- •2. Қазақ тілін оқытудағы әдіс ұғымы, әдістердің топтастырылуы. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген жаңа әдіс – тәсілдер мен технологиялар.
- •3. Дауысты дыбыстарды талдау әдістемесі.
- •2.Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері, оларды тексеру, талдау, бағалау.
- •3. Буын. Екпін. Интонация.
- •2.Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу обьектісі. Мазмұны мен міндеті.
- •4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Қазақ тілі бағдарламасы. Оны талдау. Бағдарлама мен оқулық байланысы.
- •3. Дауыссыз дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі
- •2. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін талдау.
- •3. Лексиканы оқыту әдістемесі. Лексикалық жаттығулар.Лексикалық талдау.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде дамуы. Әдіскер ғалымдардың қосқан үлесі.
- •3. Қатемен жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •2.Жалпы дидактикалық принциптер, мұғалімнің бұл принциптерді ұштастыра білуі.
- •3. Сөз таптарын оқыту әдістемесі,морфологиялық талдау.
- •1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің даму тарихы, оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
- •3. Сөзжасамды оқытудың әдіс-тәсілдері,сөзжасамдық талдау.
- •3. Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар.
- •2. Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, мазмұндама, шығарма.
- •3. Қазақ тілінен 5-8 сынып бағдарламаларын талдау, шолу жасау.
- •2. Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі. Оны жоспарлау және өткізу
- •3.Қазақ тілінің 10-11 сынып бағдарламасын талдау, шолу жаса
- •2. Орфография. Оқытудың маңызы, міндеттері, принциптері.Оны оқытудың негізгі тәсілдері.
- •3. Қате, оның түрлері, оны есепке алу, жіктеу.Оқушы дәптерін тексерудің маңызы.
- •2.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері
- •3. Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.
1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі.
Есімдік есім сөздердің (зат е.,сын е.,сан е.)орнына жүретін сөз табы.
Мысалы: Серікбол келеді дегеннің орнына-Ол келеді дегенде, ОЛ есімдік болады.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына жатады.Есімдіктер мағыналық ерекшеліктері жағынан жеті топқа бөлінеді.
1)Жіктеу есімдігі-белгілі бір жақтың ұғымымен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі: мен, сен,біз,ол,біздер,сендер,сіздер, олар.
Синтаксистік қызметі.
Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш,баяндауыш, анықтауыш,толықтауыш қызметін атқарады.
Жіктеу есімдігі жеке тұрып пысықтауыш бола алмайды.Анықтауыштық қызмет ілік септігіндегі жіктеу есімдіктеріне ғана тән. Мысалы: Біздің заманымыз-өткен заманның баласы, келер заманның атасы.Бұл сөйлемде біздің сөзі анықтауыш қызметін атқарып тұр.
2)Сілтеу есімдігі- мезгеу,нұсқау,көрсету мағыналарын білдіреді:бұл,сол,осы,осынау,сонау,анау,ана,мына,мвнау,әне,міне.
Синтаксистік қызметі.
Сілтеу есімдіктері септелгенде заттанып зат есімнің орнына жұмсалады.Сөз басында тұрғанда одан кейін сызықша қойылады.Мысалы, Бұл-аңыраған ана.
Сілтеу есімдіктері сын есімнің орнына жұмсалады.М,Кіші үйдің боз інгені бүгін тағы өлді.
Сілтеу есімдіктері сан есімнің орнына жұмсалады.М, әр түрлі сылтау айтып жүргенде, он бес күн өтіп кетті.Бұл күндердің ішінде арыз бойынша жоғардан қағазда келип қалған еді.
Сілтеу есімдігі есімдіктің де орнына жұмсалады.М, Әңгімедегі пікір не нәрсе туралы болса, сол нәрсе шығарманың тақырыбы болады.
Сілтеу есімдіктері жеке етістік сөздер орнына қолданылмайды.
Кейбір сілтеу есімдіктерінің сөйлемде атқарылатынр қызметтерінде ерекшеліктер бар.М: міне,әне,анау,осынау,туу ешқашан бастауыш ненемес толықтауыш болып қызмет атқара алмайды; бұл,ол,сөздері баяндауыш болмайды,міне,әне есімдіктері анықтауыш қызметін атқармайды.Пысықтауыштық қызмет-тек осы,сол есімдіктерне тән.
