- •2009 Жылы Елбасымен ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын үдемелі іске асыру тапсырмасы қойылған болатын. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – электр энергетикасы саласы.
- •1.2 Объектілерді электрмен жабдықтау схемалары
- •1.3 Табиғи – климаттық жағдайы
- •1.2 Кесте
- •Сурет 3.1 «Рождественка» қс-нан шығатын 35 кВ желілердің бастапқы есептік сұлбасы
- •3.2 Жүктеменің тәуліктік графигінің тұрғызылуы
- •3.4 Қондырғының техника-экономикалық көрсеткіштері
- •4 «Рождественка» қосалқы станциясындағы трансформаторлардың қуатын және санын таңдау
- •4.1 Трансформаторлардың асқын жүктелу қабілеттілігін есептеу
- •7.2 «Рождественка» қосалқы станциясындағы қысқа тұйықталу токтарын есептеу
- •110 КВ ток трансформаторларын таңдау шарттары
- •35 КВ вакуумды ажыратқыштарды таңдау шарттары
- •10 КВ кернеу трансформаторларын таңдау
- •9.2 Дифференциалдық қорғаныс
- •9.5 Автоматика және сигнализация
- •10.3 Өндірістік санитария
- •10.6 Қосалқы станцияның атқ-н найзағайдың тікелей соғуынан қорғау
- •11.2 Тұрғындарды электрмагнитті өрістерден қорғау
- •12 Кернеуі 10 кВ комплектті тарату құрылғысын доғадан қорғаудың микропроцессорлі жүйесі
- •12. 1 Доғалы қысқа тұйықталуды айқындау әдістері
- •12.2 Доғалы қысқа тұйықталудан қорғау әдістерін салыстыру
- •12.3 Электрлік доға параметрлерін бақылау
- •12.4 Қорғау құрылғыларының қазіргі техникалық орындалуы
- •12.5 Оптико-электрлік доғалық қорғаныстары (оэдқ)
- •12.7 Қорғаныс үйлесімділігі бойынша қорытынды шешім
- •12.8 Овод-м типті доғадан қорғау құрылғысы
- •12.9 Овод-м құрылғысының структуралық (құрылымдық) схемасы
- •Сурет 15. Овод-м типті құрылғысының структуралықсхемасы
- •13.1 Электртехникалық қызметі (этқ)
- •13.2 Техникалық қызмет көрсетудің жылдық графигін тұрғызу
- •14.2 Капитал салымдары
- •14.3 Еңбек ақыны есептеу
- •14.4 Жобаның өтелу мерзімі
- •30000 Циклға шыдайтын механикалық ресурс
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Түйін
ОӘЖ:
«АЭҮК» АҚ-ның кернеуі 110/35/10 кВ «Рождественка» қосалқы станциясын қайта құрылымдау тақырыпты дипломдық жобада электр жүктемелері мен қысқа тұйықталу токтарының есептері жүргізілді, қосалқы станцияның электр жабдықтары, корғаныс аппараттары таңдалды, ҚС-ның жерлестіру есебі жүргізілді.
Сондай-ақ жобада еңбекті қорғау және қосалқы станцияны пайдалану мәселелері қарастырылды, техника-экономикалық есептеулер жүргізілді.
Ұсынылған жобада 110кВ АТҚ-да бөлгіштер мен қысқа тұйықтағыштарды және 10 кВ КТҚ-да май толтырылған ажыратқыштарды айырғыштар мен вакуумдық ажыратқыштарға ауыстырып қайта құрылымдау қарастырылды.
Дипломдық жоба 17 сурет, 27 кесте және 90 бет түсініктеме хаттамасы мен графикалық бөлімінің 5 парағынан тұрады.
УДК:
Аннотация
В дипломном проекте на тему реконструкция подстанции напряжением110/35/10 кВ «Рождественка» АО «АРЭК»» произведены расчеты нагрузок и токов короткого замыкания, выбор оборудования, защит, заземления подстанции. Рассмотрены вопросы охраны труда, эксплуатации подстанции, произведены технико-экономические расчёты.
Настоящим проектом предусматривается реконструкция ОРУ-110кВ и КРУ-10кВ с заменой отделителей, короткозамыкателей и масляных выключателей на вакуумные.
Дипломный проект содержит 90 страниц пояснительной записки, 17 рисунков, 27 таблиц и 5 листов графической части.
