Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Alisher.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.97 Кб
Скачать

10.3 Өндірістік санитария

Өндірістің санитарлы қорғаныс нормаларына сәйкес олардың жеке ғимараттарын, технологиялық процестерін тұрғын үйлерден санитарлы қорғаныс зоналарымен бөлу қажет. Себебі, технологиялық процестер қоршаған ортаға зиянды заттарды шығарады, сондай-ақ дірілдеу, күлгін дыбысты шуларды, электр магнитті толқындарды тудырады.

Санитарлы-қорғаныс аймағы – бұл тұрғын ғимараттары мен өндірістік аудан шектерінің, материалдарды ашық және жабық сақтау қоймалары арасындағы территория. Ол:

- талап етілетін гигиеналық нормаларды қамтамасыз ету (атмосферадағы зиянды заттар, өнеркәсіптің, тасымалдау коммуникациясының, электр беріліс желілерінің тұрғындарға тигізетін кері әсерлерін төмендету) үшін арналған;

-физикалық әсер факторларын (шу, дірілдеудің, электр магнитті толқындардың, күлгін дыбыстың деңгейін) төмендету үшін;

-өнеркәсіп пен тұрғын аудандарының арасына құрылысты-эстетикалық тосқауыл жасау үшін;

-атмосфералық ауаның ластануын фильтрлеу және ассимиляциялау жолдарын күшейту мақсатында ауданды көкалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арналған.

Санитарлы-қорғаныс аймағын ұйымдастыру, көкалдандыру өнеркәсіпті өңдеудің және жоба құжаттарының барлық этаптарында ескерілуі керек.

Өнеркәсіптердің бөлетін зиянды физикалық факторларына байланысты санитарлы қорғаныс аймақтарының келесі минимал өлшемдері бекітіледі: 1 класс өнеркәсібі - 2000м, 2 класс - 1000м, 3 класс - 500м, 4 класс - 300м, 5 класс - 100м.

10.4 Жерге қосу құрылғыларының қолданылу аймағы және құрылымы

Электр қондырғының барлық метал бөліктері жермен қосылуы керек. Мұндай жерге қосуды сақтандырғыш деп атайды, себебі, оның мақсаты – қызмет көрсетуші персоналды кернеу астына түсуден сақтайды.

Электр қондырғыларында электрлік машиналардың, трансформаторлардың, электр аппараттарының жетектерінің, таратушы щиттердің, пульттердің, шкафтардың корпустары, сондай-ақ тарату құрылғыларының металл конструкциялары, кабель муфталарының металл корпустары, ғимараттардың металл конструкциялары жерге қосылуы керек.

Аппараттың немесе электр қондырғының қалыпты жұмыс жағдайын туғызу үшін арналатын жерге қосуды жұмыстық жерге қосу деп атайды. Жұмыстық жерге қосуға трансформаторлардың, генераторлардың, доға сөндіргіш катушкалардың нейтралінің жерге қосылуы жатады. Жұмыстық жерге қосусыз аппарат өз қызметтерін орындай алмайды немесе электр қондырғысының жұмыс режимі бұзылады.

Қондырғыны найзағайдың тікелей соғуынан сақтау үшін жерлендіргіштерге қосылатын разрядтауыштар, ұшқындық аралықтар, стерженді және тросты найзағай тосқауылдатқыштар қолданылады. Мұндай жерге қосу найзағайдан қорғағыш деп аталады.

Әдетте, жерге қосудың барлық үш типінің орындалуы үшін бір жерге қосқыш құрылғыны қолданады.

Жерге қосуды орындау үшін табиғи және жасанды жерге қосқыштарды қолданады.

Табиғи жерге қосқыштар ретінде төмендегілерді пайдалануға болады:

- су өткізу құбырлары;

- скважина құбырлары, темір-болат құбырлар;

- ғимараттардың метал және темірбетонды құрылыстары;

- гидротехникалық ғимараттардың метал шпунттары;

- кабелдің қорғасын қабыршағы;

- ӘЖ бағаналарының жерлендіргіштері;

-темір жол тораптары.