3) Сұрау есімдігі-жауап алу мақсатымен сұрау мағынасында қолданылады.
Сұрақтары: кім?кімім?кіміміз?не?қай?қандай?қанша?неше?нешеу?нешінші?қайда?қайдан?қалай?қашан?қайдағы?қашанғы?қайсысы?нешеуі?т.б.
Сұрау есімдіктері түрленбейді,синтаксистік қызмет атқармайды.Олар қай сөз табына байланысты сұрала айтылса, сол сөз табының орнына жұмсалады.Сөйлемнің мағыналық ерекшелігіне қарай сұрау есімдігі кейде негізгі сұраулық мағынасын бермейді.М: кім көрінгені би болып, малымызды талап алды.
4)Өздік есімдігі –өз деген бір ғана сөзден және оның тәелденген түрлерінен тұрады.М: Менің өзім,өз ісім.Өздік есімдіктері сөйлемде пысықтауыштан өзге мүшелердің бәрінің де қызметін атқара алады.Ілік септігіндегі өздік есімдіктердің алдында қолданылғанда, көбіне ілік жалғаулары мен тәуелдік жалғауынсыз айтылады.М: Жамал өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды.
5)Жалпылау есімдігі-жалпылау,жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктер: бәрі,барлық,бар,барша,бүкіл,күллі,бүтін,түгел,тегіс.М.бар ойы-өлең айтып,ән салайық.Сөйлемде негізінен анықтауыш қызметінде жұмсалады.Субстантивтік мәнде қолданылғанда бастауыш,толықтауыш болады.Ешқашан пысықтауыш қызметін атқармайды.
Тәуелдік жалғаулары бар,барлық,барша,бәрі сөздеріне ортақ тәуелдеу түрінде ғана болмаса,жекеше түрінде жалғанбайды.М: Мынау қымбатшылық баршамызға мағлұм.Ал күллі,бүкіл,тамам есімдіктері тәуелденбейді.
Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне мүлде жалғанбайды.Жалпылау есімдіктерінің субстантивтенген түрлері ғана тәуелденіп барып септеледі.
6)Болымсыздық есімдігі-болымсыздық мағынаны білдіретін есімдіктер: ештеңе,ештеме,ешкім,ешбір,ешқашан,ешқандай,ешқайда,ешқайсысы,дәнеңе,дәнеме.М: Көнбейді ешкім сөзіме,Әдетіне қарасып.
Болымсыздық есімдіктері жіктік және көптік жалғауларын тікелей қабылдамайды.Көптік жалғаулары тікелей қабылдамайды.Көптік жалғаулары тек тәуелдік жалғауларымен бірге жүріп қана қосылады.Онда да болымсыздық есімдіктерінің бәріне бірдей емес,ештеме,ешнәрсе,ешқайсы,дәнеңе,түк есімдеріне жалғанады.Тәуелдік жалғаулары тек 2-3 жақтарға ғана жалғанады.Тәуелдік жалғаулары болымсыздық есімдіктерінің жекеше түріне жалғана бермейді.
7)Белгісіздік есімдігі-заттың сындық белгісін,сан мөлшерде белгісіз етіп,жорамалдап,тұспалдап көрсету:біреу,кейбіреу,бірдеме,әркім,әрне,әлдекім,әлдене,кімде-кім,бір,қайсыбір,кейбір,әлдеқайда,әлдеқашан т.б. сөздер жатады.М:Кей құрбы бүгін тату,ертең бату.Белгісіздік есімдіктері сөйлем мүшесінің барлық қызметін атқарады.
Сын есімдер орнына-бір,кей,әр,пәлен,әлдеқайда----әр ауылдың,әр үйдің бір қазан бұзары болады ғой.
Зат есімнің орнына-біреу,әлдене,әлдекім,кейбіреу,әркім,әрнәрсе,әрнеңе---әркімнің бетіне қарай құбылып,өз пікірін әсте сездірмеуші еді.
Сан есімнің орнына-бірнеше,әлденеше----бірнеше жоба көрсетіледі.
Үстеу сөздерге бейім- әлдеқайда,әлдеқашан,әлдеқалай---әлдеқайда алыста бұлдырап келе жатқан кәрілік.
