- •2. Қазақ тілін оқытудағы әдіс ұғымы, әдістердің топтастырылуы. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген жаңа әдіс – тәсілдер мен технологиялар.
- •3. Дауысты дыбыстарды талдау әдістемесі.
- •2.Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс- тәсілдері, оларды тексеру, талдау, бағалау.
- •3. Буын. Екпін. Интонация.
- •2.Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілі әдістемесінің зерттеу обьектісі. Мазмұны мен міндеті.
- •4. Қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері
- •2.Қазақ тілі бағдарламасы. Оны талдау. Бағдарлама мен оқулық байланысы.
- •3. Дауыссыз дыбыстар. Олардың жіктелуі, емлесі
- •2. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін талдау.
- •3. Лексиканы оқыту әдістемесі. Лексикалық жаттығулар.Лексикалық талдау.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің ғылым ретінде дамуы. Әдіскер ғалымдардың қосқан үлесі.
- •3. Қатемен жұмыс жүргізу әдістемесі.
- •2.Жалпы дидактикалық принциптер, мұғалімнің бұл принциптерді ұштастыра білуі.
- •3. Сөз таптарын оқыту әдістемесі,морфологиялық талдау.
- •1. Есімдік, оның мағыналық түрлері. Сөйлемдегі қызметі.
- •2. Қазақ тілі әдістемесінің даму тарихы, оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектері.
- •3. Сөзжасамды оқытудың әдіс-тәсілдері,сөзжасамдық талдау.
- •3. Дыбыстардың үндесуі мен алмасуына байланысты тілдік заңдылықтар.
- •2. Қазақ тілі сабақтарында жазба жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, мазмұндама, шығарма.
- •3. Қазақ тілінен 5-8 сынып бағдарламаларын талдау, шолу жасау.
- •2. Қазақ тілі пәні бойынша сыныптан тыс жұмыс түрі. Оны жоспарлау және өткізу
- •3.Қазақ тілінің 10-11 сынып бағдарламасын талдау, шолу жаса
- •2. Орфография. Оқытудың маңызы, міндеттері, принциптері.Оны оқытудың негізгі тәсілдері.
- •3. Қате, оның түрлері, оны есепке алу, жіктеу.Оқушы дәптерін тексерудің маңызы.
- •2.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері.Синтаксистік ұғымдарды меңгерудің әдіс-тәсілдері
- •3. Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.Пунктуацияны оқыту әдістемесі.Пунктуациялық қателерді талдау.
1-билет. 1Лексика. Лексиканың салалары. Қазақ тілінің сөз байлығы.
Лексика (грек. лексикос — сөздік) — тілдегі сөздердің жиынтығы, сөздік құрам. Лексикаға тілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығу тегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдік қызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеу тілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатын жалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасына тұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдеби тілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тіл Лексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарай Л.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайша сараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөз байлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұт тілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б.
Лексика — тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады. Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы — сөз туралы ілім деген ұғымды береді. Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б. Сонымен, лексикология дегеніміз — тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала. Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі — сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары — морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа түрғыдан қарастырады. Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады. Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі — лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады. Сөз дегеніміз — басқаға тәуелсіз, жеке қолдануға болатын, жеке тұрып-ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі. Сөздердің атқаратын ең негізгі функциясы — атауыштық қызметі. Сөз арқылы адам белгілі бір затты, құбылысты, оқиғаны яемесе солардың сындық, сандық силатын, іс-әрекетін атайды. Бірақ атауыш сөздер өздері атау болған заттың, құбылыстың ішкі сырын, мәнін ашып бере алмайды, ол екеуінің арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды.
Лексика
Сөздің лексикалық мағвналары |
Қолдану аясы шектеулі сөздер |
Қанатты сөздер |
Сөздің тура мағынасы, сөздің ауыспалы, сөздің тура мағыналылығы, омоним, антоним, синоним |
Архаизм, историзм, неологизм, диалект сөз, термин сөз, кәсіби сөз, табу сөз, кірме сөз, эфемизм, дисфемизм |
Тұрақты сөз тіркесі, мақал-мәтел |
Сөз мағыналары
Ауыспалы мағына — сөздің қолданылуы барысында пайда болатын туынды мағынасы. Этимологиялық тұрғыда ол негізгі (тура) мағынадан өрбиді. Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет сәйкестілігі негіз болады. Мысалы, “түзу ағаш үйге тіреу, түзу жігіт елге тіреу” (мақал) деген сөйлемде тіреу сөзі алғашқысында негізгі (тура), екіншісінде ауыспалы мағынада, қолданылған.[1] Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне метафора, метонимия, меңзеу, қызмет бірлігі т.б. жатады. Сөздердің қызмет бірлігі бойыншаауыспалы мағынада қолданылуы олар бейнелейтін заттар мен құбылыстардың тұлғасы, түрі мен түсі, басқа да белгілері жағынан әр түрлі бола тұрып, атқаратын қызметтері бір болуына байланысты. Мысалы: жүру сөзі кезінде бір ғана мағынада қолданылып, кейін түрлі қозғалыс түрлерінің бәрінің атауына айналған.
Сөздердің тура мағынасы - сөздің таза лексикалық ұғымының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасы - заттың, нәрсенің, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың, шындықтың басқа да құбылыстардың сөз арқылы бейнеленуі. Сөз мағынасы әдетте екі түрлі болып келеді: сөздің грамматикалық мағынасы және сөздің лексикалық мағынасы. Сөздердің тура мағынасы лексикалық мағынаға тікелей байланысты. Лексикалық мағына көп жағдайда жалпылық қасиетке ие болады. Мәселен, күлді, ашуланды, қуанды деген сөздерді "адамның психологиялық жайына қатысты жайдың етістік арқылы берілуі" деуге келеді, бірақ ол сөздердің әрқайсының өздеріне лайықты нақтылы ерекшеліктері бар: бірі екіншісіне қарама-қарсы (күлді—ашуланды), бірі үшіншісімен мағыналас (күлді-қуанды). Ол айырмашылықтар сол сөздердің тура мағынасы арқылы білініп тұр. Сондай-ақ зымырады, жүгірді, аяңдады дейтін сөздердің бәрі де қозғалысты танытқанымен, біреуінде эмоциональдық реңк (зымырады) басым, екіншісі қозғалыстың бәсеңдігін (аяңдады) көрсетеді. Мұндай нақтылық та сол сөздердің тура мағынасының арқасында мүмкін болып отыр. Сөздердің тура мағынасын тек етістік сөздермен ғана түсіндіріп қоймай, есім сөздермен түсіндірудің көптеген мысалдары бар. Үй, пәтер деген сөздердің тура мағыналары арқылы олардың айырмашылығын әркім ажырата алар еді. Сол сияқты, қара деген бір ғана негізгі сөздің тура мағынасының өзінде бірнеше ұғым тұрады. Біз есімдігін бірінші жақтың көпше түрінде де, сыпайылық мағынасында (әсіресе, ғылыми еңбектерде) жекеше түрде де қабылдауға болады.
Сөздің көп мағыналылығы
Полисемия (гр. Poly - көп + sema - таңба)[1] - сөздің екі немесе бірнеше мағынаға ие болуы. Полисемия екі түрлі: грамматикалық полисемия және лексикалық. Полисемия сөздің қандай мағынада айтылуы сол сөздің басқа әр түрлі сөздермен тіркесіп келуі арқылы, белгілі бір контексте, нақтылы жағдайда, әңгіменің жалпы тақырыбына байланысты жүзеге асады. Мысалы, орыс тілінде: поле - ржаное поле, футболисты на поле, поля шляпы. Сөздің негізгі (басты, тура) мағынасы мен оның туынды (қосалқы, ауыспалы) мағыналарын өзара ажырату барысында оның негізгі мағынасы контекстке тікелей бағынышты болмайды, өйткені ол ешқандай контекстке байланысты болмай-ақ, сол сөз айтылған кезде сөйлеушінің ойына бірден келетін мағына болып табылады. Сөз мағыналарының арасындағы семантикалық өзара байланыс олардың арасында ортақ мән беретін элементтердің, яғни семаның рөлі арқылы көрінеді. Көп мағыналылық – сөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуы. Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болуымен ғана өлшеніп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің К. м. байлығымен де ерекшеленеді. Сөздердің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – К. м. Бұл, негізінде, сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Сөздік қордағы сөздер ең алғашқы пайда болған кезде аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін олар бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан тағы бір немесе бірнеше қосымша туынды мағыналарға ие болған. Мыс., “қанат” алғашында құстар мен шыбын-шіркейлердің ұшып-қонатын дене мүшесін білдірген. Онан кейін балықтың жүзу мүшесін, киіз үйдің керегелерін (алты қанат ақ орда), арба-шананың үстін кеңейту үшін салынған ағашты (қанаты жоқ шанаға шөп аз сияды), ұшақтың қанаты және белгілі бір нәрсенің орналасқан шебі, екі жағы (футбол алаңының оң жақ, сол жақ қанаттары, т.б.) мағыналарын білдіріп, көп мағыналы сөзге айналды. Адам санасындағы белгілі бір зат туралы түсінік басқа бір затпен де ұқсастырылып, байланысып тұрады. Соның нәтижесінде екі заттың екі сапасында, яки атқаратын қызметінде жалпы ұқсастық пайда болады. Сол ұқсастықтың негізінде адамдар ұқсас келген екі, не бірнеше затты бір атаумен айтатын болған. Мыс., “судың асты” мағынасындағы “түп” сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар: 1. Бір заттың төменгі, ішкі қабаты (ыдыстың түбі). 2. Өсімдіктің жер астындағы бөлігі (томардың түбін қопардық). 3. Өсіп тұрған немесе қазып алынған өсімдік (бес түп отырғыздық). 4. Түкпірдегі, шеткі (түп бөлмеде отыр). 5. Адамның шыққан тегі, арғы заты (“Мен сол керей ішіне сіңген аз атаның баласы едім, түбім қызай”. М.Әуезов). 6. Бір нәрсенің жаны, қасы (Мәскеу түбінде фашистер талқан болды). Сөздердің семантик. құрылысы неғұрлым күрделі әрі бай болса, соғұрлым олардың тілдегі атқаратын қызметі де күшейе бермек. Әсіресе, көп мағыналы сөздер сөздік құрамындағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етеді.
