- •2. Қазақ тілін оқытудағы әдіс ұғымы, әдістердің топтастырылуы. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген жаңа әдіс – тәсілдер мен технологиялар.
- •3. Дауысты дыбыстарды талдау әдістемесі.
- •2.Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері, оларды тексеру, талдау, бағалау.
- •3. Буын. Екпін. Интонация.
- •2.Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу обьектісі. Мазмұны мен міндеті.
- •4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Қазақ тілі бағдарламасы. Оны талдау. Бағдарлама мен оқулық байланысы.
- •3. Дауыссыз дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі
- •2. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін талдау.
- •3. Лексиканы оқыту әдістемесі. Лексикалық жаттығулар.Лексикалық талдау.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде дамуы. Әдіскер ғалымдардың қосқан үлесі.
- •3. Қатемен жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •2.Жалпы дидактикалық принциптер, мұғалімнің бұл принциптерді ұштастыра білуі.
- •3. Сөз таптарын оқыту әдістемесі,морфологиялық талдау.
- •1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің даму тарихы, оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
- •3. Сөзжасамды оқытудың әдіс-тәсілдері,сөзжасамдық талдау.
- •3. Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар.
- •2. Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, мазмұндама, шығарма.
- •3. Қазақ тілінен 5-8 сынып бағдарламаларын талдау, шолу жасау.
- •2. Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі. Оны жоспарлау және өткізу
- •3.Қазақ тілінің 10-11 сынып бағдарламасын талдау, шолу жаса
- •2. Орфография. Оқытудың маңызы, міндеттері, принциптері.Оны оқытудың негізгі тәсілдері.
- •3. Қате, оның түрлері, оны есепке алу, жіктеу.Оқушы дәптерін тексерудің маңызы.
- •2.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері
- •3. Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.
3.Қазақ тілінің 10-11 сынып бағдарламасын талдау, шолу жаса
Қазақ тілінен 10-11 сынып оқу бағдарламасы. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ тілі» пәнінен типтік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде емес) 1. Түсінік хат 1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленген. 2. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәні – орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес «Тіл және әдебиет» білім беру саласына енгізілген және мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде міндетті түрде оқытылатын пән. Оқу пәнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сӛйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сӛйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас нормаларын игерту.
. Оқу пәнінің міндеттері: 1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, лингвомәдениеттанымдық, этномәдени және әлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің коммуникативтік бағытын жүзеге асыру; 2) оқушының ӛз ойын, пікірін, кӛзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру; 3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту; 4) мәдени-әлеуметтік, қоғамдық-саяси тақырыптардағы оқу материалдарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру. \
«Қазақ тілі» пәнінің білім мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі, шындық ӛмірге сәйкестігі; оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі дамытуға, оның ӛзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды:
Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында ұсынылған Типтік оқу жоспарына сәйкес (10-қосымша) жаратылыстану- математикалық бағыттың
10-11-сыныптарында «Қазақ тілі» пәні аптасына 4 сағаттан оқытылады. 1) оқу жылындағы барлық сағат саны: 10-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағат; 11-сынып – аптасына 4 сағат, барлығы – 136 сағатты құрайды.
