- •2. Қазақ тілін оқытудағы әдіс ұғымы, әдістердің топтастырылуы. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген жаңа әдіс – тәсілдер мен технологиялар.
- •3. Дауысты дыбыстарды талдау әдістемесі.
- •2.Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері, оларды тексеру, талдау, бағалау.
- •3. Буын. Екпін. Интонация.
- •2.Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу обьектісі. Мазмұны мен міндеті.
- •4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Қазақ тілі бағдарламасы. Оны талдау. Бағдарлама мен оқулық байланысы.
- •3. Дауыссыз дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі
- •2. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін талдау.
- •3. Лексиканы оқыту әдістемесі. Лексикалық жаттығулар.Лексикалық талдау.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде дамуы. Әдіскер ғалымдардың қосқан үлесі.
- •3. Қатемен жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •2.Жалпы дидактикалық принциптер, мұғалімнің бұл принциптерді ұштастыра білуі.
- •3. Сөз таптарын оқыту әдістемесі,морфологиялық талдау.
- •1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің даму тарихы, оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
- •3. Сөзжасамды оқытудың әдіс-тәсілдері,сөзжасамдық талдау.
- •3. Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар.
- •2. Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, мазмұндама, шығарма.
- •3. Қазақ тілінен 5-8 сынып бағдарламаларын талдау, шолу жасау.
- •2. Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі. Оны жоспарлау және өткізу
- •3.Қазақ тілінің 10-11 сынып бағдарламасын талдау, шолу жаса
- •2. Орфография. Оқытудың маңызы, міндеттері, принциптері.Оны оқытудың негізгі тәсілдері.
- •3. Қате, оның түрлері, оны есепке алу, жіктеу.Оқушы дәптерін тексерудің маңызы.
- •2.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері
- •3. Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.
2.Қазақ тілі бағдарламасы. Оны талдау. Бағдарлама мен оқулық байланысы.
ТҮСІНІК ХАТ
«Қазақ тілі» пәнінің 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасындағы білім мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына (2012 ж.) сәйкес жасалды.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай білім беру жүйесінде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру басты орын алып отыр. Функционалдық сауаттылық қазақ тілінің функционалды сипатын зерделеу арқылы қалыптасады. Оқушылар тілдік бірліктердің ішкі семантикалық құрылымын және мәтін ішіндегі сан түрлі қызметін жетік білгенде ғана, тілдің функционалды сипатын түсіне алады.
Ұлттық білім беру парадигмасы және оның басты ұстанымдары бәсекеге қабілетті білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Осыған сәйкес, өз халқының баға жетпес байлығы ана тілін жетік білетін, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай алатын, тілдің таным және қатынас құралы ретіндегі ғажайып мүмкіндігін пайдалана білетін тілдік тұлға қалыптастыру керек.
Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде оқушыларға пәндік білім беріп қана қоймай, тілдің қоғам мен жеке тұлғаның дамуындағы атқаратын қызметіне сай тілдік қарым-қатынасқа түсуге, өз ойын түсінікті әрі әсерлі жеткізе білуге, басқалармен диалогке түсе білуге төселдіру қажет. Пәннің басты мақсаты – оқушының танымын кеңейтіп, түрлі тілдік жағдаяттарда өз ойын әдеби тіл нормасына сәйкес ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізе білуге тәрбиелеу. Өз ойын дұрыс жеткізе білу дегеніміз – сөйлем құрай салу ғана емес, айтайын деген ойының басқа адамдарға түсінікті, шынайы, дәлелді және әсерлі болуы. Бұндай нәтижеге тілдің қалыптасқан жүйесін, өзіне тән заңдылықтарын жетік білуі, сол арқылы сөйлеушінің қарым-қатынас мақсатына сай тілдік құралдарды, амал-тәсілдерді таңдап, талғап қолдану мәдениеті негізінде жетуге болады. Мұнда пәннен берілетін теориялық білім қатысымдық әрекетте ой мен сезімді жеткізудің құралына, қоғам мен қоршаған орта туралы білім жинақтауда таным құралына айналуы тиіс. Негізгі мектепте қазақ тілі пәні арқылы оқушының лексикалық-фразеологиялық қоры молайтылып, грамматиканың функционалдық қызметі, тіл мәдениетінің негізгі ұғымдары, тіл білімінің салаларына қатысты тілдік норма меңгертіледі.