Омонимдер(гр. homos — біркелкі, onyma — есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.
Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.
Ат — жұмыс көлігі;
Ат — есім, атау;
Ат — етістік (бұйрық рай).
Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.
Қас деген төрт сөз бар:
қас — адамның қабағындағы қас;
қас — дұшпан, жау;
қас — бірдеменің жаны, маңы (үйдің қасы);
қас — ердің қасы
Бұлар да — бір-бірімен байланыссыз жеке-жеке cөздер.
Кейде сөздердің ауызша айтылуында бірнеше сөздердің айтылу, естілу ұқсастығы болады. Мысалы: осы жер деген сөздерді айтқанымызда, ош шер болып айтылады, сол сияқты, тұзшы мен тұщы және асшы мен ащы сияқты сөздер де кездейсоқ деп саналады.
Омонимдердің семантикалық айырмашылықтары контексттен көрінеді.
Жасалу жолдары
Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:
1) көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;
2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.
3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;
4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.
Антоним (гр. antі — қарсы, onoma — ат, атау) — мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн — түн), ұғымның (бақ — сор, жақсылық — жамандық),[1] сапаның (жаңа — ескі), қимылдың (кіру — шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, «Көз — қорқақ, қол — батыр», «Өтірік — қаңбақ, шын — салмақ». Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты — аты өшті, жүрек жұтқан — су жүрек, соры қайнады — көзі ашылды.
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер. Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.
Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.
Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:
мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);
стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);
сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).
Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:
мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;
бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;
мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;
Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.
Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;
Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.
Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.
Қолдану аясы шектеулі сөздер
Архаизм - көнерген сөздер. Бұған ескі әдебиеттерде кездесетін, қазіргі кезде жиі қолданылмайтын сөздер, сөз тіркестері жатады. Архаизм көркем әдебиетте белгілі бір стильдік мақсат үшін жұмсалады. Әуезов «Тіл және әдебиет мәселесі» деген мақаласында өзбек, татар, араб, Иран тілдерінен енген көне сөздерден қашудың жөні жоқ екенін ескертеді. Мысалы, «Жамбыл» сөзінің шығу тегін білмегендіктен, Жамбыл ақынның есімін таумен шатастырады. Ал өзбек тілінде «Жамбыл» - гүлдің аты, «мартук» атауы - «мартүк» деген шөптің атынан шыққанын тілге тиек еткен.
Лексика-сөзтудырушы архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ сөз жасау құрамы өзгерген сөз. Стилистикада архаизмдер төмендегі жағдайда колданылады:
а) Сол дәуір тарихын әсірелеу үшін (әдетте тарихи романдарда);
ә) Сөйлеу кезінде сөзге салтанатталық, қобалжытарлықтай әсер беру үшін, өленде, шешендік айтыстарда, (публщистикалық жанрларда қолданалады);
б) иронияда, сықақта, әжуалағанда күлкі шақыру (фельетон, памфлеттерде),
в) кейіпкерге сөздік сипаттама беру үшін (мысалы, діндарлық дәрежесі бар кісіпер).
Лексика-фонетикалық архаизм - бұрынғы мағынасын сақтаған, бірақ дыбыстық құрамы өзгерген сөз (орыс. глад - голод, зерцало - зеркало, гистория - история, пиит - поэт).
Лексикалық архаизмдер - қазіргі таңдағы тілде синонимі бар көнерген сөз (қаз. уәзір - хатшы).
Семантикалық архаизмдер - қазіргі тілде сақталған, бірақ көнерген мағынасында қолданылатын сөз.
Тарихи сөздер-қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар.
Мысалы, хан, патша, би, садақ, жебе, қызыл отау, отарба.
Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Неологизм лексикалық және семантикалық. болып екіге бөлінеді. Лексикалық неологизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық неологизм деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, кесте (таблица), шөгінді (осадки), т.б. Неологизм сөзжасамдық калькалау, (макроұя, кодтану), сондай-ақ морфологиялық, синтаксистік-морфологиялық, семантикалық-морфологиялық тәсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Шет тілден енген сөздердің басым бөлігі өздерінің бастапқы мағынасын сақтайды, семантикалық жақтан өзгерістерге көп ұшырамайды. Неологизм төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамда бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Алғашқыда неологизм ретінде танылған сөздер жалпыхалықтық қолданысқа түскен кезде неологизм болудан қалады. Мысалы, атом, теледидар, космос, ракета, редактор, анализ, т.б. Неологизм тілдің лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген неологизм ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған неологизмнің көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы, антропогендік фактор, компьютерлік жүйе, компьютер орталығы, т.б. АҚШ-та, Францияда, Жапония елдерінде неологизмді зерттейтін арнайы орталықтар құрылып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Неологизм екі түрлі жолмен жасалады.
1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, кино,театр,телевизор, спутник, ракетчик, бригада, фермер т. б.
2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Неологизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мәні зор.
Диалект сөз-белгілі бір аймақта ғана сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер. Мысалы, сым (щалбар), тұқым (жұмыртқа), жар (қабырға), чәугім (шайнек) .
Термин сөз- ғылым, техника, өндіріс саласында қолданылатын сөздер. Мысалы, квадрат, куь, глобус, карта, аммик, азон, синоним, антоним.
Кірме сөз-басқа тілден енген сөздер. Араб, парсы: адам, әлем, ғылым, қоғам. Монғол: аймақ, жарлық, нөкер. Орыс: шайнек, сіріңке, кәмпит, тәрелке, телефон, телеграф.
Табу сөздер - мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер. Мысалы, келін күйеуінің туыстарына ат қояды: шырайлым, еркем, төре жігіт. Табиғат құбылыстарына: жай түсті «жасыл». Ауруға. Шешек ауруы- «қорасан». Аң-құсқа, малға: қасқыр – «ұлыма», қой «маңырама».
Эфемизм – дөрекі, тұрпайы сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстыру. Мысалы, ұрланды – қолды болды, мылжың – сөзуар, өтірік айту-қосып айту.
Дисфемизм-мағынасы эфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Мысалы, боқмұрын, боғымен жасты баламен ойнау.
Қанатты сөздер
Тұрақты тіркес – мағынасы бір тұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалады. Мысалы, таяқ тастам жер, мұзға отырғызып кету, қой аузынан шөп алмас.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы. Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.
Мақал - мәтелдер - әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатысы, мінез-құлқы, психологиясы жөніндегі жасаған қорытынды, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды, жатық та көркем көрінісі, фразеологиялық оралымдардың еңделіп, сырланып, әбден қалыпқа түскен тұрақты түрлері. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.Ол айналадағы сыры мол дүние туралы білімнің сұрыпталған жиынтығы, халықтың өзінше шағын ауызша энциклопедиясы ғана емес, ұстаздық, тәлімгерлік роль де атқарады, адам бойындағы барлық жақсылықты асқақтатып, жамандықты жерлеп,бала тәрбиесінде ерекше орын алатын халық даналығы.Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі тұжырымды болды.. Халық даналығы ата-анаға ұрпақ тәрбиесі жөнінде өзінен бұрынғылардың моральдық-психологиялық, медециналық-гигиеналық, өнер-сайыскерлік ой-пікірлерін де шоғырландырып, бүкіл халықтың тәлімдік тәжірибесін мирасқа қалдырып отырды. Көшпеліліердің сонау ерте дәуірінен-ақ бұларды көп біліп әрі оны ақылмен байыптай алатын адамды ерекше қастерлеуі тегін емес. Ондай адам ата-баба даналығының көзіндей саналатын. Мақал-мәтелдер белгілі бір шешіммен істің дұрыстығын анықтайтын логикалық қызметтің эталоны тәрізді адамның ой-әрекеттерінде маңызды роль атқарып отырады.
Абай мұрасы мақал, мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең жолдарына бай.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын» деген жолдар осының дәлелі.
Ақын өзінің бірсыпыра шығармаларында кейбір мақал, мәтелдер жөнінде ғылыми пікірлерде айтқан. Кейбір мақал, мәтелдердің зиянды мәнін ашып, сынап отырған.
Мысалы, Жиырма тоғызыншы сөзінде
«Жарлы болсаң, арлы болма» деген мақалдың теріс тәрбиелік мәнін аша келіп, керісінше,
«Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің құрысын» дейді.
«Қалауың тапса, қаржанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген мақалдарды келтіреді де, «сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой» дейді.
«Атың шықпаса, жер өрте» мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?..», «Алтын көрсе, періште жолдан шығады» деген мақал женінде «періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтыңды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны» деп реніш білдірген. Ақын пікірінше, «қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар... Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек...».