2. Оқу пәнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны 21. Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 38/26 сағат: 1) жаратылыстану ғылымының салалары – 11/7 сағат (Тілдік бӛлім: Ғылыми стиль. Терминдер. Лексика. Тақырып кӛлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сӛйлесімдік бӛлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді түсіну. Оқылым. Тақырыпқа қатысты мәтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы баяндау. Жазылым. Жаратылыстану ғылымының салалары туралы мәтіндер. Тілдесім Кәсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сӛйлесудің үлгілерін, сӛздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог- сұрақ. Диалог-жауап. Мәдениетаралық қарым-қатынас бӛлімі: Жаратылыстану ғылымы туралы мәтіндер); 2) «Менің әкем инженер» (отбасындағы әке мен бала қарым-қатынасы, қонақ күту) – 16/12 сағат. (Тілдік бӛлім: Біріккен сӛз. Қос сӛз. Зат есім, не? Зат есімнің кӛптелуі.. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Пәндік нәтижелер 27. Лексика бойынша: 1) берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сӛздердің қолданылуын; 2) фразеологизмдердің мағынасын дұрыс ажыратуды; 3) мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды; 4) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс. 28. Сӛз құрамы мен сӛзжасам бойынша: 1) түбірлес сӛздердің мағыналық байланысын; 2) сӛз таптарының сӛзжасамдық ерекшеліктерін білуі тиіс. 29. Грамматика бойынша: 1) сӛздердің түрлену формаларын; 2) стилдің түрлерін білуі тиіс. 30. Сӛйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 1) тыңдалым: нақты, анық айтылған ақпараттардың мазмұнын түсіну; радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну; аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын; 2) оқылым: әртүрлі тақырыптарда ұсынылған мәтіндерді оқып түсіну; оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп, баяндау; мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бӛліктерге жіктей алу; ғылыми-кӛпшілік, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптардағы материалдарды оқып талдау, ой қорыту дағдыларын меңгеруі тиіс; 3) айтылым: ӛзінің сезімдерін, кӛзқарасын, ой-пікірін, армандарын жеткізе алу; түрлі жағдаятқа сәйкес кӛзқарасын білдіру; затты, құбылысты суреттеп, сипаттап айта алу дағдыларын; 4) жазылым: ӛзінің алған әсері туралы қысқа, шағын әңгіме жазу; пунктуация ережелерін сақтау; ұсынылған мәтіндер бойынша жоспар түзу, тезис жазу дағдыларын меңгеруі тиіс; 5) тілдесім: әртүрлі жағдаятта диалогтік, полилогтік сұхбаттарға қатысу; таныс жағдаяттарда сұхбатқа ӛздігінен араласу; үнтаспада жазылған сұрақтарды тыңдап түсіну, сол туралы ӛз қӛзқарасын білдіру; оқыған мәтін бойынша ӛз пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс. 5. 11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Пәндік нәтижелер 31. Лексика бойынша: 1) сӛздің тура және ауыспалы мағынасын; 2) синонимдік қатардан сӛз таңдай; 3) тұрақты тіркестер, мақал мен мәтелдер, афоризмдердің аражігін ажырата; 4) омоним, антоним, синоним сӛздердің қолданылу орындарын; 5) ӛндірістің, ғылымның, техниканың, ӛнер мен мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді; 6) лексикографиялық сӛздіктерді қолдану тәсілдерін; 7) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс. 32. Сӛз құрамы мен сӛзжасам бойынша: 1) қосымшалардың түрлерін ажырата; 2) туынды сӛздердің түрлерін жіктей; 3) қазақ тіліндегі сӛзжасам тәсілдерін ажырата білуі тиіс. 33. Грамматика бойынша: 1) сӛз таптарының грамматикалық категорияларын; 2) сӛз таптарының сӛйлемдегі синтаксистік қызметін; 3) құрмалас сӛйлемнің түрлерін; 4) құрмалас сӛйлем мен жай сӛйлемнің айырмашылықтарын; 5) стилдің түрлерін білуі тиіс. 34. Сӛйлесім әрекетінің түрлері бойынша: 1) тыңдалым: аудиотаспадан