Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
титулка (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60.55 Кб
Скачать

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.       Қағидалар Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу тәртібін айқындайды.       2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:       1) еңбек жөніндегі уәкілетті орган – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;       2) жұмыс беруші – қызметкермен еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;       3) маусымдық шетелдік қызметкер – климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс беруші жұмысқа тартатын көшіп келуші;       4) уәкiлеттi орган – өңірлік деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді және жұмыссыздықтан әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ететiн облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;       5) шетелдік жұмыс күші – жұмысқа өз бетінше орналасатын, сондай-ақ корпоративтік ауысу шеңберінде уақытша ауыстырылатын, маусымдық шетелдік қызметкерлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс беруші тартатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;       6) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны;       7) шетелдік қызметкер – Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген немесе жұмыс беруші тартатын көшіп келуші;       8) шығу елі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдік азаматы болып табылатын ел.       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1065 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу тәртібі

      3. Алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына пайыздық қатынаспен белгіленеді және (немесе) еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес басым жобалар бойынша және (немесе) шығу елдері бойынша абсолюттік мәнде белгіленеді.       4. Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота олардың іске асырылу кезеңіне белгіленеді.       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.10.2014 № 1065 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).       5. Әрбір басым жоба бойынша квота жеке белгіленеді және мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарды қоса алғанда, басым жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын ұйымдарға қажетті шетелдік қызметкерлердің ең көп саны, сондай-ақ жобаны іске асыру мерзімі мен орны айқындалады.       6. Шетелдік жұмыс күшінің шығу елдері бойынша квота Қазақстан Республикасы ратификациялаған Еңбек көші-қоны және еңбекші көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттар болған жағдайда маусымдық жұмыстарға шетелдік қызметкерлерді тарту үшін еңбек нарығындағы сұраныс жағдайының алдағы жылға арналған болжамына сәйкес белгіленеді.       7. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру жұмыс берушілердің жыл сайын бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес санаттар, кәсіптер, мамандықтар, іске асырылатын жобалар бөлінісінде шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыруы жоспарланған тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкілетті органына жіберілген алдағы жылға арналған өтінімдерінің негізінде жүзеге асырылады.       8. Уәкілетті орган ішкі еңбек нарығын талдау және жұмыс берушілердің өтінімдері негізінде жұмыс берушілердің алдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тарту негіздемесін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес еңбек жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде ұсынады.       9. Мүдделі мемлекеттік органдар тиісті негіздемесімен қоса, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған ұсыныстарын еңбек жөніндегі уәкілетті органға жыл сайын бірінші қазанға дейінгі мерзімде енгізе алады.       10. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган уәкілетті органдар мен мүдделі мемлекеттік органдардан келіп түскен ұсыныстар негізінде алдағы жылға арналған квотаны экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына пайыздық қатынаспен белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын бірінші желтоқсанға дейін енгізеді.       Басым жобалар бойынша квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобаларын еңбек жөніндегі уәкілетті органмен және мүдделі жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша мүдделі орталық мемлекеттік органдар қажеттілігіне қарай әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.      11. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаның жыл сайынғы мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті және мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, квотаны санаттары бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында бөледі және оны бөлгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей квотаны бөлу туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсына орналастырады.       12. Жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде уәкілетті орган не мүдделі мемлекеттік органдар қажеттілігіне қарай еңбек жөніндегі уәкілетті органға ағымдағы жылға арналған квотаны көбейту туралы ұсыныс енгізе алады.       13. Еңбек жөніндегі уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік не уәкілетті органдардың ұсыныстары негізінде бекітілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шегінде қайта бөлуді жүзеге асыра алады.

Қазақстан Республикасына  шетелдік жұмыс күшін     тартуға арналған квотаны   белгілеу қағидаларына