Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
А.Жансая ответы госс.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.59 Кб
Скачать

34. Солтүстікамерика елдерінің отарлауға қарсы тәуелсіздік соғыстарының алғышарттары мен себептері. Ақш-тың тәуелсіздігінің қалыпттасуы және оны мойындауы.

Тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттары

1775—1783 жылдардағы Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы Англиядағы үдерістердің заңды жалғасы болды. XVIII ғасырдың ортасына қарай отарлар экономикалық жағынан өсті. Ендігі жерде олар метрополиядан жабдықталуына тәуелді болмады, өйткені оларда жекеменшік флот, ормандар және құнарлы жерлер көп болды. Халықтың саны өсті. Егер 1688 жылы онда 200 мың адам тұрса, 1775 жылы адамның саны 2,7 млн-ға жетті. Отарлар Англияның иелігінде болғанымен, мұнда Еуропаның барлық мемлекеттерінен эмигранттар ағылды. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші портты қалалардың — Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор — өсуі болды. Отарлық колледждер негізінде белгілі америка университеттері — Гарвард, Принстон, Колумбия, т.б. ашылды.Отарлар тәуелсіздік жолындағы күрес үшін пісіп-жетілді. Бірақ Ұлыбритания 1756—1763 жылдардағы Жеті-жылдық соғыста Францияны жеңгеннен кейін, өз ішкі жағдайын тұрақтандырып, Солтүстік Американың толық билік етуші қожайыны болғысы келді. Метрополияның отарларда кәсіпкерлік еркіндігін шектеп, оларды өз мүдделеріне бағындыру саясаты тәуелсіздік үшін соғыстың экономикалық алғышарттарын тудырды.XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында бірнеше парламент актілері жарық көрді. Оларда басқа теңіз державаларымен еркін сауда жасауға, отарларда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға тыйым салынды.1763 жылғы заң өз еркімен батысқа қоныс аударуға тыйым салды. Бұл заң қоныс аударушыларды корольдың жер монополиясының белгілі әкімшілік шекарасында ұстауға тырысты. Отарлық империяның басқару аппаратын қаржыландыру үшін 1764 жылы бірқатар тауарларға жаңа кедендік салықтар енгізілді. 1765 жылы тұрақты әскер ұстау үшін 10 мың солдатты Америкада пәтерге орналастыру қарастырылды. Ал шығындарды жабу мақсатында осы жылы гербтік салық туралы акт қабылданды. Бұл актінің парламентте қабылдануы отарларда наразылық тудырды.Осы кезде феодалдар билігіне қарсы аграрлық қозғалыс күшейді. XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында партизан соғысы өріс алды. Тәуелсіздік үшін күрескерлердің негізгі бөлігі фермерлер мен ауыл тұрғындары болды.Гербтік салық жаңа кедендік салықтармен ауыстырылды, бірақ бұл отарларға тыныштық әкелген жоқ. 1773 жылы 5 наурызда Бостонда қала тұрғындары британ солдаттарымен қақтығысып қалды. Ағылшын тауарларына бойкот тактикасы қолданыла бастады. Белсенді күрескерлердің бірі Сэмюэл Адамс үндістерше киінген отар тұрғындары тобын басқарып, 1773 жылы ағылшын шайы тиелген кеме жүгін теңізге лақтырды. Бұл оқиға “Бостондағы шай ішу” деген атпен тарихта қалды.Англия әкімшілік шаралар арқылы қысымды күшейте түсті. Бостон портын жауып, америкалық солтүстік-батысты өзінің Квебек провинциясына қосып алды. Осындай “төзімсіз актілерге” қарсы бой көтерулер күшейе түсті. 1774 жылы Филадельфияда тұңғыш Құрлықтық конгресс жиналды. Қабылданған “Құқықтар декларациясында” отарлардың өзін-өзі басқару құқығы туралы айтылды. Бұл әлі де тәуелсіздіктің жариялануы емес еді, ел оның табалдырығында тұрды.Соғыс 1775 жылы сәуірдің 19-ында бірден басталып кетті. Америкадағы ағылшындардың бас қолбасшысы генерал Гейдж қару-жарақ қоймасын басып алу жөнінде бұйрық бергеннен кейін, қаруланған фермерлер оның жіберген полкіне қарсы соғыс ашты. Тәуелсіздік жолындағы соғыстың алғашқы шайқасы патриоттық күштер үшін сәтті болды.