тыңдалған диалог пен полилогті түсініп, онда айтылған сӛз мазмұнын жеткізе білу; тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға баға беру; радио, телеарналарда берілетін хабарлардың мазмұнын түсіну; аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын меңгеруі тиіс; 2) оқылым: мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқып түсіну; мәтіннен ӛзіне керекті мәліметті бӛліп ала білу; оқудың нақты мақсатына сай әртүрлі стильдегі мәтіндерден негізгі ойды ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс; 3) айтылым: оқыған әңгіменің мазмұны, тақырыбы туралы айтып беру; ӛз бетінше газет-журнал материалдарынына шолу жасап, негізгі ойды анықтай алу; интернет желісінен қажетті ақпаратты тауып, оны ӛз сӛзімен баяндай алу дағдыларын меңгеруі тиіс; 4) жазылым: жеке адамға қатысты құжаттарды сауатты толтыру; ұсынылған тақырып бойынша шығармашылық сипатта мәтін құрай алу; реферат жұмысында дәйексӛздерді кіріктіру және әдебиеттерді рәсімдеу дағдыларын меңгеруі тиіс; 5) тілдесім: ұсынылған тақырып бойынша полилогқа қатысу; диалогтің түрлеріне сай пікірлесе алу; үнтаспадағы диалогті тыңдап, ӛз сӛзімен айтып беру; нақты тақырыпта сұхбат құрастыра алу; әңгімені жалғастыру, пікір таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс. 6. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Тұлғалық нәтижелер 35. 10-11-сынып оқушыларының: 1) Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына құрмет кӛрсетуінен; 2) жоғары патриоттық сезімін кӛрсете білуінен; 3) мемлекеттік тілді білуінен, қазақ халқының және Қазақстан аумағында ӛмір сүріп жатқан басқа да ұлыстардың тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне және басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан; 4) адамдармен қарым-қатынаста жоғары мәдениеттілік танытуынан, этикалық нормаларды сақтай білуінен; 5) ӛздігінен білім алуға, ӛмірден ӛз орнын табуға қабілеттілігінен; 6) әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан кӛрінеді. 7. 10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар Жүйелі-әрекеттік нәтижелер
10-11-сынып оқушыларының: 1) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, ӛңдей, жинақтай және қолдана білуінен; 2) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен; 3) мәтіндерден тура, ауыспалы мағыналы сӛздерді, мақал-мәтелдерді таба алуынан және оларды қажетіне қарай ӛзінің сӛйлеу тілінде орынды қолдануынан; 4) ӛз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан; 5) мәселеге қатысты ӛз кӛзқарастары мен ұсыныстары туралы пікір білдіре алуынан; 6) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен; 7) коммуникативтік қабілеттілігі мен кӛптілді мәдениеттілігінен; 8) күнделікті жағдаяттарға байланысты ӛзгелермен сұқбаттаса алуынан; белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан; 9) тосын сұхбаттарға (отбасы, хобби, жұмыс, саяхат т.б.) қатысып, ӛз ой-пікірлерін білдіруінен; 10) тілдесім әрекетінде қазақ тілінің сӛз мәдениеті нормаларын сақтап қолдануынан; 11) тілдік жағдаяттардың ерекшелігіне сай қазақ тіліндегі этикеттік орамдарды орынды пайдаланып сӛйлесе алуынан кӛрінеді.
Билет №21 1. Үстеу, оның мағыналық түрлері. Шылау сөздер, оның түрлері мен ерекшеліктері.
Қазақ тілінде өзінің грамматикалық ерекшелігімен ерекше көзге түсетін сөз табының бірі – үстеулер. Себебі: үстеу сөз табына жататын табиғи сөздік қоры жоқ, бұл сөз табына қатысты келетін сөздер табының барлығы дерлік өзге сөз таптарының лексикалану жолымен жасалған, яғни үстеу сөз табына ауысқан тілдік тұлғалар болып келеді. Үстеу дегеніміз морфологиялық жағынан түрленбейтін (өте сирек), лексика-семантикалық жағынан өз алдына топ болып қалыптасқан, сөйлемде анықтауыш қызметін атқаратын сөз табын айтамыз (А.Ысқақов. “Қазіргі қазақ тілі”, -Алматы, 1974, 350-бет).
