- •2. Қазақ тілін оқытудағы әдіс ұғымы, әдістердің топтастырылуы. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген жаңа әдіс – тәсілдер мен технологиялар.
- •3. Дауысты дыбыстарды талдау әдістемесі.
- •2.Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері, оларды тексеру, талдау, бағалау.
- •3. Буын. Екпін. Интонация.
- •2.Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу обьектісі. Мазмұны мен міндеті.
- •4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Қазақ тілі бағдарламасы. Оны талдау. Бағдарлама мен оқулық байланысы.
- •3. Дауыссыз дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі
- •2. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін талдау.
- •3. Лексиканы оқыту әдістемесі. Лексикалық жаттығулар.Лексикалық талдау.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде дамуы. Әдіскер ғалымдардың қосқан үлесі.
- •3. Қатемен жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •2.Жалпы дидактикалық принциптер, мұғалімнің бұл принциптерді ұштастыра білуі.
- •3. Сөз таптарын оқыту әдістемесі,морфологиялық талдау.
- •1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің даму тарихы, оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
- •3. Сөзжасамды оқытудың әдіс-тәсілдері,сөзжасамдық талдау.
- •3. Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар.
- •2. Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, мазмұндама, шығарма.
- •3. Қазақ тілінен 5-8 сынып бағдарламаларын талдау, шолу жасау.
- •2. Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі. Оны жоспарлау және өткізу
- •3.Қазақ тілінің 10-11 сынып бағдарламасын талдау, шолу жаса
- •2. Орфография. Оқытудың маңызы, міндеттері, принциптері.Оны оқытудың негізгі тәсілдері.
- •3. Қате, оның түрлері, оны есепке алу, жіктеу.Оқушы дәптерін тексерудің маңызы.
- •2.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері
- •3. Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.
2.Жалпы дидактикалық принциптер, мұғалімнің бұл принциптерді ұштастыра білуі.
Дидактика (гр. διαλεκτική – тәлімді) – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы
Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері Жоспары 1. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік 2. Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу 3. Принциптер жəне оларға байланысты оқу ережелері 1. Заңдар, заңдылықтар жəне принциптер мен ережелер жөнінде түсінік Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды.
Мұғалімің дидактикалық жүйесі - мұғалімің сабақта және сабақтан тыс уақытта балаларды оқытуға, дамытуға, тәрбиелеуге қолданатын дидактикалық материалдары мен құжаттарының жиынтығы. Оған:
• білім стандарты,
• оқу бағдарламасы,
• күнтізбелік және тақырыптық жоспар,
• сабақтың конспектісі,
• тәрбие жұмысы,
• жоспары,
• құралдар,
• көрнекілік құралдар т.б. жатады
3. Сөз таптарын оқыту әдістемесі,морфологиялық талдау.
Сөз таптары – сөздердің лексика-грамматикалық, топтары, яғни олар тек таза грамматикалық белгілері, тұлғалары арқылы ғана емес, сонымен қатар сөздердің лексикалық мағыналары арқылы да бөлінеді. Сондықтан сөз таптарын оқып үйрену оқушылардың сөздікпен жұмыс жүргізулерімен байланыстырылады. Сөз таптарын оқыту оқушыларды синтакисистік жүйелі курсын өтуге даярлайды, дұрыс жазу ережелерін оқып үйренуге жағдай туғызады, грамматика сабақтары оқушылардың тіл ұстартуы, сөздіктерін байытуы, сөздердің қолдану ережелерін меңгеру мақсатында пайдаланылады.
Сонымен бірге, сөз таптарын оықп үйрену оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді, бұған әр түрлі сөз таптарына жататын сөздерді грамматикалық белгілеріне қарап жіктеу, тектік және түрлік ұғымдарды ажырату, құбылыстарды қандай да бір белгілеріне қарап жіктеу сияқты логикалық операциялар жүргізуге жетелейді.
Сөз таптарын оқытқанда кездесетін қиыншылықтар: 1) оқушылар «сөз таптары» мен «сөйлем мүшелері» ұғымдарын шатастырады; 2) бір сөз табынан екінші сөз табына ауысқандығын білмей қалады (соң, кейін, әрі, бері сөздерінің әрі үстеу, әрі шылау болатындығы); 3) аттас формаларды ажырата алмау (жатыс септігі –да, -де мен да, де шылауы; көмектес септік –мен, -бен және жалғаулық бен, пен; табыс септік –ды, ты және сын есімнің –ды, -ты жұрнақтары; етістіктің болымсыз –ма,-ме жұрнағы мен сол тұлғадағы зат есім жұрнақтары, сұрау шылаулары т.т)
Морфологиялық талдау. Морфологиялық талдау мектепте қалыптасқан, оқулықтарда жүйесі көрсетілген схемалар бойынша жүргізіледі. Бұл талдау әр сөз табының негізгі грамматикалық белгілерін қамтитындай болуы керек. Мысалы:
Зат есім. 1. Сөз табы. 2. Бастапқы тұлғасы - атау септік. 3. Тұрақты белгілері. а) жалпы және жалқы есім; ә) адам және басқа заттар; б) соған сәйкес кім? не? деген сұрақтардың қойылуы; в) жалғаулары. 4. Құбылмалы белгілері: а) тәуелді сөздердің септелуі, жіктелуі, есімдіктердің септелуі.
