Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom_Alisher.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.97 Кб
Скачать

9.5 Автоматика және сигнализация

«Рождественка» қосалқы станциясында келесі автоматика түрлері орнатылған: Автотрансформаторладың біреуі істен шыққан жағдайда резервті автоматты қосу көмегімен автоматты түрде секциялы ажыратқыш қосылады. Осының нәтижесінде тұтынушылар электрмен тоқтаусыз қамтамасыз етіледі.

Трансформаторлардың автоматты қайта қосылуы (АҚҚ) - трансформаторладың ішкі зақымдануларына байланысты емес, апаттан кейін қалыпты жұмысын автоматты орнықтыру үшін орнатылған. АҚҚ бір жақты қорек көзі бар екі трансформаторлы қосалқы станцияларында қолданады. Егер бір трансформатордың сөнуі екіншісінің асқын жүктелуін тудырса және осыған байланысты тұтынушылардың белгілі бір бөлігі қорек көзінен ажыратылуы қажет болса, АҚҚ қызмет көрсетуші персоналдың көмегінсіз жылдам қысқа тұйықталудан кейін желінің қоректенуін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

10Еңбекті қорғау

10.1 Электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс жүргізу шаралары

Электр қондырғыларындағы жұмыстар электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына байланысты 4 категорияға бөлінеді:

- кернеусіз;

- кернеу астында электрқорғаныс құралдарын пайдалану арқылы;

- кернеу астында ток өткізгіш потенциалдарының астында;

- кернеу астындағы ток өткізгіш бөліктерінен қашық жерде.

Жұмысты кауіпсіз орындау үшін келесі ұйымдастыру шаралары орындалады:

  • жұмыс жасауға рұқсат беру;

  • жұмысқа жіберу;

  • жұмыс орындау барысында бақылау жүргізу;

  • басқа жұмыс орнына ауыстыру;

  • жұмыста үзілісті рәсімдеу, жұмыстың аяқталуы.

Қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін тағайындалатын жауапты адамдар:

  • наряд, тапсырма беруші;

  • жұмыс жетекшісі;

  • рұқсат беруші адам;

  • жіберуші;

  • жұмысты орындауға жауапты адам;

  • бақылаушы;

  • бригада мүшелері.

Жоғарыда аталып өткен адамдар, бригада мүшелерін санамағанда, кәсіпорынның арнайы бұйрығы бойынша тағайындалады.

10.2Өрт қауіпсіздігі

Комплекті тарату құрылғыларының (КТҚ) ғимараты таза болуы керек. Жыл сайын кем дегенде бір рет шаңнан тазарту жұмыстары жүргізілуі қажет. КТҚ-ң электр техникалық қондырғыларын бекітілген график бойынша еңбек қаіпсіздігі шараларын қолдана отырып тазартып отыруы керек.

КТҚ-ң ғимараттарын және дәліздерін қойма ретінде қолдануға тыйым салынады (электр техникалық қондырғыларын және қосымша бөліктерді сақтауға, жанғыш заттар бар сыйымдылықтарды, әр түрлі газды баллондарды сақтауға).

Электр техникалық қондырғысын ластанудан тазарту үшін, әдетте, өрт қауіптілігі жоқ жуғыш құрамдармен және препараттармен қолдану қажет. Кейбір жағдайларда, яғни техникалық себептер кесірінен арнайы жуғыш заттарын қолдана алмайтын жағдайда жанатын сұйықтарды (ерітінділер, жанар май және т.б.) қолдануға рұқсат етіледі. Оның өлшемі 1 л-ден аспауы керек.

Жанатын сұйықтарды қолдану кезінде тек қана сынбайтын материалдан жасалған жабылатын ыдыстарды қолдану керек.

КТҚ-ғы дәнекерлеу және басқа өрт қауіптілігі жоғары жұмыстар – өртке қарсы шараларды қолданғаннан кейін шығарылмайтын қондырғыларда жасалуы керек.

КТҚ-ң кабель каналдары және ашық тарату құрылғыларының (АТҚ) жер асты кабель каналдары барлық уақытта жанбайтын плиталармен жабылып тұруы керек. КТҚ-ң ұяшықтарына және басқа да ғимараттарға кіретін кабель орындарының өртке деген тұрақтылығы 0,75 сағаттан кем емес жанбайтын тығыздағыштары болуы керек.