Үстеулер негізінен етістікке қатысты болып келеді де, оның сын-бейнелік, мезгіл, мекендік, мөлшерлік секілді сындық белгілерін білдіреді. Дегенмен, тілімізде бұл сияқты пысықтауыштық қызметте басқа да сөз таптары атқара береді. Сондықтан қайсыбір кезде бірдей дыбысталатын сөздердің өзі үстеуге жатпауы да мүмкін. Мысалы: Бірге бір қосса екі болады. Олар бірге келді. Бұл сөйлемде алғашқы бірге сөзі септеліп тұрған сан есім де, соңғы сөйлемдегі бірге сөзі қалай деген сұраққа жауап беретін үстеу сөзі болып табылады, бірақ дыбысталуы бірдей. Ал олардың және осы секілді сөздердің қай сөз табы екендігін ажыратқанда сөйлемдегі мағынасына көңіл бөлу керек (контекске). Өйткені үстеулердің өздері – тілімізде бұрыннан қолданылып келе жатқан зат есім, сын есім, сан есім, етістіктердің т.б. жұмсала келе көнеленіп, лексикаланып кетуінен пайда болған сөздер. Мысалы: бірде, бірге, босқа, зорға, шалқасынан, кейде, ертемен, алға, артта, сонда, мұнда, лашсыздан, қапыда, бірден т.б. түрлі сөз таптарының лексикалануынан жасалған үстеу сөздер.
Сонымен қатар, жоғарыдағы секілді көнеленіп кетуінен, лексикалануынан жасалған үстеу сөздермен қатар, екі жаққа бірдей, яғни сөйлемдегі мағынасына байланысты бірде үстеу, бірде өз сөз табында қалып жүрген тұлғалар да кездеседі. Мұндай жағдайлар, әсіресе, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септікті тұлғаларда жиі ұшырайды. Айталық, өлеңді жатқа айту, қыз бала жатқа жаратылған.
Тек есімдер тобынан ғана емес, үстеулер етістік сөз табынан көсемше формалардың көнеленуінен де жасала береді. Бірақ көсемше тұлғаның бәрін үстеу ретінде де қарастыруға болмайды. Әрине олардың қызметі жағынан болсын өте ұқсас болып келетінін де естен шығармаған жөн. Мәселең, ол үндемей, ақырын келді дегендегі үндемей үстеу емес, көсемше тұлғалы етістік болып табылады. Себебі, үндемей, үндеп көсемшелері жіктеледі: мен үндемеймін, сен үндемейсің, сіз үндемейсіз, ол үндемейді әрі жеке қолданысында, басқа етістікпен тіркесінде басыңқының баяндауышы немесе пысықтауыш та бола алады. Ал үстеулер жіктелмейді.
Мысалы, көсемшенің көнеленуінен жасалған мына үстеулер жіктік жалғауын қабылдамайды: аздап, аз-аздап, азғана, екіншіден бұлар пысықтауыш қана болумен қатар, етістіктің болымсыздық –ма жұрнағын қабылдамайды. Кейде көсемшелердің қайталануынан сөздер лексикаланып үстеуге айналатын жағдайлар кездеседі: көре-көре көсем боласың, сөйлей-сөйлей шешен боласың т.б.
Үстеулер құрым жағынан негізгі және туынды түрінде кездеседі. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде морфемаларға бөлінбейтін, белгілі бір формада қолданылатын сөздер жатады: әдейі, жорта, үнемі, дереу, төмен, әрі, ерте, нағыз, мейлінше, төтенше, аса, тіпті, арасын, ерекше, әрең, ұдайы т.б. Әрине, бұл үстеулерді негізгі деудің өзі шартты нәрсе, өйткені жоғарыда айтқанымыздай үстеулер ерте кезден түрлі формалардың көнеленуінен келіп жасалған сөздер болып табылады. Ал тарихи тұрғыдан оларда жіктеуге болады. Айталық, сыртқары, ішкері, ұшқары, тысқары үстеулері - -қоры қосымшасының сырт, іш, ұш, тыс сөздеріне қосылуының жасалғаны көрінп тұр.