Табиғи жерге қосқыштар жерге қосу магистралдарымен әр нүктеде кем дегенде екі өткізгішпен байланысуы керек.

Жасанды жерлендіргіштер ретінде диаметрі 10 мм-ден кем емес талшықты мырыш жалатылмаған болат және 6 мм-ден кем емес мырыш жалатылған болат, сондай-ақ қалыңдығы 4 мм-ден кем емес, қимасы 48 мм 2 -тан кем емес жолақты болат қолданылады. Горизонтал жерлендіргіштердің қимасы кернеуі 1 кВ-тан жоғары электр қондырғылары үшін термиялық тұрақтылық бойынша таңдалады.

Жерлендіргіштер саны қажет есептеулер арқылы анықталады. Жасанды жерлендіргіштерді электр қондырғылары орналасқан ауданда электрлік потенциалдарды біркелкі таралатындай етіп орналастырады. Осы мақсатпен АТҚ территориясында электр қондырғыларын бойлай және олар көлденең бағытта 0,5-0,7 м тереңдікте жерлендіргіш жолақтарын жүргізеді. Жолақтардың арасы 30 м-ден артық болмауы керек. Нәтижесінде жерлендіргіш сетка пайда болады және оған жерлендірілетін қондырғылар қосылады.

10.5 «Рождественка» қосалқы станциясындағы жерге қосу құрылғыларын есептеу

Жерлендіргіштің алын ала сұлбасын жерлендіргіштің контурлық түрін қабылдаймыз, яғни электродтардың тік стержіндері (lb=5 м)және көлденең сызықтар арқылы тор тәріздес құрамыз. Тік электродтар жерлендіргіштің периметрі арқылы орналасқан.

110/35/10 кВ ҚС ауданы 4300 м2. Грунт екі қабатты, меншікті кедергі ρ1изм=100 Ом∙м (суглинок) және ρ2изм=50 Ом∙м (супесок).

Тік жерлендіргіштің диаметрі d=0,012 м, болат сызықтың қосылуы 40х4 мм. Жоғарғы қабаттың қалыңдығы h1=2,8 м. Электродтың жерге кіру тереңдігі t0=0,8 м.

Берілген сұлбадан көлденең сомалық ұзындығын және тік сымның санын анықтаймыз:

L1=1250 м

n =17

S (м2) болатын квадраттық тор болатын ретінде жерлендіргіштің есептік моделін құрастырамыз. Бір жағындағы ұзындығы

≈ 47 м.

Модельдің бір жағындағы ұяшықтар саны:

m=13 деп қабылдаймыз.

Көлденең электродтардың соммалық ұзындығын анықтаймыз:

LT=2(m+1) =2(13+1)∙47=1316 м

Ұяшық жағының ұзындығы:

Тік электродтар арасындағы қашықтық:

Тік электродтардың соммалық ұзындығы:

Lb=n∙lb=17∙5=85 м

Тік электродтың жерге кірудің салыстырмалы тереңдігі:

Салыстырмалы ұзындық:

Lот=(һ1-t)/lb=(2,8-0,8)/5=0,4 м

Грунтың есептік эквиваленті кедергісі:

Мұнда, ρ1 расч.=ρ2 изм∙φ=50∙0,7=35 Ом∙м; φ-грунт кедергісінің климаттық коэффициенті.

Енді анықтаймыз:

Қаралып отырған жасанды жерлендіргіштің есептік кедергісін анықтаймыз:

Мұнда, А- мына формуламен анықталатын коэффициент

А=0,385-0,25∙tот=0,34; 0,1≤tот≤0,5

Жерлендіргіш қондырғы қорғаныстың талаптарын қанағаттандырады.

Қосалқыстанцияның жасанды жерлендіргіші қимасы 40х4 мм, жалпы ұзындығы 1280 м кем емес және тік стержінді диаметрі 0,012 м, 17 данадан кем емес әрқайсысының ұзындығы 5 м,жерлендіргіштің периметрі бойынша мүмкіншілігінше тегіс орналасқан, яғни бір-бірінен бірдей қашықтықта; жерге кіру тереңдігі 0,8 м көлденең қиылысқан сызықтық электродтардан орындалған болуы керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]