Лексика салалары:
Лексикология – тіл лексикасын,оның тарихи дамуының заңдылықтарын,қызметін зерттейді.
Семасиология-тілдегі сөздерге тән мағыналарды зерттейді.
Этимология-жеке сөздердің, морфемалардың шығу тегін, бастапқы мағынасын, ол мағынаның өзгеру, даму жайын зерттейді.
Фразеология-тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейді.
Диалектология-диалектілер, говорлар, жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейді.
Топонимика-тұтасынан алғанда, жер, су, қала, ауыл, елді мекен аттарын зерттейді.
Антропонимика-кісі фамилиясын, әке атын, кісінің шын аты мен лақап атын, бүркеншік аттарды қарастыратын сала.
Лексикография- сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі сала.
Қазақ тілінің сөз байлығы.
Лексика (сөз байлығы) (қазіргі қазақ тілі лекцияда бар)
Сөйлеу. Ойбу, бетім, қорықты ғой деймісің, тапқан екенсің...қорқағыңды
Еңлік (күліп, мазақтап) . е, мына тасты құшақтап жатқаның не, тасбақадай тарбиып?-Жапая. Бәрекелді, мының қара. Төбелес тәсілінен түк білмейтін қызды қара. Масқара.
Диалектілік лексика. Жергілікті, белгілі бір аймақтарда қолданылатын сөздер. Говр деген термин қазақ тілінің өзіне тән сөздік, грамматикалық құрылысы жоқ. Тек сөйлеу тіліндегі еөптеген сөздердің әдеби тілде синониміне қарап говр деп аталады. Говр деп халықтық немесе ұлттық деп өзіндік ерекшеліктерін атайды. Мыс. Аданас - сөзінің әдеби варианты аталас, азын-шағын, азды-көпті, біраз; дәліз-ауыз үй, сенек; жақат-өнім, табыс, үстін-төбе, ағаш.
Сөз диалектизм болу үшін екі түрлі шарт болу керек.
Әдеби тілде қолданылмайтын тек белгілі бір говрға, диалектігі тән сөз болу керек. Әдеби тілде байланысы болу керек.
Диалек.м өзінің таралу шегі, аймағы болу керек.
Қ т зерттеуші диалектологтар диалект.ң шығу жолдарыын3түрлі жағдаймен байланыстырады.
Тарихи жағ.а байланысты
Белгілі бір кәсіптік сөздерге бай.ы
Көршілес тілдердің әсерімен бай.ы.
Кәсіби лексика. 1) профиссионалдық; 2) терминдік. Жер сулан-н, аудандарда шығар-жап, мұрап, көсек, үймек.
К л – етікшілікке байланысты, ағаш, балық шаруашылығымен, аңшылықпен, мақта шару.н, қызылша, темекі шару.н шұғылданатын адамдарға тән лексикаға жатады.
Балықшылар арасында: ақбасышылар (ақпа аумен), сүзекі, тоспай, торта, жұьпа, көтергі.
Термин сөздер: болу үшін 3 шарт болу керек:
Т болу үшін сөздердің мағынасы біреу-ақ болуы керек.
Т сөз.ң нақты зат.ң атауы емес ғылым.ң тар аясындағы дерексіз ұғымдар.ң атауы болуы шарт.
Лингвис.қ термин.р; фразе.қ термин.р, фонотика, лексика, дыбыс, әріп, метаыоран
Геогра.қ термин. Глобус, карта, экватор тб.
Ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең, бай тілдердің бірі — қазақ тілі. Өйткені қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны ұлан ғайыр көп. Әсіресе халықтың байырғы (адам, әке, ана, аға, туыс, бауыр, жолдас, ақыл, мінез, жер, су, орман, үй, еңбек, шаруа, жігіт, батыр) сөздері өте мол.
Сонымен қатар байырғы сөздерден косымша арқылы жасалган (ағарту-шы, жазу-шы, адам-гершілік, кісі-лік, мейірім-ділік, оку-лық, аялда-ма, өнер-паз, шабан-доз, тіл-ші) сөздер немесе сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалғандардың (үлкенді-кішілі, оңды-солды, ағалы-інілі, жұмысшы-шаруа, ақ көңіл, ақ иық, ақ пейіл, қарға адым, жылан бауыр, жеті қараңғы, күйтабақ, кәсіподақ, баспасөз, еңбеккүн, кемпірқосақ, өнеркәсіп) есебі жоқ. Осылардың барлығына негізгі қор, тірек болатын — халықтың байырғы сөздері.Сондықтан байырғы сөздерді сөздік қор деп атайды. Сөздік қор тілімізде жаңа сөздер жасауға негіз болады.
Қазақ тілінің құрамында басқа тілден енген сөздер де мол. Орыс тілінен: машина, трактор, пионер, институт, техникум, фабрика, колхоз, совхоз, парта, актер, кино, дружина т. б. ал араб-парсы тілдерінен: мектеп, қалам, дәптер, ұстаз, мұғалім, бала, медресе, әдебиет, кітап т. с. с. сөздер халықтың өз сөзіндей болып кеткен. Басқа тілден енген сөздер болғанмен, бұлар байырғы сөздермен бірге қазақ тілінің сөздік құрамына енеді. Қазақша сөйлеуге және жазуға қатысатын барлық сөздердің жалпы жиынтығы қазақ тілінің сөздік құрамы немесе лексикасы деп аталады.
2. Қазақ тілін оқытудағы әдіс ұғымы, әдістердің топтастырылуы. Қазақ тілін оқытуда қолданылып жүрген жаңа әдіс – тәсілдер мен технологиялар.
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны — жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді. Оқушы қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді ) оқып үйренеді.Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес,тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі- әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан қазақ тілін оқыту қиын да, қызық жұмыс.
Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.
Бір сыныпта отырған балалардың оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімділігін айта кеткен жөн. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзектілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға ,белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады.Сондай-ақ, профессор Ж. Караевтың «Деңгейлеп оқыту» технологиясының маңыздылығы зор. Деңгейлеп оқытуда күтілетін нәтиже: Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу; Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлігін біліп қана қоймай, оны дамыту; Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіретін шығармашылық тұлға қалыптастыру; Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: 1.Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. 2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады. 3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Тіл – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын жасау құралы болса, адамдар тіл арқылы қарым-қатынас жасау үшін, алдымен сөзді, онан соң сөйлем құрай алу шарт, тілді уйренудің негізгі мақсаты – өзара сөйлесе, пікірлесе білуге үйрену.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыстың бір түрі – кітаппен жұмыс, яғни кітаптағы жаттығулармен және мәтінмен жұмыс. Мұғалім берілген әңгімені өте мәнерлеп, нақышына келтіріп оқуы керек. Өлеңді, не әңгімені оқығанда әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқталып, дұрыс оқу дағдысын бірінші күннен бастап сақтауға тиіс. Мәтінмен жұмыс – сабақта өтілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.
Олар: 1. Дыбыстармен жұмыс. 2. Сөздіктермен жұмыс. 3. Сөздік қорларын жетілдіру. 4. Тіл дамыту. 5. Ережемен жұмыс.
Осы тұрғыдан келгенде мәтінді меңгертуде сөздің жұмысының рөлі үлкен. 1. Төл дыбыстарымыз бар сөздерді оқытушы дауыстап өзі оқып, сонан қайталау керек. 2. Жаңа сөздерді тақтаға жазып есте сақтауын қадалап, оған байланысты сөздерді дыбыстап оқытуға, іштей қайталауға дағдыландыру керек. 3. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін жекеше оқытып, дәптерге жазғызып, хормен оқыту керек. 4. Тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқатып, сөйлете білуге дағдыландыру мақсатында мәтіннің мазмұнын қысқаша баяндауды үйрету керек. 5. Мәтінге байланысты сұрақ қойғызып, жауап алу керек.
Мәтінді меңгертуде осындай амал тәсілдерді қолданған тиімді. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөзді оқушылардан қалай түсінгеніне көңіл бөлу керек. Түсінбеген сөздерін мұғалім өзі қосымша түсіндіріп, әр сөздің мағынасына тоқталу керек. Мәтінде кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне де айрықша мән беру қажет. Мәтінді оқытудың мынадай түрлері бар: 1) Дауыстап оқу: бұл әдісті жүргізе отырып, оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады. Дауыстап оқытудың тағы бір тиімділігі мынада: оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.2) Іштей оқу. Бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау. Мысалы: мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін бір мәтін беріп, қай жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін байқатады. Осыған қарап ұстаз олардың оқу шапшаңдықтарынан мөлшерін белгілеп отырады.3) араласып немесе кезектеп оқу.4) буынға бөліп оқу.5) мәнерлеп оқу. 6) Сөйлемді мағынасына, айтылуына қарай дауыс ырғағымен оқу.
