Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биказак тили билет жауабы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.27 Кб
Скачать

3. Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар.

Қазақ тілінің дыбыстар жүйесі және оны оқыту әдістемесі. Өздеріңізге мәлім, қазақ тілінде 37 дыбыс бар, бұлардың бәрі белгілі бір жүйе болып қалыптасқан. Бұл дыбыстар іштей екі топқа (жүйеге) бөлінеді. 1) дауысты дыбыстар тобы немесе жүйесі – оның құрамында 12 дыбыс бар. 2) дауыссыз дыбыстар тобы – оның құрамында 25 дауыссыз дыбыс бар.

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйе тұрғысынан қарағанда:

1) Қазақ тілінде айтылатын сөздердің бәрінде кездеседі, соларға жамылғы болып тұрады.

2) Сөйлеу мүшелерінде әр дыбыстың жасалу орны, әрқайсысының айтылу және құлаққа естілу әуені бар;

3) Әрбір дыбыс белгілі бір сапалық ерекшелігімен екінші дыбыстан ажыратылып, оған қарама-қарсылықта айтылады, демек, а дыбысын ә не ы дыбысынан ажырататынымыз сияқты, б дыбысын п, т, қ дыбыстарынан ажырата аламыз, жеке айтылса да, сөз ішінде дыбыстардың бір-бірімен тіркесу заңдылығы қалыптасқан. Мысалы: а) к, г дыбыстары байырғы сөздерде жуан дауысты дыбыстармен тіркесіп айтылмайтыны сияқты қ, ғ дыбыстары, керісінше, жіңішке дауыстылармен тіркеспейді; ә) байырғы сөздер екі дауыссыщ тіркесінен басталмайды; б) көп буынды сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке айтылады, бұларға жалғанған қосымшалар да не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке түрде қосылады: аласа-аласа-лау, кіші-кіші-леу т.б.; в) дауыссыз с-ш-ш-н-б-ң-ғ дыбыстары бір-бірімен тіркеспейді бұлар түбір мен қосымша жөнінде не сөз аралығында түйісе қалса олардың орнына басқа дыбыс айтылады: жұмыс+шы=жұмыш+шы, жаз+са=жасса, көш+сін=көшшін, көн+бе=көмбе, жан+қабыл=жаңғабыл, Аман+келді=Амангелді: г) бір сөзге екі дауысты дыбыс қатар келмейді, бұлар сөз аралығында түйісе қалса, біреуі (алдыңғысы) түсіріліп айтылады; қара ала ат=қар (а) ал(а) ат: келе алмайды, кел (е) алмады.

Дыбыстар жүйесін оқушыларға саналы меңгеріп, дағды берудің үлкен маңызы бар: сөз мағынасын ажыратып түсінуіне; орфоэпиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, әдеби тілмен дұрыс сөйлеуіне; сөйлеген сөзінің құлаққа жағымды, әсерлі, әуенді болуына; орфографиялық тұрғыда сауатты жазуына мүмкіндік береді. Сондықтан да мектепте фонетикадан, соның ішінде алдымен, дыбыстар жүйесінен мағлұматтар беріледі. Бағдарламада фонетикадан берілетін білім көлемі шектеліп көрсетілсе, оқулықта оның нақты зағдылықтары, ереже, анықтама түрінде баяндалып,түрлі жаттығулар арқылы білімін, іскерлігін, дағдысын орнықтыру, қалыптастыру көзделеді. Бірақоқулық оқушы үшін білім бұлағы бола тұрса да, мұғалімнің жәрдемінсіз, оның сабақ кезінде алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді қолдануынсыз нәтижеге жете алмайды. Оқушыларға дыбыс жүйесін, әр дыбыстың ерекшеліктерін меңгерту фонетикадан берілетін білімнің ірге тасы болып есептеледі. Дыбыс жүйесін жете меңгермеген оқушы буын, үндестік заңы, екпін сияқты фонетикалық заңдылықтарды игере алмайды, жазуда қате жібереді, сөйлеуінде де ақаулықтар байқалады.

Дыбыстарды оқыту әдістемелік әдістемесінде, оқыту принциптері мен оқыту әдістері әр тақырыптың ерекшелігіне сәйкес кеңінен қолданылады. Дыбыстар жүйесі жайында бастауыш сыныптарда әріп танытуға, сауатты жазуға, дұрыс сөйлеу, тексті дұрыс оқуға байланысты біраз мағлұматтар беріледі. IV, V сыныптарда әрі қарай тереңдетіледі. IV сыныпта тіл дыбыстарына және олардың әріптеріне байланысты мынадай тақырыптар бар: Тіл дыбыстары және фонетика, Тіл дыбыстарының жасалуы, Дыбыс пен әріп, Алфавит, Бас әріптің қолданылуы; Дауысты дыбыстар және олардың түрлері, Жуан және жіңішке дауыстылар, Ашық және қысаң дауыстылар, Еріндік және езулік дыбыстар, Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері. Сонымен қатар әр дыбыс әріп емлесіне байланысты мынадай тақырыптар бар: Дауыстылардың емлесі, А, ә әріптерінің емлесі, О, ө әріптерінің емлесі, Ұ, у әріптерінің емлесі, Ы, і әріптерінің емлесі, И әріпінің емлесі, Я, ю әріпінің емлесі, Ә, е әріпінің емлесі. Дауыссыздардың емлесі, Қ, к, ғ, г, х әріптерінің емлесі, Қосарлы в, г, д әріптерінің Ф, ц, ч, щ әріптерінің емлесі, Қосарлы дауыссыздардың емлесі, айыру (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілердің қолданылуы.