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................8
1ҚC электрмен жабдықтау объектілерінің сипаттамасы......................................10
1.1 Қысқаша технологиялық және энергетикалық сипаттама..............................10
1.2 Объектілерді электрмен жабдықтау схемалары...............................................11
1.3Табиғи-климаттық жағдайы................................................................................13
2 110/35/10 кВ «Рождественка» ҚС қайта құрылымдауды негіздеу.........................14
3 Жүктемелер графигін тұрғызу..............................................................................15
3.1 «Рождественка» қосалқы станциясының жүктемелер ұзақтығы бойынша тәуліктік және жылдық графиктерін тұрғызу.........................................................15
3.2 Жүктеменің тәуліктік графигінің тұрғызылуы.................................................15
3.3 «Рождественка» қосалқы станциясының ауданындағы электр жүктемелерін есептеу........................................................................................................................15
3.4 Қондырғының техника-экономикалық көрсеткіштері.....................................18
4 «Рождественка» ҚС трансформаторлардың қуатын және санын таңдау..............20
4.1 Трансформаторлардың асқын жүктелу қабілеттілігін есептеу.......................20
4.2 ҚС жүктемесінің эквивалентті екі сатылы графигін тұрғызу.........................21
5 Қосалқы станцияның электрлік қосылу схемасын таңдау.................................23
5.1 Электр қондырғыларының схемалары туралы жалпы мәліметтер.................23
5.2 Кернеуі 110/35/10 кВ «Рождественка» қосалқы станциясының схемасы..........24
5.3 Схема сенімділігін талдау...................................................................................25
6 Қоректендіруші ЭБЖ тексеру есептері................................................................26
6.1 Кернеуі 110 кВ ЭБЖ электрлік есептеулері.....................................................26
6.2 Кернеуі 35 кВ әуе желілерін есептеу.................................................................26
7 Қысқа тұйықталу токтарын есептеу....................................................................28
7.1 Қысқа тұйықталу туралы қысқаша мәліметтер...............................................28
7.2 «Рождественка» ҚС қысқа тұйықталу токтарын есептеу....................................30
8 Қосалқы станцияның құрал-жабдықтарын таңдау.............................................36
8.1 Жоғары кернеулі ажыратқыштар мен айырғыштар тандау............................36
8.2 Ток трансформаторларын таңдау.......................................................................38
8.3 Кернеу трансформаторларын тандау.................................................................41
8.4 Иілгіш және шиналық токөткізгіштерін таңдау...............................................42
8.5 Өзіндік мұқтаждық схемаларын тандау............................................................44
8.6Асқын кернеу шектеуіштерін таңдау................................................................45
8.7 Оқшаулағыштарды таңдау..................................................................................46
8.8 КТҚС-10 кВ ұяшықтарын таңдау......................................................................47
8.9Доға сөндіргіш катушкалар................................................................................47
8.10 Сыйымдылық токтарын есептеу......................................................................48
9 Релелік қорғаныс және автоматика.......................................................................50
9.1 Есептеу маңызы...................................................................................................50
9.2Трансформаторлар қорғанысы............................................................................50
9.3 Кернеуі 110/35/10 кВ төмендеткіш трансформаторының релелік қорғаныс схемасы.......................................................................................................................55
9.4 10 кВ желінің қорғанысы....................................................................................56
9.5 Резервті қосудың автоматикасы (АВР).............................................................57
10 Еңбекті қорғау.......................................................................................................58
10.1 Электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс жүргізу шаралары.....................58
10.2 Өрт қауіпсіздігі..................................................................................................58
10.3 Өндірістік санитария.........................................................................................60
10.4 Жерге қосу құрылғыларының қолданылу аймағы және құрылымы............61
10.5 «Рождественка» ҚС жерге қосу құрылғыларын есептеу...................................62
10.6 Қосалқы станцияның АТҚ-н найзағайдың тікелей соғуынан қорғау..........64
11 Қоршаған ортаны қорғау.....................................................................................65
11.1 Қосалқы станциядағы табиғатты қорғау шаралары.......................................65
11.2 Тұрғындарды электрмагнитті өрістерден қорғау...........................................65
12Кернеуі 10 кВ комплектті тарату құрылғысын доғадан қорғаудың микропроцессорлі жүйесі.........................................................................................66
12. 1 Доғалы қысқа тұйықталуды айқындау әдістері.............................................66
12.2 Доғалы қысқа тұйықталудан қорғау әдістерін салыстыру............................66
12.3 Электрлік доға параметрлерін бақылау...........................................................67
12.4 Қорғау құрылғыларының қазіргі техникалық орындалуы............................68
12.5 Оптико-электрлік доғалық қорғаныстары (ОЭДҚ).......................................68
12.6 ОЭДҚ-ын құру...................................................................................................69
12.7 Қорғаныс үйлесімділігі бойынша қорытынды шешім...................................70
12.8 ОВОД-М типті доғадан қорғау құрылғысы....................................................71
12.9 ОВОД-М құрылғысының структуралық (құрылымдық) схемасы................72
12.10 РДЗ-018 типті доғалық қорғаныстың микропроцессорлі жүйесі...............74
13Электрқондырғыларын пайдалану бойынша жүргізілетін шаралар................77
13.1 Электртехникалық қызметі (ЭТҚ)...................................................................77
13.2 Техникалық қызмет көрсетудің жылдық графигін тұрғызу..........................78
14 Жобаның экономикалық бөлімі..........................................................................80
14.1Жобаның экономикалық тиімділігін анықтау................................................80
15Өндірістегі энергоресурстарын үнемдеу бойынша жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру..............................................................................................................84
Қорытынды.................................................................................................................86
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................87
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында былай деген: “ Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет. Таяуда Еуроодақтың ірі компанияларының алғашқы ондығы Еуроодақтың әйгілі жасыл экономика тұжырымдамасы негізінде қабылданған энергетикалық стратегиясына қарсылығын жариялады. Еуроодақ оны жүзеге асырған төрт жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. Жасыл экономика бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек.”