Сабақта бірімен мәтінді тек оқытып қана қоймай, сол мәтіннің тәрбиелік мәніне байланысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, қанатты сөздер алып, қосымша дәптермен жұмыс жүргізу. Одан басқа, оқушылардың назарын сол мәтіннің авторына аударады. Мысалы: бүгінгі сендердің қызығып тыңдаған әңгімелерді кім жазған екен? Ол жазушыны естеріңе сақтадыңдар ма? Автордың қандай туындыларын білесіңдер? Кітабын тағы оқығыларың келеді ме?-деген сұрақтар қойылады. Сонымен бірге ол автор туралы буклет, реферат, хронологиялық таблица, сөзжұмбақ жасаймыз. Егер ол автор ақын немесе композитор болса, ол кісінің өлеңдері мен әндерін жаттаймыз, күй табақтар, қара сөздер, поэмалар, термелер бар аудиокассеталар тыңдаймыз, берілген оқиғаға байланысты оқушылар өз ойларын суреттер арқылы да жеткізеді. Әр мәтінге байланысты портреттер, суреттер, дидактикалық материалдар қолданамыз. Оқушыны қызықтыратын мәтіндер таңдау, оқушылық қызығушылығын есепке алу, жаттығуға бағыттау, оны ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім сабақта әр түрлі әдіс-тәсідерді пайдалана білу керек. Ол негізгі әдістер: әңгімелесу, көрнекілік, техникалық құралдар қолдану, оқушының танымдық мәніндегі тапсырмаларды орындауы арқылы білім қуушылығын, өз бетімен шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай жасау, дұрыс жазу, дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру, қазақша білімін конкурстарда, конференцияларды, олимпиадаларда көрсетуге жағдай жасау керек. Осындай жұмыс түрлерін жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Мектеп оқушыларына қазақ тілінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде білім беру әдістері жиі қолданылады.Сондықтан білім беру әдістері теориялық әдістеменың негізгі мәселелері болып саналады.Әдіс (метод) грек тілінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы «зерттеу» деген мағынаны аңғарған.Бертін келе алғашқы мағынасын кеңейтіп, «белгілі бір пәнді оқытудың әдісі» дегенді білдіреді. Сөйтіп әдіс қазақ тілінен ториялық білім берудің тәсілдерін, соған байланысты практикалық дағды мен тәлім-тәрбие берудің амалдарын саралайды, соны практика жүзінде іске асырудың тәсілі мен жолдарының дәл жүйесін көрсетеді.
Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыс жүйесі арқылы жүзеге асады.Осы процесте мынадай ойлау дағдылары қалыптасады: тілдік материалдарды талдау; талданған объектілерді түсіндіру; объектілерді дәлелдеу; объектінің өзіндік белгілерін санап көрсету; тақырыпты оқыту; оқыту үстінде қатесін түзету; тақырыптың анықтамасы мен ережесін айту; бірнеше мысалдарды оқушылардың өздеріне таптырып талдату.Білім мен дағдының өзара кірігуі арқылы білім беру әдісінің құрылымын білуге жол ашылады, мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы күшейіп, мұғалімнің білім беру шеберліктері төселеді, теориялық және практикалық әдістері саралап қолдануға жаттығады.Осының нәтижесінде қазақ тілін оқыту әдістері жүйеленіп, білім берудің сапасы артады. Қазақ тілінен білім беру әдістері сан алуан.Осы әдістерді әдістемеде жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі нығаяды, үшіншіден, мұғалімнің атқаратын жұмысы жеңілдейді. Қазақ тілінен білім беру әдістерін жіктеуде төмендегі әдістемелік мәселелер өлшем етіп алынады.Олар мыналар: Қазақ тілінен білім беру әдістері білім алу көздеріне байланысты жіктеледі. Қазақ тілінен білім беру әдістерін оқушылардың білім алу көздеріне негіздей отырып, оларды төмендегіше жіктеуге болады: а) қазақ тілін практикалық жақтан үйрету әдістері. Бұл әдістер құрамына мыналар кіреді: тілді әдебиет материалымен байланыстырып өту әдісі, түсініксіз сөздерді үйрету әдісі, диалогтық және монологтық сөйлеуді үйрету әдісі және т.б.
ә) қазақ тілін теориялық жақтан үйрету әдістері.Оған: әңгіме әдісі, хабарлау әдісі, түсіндіру әдісі, тәжірибе әдісі және кітапты пайдалану әдісі; б) қазақ тілін теориялық –практикалық жақтан үйрету әдістері.Олар мыналар: дайын материалды талдау әдісі, фонетикалық талдау әдісі, морфологиялық талдау әдісі, синтаксистік талдау әдісі, тілдік тапсырмаларды бар мазмұндау әдісі, қазақ тілі бойынша сөйлем құрату әдісі, орфографиялық талдау әдісі, көшіріп жазу әдісі және диктант жазу әдісі.Оқыту әдістері мынадай түрлерге бөлінеді: мектепте оқылатын барлық пәндерге ортақ әдістер, жекелеген әдістемелердің объектісі болатын оқыту әдістері. басқаша айтқанда, жекелеген оқу пәндерін оқыту процесін белгілі жүйеде зерттеп, сипаттайды. Қазақ тілін оқыту әдістерінің жиынтығын қазақ тілі әдістемесінің пәні деп атайды. Оқыту әдістерінің толып жатқан түрлерін белгілі бір жүйемен топтасақ, олар мынадай негізгі белгілері бойынша бөлінеді:
1) Оқыту пәнінің барлық жақтарын неғұрлым толық қамту (бұл ретте грамматика, орфография, пунтуация, тіл ұстарту);
2) Барлық әдістердің өзара байланыстылығы, бір мақсатқа бағытталған, оқылатын материалды оқушының түсінуі мен біліп меңгеруіне мүмкіндікті қамтамасыз ететін әдістердің өзара байланысы;
3) Барлық әдістерге негіз болатын, сол жүйенің құрамды бөлшегі болатын жалпы дидактикалық принциптердің бірлігі.
Әдістер белгілеріне қарай былайша жіктеледі:
1) Оқушылардың білім алу кезіне қарай: мұғалімнің сөзі (баяндау), әңгіме, тілдік талдау (тілге бақылау жасау), грамматикалық талдау, жаттығулар (оқу кітаптарымен жұмыс), көрнекі құралдарды пайдалану (схема, кестелер, т.б.), экскурсия.
2) Оқу процесінде оқушылардың қатысу дәрежесі мен сипатына қарай (актив, пассив әдістері, тапсырманы орындау кезінде оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дәрежесі т.б.).
3) Оқушылардың жұмыс сипаты мен орнына қарай (жұмыстың ауызша не жазбаша орындалуы, сынып, үй, бақылау тапсырмалары т.б.).
Жалпы әдіс – өте күрделі, көптеген белгілерді қамтитын нәрсе, әдістердің әрқайсысы жекелеген белгілердің бірі бойынша әр түрлі жіктеулердің қатарынан орын алуы мүмкін. Ал оқушылардың білім алуында мұғалімнің сөзі зор рөл атқарады.
Мұғалім сөзі. Мұғалімнің сөзі – сабақта жаңа материалды түсіндіру мақсатымен, оқушылардың түсінбеген жерлеріне түсінік беру мақсатымен, оқулық материалын толықтыру мақсатымен, бағдарламаның белгілі бір бөлігі бойынша мағлұматымен, бағдарламаның белгілі бір бөлігі бойынша мағлұмат шеңберін кеңейту мақсатымен жүргізіледі. Мұғалімнің сөзі қысқа да, ұзақ та, белгілі тақырыпқа байланысты қысқаша лекциялы да болуы ықтимал. Бұл әдіс жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту, жинақтау кезінде кеңірек қолданылады. Алайда мұғалімнің сөзі жаңа материалды түсіндіргенде де, жинақтағанда да, тым ұзақ болмауы тиіс, бір сабақта 5 – 7-ден 10 минутке дейін болғаны жөн.
Мұғалімнің сөзі қисындық тұрғыда дұрыс құрылса, әдеби тілдің нормасы қалтқысыз, әсерлі әрі мазмұнды болады. Ол бұл сөзге арнайы дайындалуы қажет. Сонда ғана мұғалімнің сөзі түрі мен мазмұны жағынан үлгілі, басқалар еліктейтіндей болмақ.
Әңгіме. Әңгіме – қазақ тілі сабағында кеңінен қолданылатын әдістердің түрі, ол мазмұны мен түрі жағынан сан алуан болады да, жаңа материалды түсіндіру, өткенді бекіту, білімді тексеру сабақтарының бәрінде де қолданылады. Грамматика, орфография, пунктуация, тіл ұстартуға арналған сабақтардың барлығы да әңгімесіз өтпейді.Оқыту әдісіндегі әңгіменің мұғалім сөзінен айырмасы: әңгімеге мұғалім де, оқушылар да қатысады, сұрақ-жауп негізінде құрылады. Әңгіменің тақырыбы, сабақтың белгілі мақсатына сәйкес болады.Жоспар бойынша құрылған әңгіме кезінде оқылатын нәрсенің әр түрлі жақтары, белгілері, ерекшеліктері біртіндеп айқындала бастайды, содан соң жаттауға немесе еске сақтауға тиісті қорытынды немесе ереже шығарылады.
Бұл әдістің артықшылығы – сыныптағы оқушылардың бәрін сабаққа белсенді қатысуға жұмылдырады, олардың әрқайсысының дайындық дәрежесін тез анықтауға өз жауаптарын түзеп, бағыттап отыруға, түсінбеген жерлерін түсіндіріп жіберуге мүмкіндік береді.
Сұрақ қою әдісі – әңгімені ұйымдастырудың түйінді кезеңі. Шеберлікпен қойылған сұрақ бір қалыпты жұмыс жүргізуге жағдай жасайды, оқушылардың қиын деген материалды түсінуіне көмектеседі;
а) түрі жағынан оқушыларға түсінікті болуы керек;
ә) толық және екі ұшты болмағаны жөн.
