- •2. Қазақ тілін оқытудағы әдіс ұғымы, әдістердің топтастырылуы. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген жаңа әдіс – тәсілдер мен технологиялар.
- •3. Дауысты дыбыстарды талдау әдістемесі.
- •2.Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері, оларды тексеру, талдау, бағалау.
- •3. Буын. Екпін. Интонация.
- •2.Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу обьектісі. Мазмұны мен міндеті.
- •4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Қазақ тілі бағдарламасы. Оны талдау. Бағдарлама мен оқулық байланысы.
- •3. Дауыссыз дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі
- •2. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін талдау.
- •3. Лексиканы оқыту әдістемесі. Лексикалық жаттығулар.Лексикалық талдау.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде дамуы. Әдіскер ғалымдардың қосқан үлесі.
- •3. Қатемен жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •2.Жалпы дидактикалық принциптер, мұғалімнің бұл принциптерді ұштастыра білуі.
- •3. Сөз таптарын оқыту әдістемесі,морфологиялық талдау.
- •1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің даму тарихы, оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
- •3. Сөзжасамды оқытудың әдіс-тәсілдері,сөзжасамдық талдау.
- •3. Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар.
- •2. Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, мазмұндама, шығарма.
- •3. Қазақ тілінен 5-8 сынып бағдарламаларын талдау, шолу жасау.
- •2. Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі. Оны жоспарлау және өткізу
- •3.Қазақ тілінің 10-11 сынып бағдарламасын талдау, шолу жаса
- •2. Орфография. Оқытудың маңызы, міндеттері, принциптері.Оны оқытудың негізгі тәсілдері.
- •3. Қате, оның түрлері, оны есепке алу, жіктеу.Оқушы дәптерін тексерудің маңызы.
- •2.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері
- •3. Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.
2.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері
Синтаксисті оқыту, қазақ тілі мектеп курсының басқа салаларын оқыту индукция және дедукциялы ойлау әдістеріне, талдау және жинақтау сияқты ақыл-ой қызметінің тәсілдеріне сүйенеді. Ойлаудың бұл категориялы синтаксистік ұғымдар мен ережелерді оқып үйренудің негізгі жолдарын белгілейді. Синтаксис сабақтарында материалды оқып үйренудің индуктивті-дедуктивті жолдары жиі пайдаланылады. Сөз тіркестері мен сөйлемдерді құраудың синтаксистік ұғымдары мен ережелерін талдап түсіндіруде, сөйлеудің әр түрлі салаларында олардың қолдану ерекшеліктерін ұғымдыруда, нақты тілдік материалды талдаудан бастаймыз, өйткені бұл ұғымдар мен ережелер сөйлеу практикасында қолданылатын нақты сөз тіркестері мен сөйлемдерді дерексіздендірудің, жалпылаудың жемісі болып табылады.
Мектеп пәнді түсініп игерудің басты ерекшелігі ойлану, яғни адамның қабылдауы, қайыра айтып беруін қолдануын түсіну, түйсінуі ғылыми ұғымдар мен ережелерді игеруге байланысты, бұл игеру, өз кезегінде, ұғымдарды қолдану процесінде пайда болады. Сонымен, ана тілін оқыту процесіндегі таным теориясының негізгі заңы жанды көріністен абстракты ойлауға, одан практикаға деген заң жүзеге асырылады.
Синтаксистің өзекті мәселелерінің бірі – сөз тіркесі мен сөйлемді сөздердің байланысуын оқыту кезінде стрелкалар қолдану, олар құрылым мүшелерінің тәуелділігі мен сатылы қатынастарының бағытын көрсетеді. Мысалы: сөздердің бір бағыттағы сабақтаса байланысуын стрелка арқылы (бағыныңқы компоненттер басыңқыға, керісінше, басыңқыдан бағыныңқыға) көрсетуге болады. Мысалы: төртіншітоқсан, қалалар достығы, жоспарда белгіленген. Мұнда стрелка бағыныңқының басыңқыға қатысын көрсетсе, керісінше басыңқының бағыныңқыға қатысын да көрсетеді. Сол тіркесінде басыңқы компонент соңына орналасатыны белгілі, оның үстіне Х белгісі қойылады. Бастауыш пен баяндауыш – сөйлемнің грамматикалық негізі, предикативтік байланысты білдіретіндіктен, схемада екі жаққа қаратылған стрелка қолданылады.
3. Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.
Пунктуацияның маңызы. Пунктуация – тыныс белгілерін дұрыс қою ережелерінің жүйесі болып есептеледі.
Пунктуация жазылған текстің мазмұнын дұрыс түсінуге, оның оқылуын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Тыныс белгілері арқылы сөйлем жігі ажыратылады.пунктуация, орфография сияқты, жазу тілінің дұрыс берілуін қамтамасыз ететін көмекші белгі болады. Пунктуациялық сауаттылық – адамның жалпы сауаттылығының айғағы.
Пунктуация принциптері: грамматикалық, логикалық (мағыналық) интонациялық. Қазіргі пунктуация бір принципке –семантика-грамматикалық принципке негізделеді. Бұның компоненттері –сөйлемнің мағынасы мен грамматикалық құрылысы. Интонация грамматикамен (синтаксиспен) тығыз байланысты, яғни сөйлемнің айрықша белгісі болып есептеледі.
Пунктуациялық қателердің түрлері. Үш түрі бар:
Тыныс белгісін қоймай кету;
Тыныс белгісін артық қою;
Тыныс белгісінің қайсысын қоярын білмеу, яғни бірінің орнына екіншісін қойып шатастыру. Кейде сонымен қатар қатенің төртінші тобы кездеседі. Тыныс белгісін тиісті жерге қоймай, басқа жерге қою. Тыныс белгісін артық қою мектепте ең жиі кездесетін қатенің түрі болып есептеледі.
Пунктуациялық сауаттылықтың төмен болу себептері мен оларды болдырмаудың жолдары. Диктант жазғанда жалпы жазу жұмысының түрлерінде емле қатесінен гөрі, тыныс белгісінен қате көп болады. Себебі: 1) емлеге көбірек жаттығады, әр сыныпта тыныс белгісінен өткенді әрқашан естеріне салып, көбірек жаттықтырса, қате көп болмас еді; 2) пунктуацияның өз ерекшелігіне байланысты: ол адамның жан-жақты жіктелуін, тілінің жақсы дамығанын талап етеді; 3) пунктуация бойынша жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмауға байланысты: пунктуацияны оқытудың өзіндік принциптері ескерілмейді, тыныс белгілерінен жіберілген қателердің себептері жөнді түсіндірілмейді; 4) бір жағынан, пунктуациялық ережелерді өтуде асығыстық болады, екінші жағынан, тыныс белгісін қоюда екі ұштылық туғызатын ережелердің көп болуынан;5) кей-бір оқушылардың жалпы дамуының жетімсіздігі, сөйлеуінің дамытылмауы, сөйлемдегі логикалық ойының жетілмеуі, т.б. тыныс белгілері ережелерінің жинағын жаттау жолымен пунктуацияны үйретуге болмайды.
Тыныс белгілерді оқушылар тексті түгел жазып алғаннан соң емес, сол жазу үстінде қоюға дағдыланғандары жөн. Яғни оқушы текстің мазмұнына көңіл аударып, түсініп жазатын болса ғана тыныс белгісінің сөйлем ішінде қойылатын жерлерін аңғаруына мүмкіндік туады.
28-29-30-жоооооооок