Қазақ тілін қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту тілдің өз өміріндегі және қоғамдағы рөлін саналы түрде түсінуге, тілдің табиғатын халықтық таным тұрғысынан пайымдауға үйретеді. Тілдің қатысымдық тұрғыдан оқытылуы тілдесім әрекетінде іске асырылатын тілдік бірліктердің табиғи және функционалдық қасиеттерін тануға, оның ішкі мағыналық иірімдерін түсініп пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сөз бен сөйлемді, мәтінді әрі тілдік, әрі қатысымдық бірлік ретінде оқыту тілдің мәдени-танымдық, қатысымдық, әлеуметтік, кумулятивтік қызметтерін меңгеруіне жол ашады.
Тілдік бірліктердің қызметін мәтін арқылы оқыту оқушылардың танымдық қабілетін белсендіреді, сыни ойлау қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытады, әлеуметтік-тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Тілді мәтін арқылы оқыту оның адам баласының қатынас құралы ғана емес, сол халықтың мәдениетін, дүниетанымын, әлеуметтік күйін танытатын көрсеткіш екенін бағалауға жетелейді. Мәтіндегі тілдік бірліктердің табиғатын талдай білу сөйлеушінің сөздің мағыналық реңктерін дұрыс ажыратып, тұтас ойды жеткізудегі сөз саптау шеберлігін бағалауға үйретеді. Мәтін құрауға төселдіру арқылы оқушының шығармашылық қабілеті дамытылып, тілді жұмсау шеберлігі қалыптастырылады.
Мектеп оқушысына тілді қатынас және таным құралы ретінде оқыту; сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтінтүзімдік қызметін таныту; тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құрату; мәтін құраудағы заңдылықтарды үйрету; тілдік жағдаяттарда ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгерту; әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін игерту көзделеді.
Пәнді оқыту мақсаты:
Өзін және өмір сүріп жүрген ортасын бағалай алатын жас ұрпаққа білім беретін, ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту. Мәтін құрауға қатысатын тілдік бірліктердің түрлі деңгейдегі сипаттамасын, қолданыстағы мағыналық реңктерін және қатысымдық мәнін білгізу.
Пәнді оқыту міндеттері:
тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру;
тілдің танымдық, қатысымдық, кумулятивтік қызметтерін таныту;
тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту;
тілдің мәтін ішіндегі қолданысын игерту;
мәтіннің тілдік және танымдық қызметтерін меңгерту;
тілдік бірліктердің қолданыстағы мағыналық реңктерін ажырату;
тілдік бірліктердің ақпараттық мәнін ұғындыру;
дыбыстың, сөздің, сөйлемнің, мәтіннің қолдану барысындағы табиғатын түсіндіру;
оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру;
оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
әдеби тіл нормаларын меңгерту;
тілдік жағдаяттарда қарым-қатынас жасаудың амал-тәсілдерін үйрету;
оқушылардың тілдік бірліктерді жұмсаудағы эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
шығармашылық ізденіс бағытындағы жұмыс түрлеріне төселдіру;
мәтін табиғатына талдау жасай білуі тиіс.
Пәнаралық байланыс оқушының дүниетанымын молайтып, қазақ тілін басқа ғылым негіздерімен ұштастыра меңгеруіне жол ашады. Жалпы білім беретін мектептің негізгі орта деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін төменде көрсетілген пәндермен байланыстыру көзделеді.
«Қазақ әдебиетімен»:
Қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты. Тіл – әдебиеттің бірінші элементі. Қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды, әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады.
Көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу. Әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру. Әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету.
«Қазақстан тарихымен»:
Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді. Тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі.
Жаратылыстану циклі пәндерімен:
тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады. Бұл пәндермен, әсіресе, биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді. Басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты.
Тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады. Дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты.
Танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.
Оқу жүктемесінің көлемі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі.
4-қосымша:
5-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
6-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
7-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат.
Әрбір тоқсанда алынатын бақылау диктантының саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.
Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі
Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың өз ойларын еркін және дәлелді түрде ауызша да, жазбаша да сауатты жеткізе білуін жетілдіру мақсатында оқушылардың сұранысына орай арнайы сабақтар ұйымдастыруға болады. Мысалы, 5-6-сыныпта: «Сөз сыры», «Сөзжасамдық норма»; 7-8- сыныпта: «Сөз таптарының қолданысы», «Мәтін және сөйлем»; 9-сыныпта: «Құрмалас сөйлемдер жүйесі», «Тіл тарихы», «Стиль және сөз мағынасы» сияқты үлгі-тақырыптар ұсынылады.