б) оқушының бастама жасауына, шығармашылық ойларын түрткі салуы қажет;
в) риторикалық (мұны кім білмейді?) немесе жалған болмауы тіис;
г) екеуі де дұрыс деген сияқты жауапқа жол берілмегені абзал;
д) бірнеше сұраққа бөлініп кетпей бір ғана сұрақтың мағынасы айқын аңғарылатындай болсын;
е) сұраудың түрінен жауабы көрініп тұратында болмасын;
ж) «иә», «жоқ», «мүмкін», «олай емес» деген сияқты келте жауаптардың болмағаны жөн.
Кейбір жағдайда белгілі бір сала, білім бойынша сұрау бірнеше вариантта – күрделі немесе жеңіл болуы мүмкін. Бұл бір бөлімнің әр сыныпта өтілуіне байланысты (жай және құрмалас сөйлем туралы түсінік ).
Әңгіме, әдетте, жаңа материал мен өткен материалдың арасын байланыстыру үшін сұрақ қоюдан басталады да, сол арқылы бұрынғы өткенді оқушының есіне түсіруге жәрдемдеседі, жаңа материалды оқушы қаншалық дәрежеде меңгергенін білу мақсатында қойылатын сұрақтармен аяқталады.
Әңгіме әдісі оқушының көрген-білгенін жаздыруда кеңінен қолданылады.Тілді талдау әдісі грамматиканы оқығанда, емле, сөздік жұмыстарын жүргізуде, жазушы тілін талдағанда қолданылады. Ол тілді байқаудан грамматикалық талдаудағы көркем шығарма, сөздік, стиль, көркемдеуші элементтерге қарай талдаудан тұрады.
Тілді байқау қандай да бір тілдің материалды оқып үйрену процесіндегі кезеңдердің (көбінесе бас кезінде) бірі болып есептеледі. Байқау әдісі тілдің әр түрлі жақтарын – грамматикасын, стилистикасын, орфография, сөздік фразеологиясын қамтиды да, текспен аттас ұқсас құбылыстарды бөліп алуға, оларды қандай да бір белгілеріне қарай сұрыптап салыстырудан, баяндаудың мақсатымен мазмұнының өзгеруіне байланысты сөз формаларының, сөз тіркесінің, сөйлем құрылымының өзгергендігін жоспар бойынша өткізіледі. Кейін оқулық бойынша оқылатын белгілі бір қорытындылар мен ережелерді оқушылардың түсініп, саналы меңгеруіне әзірлік жасалады.
Тілді байқау қандай да бір ережені немесе құбылысты оқып үйренгеннен кейін де жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда байқаудың мақсаты ережені дәлелдейтін, бекітетін фактілер көлемін кеңейту, оқушылардың тілін байыту болып табылады.Грамматикалық талдау. Грамматикалық талдауда оқушылар мәтіннен белгілі бір грамматикалық құбылыстарды табады (тұтас сөйлем, оның бөлшегі, сөйлем мүшелері, жеке морфемалар), оларды нақты белгілеріне қарап түр-түрге (жаттығудың мақсатына сәйкес) бөліп толық грамматикалық сипаттама береді.Жұмыстың бұл түрі оқушылардың жалпы логикалық ойлауын дамытуға, жекелей алғанда талдау қабілетін дамытуға ежтелейді, олардың назары мен еркін тәртіпке келтіреді, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын тәрбиелейді, грамматика бойынша білімдерін қайталаудың, бекітудің және текстеудің тамаша құралы болады.
Грамматикалық талдау оқушылардың санасына грамматикалық жаңа мағлұматтарды, ережелер мен анықтамаларды жеткізудің тиімді жолдарының бірі болып есептеледі. Ол бір мезгіл ішінде көптеген бірыңғай фактілермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұлардың жай қайталануы оқылып жатқан бөлімнен алған білімді, сенімді бекітеді. Талдауға арналған текске бұрын өтілген бөлімдердің әр түрлі фактілерін енгізуге мүмкіндік береді, уақытты үнемдеуге жағдай жасайды. Өйткені бірталай жағдайда бекітілуге тиісті жұмыстың біраз бөлігін үйде орындауға да болады. Грамматикалық талдау үйге берілген тапсырма ретінде оқылып жатқан материалдық сипатына, оқушылардың жас ерекшеліктері мен қабілетіне, тілдік даярлығына қарай мөлшерлеп беріледі. Грамматикалық талдау мұғалімнің әр класқа, сондай-ақ жекелеген оқушыға да даралап жол табуын қамтамасыз етеді.
Мазмұны жағынан: морфологиялық талдау, оның ішінде: сөз құрамына және сөз таптарына талдау; синтаксистік талдау, өз ішінде: сөйлем мүшесіне қарай талдау; сөйлемнің түрлеріне; сөйлемдегі сөздердің байланысына қарай талдау болып бөлінеді. Бұл талдау түрлеріне фонетикалық талдау да қосылады, ол грамматикалық талдаумен тікелей байланыспаса да, қазақ тілі сабағында бұл талдаудың тиісті орыны бар.
Көлемі жағынан: толық талдау (яғни алынған текске жан-жақты талдау жүргізу), ішінара талдау (оқушыларға мәлім құбылыстар мен белгілердің тек тиісті бөлшегіне талдау жасау) болуы мүмкін.
Орындау тәсілі жағынан: ауызша талдау (көбінесе сыныпта) жазбаша талдау (үй тапсырмасы ретінде жиі қолданылады). Орындалуы тұрғысына қарай сыныпта талдау, үйде талдау болып бөлінеді.
Грамматикалық талдаулардың бір түрі ретінде талғамалы талдау деген де кездеседі. Бұл оқушыдан зор белсенділікті, өздігінен орындау қабілетін талап етеді, көбінесе ауызша жүргізіледі. Талғаламалы талдаудың мәні мынада: оқушы мұғалімнің айтқанын тыңдай отырып, белгілі бір грамматикалық құбылыстарды оқулықтан немесе хрестоматиядан іздестіріп табады да, ауызша айтады немесе тексті дәптеріне көшіргеннен кейін, олардың астын сызып көрсетеді. Мектеп практикасында талдаудың аралас түрі деген де бар. Оның ерекшелігі – оқушы, мысалы, сөйлем мүшесіне талдап қана қоймай, оныңқай сөз табынан, қандай тұлғада тұрғанын да талдайды.
Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістерінің бірі әдістемелік жағынан ойластырылған, сипаты, түрі, мақсаты, орындалу тұрпаты жағынан алуан түрлі жаттығулар жүйесі болады. Оларды қазақ тілі мұғалімі психология-педагогикалық талапқа сәйкес қолданады. Қазақ тілі бойынша жаттығу деп грамматиканың теориялық курсынан алған білімін бекіту мақсатымен немесе сөйлеу, мәнерлеп оқу, дұрыс жазу дағдыларын меңгеру мақсатымен оқушының белгілі бір түрдегі оқу тапсырмасын орындауын айтады. Қазақ тілінен жаттығуды орындағанда, оқушылар тілге белсенді байқау жүргізеді, тілдік фактілерге талдау жасайды, сөйтіп, өз шамасында қорытындылайды, жинақтайды. Бұл амалдардың бәрі арнаулы таңдап алынған, екшеліп сұрыпталған, материалға жүргізіледі.Онда нақты сабақтың мақсаты тұрғысынан қажетті тілдік фактілердің бәрі болуы керек. Қажет болған жағдайда текстегі белгілі бір топтағы тілдік құбылыстар мұғалімнің еркінше оқушылардың оңайырақ меңгеруіне бейімделе өзгеруі де мүмкін.Жаттығу тілді оқыту процесінің қажетті, құрамды бөлігі болып табылады. жаттығуларсыз қазақ тілі сабағын өткізу мүмкін емес: а) өзінің мазмұны жағынан жаттығулар қазақ тілі бағдарламасының кез келген бөліміне тән; ә) орындау түріне қарай ауызша не жазбаша болады; б) қиындық дәрежесіне қарай оңайдан қиынға қарай әр түрлі сатылардан құралады. Жаттығулардың түрлері: құбылыстарды тану және оны ұқсас, сондай-ақ басқа, өзгеше құбылыстардан бөліп алу (сөз табы, сөйлем түрлері); есте сақтау – бекіту (есімдіктің түрлері, шылаудың түрлері, септелу)¸құбылыстардың ұқсастығы мен айырмашылығына қарай бөлу (сөздердің жіктелуі мен тәуелденуі т.б.); құбылыстарды топқа жіктеу ( бір немесе бірнеше белгілері бойынша); белгілерді бөлу және топтау ( емле ережелеріне қатыстырылған грамматикалық құбылыстар, белгілер, шарттар; құбылыстарды салғастыру (сын есім шырайлары, етістіктің шақтары, райлары, етіс формалары); ұғымдарды қалыптастыру, жинақтау (грамматикалық немесе емлелік ережелерді жинақтау, схемалар жасау); грамматикадан, орфография мен сөйлеу дағдыларынан алынған білімді практикада қолдану.Мектепте грамматика, сабақтарында кеңінен пайдаланып жүрген жаттығу түрлері мыналар: текстен бір түбірлі сөздерді тауып, бұл сөздерді бір топқа жатқызудың дұрыс екендігін дәлелдеу; мұғалім берген жеке сөздерді немесе сөйлемдегі барлық сөздерді құрамына талдау; текстегі сөздерден үндестік заңы мен ықпал заңдарына сәйкес дыбыстары өзгеретіндерін табу; сөйлемдегі сөздерге толық морфологиялық талдау жасау (сөз таптарына талдау); сөйлемнен мүше және мүше емес сөздерді тауып, себебін тсүіндіру; жай сөйлем түрлерін анықтау; құрмалас сөйлем түрлерін анықтау т.б.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛ ТҮРЛЕРІ
Технология - әдістеме. Әдіс дегеніміз- білім берудің теориясы.