Жанбайтын тығыздағыштар кабель каналдарында олардың бір ғимараттан екінші ғимаратқа өту орындарында, сондай-ақ каналдардың тармақталған жерлерінде және әрбір 50 м сайын орындалуы қажет. Тығыздағыштар орны плиталардағы қызыл жолақтар арқылы белгіленуі керек. Қажет жағдайда түсіндірме жазбалар жазылады.

АТҚ-ң территориясындағы шөптерді орып және жұлып отыру керек. Объект территориясында құрғақ шөптерді жағуға тиым салынады. АТҚ территориясының бөлек учәскелерінде сәнді бұта шоғырларын немесе аласа өсетін жапырақты ағаштарды, соның ішінде жеміс-жидек ағаштарын отырғызуға рұқсат етіледі. Алайда, олар территорияның жалпы бағдарына кедергі жасамау керек және ағаштардың ара-қашықтығы электр жабылғысын тудырмау керек.

КТҚ ғимараттарындағы өртті сөндіру құралдары ғимаратқа кіретін жерлерде орналасуы керек. Ал, АТҚ территорияларында өрт сөндіру құралдары персоналға ыңғайлы арнайы посттарда орналасады. Өрт сөндіру құралдарының орналасу жерін көрсететін түсіндірме белгілер мен жазулар АТҚ территориясында ілінеді. АТҚ –да қозғалмалы өрт сөндіру техникасын орнату орындары (өрт сөндірудің оперативті жоспарына сәйкес) белгіленуі керек және жерге қосу орындары жабдықталу керек.

Ғимараттың ішінде майлайтын майлардың тәуліктік қорын сынбайтын ыдыстарында сақтауға болады.

Трансформаторларды сенімді пайдалану және олардың өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек:

- ЭҚП ережелеріне сәйкес жұмыстың қалыпты және рұқсат етілетін режимдерін сақтау арқылы;

-май сапасының нормасын, әсіресе оның оқшауламалық қасиеттерін және температуралық режимдерін сақтау;

-электр қондырғыларын салқындату, реттеу және қорғау құралдарын жұмыс қалпында ұстау;

-негізгі және қосымша қондырғылардың, автоматика және қорғаныс құрылғыларының жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу;

-трансформаторлар және реакторлар астында орнатылған май қабылдағыш құрылғылар апат кезінде майдың ағуын болдырмау немесе оның кабель каналдарына, басқа ғимараттарға тигізбеу үшін барлық уақытта жұмыс қаолпында ұстау;

АТҚ-да трансформаторлардан май қабылдайтын апатты сыйымдылықтар жылына кем дегенде екі рет, сондай-ақ қатты жауын-шашыннан, қардың еруінен немесе өрт сөндіруден кейін тексеруден өтуі керек.

Трансформатордың түтін шығаратын құбырының қылтасы 30 м жақындықта орналасқан қондырғыларға, ғимараттарға, сондай-ақ персоналдың өту жолдарына бағытталмауы керек. Қажет жағдайларда қорғаныс щиттары орнатылады.

Түтін шығаратын құбырдың мембранасының материалы және құрылғысы техникалық талаптарға сай келуі қажет.

Оларды өндіруші зауытпен қарастырылмаған материалдан дайындауға тиым салынады.

Трансформаторды қарау кезінде мембрананың бүтіндігін тексереді.

Май қабылдағышта майдың жаңа тамшыларын байқаған жағдайда тез арада оның ағуын тоқтату шараларын қарастыру қажет.

Трансформаторда өрт пайда болған жағдайда егер ол релелік қорғаныс әсерінен өшпесе, онда оны барлық кернеу класының тораптарынан ажыратып жерге қосу керек. Персонал өрт сөндірудің стационарлы қондырғысының қосылуын (бар болған жағдайда) бақылау керек, өрт сөндіру бригадасын шақырып, оперативті жоспарға сәйкес шаралар қолдану керек.

Трансформаторда өрт пайда болғанда оның корпусынан майды ағызып алуға тиым салынады. Себебі, бұл өрттің оның орамаларына қарай өршуіне әкелуі мүмкін. Ол өртті сөндіру жұмысын қиындатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]