Дауысты және дауыссыз әріптерінің емлесі орфография әдістемесінде арнаулы сөз болғандықтан, бұл жолы тек фонетикадан дауысты және дауыссыз дыбыстарды оқыту, буын оның түрлері, үндестік заңы, екпін, ал графика бойынша дыбыс пен әріп, алфавит тақырыптарын оқытылады.

Дауысты дыбыстарды оқыту әдістемесі. Дауысты дыбыстардан білім беру бастауыш сыныпта алынған білім мен дағдыларға негізделеді. Ол үшін дауысты дыбыстарды жеке сөзден, сөйлем ішіндегі сөздерден тапқызып, әуелі астын сыздырады да, соңынан дауыстылар тақтаға бөлек топталып жазылады. Дауыстының анықтамасы беріледі, оның дұрыстығына көз жеткізу үшін әр дауысты дыбысты оқушылар жеке де, хормен де айтатын болады. Бұл жолы оның ауыз қуысында кедергісіз еркін шығатындығы, сондықтан да ұзақ айтуға болатындығына тәжірибе жасалады.

Дауыссыз дыбыстарды оқыту әдістемесі. V сыныпта дауыссыз дыбыстарға байланысты бірнеше тақырып берілген. Фонетика тұрғысында «Дауыссыз дыбыстар және олардың түрлері» деген тақырып арналған. Дауысты дыбыстарға қарағанда, дауыссыз дыбыстарды меңгеру оқушыларға қиындыққа түседі. Біріншіден, сан жағынан екі есе көп; екіншіден, оқушы сөз ішіндегі дауыссыздарды тапқанмен, оны түрге бөлуден қиналады. Ұяң дыбысты қатаң немесе үндімен, болмаса, керісінше, қатаң дыбысты ұяңмен шатастырады, үнді дыбысты ұяңдар тобына қосып жібереді; үшіншіден, оқушылар арасында кейбір дауыссыздарды дұрыс айта алмау фактілері жиі кездеседі. Мысалы, «и» мен «ң-ді» ажырата алмай, өлең деудің орнына өлең, жаңаның орнына жаңа (бұл, әрине, жергілікті ерекшеліктің әсеріне де байланысты), ж-ның орнына з-ны (мысалы, жақсы-зақсы), ш-ның орнына с-ті (қашан-қасан, неше-несе), керісінше с-тің орнына ш-ны (сен-шен, сөйле-шөйле), һ-тың орнына х-ны (қаһарман, аһ-үх) қойып айтатындар көп.

Қорыта келгенде, тіл дыбыстарын оқушыларға іс жүзінде меңгерту үшін, алдымен, мұғалімнің өзі әрбір дыбыстың ерекшелігін жақсы біліп, оны оқушыларға үйретудің алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерін қолданады.

17-18-жок

19-билет. 1.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Жалпылауыш сөздер.

1.Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, жалпылауыш сөздер. Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей және бір ғана ортақ мүшемен байланысатын сөздер бірыңғай мүшелер деп аталады. Барлық сөйлем мүшелері бірыңғай мүше бола алады. Бірыңғай мүшелер жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Мысалы:

Бірыңғай бастауыштар: Есіл бойында бүлдірген де, мойыл да, жидек те, қарақат та (не?) өседі.

Бірыңғай баяндауыштар: Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысқан оқушылар ән салады, би билейді және күй шертеді. (не істейді?)

Бірыңғай толықтауыштар: Біз – Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды (кімді?) пір тұтқан халықтың ұрпағымыз.

Бірыңғай анықтауыштар: Ораз ойыншы, әзілқой, қалжыңшыл, аса жайдары мінезді (қандай?) адам еді.

Бірыңғай пысықтауыштар: Тоқсанбай қарт немересінің күн иісі сіңген кекілінен емірене, құшырлана (қалай?) иіскеді.

Сөйлемде бірыңғай мүшені жинақтап, жалпылап, ортақ атауын білдіретін сөз немесе сөз тіркесі жалпылауыш мүше деп аталады.

Жалпылауыш сөздер кейде бірыңғай мүшелердің алдында немесе соңында тұрады. Жалпылауыш сөздер қызметінде жалпылау, сілтеу есімдіктері және жинақтық сан есім, кейде зат есім жұмсалады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден бұрын тұрса, жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады, ал жалпылауыш сөз бірыңғай мүшеден кейін орналасса, жалпылауыш сөздің алдынан сызықша қойылады. Мысалы: Көшек, Ержан, Земцов – үшеуі зеңбіректі жау бағытына қарай дайындап жатыр. Қалам, дәптер, қарындаш – бәрі оқушыға қажет құралдар. Қазақстандағы ірі өзендер мыналар: Ертіс, Есіл, Іле, Тобыл. Шешенге қажет басты қасиет: сөзге тапқырлық, ойға ұшқырлық, терең білімпаздық.