Тәсіл дегеніміз – іс, меншікті іс . Тәсілдердің элементтері – амал жолдары:
1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту , жүйелеу, тиянақтау.
2) деңгейлік тапсырмалар – қиын мәселерді шешкізу.
3) мониторинг- тексеру.
4) деңгейлік тапсырмалар – дифференсация.
5) таным жолы – оқушыларды әрекетке кіргізу. Мен және оқушылар, оқушылар және оқушылар.
Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.
Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады (1,18 бет).Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасын мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал – құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп , саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс аңықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін (анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.
Қазіргі кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай мазмұнда оқыту керек?
Меніңше, коммуникативті функционалды бағытта болуға тиіс. Сондықтан тілдің коммуникативті механизмін ашу қажет . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі, сөйлем құрудағы, мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі.
Ең алғаш қазақ тілін үйрету барысында оқушыға айналадағы өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де оқушыға белгілі бір тақырып айналасында екінші біреудің сөзін есту арқылы , онымен өзі әңгімелесіп, сөйлеу арқылы , мәтінді оқу арқылы меңгертіледі. Яғни оқушы қазақ тілінде сөйлесу арқылы қарым- қатынас жасайды. Мысалы: «Мен қазақша сөйлеймін», «Асқар менің досым», «Мен осы үйде тұрамын» деген тақырыпта бір – бірімен танысады, әңгімелеседі.
Мұғалім – мектептегі басты тұлға . Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең , әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы , әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі- ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскелік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ынғайлы етіп ұсынады.
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу.Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да, қызық жұмыс. Сол қиындықтарды жеңілдету үшін сызбаларды қолдану арқылы төмендегі әдістерді дамытуға мүмкіндік туғызамын.
Әдістер
Сұрақ- Өз ойын Баяндау Сұхбат Монолог Аударма
Жауап айту
Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір- бірімен, қарым- қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді. Морфологиядан « Сөз таптарын» оқыған кезде тірек сызбаны қолдану өте қолайлы.
Мысалы: Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:
Мен кеше әжеммен және атаммен бес әдемі жейде сатып алдым.
Мен – есімдік, дара, негізгі, жіктеу есімдігі.
Кеше- үстеу, дара, негізгі, мезгіл үстеу.
әжеммен,атаммен- зат есім, дара, негізгі, жалпы, жанды.
Және- шылау, жалғаулық шылау, дара, негізгі, ыңғайластық шылау.
Бес- сан есім, дара, негізгі, есептік сан есім.
Әдемі – сын есім, дара, негізгі , сапалық жай шырай.
Жейде- зат есім, дара, негізгі, жалпы, жансыз, атау септік.
Сатып алдым- етістік, күрделі, туынды,өткен шақ,ашық рай.
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды (2, 38 бет).
Менің оқушыларыма үлкен қызмет ететін, әрі қызықтыратын- «Ой толғаныс» кезеңі. Мұнда әр оқушы өз білімін көрсетуге қаншалықты игергенің дәлелдеуге тырысады. Оларды»Автор орындығы.» , «Еркін жазу», «Дискуссиялық парта», т.б. ерекше қызықтырады. Өзінді тыңдату және өзгенің пікірін мұқият тыңдау, бағалау, сыни тұрғыдан талқылау, ой бөлісу сияқты тиімді әрі пайдалы қажеттіліктерді үйретеді. Бұл таңда сабақтарымда қолданылып жүрген »Сыни тұрғыдан ойлау» әдісі оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына зор ықпалын тигізеді.
Мен өз тәжірибемде көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлемін. Оқушы бірлесіп үйретуде, кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға, ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді.Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.
Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жағдайлар еске ұсталынғанына көзіміз жетті:
1) оқушылар бір- біріне бірдей бағынышта, сыйластықта болды;
2) жауапкершіліктері артты;
3) топқа бөлгенде оқушылардың ойлау мумкіндік жағдайлары ескерілді;
4) топқа барлық мүшелерінің бір- бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, кезектесіп, сөйлеу дағдылары қалыптасады;
5) мұғалімнің , оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болды;
6) топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың білімдері нәтижелі шыңдалды;
7) оқушының ең алдымен есте ұстау қабілеті жоғарылады;
8) жиі- жиі ат талқысып жасау және терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамыды;
9) жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанды;
10)бір- біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермеледі;
11) оқуға, жазуға , тыңдауға , сөйлеуге кең мүмкіндіктерін беретін ортада оқушы өз пікірлерін білімдерін, бар жігерін жеткізді.
Осындай сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне беріп, үлкен жауапкершілікті сезінтеді.
Бір сыныпта отырған балалардың ұлты, оқу ынтасына қарай тілді білу дәрежесі де әртүрлі болып келеді. Сол себепті де нақты нәтижеге жету үшін модульдік оқыту технологиясының тиімді екенін күнделікті іс- тәжиребемнен көріп келемін. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Модульдік технологиясының басты ерекшелігі – оның тек қана білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді, яғни жадының алуан түрлерін ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай- ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін- өзі өзентілендіру, өзін - өзі бекіту, қарым- қатынас, ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттануға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталады (3,56 бет).
Қорыта келе бұл технологияны қолдану нәтижесінде:
• Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға.
• Танымдық процестерді жетілдіру.
• Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға
• Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға
• Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым – қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаңа әдістер
Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.
Сонымен қосақазақ тілі пән бірлестігінің мүшелері «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: «Ой шақыру», «Сұрақ қою», «Кубизм», «Кластер», «Түртіп алу», «Бес жолды өлең» стратегияларын сабақты өткізу барысында тиімді пайдаланады.
Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасын сабақтарында қолдану , оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу негізінде іске асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланады.
Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Осыған орай оқу орыс тілінде жүретін мектептерде егеменді еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие. Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс сыныптарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.
Қазақ тілі сабағының әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.
Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Сабақты жоспарлауға қандай негізгі талаптар қойылады. Олардың жобасы төмендегідей:
1. Оқушылардың сабаққа бар зейінін аударып және ықыласпен, ынта-жігермен тыңдауын ұйымдастыру.
2. Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.
3. Мұғалімнің тақырыпты терең және жан-жақты меңгеруі.
4. Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі,тиімді әдіс-тәсілдері.
5. Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы.
6. Мысалдардың өмірмен байланыстылығы,баланы ойлантуға,сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы.
7. Сабақты басқа пәндермен, өнер салаларымен үйлесіміне, ұқсастығына қарай түрлендіру.
8. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өз бетінше жұмыс беру.
9. Бағалау, оның тәрбиелік мәні.
10. Үй тапсырмасын уақытында түсіндіріп, үлгісін беру.
11. Осылардың ең бастысы-сабақтың жүйелігі.
Сонымен қатар мұғалімнің іскерлік сапасына төмендегідей талап-міндеттер қойылады:
- Сабақтың мақсаты айқын болуы.
- Материалды жан-жақты әрі түсінікті баяндауы.
- Басты мәселені бөле көрсетуі.
- Сынып оқушыларын пәнге қызықтыру.
- Мәселе қозғап, пікір-сайыс туғыза білу.
- Баяндау тәсілі жүйелі әрі қисынды болуы.
- Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздерді анық айтуы.
- Көрнекі құралдардың барлығы.
- Техникалық құралдар қолданылуы.
- Үйге тапсырма уақтылы, әрі дұрыс берілуі.
- Оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілуі.
- Оқушылардың қателері дер кезінде түзетіліп отыруы.
Сонымен қатар әр сабақта осыларға қоса педагогикалық, психологиялық физиологиялық, гигиеналық талаптар қоса қарастырылып отыруы қажет.
Және әр сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын міндетті түрде ескеруіміз керек.
1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз.Ол қандай мөлшердежәне қалай қабылдануы керек.
2. Үйрету. Осы білгенін оқушы практикада қолдана ала ма. Ережеге байланысты тапсырманы оқушы қиналмай орындауы керек.
3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең–тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4. Дамыту дегеніміз оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шындай отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Білім алуға қызықтыру.
Оқушылардың сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін,әр пәннің мұғалімі сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне баса көңіл бөлгені жөн. Оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда қазақ тілін оқитын оқушы өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет.
Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орны ерекше, сабақ өткізу барысында сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдалануға болады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту.
Сөздік жұмысының енді бір саласы-әңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттаумен байланысты.Осыған орай әр сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.
Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді. Өйткені әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті.
Дейтін болсақ әрбір оқушының жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі білім беру жүйесінің негізгі талабы. Өйткені оқушылардың бәрінің ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен келу керек.
Қазақ тілін оқытудың тиімді жолдары
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға мәлім. Сондай-ақ, Елбасы: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» дегенді шегелеп тұрып тапсырған еді. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.
Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу.
Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз.
Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік шығармашылық құзіретін дамыту. Оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша сөйлей білуге үйрету.
1. Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.
