Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Alisher.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.97 Кб
Скачать

12.4 Қорғау құрылғыларының қазіргі техникалық орындалуы

Қазіргі уақытта комплектті тарату құрылғысының қорғанысы үшін төмендегідей факторларға жауап беретін құрылғылар қолданылады:

- доғаның (клапанды доғалық қорғаныс) бастапқы сәтінде соққы толқын фронтында қысымның жоғарылауына;

- доғалық бағана каналында газдардың ионизациялану дәрежесінің жоғарылауына (шина бөліктерінде орнатылған доға ұстағыш электродтармен антенна типті қорғаныс);

- доғалық бағанадан сәулеленудің пайда болуына (фототиристорлар, фотореле, фототрансзисторлар және фотодиодтардағы қорғаныс).

Комплектті тарату құрылғыларының доғадан қорғаныс құру әдістерін салыстыру – абсолютті сұрыптаушылық және ақпаратты белгі сандарының минимал болуы кезінде максимал тез әрекет ету қабылетін алу мақсатында бөліктер ішіндегі жарық ағынын бақылау әдісі аса қолайлы болып табылатынын көрсетеді.

12.5 Оптико-электрлік доғалық қорғаныстары (оэдқ)

Оптика-электрлік доғалық қорғаныстар қолданылатын датчиктер типіне байланысты екі топқа бөлінеді: жартылай өткізгіштік фотодатчиктері және талшықты-оптикалық датчиктері бар қорғаныстар.

Датчиктің типі тек ақпаратты өңдеу алгоритмін ғана емес, сонымен қатар жеке және орталықтандырылған деп бөлуге болатын қорғаныстардың орындалуын да анықтайды. Орталықтандырылған қорғаныстар, әдетте, секцияның немесе ұяшық топтарының қорғанысы үшін арналған және зақымдалу аймағын сұрыптап айқындауын қамтамасыз етпейді. Оптикалық датчиктер, мысалы, жартылай өткізгіштік фотоқұралдар параллел жалғанады, ал талшықты-оптикалық диодтар түйін тәріздес қосылады. Қорғаныстың жеке орындалуы зақымдалған ұяшықтың ажыратқышына әсер етуге, қорғаныс әсерін сұрыптауды қамтамасыз етуге және зақымдалған аймақты анықтауға мүмкіндік береді. Сұрыптау қабылетін жоғарылату үшін орталықтандырылған қорғаныстар орталықтандырылған-жеке принцип бойынша орындалуы мүмкін. Әр датчиктің өзіндік бақылау аймағы бар және оған белгіді бір нөмір беріледі. Жеке қорғаныстарды талшықты-оптикалық датчиктер көмегімен іске асыру кезінде олар ақпаратты өңдеудің орталық блогымен қосылатын радиалды желі түрінде орындалады.