Тәуелсіздік үшін соғыс

1775 жылы мамырда жиналған Екінші құрлықтық конгресс америка өкіметіне айналды. Америка тұрақты армиясын виргиниялық ірі плантатор әрі тәжірибелі әскери адам Джордж Вашиңгтон басқарды.1776 жылы шілденің 4-інде Томас Джефферсон (америкалық ағартушы, демократиялық бағыт идеологі, кейін АҚШ-тың үшінші президенті болып сайланған) құрастырған “Тәуелсіздік декларациясы” қабылданды. Тарихта тұңғыш рет мемлекеттік құжат мемлекеттік құрылыстың негізі ретінде халық егемендігі принципін жариялады. Декларация ағылшын королі мең парламентін озбырлық әрекеттері мең адам құқығын бұзғаңдығы үшін айыптап, бұдан былай отарлар “соғыс жариялауға, бітім жасауға, одаққа енуге, сауда жасауға жәңе кез келген актілер мен әрекеттерді жүзеге асыруға толық құқықты” екеңдігін мәлімдеді.Джефферсон адамның табиғи жәңе туа біткен құқықтары туралы айта келіп, Жан-Жак Руссо сияқты меншікті табиғи емес, азаматтық құқыққа жатқызды.Тәуелсіздік идеясын америкалықтар түгел қолдаған жоқ. Экономикалық, саяси жәңе басқа да себептер бойынша ләнд- лордтар, король шеңеуніктері, саудагерлердің басым бөлігі Англиядан бөлінуді қаламады. Оларды лоялистер деп атады.Сауда жәңе кәсіпкерлер еркіндігін жақтаушы плантация иелері, американ көпестерінің көпшілігі патриоттарға жатты. Олар тәуелсіздік ісіне қаржылай көмек көрсетіп отырды. Бостондық көпес-контрабандашылардың “королі” Джон Хэнкок “Тәуелсіздік декларациясына” қолын бірінші болып қойды. Патриоттардың жетекшілері жас саясаткерлер еді. Демократиялық сенімінің күшіне қарай қарапайым адамдардың көпшілігі тәуелсіздікті қолдады.

Соғыстың барысы

Әскери қимылдар сәтсіздіктерге толы болды. 1775 жылғы жеңістердең кейін жеңілістер кезеңі туды. Күші мен саны жағынан британ әскерлері америкалықтардан басым еді. Бірақ америкалықтар соғысқа бар күш-қуатын салды. Джордж Вашиңгтон шебер қолбасшы ретінде танылды. Америка әскерлерінің жағдайы лоялистердің кесірінен қиыңдай түсті. Әскер нашар жабдықталған еді, қару-жарақ пен ақша жетіспей жатты. 1776 жылы күзде Нью-Йорк қаласына жақын жердегі ауыр шайқастан кейін Дж. Вашиңгтон әскерінің қалдығы жойылып кетуден әзер дегенде аман қалды. 1777 жылдың күзі америкалықтарға, бір жағынан, жеңіліс (ағылшын әскерлері АҚШ-тың астанасы Филадельфияны алды) әкелсе, екінші жағынан, жеңіс (солтүстікте) алып келді. Еріктілер және полиция күшімен Саратога қасында 7 мыңдық ағылшын корпусы қоршауға алынып, тізе бүкті. Бұл хабар сол кездегі америкалық дипломат Бенжамин Франклиннің Франциямен одақтық келісімге келуіне көмектесті (1778).Франциядан кейін Испания (1779), одан кейін Голландия Англиямен соғысқа кірісті. Англияның халықаралық оқшаулануға ұшырауы америкалықтардың жеңіске деген үмітін арттырды. Ресей мен Австрия бейбіт келісім жасау үшін делдалдық қызмет етуді ұсынды. 1780 жылы Ресейдің ұсынысымен құрылған әскери-теңіз бейтараптығы жүйесі Англияның теңіздегі басымдығына қарсы бағытталды. Американың тәуелсіздігі үшін шайқасушы еріктілердің қатарында маркиз де Лафайет, поляк патриоты Тадеуш Костюшко, орыс дворяны Г.Х.Веттер фон Розенталь, т.б. болды.Англия сонда да соғысты тоқтатқан жоқ. 1780 жылы АҚШ-тың оңтүстігінде оның әскері Чарльстонды басып алды. Оңтүстік Каролинада америкалықтар талқандалды. Ағылшындар Виргинияға қарай жылжыды, бірақ полиция мен партизандардың күшті қарсылығына кезікті. 1781 жылы қазанның 19-ында америкалықтар мен француздар Йорктаун түбінде лорд Корнуоллистің 8 мыңдық корпусын қоршауға алды. Ағылшындардың қарсылықсыз берілуі — соғыстың тағдырын шешті.АҚШ пен Англия алдын ала келісімшартқа 1782 жылы Парижде, ал қорытынды келісімшартқа 1783 жылы қыркүйектің 3-інде қол қойды. Бұл келісімшарттың басты нәтижесі — Америка Құрама Штаттарының тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылуы болды. Испания Флориданы алды, Канада Англияның иелігінде қалды.