Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биказак тили билет жауабы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.27 Кб
Скачать

2. Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі. Оны жоспарлау және өткізу

Кластан тыс жүмыстың ұйымдастыру әдістері және оны қолдану түрлері.

Қазақ тіліне байланысты кластан тыс жүргізілетін жүмыстардың қандай түрі болмасын оқушылардың ой-өрісін дамытып, білімдерін тереңдетіп , қазақ

Класс жұмысынан кластан тыс жұмыстың айырмашылығы: мұнда оқушылар аз жазып, көп сөйлейді. Оқушылар ауызша «әңгімелер, докладтар дайындайды. Мәнерлеп өлеңдер оқуға үйренеді, сахна ойындарын ұйымдастырады т.б.Кластан тыс жұмыстардың тағы бір ерекшілігі - оның формалары мен әдістерінің сан алуандылығында және оның бұқаралығында.Кластан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі осындай бірқатар талаптарды сақтауға байланысты. Бұл жұмыстардың мазмұны мен ұйымдастыруы мектептің оқу –тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Кластан тыс жұмыстардың тиімділігі - егер олар анда-санда емес, жүйелі, үнемі өткізілген жағдайда едәуір артады. Мектепте сабақ кестесі ғана емес, кластан тыс жұмыстардың да кестесі болуы пайдалы. Онда үйірмелік жэне басқа кластан тыс жұмыстардың күндері және сағаттары көрсетілуі қажет.

Мүғалім кластан тыс жұмыстарға оқушыларды түгелдей қатыстыра отырып, ұялшақ, бұйығы , нашар үлгеретін балаларды танып біледі, оларға нақты көмек көрсетуге, қабілетін арттыру үшін іске үздіксіз жаттықтыруға мүмкіндік алады. Оқушылардың үнемі пікірлесіп отыруына, жеке істер жүргізуіне, еркін үсыныстар айтуына шек қойылмауы керек. Кластан тыс жұмыстарды жүргізгенде оған оқушыларды көптеп қатыстырып отыру керек.

Кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың төмендегідей түрлерін атауға болады:

1. Қазақ тілінен үйірме жүмыстары;

2. қазақ тілінен викториналар, конкурстар.

3. қазақ тілінен олимпиадалар;

4. қазақ тілі кеші;

5. қазақ тілінен сыныптан тыс әдебиеттер оқу;

6. рефераттар мен шығармалар жазу;

7. қазақ тіліне қабырға газетін шығару;

8. апталықтар; т.б.

Қазақ тілі апталығы.

Қазақ тілінен өткізілетін кластан тыс жұмыстардың тағы бір түрі-қазақ тілі апталығы. Бір апта шеңберінде жүргізілетін бұл жұмыстар тіл дамытуға байланысты әдіс түрлерінің бэрі дерлік қамтылуы мүмкін. Оған барлық жағдай бар: біріншіден, бұл жұмысқа оқушылар бүкіл мектеп болып қатынасады да, екіншіден, жоспарланған жұмыс мерзімі бір апта бойына созылады. Апталық барысында оқушылар әңгіме құру, мәнерлеп оқу, жатқа айту, сұрақ-жауап арқылы әңгімеге қатысу жұмыстарына араласып, тіл дамытып қана қоймайды, сонымен бірге өздерінің пән бойынша білімін тексеріп, жалпы қазақ тіліне деген сүйспеншілігін арттырып, тілді практика жүзінде игереді. Қазақ тілі апталығын деңгейіне жеткізіп өткізуде пән мұғалімінің алатын орны ерекше.

Жылына бір рет дәстүрлі түрде өткізілетін қазақ тілі апталығының жоспары оқу жылының басында пән мұғалімдерінің кеңесінде бекітіп, оны мектептің жылдық жоспарына ендіру керек. Бұл жұмысты ұйымдастыруға өзге пән мұғалімдерін де қамтыған жөн.

Қазақ тілі апталыгының жоспары.

Бірінші күн. Апталықтың жоспарымен оқушыларды таныстыру. "Қазақ тілі апталығы" деп аталатын апталықтың күнделікті жұмысын көрсететін арнайы стендті мектептің көрнекті жеріне орналастыру. Сонымен бірге апталыққа арнайы дайындалған қабырға газеттері мен плакаттарды ілу.