Негізгі үстеулердің А.Ысқақов (аталған еңбек) мына секілді ерекшеліктерін атайды:
1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады:
Бұрын – бұрынырақ – бұрынырақтау – тым бұрын - әрі - әрірек - әріректеу – тым әрі
2. Негізгі үстеулер қосарланып немесе пленизм жолымен қабаттаса қолданыла алады: бостан-босқа, құрдан-құр, жай босқа, бос бекерге, құр босқа т.б.
3. Негізгі үстеулер қосымша арқылы, қосарлану, тіркесу нәтижесінде туынды үстеулер жасала береді: өзгеше, әрең-әрең, келе сала, ендігәрі т.б. (351-бет).
Туынды үстеулер басқа сөз таптарынан қосымшалар көмегімен, қосарлану, бірігу, тіркесу тәсілдерінен жасалған үстеулерді айтамыз.
Туынды үстеулер жалаң әрі күрделі туынды болып құрамы жағынан екі топқа бөлінеді. Жалаң туынды үстеулер сырт формалы бір сөзден, яғни түбірге қосымшалардың жалғануының нәтижесінде жасалынған үстеу түрін танимыз. Осы жалаң туынды үстеулердің басқа туынды сөз таптарынан ерекшелігі – туынды үстеулердің жұрнақтан өзге көнеленген жалғаулардың жалғануынан жасала береді.
Мәселен, жалаң туынды үстеулер мына секілді жұрнақтар нәтижесінде жасала береді: 1) –ша, -ше: балаша, балаларша, өзгеше, басқаша, қысқаша, жаңаша т.б. зат, сын есімдерден, есімдіктерден жасала берсе, 2) түрлі сөз таптарынан: -пай (-пей, -дай, -дей, -тай, -тей): жастан, осылай, екіншісі; -дайын, -дейін (-тайын, -тейін): түлкідейін түн қатып, бөрідейін жол тартып (Махамбет); -шалық (-ша+лық), -шама (-ша+ма): осыншалық, осыншама, мұншама, соншама т.б.; -шылып, -шіліп (бұл –ша, -ше, -лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп секілді көсемшенің құранды жұрнағы тек адвербиалданған формалары (яғни жақтық мағынаны білдіретіндері) үстеу жасай алады: жаяулап, еңбекте, сулап, отыздап т.б.; ал мына секілді жұрнақтар үстеу жасауда өнімсіз қосымшаларға жатады: а) –қара, -кері: сыртқары, ішкері, ұшқары; ә) –ын, -ін, -сын, -сін: астыртын, үстіртін, ертеңгісін, кешкісін, қысын, жазын, жасырын, түскісін т.б.
Егер бір топ үстеулер қазіргі кезде құран жағынан бөлінбегенмен тарихи тұрғыда қайсыбір есім сөз таптарынан септік жалғауларының жалғанған түрінде қолданыла жүріп, соңғы кездерде олардың сол сөз құрамында көнеленуінен үстеулер жасалынғанын анықтауға болады. Мәселең барыс септік жалғауының көнеленуінен: кейде, әлгіде, алда, түнде, аңдаусызда, қапыда, жаңада, ескіде т.б.; (шығыс септігінің көнеленуінен: басынан, шалқасынан, қырынан, ежелден, шетінен, төтеден т.б.; көмектес септігінің көнеленуінен: шынымен, кезекпен, жайымен, ретімен, жөнімен т.б. үстеулер жасалған.
Күрделі туынды үстеулер болса олар сөздің қосарлануының бірігуінен немесе сөз тіркестерінің грамматикалануынан идеомалану нәтижесінен жасалынған. Мысалы: көзбе-көз, аунап-қунап, бет-бетімен, қолма-қол, оқтын-оқтын, көре-көре; таңертең, жаздыгүні, биыл, бірқатар, әлдеқайда, сөйтіп т.б.
