Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биказак тили билет жауабы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.27 Кб
Скачать

2. Қазақ тілі әдістемесінің даму тарихы, оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.

Қазақ тілі әдістемесі - ғылыми пән

Ғылым адам баласы ой-санасының, дүние танымының өсуіне байланысты бірте-бірте дамып қалыптасады.Ғылымның алуан түрі бар.Соның бірі-қазақ тілін оқыту әдістемесі. Қазақ тілі әдістемесі ғылымның бір саласы ретінде педагогика ғылымының құрамына енеді. Қазақ тілі әдістемесі дамыған, жетілген, теориялық негізі қалыптасқан, белгілі бір ғылыми жүйеге келген ғылым. Әдістеменің зерттейтін объектісі, мақсаты, зерттеу әдістері қалыптасқан жүйесі бар.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ең алдымен ,оқушыға қандай тілдік категорияларды үйрету керек? Қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады?- деген мәселелерді қарастырады.

Сондай-ақ, қазақ тілінің оқыту әдістемесі - қазақ әдеби тілінің маңызын, әдіс-тәсілдерін, амалдарын, оқушыға ана тілінен білім берудің, оны меңгертудің жолдарын үйрететін ғылым.Мұғалім ана тілінен теориялық білім беру арқылы оқушының өзін қоршаған ортаға көзқарасын қалыптастырады.Отанына шын берілген патриот, азамат етіп тәрбиелейді.Ондай дағды мен білім,тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ.Сонымен бірге әдістеме мұғалімді педагогиканың қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды,қазақ тілін тиімді оқыта отырып,өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді. Яғни, ғылыми дәлелденген,мектеп тәжірбиесінен сыналған ең тиімді оқытудың әдістері мен тәсілдерін қазақ тілін оқыту барысында пайдалануға мүмкіншілік жасайды. Сайып келгенде, әдістеме мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеуіне бағыт берумен бірге, сабақ берудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеруіне көмектеседі.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі лингвистика,логика,педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты.

Тіл білімімен байланысы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттейтін басты объектісі оқушыларға тілді меңгерту болғандықтан, ол ең алдымен тіл біліміне арқа сүйейді. Өйткені, мектепте қазақ тілі пәнінен өтілетін материал тіл білімі ғылымының негізінде белгіленеді. Яғни қазақ тілі пәнінің мектепте оқытылуы мазмұнын анықтау әдістемесінің міндеті болса, бұл міндетті шешуде ол тіл білімінің мағлұматтарына сүйенеді. Атап айтқанда, фонетиканы оқыту әдістемесі, лексиканы оқыту әдістемесі т.с.с. аталудың өзі тікелей қазақ тіл білімі салаларының атаулары екені өз-өзінен түсінікті. Сондай-ақ, мысалы, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар-әдістемелік тәсілдер, ал бұл атаулардың өздері және мазмұны тіл біліміне тән. Ендеше қазақ тілін оқыту әдістемесі өзінің бұдан былайғы даму барысында тек педагогикалық қана емес, белгілі дәрежеде тіл білімдік ғылым болып та қалыптасуда. Мысалы, тіл білімінен берілетін фонетикалық мағлұматтар дыбыстарды дұрыс айту, жазу, дұрыс сөйлеу, мәнерлеп оқуға, емлеге үйрету сияқты әдістемелік мәселелермен тығыз байланысты іске асырылады. Тіл ғылымының үздіксіз дамуы нәтижесінде әдістеме жетіліп,байып отырады.Мектепте оқылатын қазақ тілі курсы лингвистика ғылымына жаңадан енген теориялар және тілдік фактілер арқылы дамуда.Мысалы;соңғы кездерде қазақ тілі бағдарламасына да,соған лайық оқулықтарға да елеулі жаңалықтар енді. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдына үлкен міндеттер қойылды.