Осы жолдаудан ескеретіміз энергетика болашағы қарқынды дамиды соның салдарынан мен осы дипломдық жұмысты орындау барысында энергеетика мамандығын меңгеруге тырысам.
Энергия жүйесінің электрлік бөлігінде электр стaнсaсы, қосaлқы стaнсa және электр жеткізу желілерінің электр жaбдықтaрының зaқымдaнуы мен қaлыпсыз жұмыс режімі орын aлуы мүмкін.
2009 Жылы Елбасымен ел экономикасын индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасын үдемелі іске асыру тапсырмасы қойылған болатын. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – электр энергетикасы саласы.
Қазақстанда электр энергиясы өндірісімен әр түрлі жекешелендірілген 58 электр станциялары айналысады. 2009 жылы электр энергиясын тұтыну 77,95 млрд.кВт.сағ., өндiру 78,43 млрд.кВт.саг., экспорт пен импорттың көлемi тиiсiнше 1,87 млрд.кВт.саг. және 1,4 млрд.кВт.сағ. құрады. Электр энергиясын тұтыну бөлiгiнде қазақстандық өнiмнiң үлесi 90% астамды құрайды.
Генерациялайтын құрал-жабдықтар типіне байланысты қабылданған қуат құрылымы: ЖЭС-терде 16733 МВт (88,2%), СЭС-терде 2 248 МВт (11,8%).
Жұмыс істеп тұрған электр станциялары мен қосалқы станциялардың технологиялық құрал-жабдықтары айтарлықтай ескірген. Қабылданған қуаты 18981 МВТ ағымдағы жылдың қуат үзілісі 4193 МВт, яғни барлық қабылданған қуаттың 22%-ын құрап отыр. Бүгінгі таңда ҚР ҰЭТ құрайтын жоғары кернеулі әуе желілерінің (ӘЖ) 31%-ы 30-40 жылдық пайдалану мерзіміне ие, ӘЖ-лерінің 26%-ы нормативті пайдалану мерзімі – 40 жылдан асып түседі. Өңірлік электр тораптарының ескірген электрлік тораптық құрал-жабдықтары 65%-дан асып түседі, бұл электр энергиясын беру мен үлестіру секторындағы шешімін таппаған күрделі мәселелер болып отыр.
Елімізде соңғы жылдары биылғы 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық өркендеу Бағдарламасына негізделген көп салалы экономиканы құруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.
Қазақстанда соңғы 2-3 жылда (2018 ж. дейін) энергияға деген сұраныс әлі де 50% арта түседі деп күтілуде.
Таратушы құрылғылар мен электр қондырғылары моральды, физикалық тұрғыдан ескірді және қайта құрылымдауды талап етеді.
Ұсынылып отырған дипломдық жобада кернеуі 110/35/10 кВ «Рождественка» қосалқы станциясының қайта құрылымдалуы қарастырылған.
1 Қосалқы станцияның электрмен жабдықтау объектілерінің сипаттамасы
1.1 Қысқаша технологиялық және энергетикалық сипаттама
«Рождественка» қосалқы станциясының 10 кВ кернеуі бойынша электр энергиясын қабылдайтын негізгі тұтынушылары II және III категориялы тұтынушыларға жатады.
Ұяшықтар бойынша жүктемелер сипаттамасы 1 кестеде келтірілген.
Кесте1
Ұяшықтар бойынша «Рождественка» қосалқы станциясының 10 кВ кернеуі жағындағы жүктемелері
-
Ұяшықтар №
Кернеуі,
кВ
Тұтынушы
Қуаты,
МВт
5
10
С.Бощегуль
0,4
6
10
База РЭС
0,1
7
10
Быт
0,1
8
10
Быт
0,1
9
10
Балабақша
0,1
12
10
База РЭС
0,1
14
10
ТОО Нура-АЭ «К» с яч. 16
0,4
15
10
Зем.снаряд
0,4
16
10
ТОО Нура-АЭ «К» с яч 14
0,4
19
10
Мектеп
0,63
Кесте 1.1
«Рождественка» қосалқы станциясының әуе желілеріне қосылған ҚС-лардың жүктемелері
ӘЖ аталуы мен кернеуі |
ҚС-тар аталуы |
S, МВА |
cosφ |
tgφ |
P, МВт |
Q, МВар |
«Целиноградская» -35 кВ |
Целиноградская |
8,4 |
0,84 |
0.65 |
7,02 |
4,58 |
«Романовка» - 35кВ |
Романовка |
2,8 |
0,84 |
0,65 |
2,35 |
1,52 |
Сурет 1. ҚС құрылымдық схемасы