Дәстүрлі фотоқұралдар негізінде датчиктерді іске асыру кезінде олар сондай-ақ радиалды желілер түрінде орындалуы немесе орталық блокқа кодталған ақпарат берілетіндей параллель жалғануы керек. Оперативті ток жүйесі қорғаныстың орындалуына елеулі әсер етеді. Бұл ерекшеліктер оперативті тұрақты ток жоқ қосалқы станцияларда байқалады. Ол – доғалық қорғаныс құрылғысының айнымалы кернеулі немесе айнымалы токты тізбектерден қоректену қажеттілігін тудырады. Бірінші жағдайда – бұл қысқа тұйықталу процесіндегі кернеудің төмендеген кездегі қорғаныс әсерін қамтамасыз ететін энергия жинағыштарын қолдануды талап етеді. Алайда, шиналарда кернеу болмағанда қысқа тұйықталуға кірме ажыратқышын қосса, ол қорғаныстың іске қосылмауына әкелуі мүмкін. Сондықтан, мұндай қорғаныстардың қорек блогын - айнымалы токты және айнымалы кернеулі тізбектерге қосылған аралас қорек блогынан орындаған дұрыс. Жұмыстың сенімділігін жоғарылату үшін жарық ағынынан басқа қорғаныстардың барлығы бақылау жүргізеді. Осыған доғалық қорғаныстың - өлшеуіш органдарының электр қондырғысын қорғау режиміне адаптациясы және ғимарат ішінде орналасқан жартылай ашық типті ескі құрылымды комплектті тарату құрылғылары үшін өте өзекті тежеу каналының болуы бағытталған. Доғалық қысқа тұйықталу кезінде аралас ұяшықта жарықтық ағынның бірнеше қайтара байқалу нәтижесінде қорғалатын ұяшықтың фотодатчиктерінің жарықтануы мүмкін. Тежеуіш датчиктердің аралас ұяшық жанына бағытталуы қорғаныстың бейселективті әсерін жоюға мүмкіндік туғызады. Қарастырылып отырған қорғаныстардың тез әрекет етуі бірнеше ондық миллисекундты құрайды. Ажыратқыштың әсерін ескергендегі комплектті тарату құрылғысының сөну уақыты 0,1 – 0,15 секундтан аспауы керек. Қорғаныстың жеке құрылғылары ЮРГТУ-мен өңделген РДЗ типті немесе «ЭЛОКС» фирмасының УДЗ-1 типті құрылғыларымен жабдықталған. РДЗ құрылғылары фотодатчиктердің бір-біріне параллел жалғануы кезінде орталықтандырылған қорғаныс функцияларын да орындай алады. Орталықтандырылған құрылғылар келесі қорғаныс типтерімен жабдықталған: РДЗ-018 (ЮРГТУ), ОСДЗ («Энерготехника»), БССДЗ-01/02 («Промэлектроника»), ОВОД (ПРОЭЛ), REA-100 (ABB), ПД-01 (ALSTOM), ФВИП (НИИИТ). Көрсетілген құрылғылар бір-бірінен оптикалық датчиктерді қолдану типімен, датчиктердің байланыс желілерімен және өлшеуіш органдарымен, сондай-ақ элементті базасы бойынша ерекшеленеді. Негізінен, бұл қорғаныстар комплектті тарату құрылғысының бір немесе екі секциясын қорғау үшін және қоректендіруші қосылымдардың коммутациялық аппараттарына тигізетін әсері үшін арналған. Сондықтан да оларда зақымдалған ұяшықты бөлу ескерілмеген.

Мұндай қорғаныстың қатарына РДЗ-018, ОВОД, REA-100 типті қорғаныстары жатпайды.

12.6 ОЭДҚ-ын құру

Комплектті тарату құрылғысының доғалы қорғанысы оның конструктивті ерекшеліктерінің және коммутациялық аппараттар типтерінің ескерілуімен орындалуы керек. Ол үшін шиналы көпір бөліктерінің, жоғары кернеулі ажыратқыштар бөліктерінің, кернеу трансформаторының және т.б. тарату құрылғыларының ерекше элементтері ретінде бөлу керек. Комплектті тарату құрылғыларын осындай аймақтарға бөлу зақымдалу көлемінің минимум шығынымен коммутациялық аппараттарға тигізетін әсерін өте оптималды орындауға мүмкіндік береді. Қысқа тұйықталу кезінде бөлек элементтерде уақыт шығынысыз секцияны ажыратуды талап етеді, ал ерекше бөлек аймақтарда, мысалы өлшеуіш ток трансформаторларының, өтпе оқшаулатқыштардың бөлігінде тек зақымдалған ұяшық өшірілуі мүмкін. Мысалы, вакуумды ажыратқыштарды қолданғанда. Кірме ажыратқышының ұяшығында доғаның жануы тек секциялы ажыратқыштың ғана емес, сонымен бірге күштік трансформатордың жоғарғы кернеу жағындағы ажыратқыштың сөнуіне тигізетін ықпалын талап етеді. Секциялы ажыратқыштың зақымдалуы кірме ажыратқыштарының сөнуін талап етеді. Жоғарыда айтылып кеткен пікірлерді ескерсек, онда қорғаныс - ұяшықтардағы және оның бөліктеріндегі доғалы қысқа тұйықталуды іріктеп айқындауды қамтамасыз ету керек.

Комплектті тарату құрылғысының доғалық қорғанысын құрудың басқа жолы бар. Мұнда комплектті тарату құрылғысындағы кез-келген қысқа тұйықталу кірме ажыратқышпен сөндіріледі. Ал ол секцияның сөнуіне әкеледі. Мұндай жол қорғаныстың іске қосылуын оңайлатады және датчиктердің бірігуіне жол береді. Мысалы, ТОБЖ (ВОЛС) -сін қолдану кезінде орын алатын оптико-электрлік датчикті бір датчик ретінде орындауға мүмкіндік береді. Бірінші вариант бойынша қорғаныстың іске қосылуы кезінде бір ажыратқышқа әсер ететін құрылғылар мен ОЭДҚ-ның бірігуі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]