Педагогикамен байланысы. Жалпы тұрғыда педагогика жас ұрпақтарға білім, тәрбие берудің мәні, мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары мен ұйымдастыру түрлері туралы ғылым ретінде сипатталады. Дидактика педагогиканың маңызды бір бөлігі – оқытудың жалпы теориясы ретінде қазақ тілі әдістемесінің негізі болып табылады. Әдістеме дидактика ұсынған оқыту принциптеріне, оқыту әдістерінің теориясына сүйенеді. Мектепте қазақ тілін оқыту барысында ұрпақ тәрбиелеу проблемаларын талдап-шешуге қатысады, қазақ тілі сабақтарында берілетін тәрбиенің жолдарын (бұл тәрбиеге мазмұны сәйкес материалды, мысалдарды сұрыптау, көркем шығарма материалын пайдалану т.б.) тіл құралдары арқылы іске асыруды жан-жақты қарастырады.

Психологиямен байланысы. Психология оқушының психологиялық ерекшеліктерін сипаттайды: жоғары нерв жүйесінің қызметі туралы ілімге сүйене отырып, ол оқытудың әдісі мен тәсілін психологиялық тұрғыда дәлелдеуге көмектеседі. Сөйтіп қазақ тілін оқытуға байланысты әдістемелік мәселелерді түсініп, практика жүзінде шешуге мүмкіндік береді.

Мұғалім өзінің әрбір оқушысын, оның психикасын, материалды қабылдау және есінде сақтау дағдыларының дәрежесін білуге жағдай жасайды, оқушыларды жүйелі зерттейтін әдістермен қаруландырады. Оқушының психологиясын білмей тұрып, қазақ тілі әдістемесі ұсынған әдістер мен тәсілдер оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін, ойлау қабілетінің даму процесін, жалпы жетілуін есепке алмайынша, мақсатқа жете алмайды.

Қазіргі педагогика,психология,логика ғылымдарының соңғы жаңалықтарына шолу жасай келіп,қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде дамуының басты ерекшеліктерін мына мәселелердің төңірегінде қарастыруға болады; әдістемелік зерттеу жұмыстары жетілдіріліп,олар кең өріс алуда, эксперименттік,бақылау жұмыстары көптеп жүргізілуде,мектеп тәжірибесі жан-жақты зерттелініп, жаңа факті, дәлелдермен байытылуда,сондай-ақ , жалпы әдістеме ғылымындағы жетістіктерді, іс-тәжірибелерді пайдаланып келеміз,атап айтқанда,оқушылар үлгеріміндегі басты кемшіліктер,оны жоюдың нақты жолдары қарастырылуда.Сондай-ақ мектептегі оқыту жүйесінің деңгейін мұқият бақылай, зерттей отырып, әдістеме ғылымының жаңалықтарынан,әсіресе қазіргі сабаққа қойылатын талаптардан мұғалімнің үнемі хабардар болып, өсіп отыруын негізгі мәселелердің бірі деп санау керек. Яғни,қазақ тілі білімі мен оның әдістемесін тығыз байланыста қарау мұғалімдердің жан-жақты шығармашылық ізденістерін дамыту,ой туғызу,көмектесіп, бағыт беру қазіргі заманауи мектеп талаптарына сай негізгі мәселелердің бірі болып есептеледі.

Қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру процесі әлі жалғасып келеді. Өйткені, әдістеме озат мұғалімдер тәжірибелерімен толығып кеңейіп,байып отырады.Әдістемедегі қолданылып келген кейбір ереже, анықтама, түсініктер,терминдер нақтыланып,жетілдіріліп,дамытылып отырылады.

Ғылым ретінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуы,ең алдымен, тәжірибеде жиналған фактілер мен эксперимент,бақылау жұмыстарының деректеріне аса көңіл бөліп,қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің кемшілік жақтары анықталып,онан ғылыми қорытынды жасауға талаптар қойылуында.Әсіресе,оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына, жетілуіне,сондай-ақ олардың сөйлеу және есту қабілеттеріне,зейініне көңіл бөле отырып,тілдік материалдарды орынды қолдана білу сияқты іс-әрекеттерді арттыру - негізгі мәселелердің бірі Тіл ұстарту жұмыстарымен байланысты тіл дамыту жұмысының жүйесін анықтау, жазба тіл мен ауыз-екі сөйлеу, байланыстырып сөйлеу әдістемесі, лексикалық материалдарды сұрыптау, тілдік материалдарды стилистика жағынан дұрыс пайдаланудың жолдары осы әдістемеде көрсетіліп отырылады.

Қорыта келгенде,қазақ тілін оқыту әдістемесі-мектепте оқылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы демекпіз.