Грамматикаланған жай тіркестен жасалынған үстеулерге мына секілді үстеулер жатады: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, келе сала, жаза келе, қорқа келе, алдын ала т.б.
Ал мына тіркестер нәтижесінде үстеулерге айналған күрделі сөздер болып табылады: құлан таза, аяқ астынан, қас пен көздің арасында, томаға тұйық т.б.
Үстеулер мағыналық топтары жағынан бірнеше түрге бөлінеді:
1. Мезгіл үстеулері қашан? қашаннан? сұрақтарына жауап беріп, іс-әрекеттің мерзімін көрсетіп отырады: бүгін, биыл, ертең, кешке, күндіз, бұрын, баяғыда, әуел-баста, күн ара, күні бойы, кейде, кей-кейде, апақ-сапақта, ұдайы т.б.
2. Мекен үстеулері қайда? қайдан? сұрақтарына жауап беріп, қимылдың мекенін, бағытын көрсетеді: артта, алда, ілгері, әрі, кері, жоғары, төмен, сонда, әлдеқайда, мұнда т.б.
3. Мөлшер үстеулері қанша? қаншалық? нешелеп? қаншалап? сұрақтарына жауап беріп, мөлшерлей, жалпылап, қимыл-сынның я теңдік, я кемдік дәрежесін көрсетеді: сонша, осынша, соншалық, бірен-саран, бірталай, мұншама, көптеген, аздаған, оншама, мұншама т.б.
4. Сын (бейне) үстеулері қалай? қалайша? қайтіп? кімше? неше? деген сұрақтарға жауап бере отырып, іс-әрекеттің іске асудағы тәсілін, сындық-сапасын, бейнесін білдіреді: бекер, емін-еркін, қолма-қол, осылайша, бірте-бірте, әлінше, келе сала, бұрынғыша, өйтіп, бүйтіп, лезде, зорға, ашықтан-ашық, айтар-айтпастай т.б.
5. Ал: әдейі, қасақана, жорта, әдейілеп немесе аналитикалық тәсіл арқылы: саған бола, білімге бола, жолдасына бола т.б. секілді жасалған үстеулер қимылдың мақсатын білдіретін болғандықтан, мақсат үстеулерге жатады.
6. Күшейткіш үстеулерге нәрсе сынын, қимылдың аса көтеріп, күшейтіп немесе төмендете көрсететін тұлғалары жатып, қалай? қандай? деген сұрақтарға жауап береді: өте, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, тіпті, тым, нақ, мүлдем, дәл, керемет, мейлінше, орасан т.б.
7. Себеп-салдар үстеулер амалдың себебін, салдарын (нәтижесін) көрсете алады: босқа, құр босқа, бекерге, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан, жоққа, оқи-оқи, айта-айта т.б.
8. Таңдау үстеулері қалай-қалай? қаншадан? нешеден? нешеуден? сұрақтарына жауап бере отырып, іс-әрекеттің немесе басқа да қарым-қатынастардың бірігу не жекеленіп істелінгенін білдіреді: аз-аздан, көп-көптен, топ-тобымен, бас-басына, үйді-үйіне, рет-ретімен, тең-теңімен, екеулеп, үшеулеп, бір-бірлеп т.б.
Сонда қазақ тіліндегі үстеу сөз табын сегіз түрлі мағыналық топтарға бөлуге болады.
Үстеу сөз табы жоғарыда ескерткеніміздей грамматикалық жағынан түрленбегенімен, кейбір сөз таптарымен тіркесе әрі байланыса алуының нәтижесінде түрлі сөйлем мүшелері бола алады. Негізінен үстеу сөздері басым көпшілігінде етістік сөз табына қатысты болып келуіне байланысты әрі оның түрлі сандық-бейне жағын сипаттайтындықтан, сөйлем құрамында пысықтауыш қызметін атқарады. Таңертең ерте тұрып, жолға шықтық, бірақ ауа райының қолайсыздығынан амалсыз кері қайттық.