^ Екінші күн. Класс бойынша сын жұмыстарын жүргізу (шағын сөздік диктанттар, сұраққа жауап беру, белгілі тақырыпқа шағын әңгіме құру, сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді меңгеру сурет бойынша әңгімелеу, жартылай сөйлемдерді толықтыру, жекелеген сөйлем құру т.б.). Кластан тыс уақытта "Қазақ ертегілерінің" күнін өткізу .

Үшінші күн. Облыстық-тарихи-өлкетану музейіне экскурсия. Шымкент облысынан шыққан Советтер Одағының батырлары жайында қазақ тілінде мәліметтер әкеліп, мектептің музей қорын толтыру.

^ Төртінші күн. "Менің Қазақстаным", "Менің өлкем" атты тақырыпта жасалған қабырға газетімен альбом конкурсын өткізу. Тақпақ, мәнерлеп оқу конкурсын ұйымдастыру. Ашық сабақтар жүргізу.

^ Бесінші күн. Төменгі кластар үшін "Сен не білесін?" атты қазақ халқының жұмбақтары мен мақал-мәтелдерінің викторинасын еткізу. Жоғарғы класс оқушылары үшін "Менің Республикам" тақырыбына үй шығармасын жаздыру. Диафильмдер бойынша әңгімелесу.

^ Алтыншы күн. Апталықтың салтанатты жабылу кешін өткізу. Конкурстарда, сын жүмыстарда алдыңғы орын алған оқушыларға сыйлықтар, грамоталар тарату. Апталықты өткізуге белсене қатынасып, өзін жақсы көрсеткен кластар мен оқушыларды атап өту. Облыс ақындармен кездесу.

Апталықты ұйымдастырудан бұрын хабарландырулар ілінеді:

"Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар !"

Мектебімізде қазақ тілі апталыгы жургізіледі. Апталыща барлық класс оцушылары қатынасады.

^ Біздіц девиз: "Қазақ тілін қастерлейміз ".

Бэріцізді қазақ тілі апталыгының конкурстарына шаңырамыз, конкурстардың нэтижесі апталықтың ақыргы куні қорытылады.

Қазақ тілі олимпиадасы.

Қазақ тілі олимпиадасы—бүкіл оқушылар мен оқытушылар қауымының белсенділігін арттырып, қазақ тілін үйретуге байланысты түрлі жұмыстарды жан-жақты жақсарту үшін ұйымдастырылатын ғылыми-практикалық жүмыс.

Олимпиада жұмысының нәтижесі -мектептерде қазақ тілі сабағының сапасын және осы пэн бойынша кластан тыс жұмыстардың қаншалықты мол, жиі жан-жақты жүргізілу дәрежесін анықтайды.

Мектеп олимпиадасы жылына бір рет міндетті түрде пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтіледі. Содан кейін одан жүлдені алып шыққан оқушылар аудандық, қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларының конкурстарына жіберіледі.

Олимпиада білім сайысының үлкен бір түрі болғандықтан, мүнда да оның жеңімпаздары мен жеңілушілері болады. Сабақта озат оқып, қазақ тілі үйірмесінде және басқа кластан тыс жұмыстарда жан-жақты білім алып, теориялық білімін күнделікті өмірде қатынас құралы ретінде қолданып жүрген оқушы енді өзі сияқты оқушылармен сайысқа түсіп, білімін тексереді. Мұндай жұмыс оқушының да, оқытушының да белсенділігін, тілге деген құштарлығын арттырады. Сондықтан оқушыларды олимпиадаға дайындауда негізгі күш мұғалімдерге түседі.

Оқушыларды олимпиадаға дайындағанда олардың дұрыс жауап беріп қойғанымен қанағаттанбай, шығармашылық ізденіс жасап, терең және жан-жақты жауап беруіне бағыт жасап отыру керек.

Олимпиада барысында оның мүшелері класс-класқа бөлініп, үш тур шеңберінде өтілетін конкурстарға қатынасады. Бір күнде бір турдан артық жүргізілмейді.

I - турда - жазба жұмыстары

II - турда - ауызша сөйлеу жұмыстары

III - турда - өнер - білім сайысы жүргізіледі.