Морфологиялық талдауда сол сөз табына қатысты грамматикалық белгілер толық анықталуы керек. Морфологиялық талдаудың толық түрі және ішінара түрі болады. Толық талдауда сол сөз табына тиісті сөздер түгел қамтылып, олар тұлға, мағына және қызметі жағынан жан-жақты талданады.
Әрі бетоншы, әрі тас қалаушы Төлеген Жүнісов облыста бас бәйгеніжалғыз жеңіп алып жүр. Зат есім: бетоншы, тас қалаушы, Төлеген Жүнісов, облыста, бәйгені. Бетоншы – туынды зат есім, -шы жұрнағы, жалпы есім, атау септік. Тас қалаушы –күрделі зат есім, негізгі тас – туынды, қалаушы – етістік түбірден –ушы жұрнағы арқылы; тас –табыс септігінің жасырын түрінде (тасты қалаушы, т.т.). Төлеген Жүнісов - күрделі атау, жалқы есім, атау септік; облыста – жатыс септік жалғаулы, бастапқы тұлғасы облыс – жалпы есім; бәйгені –табыс септік тұлғасы, бастапқы тұлғасы – бәйге, жалпы есім; бас – зат есім, жалпы есім, атау септік; әрі –жалғаулық ыңғайлас; сын есім – жалғыз; етістік: жеңіп алып жүр күрделі; негізгі – жеңіп; көмекші – алып жүр; ашық рай, осы шақ – ІІІ жақ; көсемше: жеңіп бастапқы тұлғасы – жең алып -ал.
Сын есім
1) Сөз табы
2) Тұрақты белгілері: а) заттың сипатын білдіреді; ә) шырай жұрнақтарымен түрленеді; б) қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді; в) сын есімге тән арнаулы сөз тудырушы жұрнақтары бар.
3) Тұрақсыз белгілер: а) сөйлем ішінде заттанады, оған сәйкес жалғаулар жалғанады; ә) жалқы есім мәніне ие болып, сын есімнен зат есімге ауысады. Қарағанды, Жиделі, Көкпекті, Жосалы т.т.
Сан есім
1) Сөз табы
2) Тұрақты белгілер: а) заттың санын білдіреді; ә) өзіне тән жұрнақтары бар: -ншы, -інші, -ау, -еу; б) мағыналық түрленуде әр түрлі сөз табының тұлғасына пайдаланады; 1) зат есімнің жалғаулары: үштің екісі, үштен бір, 2) етістіктің тұлғасы: ондап, жүздеген, 3) шылаумен тіркеседі: жүз шақты, жүз қаралы, 4) сын есім жұрнағы: елудей, в) қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді, г) дара және күрделі болып бөлінеді.
3) Тұрақсыз белгісі: сөйлемде заттанып та, заттанбай да оның жалғауларымен түрлене алады. Төртті беске қос, үш жерде екі – алты. Жиырма бес маған тағы қайтып келді (Жамбыл).
Етістік
1) Сөз табы
2) Тұрақты белгілер: а) заттың қимыл іс-әрекетін, күйін білдіреді; ә) өзіне тән сөз жасау және сөз түрлендіру жүйесі бар б) тұлғалық белгілеріне сәйкес айтылатын сұраулары: қайтті? не істеді? қайт? не істе? т.б. в) шақ категориясы, рай категориясы, тұйық, есімше, көсемше түрлері бар; г) тиянақты формасы сөйлемге тән белгілерді сақтайды.
3) Тұрақсыз белгісі: есімше, тұйық түрлері сөйлемде заттанады сындық белгіге ие болады, соның нәтижесінде сөйлемнің түрлі мүшелерінің қызметін атқарады.
Есімдік
1) Сөз табы
2) Тұрақты белгілер: а) есімдердің орнына қолданфылады; ә) лексикалық мағынасы есімдерге қарағанда, абстрактыланған бірақ өз ішінде сөз ретінде мағына жағынан даралана алады. Мен, сен, ол, бұл, осы, анау, кім? не? қайда? қалай? әлдекім; б) өзінне тән сөз жасаушылық тәсілдері бар (әркім, кейбір)
3) Тұрақсыз белгісі: қай есімнің орнына қолданылса, соның тұлғасына ие болады әрі қызметін атқарады.
12-13-14жок
№15 билет