Кейде үстеулер жіктелгенде (әрине бәрі емес) баяндауыш бола алады: Біз осындамыз. Олар бұрыннан бірге.
Немесе: Бүгін – халық мейрамы. Бүгінді қой, ертең барасың деген сөйлемде бірі – бастауыш, бірі – толықтауыш.
Басқа сөз таптарына қарағанда (етістікті сөз етпегенде) үстеулердің сөйлемдегі орны біршама тұрақты. Бұл заңдылыққа бағынбайтын мезгіл үстеуі. Себебі, мезгіл үстеулері егер баяндауыштан басқа мүшелердің біреуін пысықтаса, тікелей сол пысықтауыштық мүшенің алдынан, ал баяндауышты пысықтауыштан болса, онан алшақ та тұра алады. Ал қалғандары пысықтайтын мүшелердің тікелей қасында тұрады.
2. Қазақ тілі пәні бойынша жұмыстарды жоспарлау. Жоспар түрлеріне тоқталу.
3. Күнделікті сабақ жоспары үлгісін жаса, құрылымы мен талдамасына тоқтал.
22-23-жок
24-25-жок
Билет №26 1. Салалас құрмалас сөйлем. Оның құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы. Салалас құрмалас сөйлем түрлері.
Салалас құрмалас сөйлем. Оның құрамындағы жай сөйлемдердің байланысуы. Салалас құрмалас сөйлем түрлері.Салалас құрмалас сөйлем — құрамындағы жай сөйлемдері салаласа байланысқан құрмаластың түрі. Салалас құрмалас сөйлем баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір-бірімен тең дәрежеде байланысады. Салалас құрмалас сөйлемнің жай сөйлемдері өзара мағыналық тұтастықта болып, интонация (жалғаулықсыз) жәнежалғаулық шылаулар арқылы байланысады. Жалғаулықсыз (іргелес байланысқан) салалас мезгілдес, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, шартты, салыстырмалы түрлерге жіктеледі. Салалас құрамындағы жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын жалғаулық шылауларға қатысты салалас құрмалас сөйлемдер бірнеше топқа бөлінеді: мезгілдес (Мысалы, Құнанбай Ұлжанның қасына барды да, Мәкіш бен Абайдың жүзіне қарады (М.Әуезов))[2], себептес (Оның бұл сөзді не үшін егіле айтқанын Тайман сезген жоқ, өйткені ол Сәуленің өзінің болашақ келіні екенін білмейтін-ді (Ә.Әбішев)), қарсылықты (Алыстан әлдекімдердің күбірлеген дауысы естіледі, бірақ қай жақтан естілетінін шамалай алмаймын (С.Мұқанов)), талғаулықты (Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен есіткен айтар (Ә.Әбішев)), кезектес (Нұрғали біресе Тәкеге қарап кіжінеді, біресе Аманға қарап мүләйімсиді (Ғ.Мұстафин)).
№ |
Түрлері |
Жалғаулықтары |
Тыныс белгісі |
1 |
Ыңғайлас салалас |
Және, да, де, та, те, әрі. |
Үтір |
2 |
Қарсылықты салалас |
Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де. |
Үтір, үтір мен сызықша |
3 |
Түсіндірмелі салалас |
Жалғаулығы жоқ. Сонша, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай сілтеу есімдіктері арқылы байланысады. |
Қос нүкте, сызықша
|
4 |
Себеп-салдар салалас |
Өйткені, сондықтан, себебі, сол үшін, сол себепті, неге десеңіз, т.б. |
Үтір, қос нүкте немесе сызықша
|
5 |
Талғаулы салалас |
Не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, әлде. я болмаса, |
Үтір
|
6 |
Кезектес салалас |
Кейде, бірде, біресе. |
Үтір |
