- •33. Солтүстікатлантикалық альянстың қалыптасуы.
- •34. Солтүстікамерика елдерінің отарлауға қарсы тәуелсіздік соғыстарының алғышарттары мен себептері. Ақш-тың тәуелсіздігінің қалыпттасуы және оны мойындауы.
- •35. 1938 Ж. Австриялық «Аншлюс» және ірі державалардың позициясы.
- •36. 1946-1949 Жж. Қытайдағы азамат соғысы: ксро мен ақш-тың позициялары.
- •37. Француз буржуазиялық революциясы жылдарындағы халықаралық қатынасы (1789-1794 жж.).
- •38. «Танака меморундумы» мен алғашқы соғыс ошағының пайда болуы.
- •39. Варшава келісімшарт ұйымының қызметі мен қалыптасуы.
- •40. 1792-1799 Жж. Францияның жаулаушылық соғыстарының басталуы мен еуропалық дипломатия.
35. 1938 Ж. Австриялық «Аншлюс» және ірі державалардың позициясы.
Аншлюс (немісше Anschluß (ақп.) — қосып алу) — Германияның өз құрамына Австрияны күштеп қосып алуын білдіретін термин. 30-ж. Гитлер мен Зейсс-Инкварт басқарған австриялық ұлтшыл-социалистер Австрияны Германияның құрамына қосып алуға тыйым салатын Версаль және Сен-Жермен бейбіт келісім шарттарына (1919) қарсы дайындықтар жүргізді. 1937 жылы Гитлер Италия диктаторы Муссолинидің келісімін алып, Австрияны жедел түрде басып алу туралы шешім қабылдады. 1938 жылы 12 наурызда Германия Австрия территориясына әскер кіргізіп, Аншлюсты жүзеге асырды. Австрияның фашистер үстемдік еткен 7 жылы оның тарихындағы ең қаралы кезең болды. Австрия рейхтың құрамына кіретін “герман мемлекеті” деп жарияланды. Англия, Франция және АҚШ герман басқыншылығына ешқандай қарсылық білдірместен Аншлюсты мойындап, өздерінің Венадағы дипломат. өкілдіктерін кері шақырып алды. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында Австрия Гитлер армиясы қарулы шабуылының алғашқы құрбандарының бірі болды.
1943 ж. Мәскеуде КСРО, Ұлыбритания, АҚШ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде қабылданган декларация бойынша Алманияның Австрияны қосып алуы заңсыз деп танылды. 1945 ж. наурызда Кеңес әскерлері Австрия шекарасынан өтіп, 13 сәуірде Венаны азат етті. Бірақ Аустрия бірден тәуелсіз мемлекет бола алмады. Бірнеше жыл бойы ол Франция, АҚШ, Ұлыбритания және КСРО арасында 4 оккупациялық аймаққа бөлінген қалпында кала берді. 1945 ж. сәуірінде Кеңес Армиясы Венаны және елдің көпшілік бөлігін азат етті. 1955 ж. 15 мамырда Венада КСРО, АҚШ, Англия, Франция, Аустрия мемлекеттерінің өкілдері Аустрияның тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы шартқа қол қойды. Австриядан шетел әскерлері шығарылды, сөйтіп ол қайтадан тәуелсіз ел болып, сол жылы қазан айында елдің парламенті Австрияның тұрақты бейтараптығы туралы конституциялық заң қабылдады, ал 1955 ж. желтоқсанда БҰҰ-ға мүше болып қабылданды. Аустрияның сыртқы саясаты 1955 ж. 15 мамырдағы шартта көрсетілген міндеттемелер мен тұрақты бейтараптық мәртебесіне негізделген.
36. 1946-1949 Жж. Қытайдағы азамат соғысы: ксро мен ақш-тың позициялары.
1946-1949 жылы болған Қытайдағы азамат соғысы- Қытайдың коммунистикалық партиясы және помещиктердің контрреволюциялық одағы гоминьдан саяси партиясының арасында болған азаматтық соғыс. Бұл соғыс Қытайдағы шетел империалистігін жойған халықтық-демократиялық революцияның қорытындылаушы этапы болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғында 1939-1945 жылдары Қытайдың екі территориясы болды, яғни біріншісі гоминьдан партиясының бақылауында болған территориялар ал екіншісі Кытай коммунистік партиясының жетекшілігінде болған азат аймақтар. Азаматтық соғыс 1945 жылдың тамызымен 1946 жылдың маусымы кезінде АҚШ-тың делдалдылығы арқылы гоминьдан партиясы мен Қытай коммунистикалық партиясының арасында болған келіссөздер негізінде және 1947 жылы гоминьдан партиясының әскерлері және халықтық қарулы күштер арасында үзіліссіз болған (халықтық-азаттық партиясы) әскери қимылдардың кезінде жалпы қытайлық деңгейге жетті. Гоминьдан территориясындағы өмір сүрген халық Чан Кай Ши үкіметінің антиұлттық саясатына қжәне Қытайдағы АҚШ-тың империализміне (1946 жылы 4 қазандағы қытайлық-американдық келісім мен басқа да келісім шарттар), ұлттық азшылықтар мен қарапайым халықты қанауға, экономикалық күйзеліске қарсы шықты. Гоминьдандық аймақтарда жаппай көтерілістер, демонстрациялар, ереуілдер өтті. Бұл орайда, Қытайдың демократиялық күштерінің жетістікке жетудегі басты факторлары кеңес одағы мен жалпы әлемнің прогрессивтік көмегінің негізінде жатты. 1945 жылы КСРО-ның қарулы күштері Жапонияның Квантун армиясын женгеннен кейін, Қытайдың халықтық армиясы үшін қолайлы жағдайлар туды. КСРО әкімшіліг олжалы жапондық қарулар мен ату жарақтарды Қытай коммунистік партиясына береді және Солтүстік Қытайдағы өнеркәсіп пен көлік жолдарын жөндеуге ат салысады. 1948 жылдың 5 желтоқсаны мен 1948 жылдың 31 қаңтарында төрт далалық әскерлері мен Солтүстік Шығыс Қытайдың екі тобы Фо Цзо –идің басшылығында болған қарсылас әскери топты талқандады. 1949 жылы сәуірде Бэйпин (Пекин ) қаласында Қытай коммунистік партиясының шарттары негізінде қарсылас гоминьдан партиясымен келіссөз жүргізілді. Қарсылас топ шарттарды орындаудан бас тартқандықтан 1949 жылы 21 сәуірде ҚКП шабуылды жалғастырып, Янзцы аймағын азат етуді жеделдетеді. 1950 жылдың басында Қытайдың барлық аймағы (Тибетті қоспағанда) азат етіледі. Чан Кай Ши үкіметі Тайваньға қарай қашады. Халықтық-азаттық соғыс революциялық күштің жеңісімен аяқталады. 1949 жылы 30 қыркүйекте Қытайда Орталық халықтық үкімет құрылады. Ал, 1949 жылы 1 қазанда азат Қытай Халық Республикасы жарияланады.
