресурс
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Сурет 15. Овод-м типті құрылғысының структуралықсхемасы
12.10 РДЗ-018 типті доғалық қорғаныстың микропроцессорлі жүйесі
Микропроцессорлы доғалық қорғаныстың жұмыс істеу принципі жарықтық ағынның және токтың деңгейін бақылауға негізделген. КТҚ бөліктерінің ішіндегі жарықтанудың тұйықталған кеңістігінен жарық ағынын бақылау олардың абсолютті селективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Доғалық қорғаныстың микропроцессорлы жүйесі келесі функционалды блоктардан тұрады: орталық басқару құрылғысынан (ОБҚ); ақпаратты жинаудың локалді модульдерінен (АЖЛМ); берілгендердің жүйелі шинасынан (БЖШ); оптико-электрлік датчиктерінен (ОЭД).
Оптико-электрлік датчик АЖЛМ құрамына кіреді (сызба бөлігінің 5-парағы), ал бақыланатын бөліктер санының өсуіне байланысты локалді модульге қосымша ОЭД жалғануы мүмкін.
Ақпаратты жинаудың локалді модулі - КТҚ шкафтарының бөліктерінің бірінде орнатылған микропроцессорлі құрылғыны білдіреді. АЖЛМ элементтері: мультиплексор (М); конфигурация тапсырма блогы (КТБ); ақпаратты өңдеу блогы (АӨБ); шықпа ағзалары (ША); берілгендер шинасы (БШ); қабылдап-бергіш (ҚБ).
Кернеуі ±Eп АЖЛМ қоректенуі ОБҚ қорек блогы арқылы іске асады, ал шықпа ағзасы КL электрмагнитті релесі негізінде орындалған. Қабылдап-бергіш (ҚБ) берілгендердің шиналы жүйесіне қосылған. Ол берілгендерді жеткізудің стандартты өндірістік RS-485 хаттамасының көмегімен іске асқан. Конфигурация тапсырма блогындағы ажыратып-қосқыштар 0-ден 31-ге дейінгі нөмірді қабылдайды.
Орталық басқару құрылғысы ҚБ арқылы БШЖ-не қосылады және АЖЛМ кезекті сұранысын қамтамасыз етеді (сызба бөлігінің 5-парағы). Суретте жоғарыда көрсетілген белгіленулерден басқа мыналар көрсетілген: шықпа түрлендіргіштерінің блогы (ШТБ), 220В тұрақты кернеуін төменгі деңгейлі тұрақты кернеуге түрлендіру бар ±Eп қорек блогы, кірме/шықпа блогы (К/ШБ). Қорғаныс аймағында доғалық қысқа тұйықталу пайда болған жағдайда шықпа сигналының түзілуі қамтамасыз етіледі. Қорғаныстың негізгі техникалық сипаттамалары 26 кестеде көрсетілген.
Кесте26
Қорғаныстың негізгі техникалық сипаттамалары
Жарықтану бойынша іске қосылу табалдырығы, Лк |
100÷200 |
Іске қосылу уақыты (16 және 32 АЖЛМ кезінде), мс |
16/32 |
Жүйедегі АЖЛМ максимал саны |
32 |
АЖЛМ –не қосылатын ОЭД максимал саны |
6 |
Тұрақты токты қорек кернеуі, В |
220 |
ОБҚ тұтынатын қуаты, Вт |
5÷9 |
АЖЛМ-ң тұтынатын қуаты, Вт |
0,2÷0,3 |
ОБҚ шықпа сигналының түрі |
4 бөлек шықпасы бар «құрғақ контакт» |
АЖЛМ шықпа сигналының түрі |
«құрғақ контакт» |
Қоршаған ортаның температурасы, 0С |
-25-тен +45-ке дейін |
Салмағы, кг: ОБҚ АЖЛМ |
1,5 0,2 |
Сызба бөлігінің-парағында доғалық қорғаныс секциясының структуралық схемасы көрсетілген. КТҚ-ң секциясы бірнеше аймаққа бөлінген.
Қысқа тұйықталу кезінде 1-аймақта зақымдалған ұяшықтың ажыратқышының сөнуі эффективті болады, ал басқа желілерге қосылған электрқабылдағыштары жұмыс режимінде қала береді. 2-аймақта ҚТ кезінде осы аймақтың ажыратқышының сөнуі апатты одан ары өршілендіруі мүмкін, бұл тұтынушылардың біраз бөлігін қорек көзінен ажыратуды білдіреді.
3-аймақта кірме және секционды ажыратқыштары сөнеді,сондықтан «Сраб n+1» және «Сраб n+2» сигналдары түзіледі.
4-аймақта, яғни секционды ажыратқыштар бөлігінде екі кірме ажыратқышының сөнуі талап етіледі («Сраб n+1»).
КТҚ секцияларының біреуінің толық сөнуіне кірме ажыратқыш бөліктерінде пайда болатын ҚТ әкеледі (5-аймақ). Себебі, бұл жағдайда жоғары кернеу жағындағы коммутациялық аппараттардың және секционды ажыратқыштың сөнуі қарастырылған («Сраб n+3», «Сраб n+2» сигналдары).
13. Электрқондырғыларын пайдалану бойынша жүргізілетін шаралар
Өндіріс жұмысының маңызды экономикалық көрсеткіші электрқондырғыларын сенімді және үнемді пайдалануына тәуелді болады.
Қондырғыларды сенімді және үнемді пайдалануын жоғарылату комплексті шешілетін көпқырлы сауалдың бірі. Осы сауалдың маңызды құрама бөлігі болып тұтынушылардың электрқондырғыларына техникалық қызмет көрсету және жоспарлы жөндеу жұмыстары табылады.
Жоспарлы жөндеу жұмыстары мен техникалық қызмет көрсету жүйесінің ережелері техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру формасынан тәуелсіз осы жұмыстармен айналысатын барлық кәсіпорындар үшін міндетті.
Қоршаған ортаның дестабилизациялық әсері электрқондырғыларының металдарының шіруін, оқшауламаның ылғалдануын, атмосфералық кернеулермен білінеді.
Оқшауламаны қауіпті ылғалданудан қорғау мақсатында электрқондырғыларының орналасу орны мен орындалуын дұрыс таңдаған жөн.
