Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биказак тили билет жауабы.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
337.27 Кб
Скачать

2. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде дамуы. Әдіскер ғалымдардың қосқан үлесі.

Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті

3. Қатемен жұмыс жүргізу әдістемесі.

Қазақ тілі сабағында алған білімдерін жазбаша сауатты көрсете білуде жазба жұмысының алатын орны ерекше. Ол сабақ құрылымының 3 түрлі мақсатына сәйкес грамматикалық сауаттылығын тексеріп қана қоймай, есте сақтауын, көркем жазуын, ұқыптылығы мен өз - өзіне деген сенімін нығайтады. Қазақ тілі сабағында алынатын диктанттың 7 - сыныпқа арналған әдістемелік нұсқауда 12 түрі көрсетілген. Соның ішінде бақылау диктантында қатемен жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Диктанттың негізгі мақсаты - оқушылардың теориялық білімін сынау,

бағалау, оларды сауатты жазуға үйрету болса, қатемен жұмыс жүргізудің мақсаты - жіберілген қатемен сауатты жұмыс жасау болып табылады. Диктантты дұрыс, сауатты жазу үшін грамматиканы үйреніп, талдай білу жеткіліксіз, сонымен қатар көркем әдебиетті көп оқу керек.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жалпы орта білім департаментінің нұсқауы бойынша диктант нормаларын пән мұғалімі білуі тиіс.

11- билет. 1. Морфология. Негізгі және көмекші сөздер. Сөз таптары. Көмекші есімдердің мағыналық, қызметі жағынан ерекшелігі.

1. Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердіңдиахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды

Негізгі сөздер — заттардың, құбылыстардың, олардың түр түсінің, саны-сапасының, мезгіл-мекенінің, ic-қимылының аты. Олардың әрі лексикалық, әрі грамматикалық мағыналары болады. Мысалы, күн, жер, кітап, гүл, он кел, жщсы, боран бүгін, көк, сегіз т.б.

Көмекші сөздер деп_дербес лексикалық мағынада жйҚ (я ма^ьшасы__тьш____содЕындау), тек грамматикалық магынасы ғана бар, сөйлемде өздігінен мүше бола алмай-тын (бірақ оның қүрамына енетін), тек негізгі сөздердің арасына дэнекер ғана болатын сөздерді айтамыз. Мысалы, де, үшін, — e, em, дейін, туралы соң, арқылы, және әрі, я пг.б.

Негізгі сөздер мен көмекші сөздердің өзгермейтін, үнемі бірқалыпты тұратын нәрсе емес. Олар да үдайы карым-қатынасқа түсудің нәтижесінде бір топтан екінші топқа ауысып отырады, демек, негізгі сөздер көмекші сөздерге айналып отырады, тіпті кейде бір сөздің өзі әрі негізгі сөз ретінде де, әрі көмекші сөз ретінде де қолданыла беріледі. Мысалы: үсті (жол үсті) асты (уйдіц асты), қас (үйдің қасы) ал (ды) (есік алды) іші (ел іші), сырты (үйдің сырты.) сияқты сөздер ездерінің бастапқы лсксикалық мағыналарын сақтай отырып, негізгі сөздер ретіңде (ол үсте турады, күрек сыртта түр, іште шелек) жұмсалуымен қатар, бірте-бірте сол мағыналарын солғындатып, олар өзіне тән ерекшелігі бар көмекші сөздер категориясына (жер астынан, есік алдында, үй ішінің т. б.) айналған.

Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын атаймыз.

Қазіргі қазақ тіліндегі сөздер мынадай 9 сөз табына бөлінеді:

1. Зат есім (бет, қол)

2. Сын есім (қызыл, биік)

3. Сан есім (бір, жүз)

4. Есімдік (мен, сен)

5. Етістік (бару, жазу)

6. Үстеу (тез, таза)

7. Шылау (үшін, туралы)

8. Еліктеу сөз (күмп, тарс-тұрс, ыржың-ыржың)

9. Одағай (алақай, тәйт, құрау-құрау)