2. Мемлекеттік тілді оқытуда– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану.
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Былтырғы жаңа оқу жылының ерекшелігі – республикада алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде Елбасының онлайн режимінде өткен интерактивті сабағымен басталды.
Өзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан, бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивті тақтамен жабдықталуда. Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер жүктелуде. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды.Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс тәсілдерімен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.
Ақпараттық технологияны оқыту үдерісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал – интерактивті тақта болып табылады. Интерактивті тақтаның келуіне байланысты оқытудың жаңаша әдісі пайда болды. Мұғалімдер өз сабақтарында мейлінше интерактивті тақтаны пайдалана отырып, жан-жақты ізденіп, сабақтарын қызықты, әрі тартымды, нәтижелі өткізуге тырысуда. Интерактивті тақтаның мүмкіншілігі шексіз. Оны көрнекілік ретінде қарастырсақ, ол оқу нәтижесінің сапасына оң әсер етері сөзсіз. Бұл – бейнеконференциялар, мектептер арасында бірлескен сабақтар өткізу үшін қолданылатын ерекше жүйе. Сонымен қатар, пәндік көрнекі құралдарды бейнематериалдар арқылы көрсетуге болады.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.Орыс мектептеріндегі қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден көп дайындықты талап етеді. Мұғалімнің еңбегінің табысты болуының қайнар көзі оқушының ана тілі мен қазақ тілінің арасындағы әр қилы ұқсастықтарын, айырмашылықтарын есепке ала отырып, соларға негіздей оқытқанда ғана сабақ табысты да тиімді болады. Оқу тәрбие жұмысының негізі – сабақ. Сапалы сабақ оқу тәрбиесінің нәтижелі болуына тікелей әсер етеді.Тілді оқытып, үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің түпкі мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс – тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру.Осылардың барлығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дәстүрлі әдістемеге қарағандағы артықшылықтарын пайдалану арқылы тіл үйренушінің білім сапасының артуына, қатысымдық құзіреттілігінің қалыптасуына ықпал етеді. Тілдік білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тіл үйренушілерді әлемдік мәдени құндылықтарға, ақпараттық ресурстарға жақындатып алып келеді, шынайы мәдени аралық коммуникацияға жағдай жасайды. Бұл технологияның тіл үйретудегі мүмкіндіктері ғылыми-теориялық тұрғыдан жан-жақты дәлелденген, тек практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға мамандардың дайындығы арта түсуі қажет. Алдағы уақытта жоғары талаптарға жауап беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың түрлері арта беретіні сөзсіз.Сондықтан қазақ тілін оқыту-үйрету үдерісінде бұл технологияларды ұтымды қолдану үшін оқытушылардың өз кәсіби шеберліктерін, ақпараттық-технологиялық құзыреттілігін үнемі дамытып отыруы талап етіледі.
Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.
Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.
Интерактивті тақтада орындалатын тапсырмалар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты болады.
Оқу тапсырмаларының негізінен, жазба түрде орындалуын қажет ететін логикалық тілдік жаттығулардың арқалайтын «жүгі» салмақты, өйткені бұл жаттығулар арқылы оқушы қазақ тілі тақырыптарын грамматикалық ерекшелігін танудың нық әрі сенімді баспалдағын қалайды және оқушы үшін маңызды болып табылатын жазу, орфография ережелерін меңгереді.
Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.
1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану
Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.
2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы
Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.
3. .Уақыт ұтымдығы
Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамасыз етеді екен.Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:
(Ұлыбритания педагогтарының ұсынысы бойынша)
- Экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;
- Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;
- Топпен тығыз жұмыс жасау;
- Конференциялар өткізу үшін басқа мектептермен байланыс орнату;
- Интерактивті тақтаны компьютердің көмегінсіз басқару;
- Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;
- Видеороликтер көрсету, электронды оқулықтар пайдалану;
- Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.
Интерактивті тақта:
1. Оқушыларға жаңа материалды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелі презентацияларды пайдалану балалардың оқуға деген ынталығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін ең бастысы мұғалімнің уақытын қысқартады.
2. Компьютерлік сауатты болуды талап етеді. Өйткені сабаққа қажетті оқу материалдарын алдын ала мұғалімнің өзі дайындап қояды.
3. Интернет желісінен ақпарат іздеп, оны жүктеп алу жұмыстарын жасауды үйренеді.
4. СD, DVD және электронды оқулықтарды пайдалана білуінің арқасында, мұғалім жан-жақты біліммен қаруланады. Білімін шыңдайды, шығармашылығы артады. Ақпараттық технологияны еркін меңгереді, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелейді.
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы «Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивті жүйе болып табылады.
Білім берудің кез-келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сапалы электронды оқулық қашықтықтан оқытуға, тіл үйренушінің өздігінен оқып үйренуіне мүмкіндік береді.
Қазақ тілінің қоғамдық қызметін кеңейтіп, оның маңызын, қажеттілігін табиғи түрде арттыру, жан-жақты дамытудың бірден-бір жолы – тілді үйретудің сапасына қатаң талап қою, тіл үйренушілердің өздігінен білім алуын ұйымдастырумен бірге оның нәтижелеріне тұрақты бақылау жасау. Бақылау жасау – адамның өзінің алдына қойған мақсатына қарай жүзеге асырылатын әрекетінің дұрыстығын қадағалау, тексеру. Компьютер тіл үйренушінің жауабын бағалайды, келесі кезекте қандай материал ұсынылуы қажет екенін анықтайды. Оқу үдерісінде компьютер оқытушы, электронды интерактивті тренажер, эксперт, іс-әрекет серіктесі, құралы, үйретуші, тексеруші, бағалаушы қызметтерін атқарады.
«Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту технолгиясын қолдану тиімділігі»
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятатындай тапсырмалар мен жұмыс түрлері ұйымдастырылады.Мысалы,2-сыныпта «Сөйлем» тақырыбын оқытудың осы кезеңі саяхатқа шығу арқылы бірнеше тапсырмаларды мүдірмей орындап,тапсырманы дұрыс орындауын қадағалау керек.Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар поезға отырамыз.Әр вагонға бір жұмбақтан жасырынған.
Мысалы,1-вагонда: «Жылт-жылт еткен,жырадан өткен»;
2-вагонда: «Тәтті,тәттінің іші қатты,қаттының іші тәтті»;
3-вагонда: «Кішкентай ғана бойы бар,айналдырып киген тоны бар»;
4-вагонда: «Қанаты-жоқ ұшады,аяғы жоқ қашады»;
5-вагонда: «Ти десем,тимейді,тиме десем ,тиеді»;
6-вагонда: «Отқа жанбас,суға батпас»;
1-тапсырма:Әр жұмбақтың шешуін тауып,әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптен сөз құрастыру керек.-Қандай сөз шықты?-СӨЙЛЕМ.
2-тапсырма:Паровоз тоқтап қалды.Көмекке келейік.Ол үшін сөйлем неден тұратынын табайық:-Сөйлем сөзден тұрады.-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?
3-тапсырма:-Пойыздың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген сөз жазылыпты.Қалай ойлайсыңдар,бұлар қандай сөйлемдар?Мұндай сөйлемнен кейін қандай тыныс белгілері қойылады?Қане,ойланып көрейікші.
-Нүкте.Сұрау белгісі.Леп белгісі.
-Сөйлем туралы ойды жинақтап ,сызбаға түсіруге болады.
Осындай жұмыстың түрінің негізінде оқушылардың жаңа тақырыпқа бет бұруына жағдай жасайды да,жаңа тақырыпты дұрыс меңгереді.Жаңа тақырыпты мнңгертудің алғы шартын қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі:
· Үй тапсырмасын жаңа тақырыппен байланыстыру;
· Жаңа тақырыпқа негіз болатын түсінік-белгілер туралы ойларын жинақтау;
· Өткен тақырыппен өтпеген оқу материалын шебер байланыстырып сұрақ қою арқылы проблемалық жағдаят тудыру;
· Стандартты емес тапсырма беру;
· Беймәлім(танылмаған) білім нысаны туралы ақпаратты проблемалы түрде беру,яғни оқушыға білім неғұрлым жұмбақ көрінсе,ол оны соғұрлым білсем деген ынтасы арта түседі.Осы әрекеттерді ұйымдастыру арқылы мұғалім жаңа сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді.
Сабақ барысында оқулықтағы жаттығулар мен оқулықтан тыс тапсырмалар орындатылады.Сонымен қатар ойындар ойнатуға да болады.
Мысалы: «Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны.
Ойынның шарты:берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйіне орналастыру керек.1.Өсімдік көктейді 2.Түйе боталайды 3. Балам,өркенің өссін 4.Дала қандай аппақ 5.Қамшы деген не 6.Кірпі қалай дыбыстайды
Ой сергіту жаттығуы: «Сөзден сөз шығарып,ол сөздерден сөйлем құра»деп беруге болады.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Педагогикалық процесінің компоненттері
Мазмұнындағы басымдылық
Дамыту оқыту
Мақсат
Дәстүрлі иллюстрациялық түсіндірме әдісі
Байқампаздығын, ойлауын, практикалық әрекетін дамыту
Бастапқы мазмұн
Оқушыларда білім, білік, дағды қалыптастыру
Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту
Оқытудың формалары
Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер
Бірлескен ұжымдық іс-әрекет
Оқыту әдістері
Жеке,топтық,фронтальді ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық
Проблемелық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау
Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы
Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция
Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
· Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
· Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
· Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді қолдану.
· Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды.
Қазақ тілі сабағында деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс - әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Бұл технология бойынша сабақта барлық оқушы тапсырманы І деңгейден бастап орындайды.
I - репродуктивтік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық оқушы бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Оқушылар жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттерін анықтайды.
II - алгоритмдік деңгей. Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек.
III - ізденіс (эвристикалық) деңгейінде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс - тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
IV - шығармашылық деңгей. Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармалар, шығармашылық тапсырмалар - оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг - ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір білім алушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі - оқушыларға арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, үлестірмелі материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол оқушының білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы оқушының белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз іс - тәжірибемде оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
• Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
• Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
• Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
• Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;
• Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
• Оқушы белсенділігінің оянуы;
• Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
• Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
• Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынастың орнауы.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
• Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
• Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
• Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
• Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
• Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;
• Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;
• Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.
Жұмысымдағы негізгі бағытым: Қазақ тілі және кәсіптік қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану, ал мақсатым: оқушылардың шығармашылықпен іздене жұмыс істеу қабілеттерін нәтижелі дамыту.
Жетістіктерге жету үшін ең алдымен оқушылардың білім дәрежесін, ынтасын, ақыл - ой, еңбек дағдысын, өз жұмысына деген жауапкершілігін ескеру қажет. Деңгейлік тапсырмаларды қандай дәрежеде орындай алса баға біліміне қарай қойылады.
Сабақ барысында сыныптағы барлық оқушының білім деңгейі анықталады. Бұл әдістің тағы бір тиімді жағы – оқушы өзінің білім деңгейін, нені оқу керектігін анықтап, өзінің ізденуіне болады. Өйткені ол білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Білім сапасы білім, біліктілік, дағды және тұлғаның қасиеттері мен қабілеттерімен бағаланады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл бөлу қажет. Сабақ барысында өздігінен еңбектенуге, шығармашылықпен ізденуге, қорытынды жасауға машықтанады. Тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беру керек. Мұғалім білімі нашарларға көмек беріп, қабілеттілермен жұмыс ұйымдастырып отыру арқылы математика пәнін оқуға деген қызығушылығын, белсендігін арттырады. Тақырыпты толық меңгере алмаған оқушылармен қосымша сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар жүргізуі керек.
Жаңа оқыту технологиясының қай түрі болса да, ол игеруге тиімді, оқытушы мен білім алушының арасында қарым - қатынас орнатуға икемді болуы тиіс. Қазіргі әрбір ізденімпаз оқытушының міндеті оқушының белсенділігін, іскерлігін дамыту. Осыған орай, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың тиімді жолдарының бірі өзіндік жұмыспен өздігінен білім алу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық және әдістемелік тәсілдерін қазіргі заман талаптарына сәйкес жетілдіру болып отыр.
Соңғы кезде уақыт талабына сай өз тәжірибемде мен деңгейлеп оқыту технологиясын қолданып жүрмін. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.
Өзімнің тәжірибеме келсем, мен орыс тілінде білім алатын топтардағы қазақ және кәсіптік қазақ тілінде деңгейлеп оқыту технологияның элементтерін жиі қолданамын.
Осы технология бойынша сабағымда мына бағытта жұмыс жасаймын:
- ұжыммен жұмыс;
- топпен жұмыс;
- жеке оқушымен жұмыс;
- дарынды оқушы дайындау.
ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол - кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бірі талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер - үйші жасайды. Үйшілер талды өзендер бойынан алады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария.
Үйші киіз үйдің ағаштан жасайтын бұйымдарын көктемде бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық құрал - саймандарды пайдаланған.
Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: желкөз, торкөз. Желкөз қатты желге төзімді, ал торкөз жаңбырлы күндерде су жібермейді. Сағанақтар қиғаш орналасады.
Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді.
сағанақ - жердь
қанат - решетка
қиғаш - по диагонали
шеңбер - круг
I деңгей
1. Мәтіннен зат есімдерді теріп, жекеше және көпше түрінде жазыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
II деңгей
2. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Сильный ветер, дождливые дни; большая сетка, массивная жердь, кожаная полоска, кожаный узелок, шестиканатная юрта, легкое дерево, не пропустит ветер.
III деңгей
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
IV деңгей Режиссер А. Қарсақбаев «Даладағы қуғын» (С. Сейфуллин)
Оқушылар 1 - ші көріністі көреді.
1. Сөз тіркестерін есіңізге сақтап қалыңыз.
қоңақ сыйлау шаңырақ сыйлау
шаштың ағын сыйлау ақсақалды сыйлау
қарияларды сыйлау ата - ананы сыйлау
амандасу сәлемдесу
2. Шаңырақ сыйлау көзқарасы тұрғысынан қонақтың іс - әрекетіне мінездеме беріңіз.
Охарактеризуйте поведение гостя с точки зрения шаңырақ сыйлау.
«Модульдік технологияны қолдану арқылы қазақ тілі сабағында оқушылардың білім сапасын көтеру.
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұрпақ тәрбиесі-ел алдындағы маңызы зор міндет. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесіне көтеру керек. Жеке адамды қалыптастыру үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру қажеттілігі туады. Білім берудің мазмұны жаңарып жаңа көзқарас, жаңа технологиялар өмірге келеді.
Технология сөзіне анықтама берер болсақ, түсіндірме сөздікте-қандай да бір іс істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдар жиынтығы.
Педогогикалық технологияның негізі-әдіс тәсілмен, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы қажетіне қарай талғай, таңдап қолдануында.
Бұл жерде біздер, яғни ұстаздар мемлекеттік білім стандарты талаптарын басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауымыз қажет.
Егер нені оқыту керек? деген сауалға мемлекеттік білім беру стандарты жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіби даярлығынан, жаңа технологияны пайдалана білуінен, өз мақсатын айқын көре алуынан, сол арқылы жеке тұлғаны қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет.
Қазақстан Республикасының « Тілдерді дамытудың 2001-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларының» негізгі талабы- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал білім сапасын көтеру дегеніміз- оқушыны жоғары деңгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, жаңа технологияларды сабағымда қолданудамын.. Мен М.М Жампейсованың «Модульдік оқыту технологиясы» оқушының саналы түрде білім алуына және білім сапасын арттыруға қолайлы жағдай жасайтын технология деп есептеймін. Сондықтан 2003 оқу жылынан бастап тәжірибеме осы технологияны енгізе бастадым.
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты-оқушылрдың өз
беттілік жұмысын дамытатын материалдарды тиянақты, тапсырмаларға қарай топта талда, білімді бағала, қорыт деп оқушылардың өз бетінше қауымдасып кеңесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.
Технология бойынша алға қойған мақсатым:
1. М Жампейсованың жоғарыда аталған технологиясын оқып үйрену.
2. Тәжірибеме енгізу.
Енді сол технологияға тоқтала кетейін. Модульдік оқыту технологиясының мақсаты оқушылардың өз беттілік жұмысын дамытатын материалдарды тиянақты, тапсырмаларға қарай топта талдап, білімді бағала, қорыт деп оқушылардың өз бетінше қауымдасып, кеңесіп жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады. Енді осы технологиялардың кейбіреулерін өз сабағыма пайдалану жағына келейін. Бұл технология бойынша қазіргі 9- шы сыныпты 3-ші сыныптан бастап эксперимент сынып ретінде алып келе жатырмын. Бұл сыныпта 6-шы жыл осы технологиямен жұмыс істеймін. Сабақта әр балаға қабілетіне лайық деңгейлік тапсырмалар беріп, бірте-бірте күрделендіріп отырамын. Ал зерттеу әдісін әдебиет сабағында жиі пайдаланамын.
Мақсаттарын айқындап, оқушыларды бағыттап отырса, баланың өз бетінше жұмысқа қабілеті артады.Бұл жерде мен баланың сабаққа қызығушылығын арттырамын. Яғни, оқушының бойында өз
елінің , өз туған жерінің ұлы адамдарының еңбектеріне деген сүйіспеншіліктері, олардың шығармаларын оқуға деген қызығушылықтары артады.
Сабақта тірек белгілерін пайдалану жаңа сабақты өту барысында жүзеге асырылып жүр. Қазақ тілінен, әдебиет пәнінен көрнекілік ретінде жаңаны түсінуге,оны еске сақтауға қайталауға тікелей әсер етеді.
.Мұнда тақырыптың негізгісін бөліп алып, оның арасындағы байланыстарын құрып көрсете алсақ,сабағымызда осы тірек сызбамен нашар деген оқушымыздың өзі сөйлеп тұрады. Оқушыларды топтарға бөліп,оқытуда мен сыныптың оқушыларын қабілетіне , мінез- құлқына, ынтасына қарай 4-5 оқушыдан үш топқа біріктірдім.Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Жұмыстың орындалу барысы топ жетекшісінен сұралады немесе бақыланып отырылады. Топ бойынша жұмыс сабақта жақсы жетістіктерге жетуге болатынын көрсетеді.
Әр баланың бойында өз тобын алға шығаруға деген құштарлық талап, ынталану оларды бар ынтасымен оқуға итермелейді.
. Топ бойынша жұмыста аузын ашпайтын бала болмайды. Топтағы әр оқушы ұйымшылдыққа, ұжымдық бірлікке, жолдастық қарым-қатынасқа, әрдайым дайын тұрады.
Оқушыға мұғалімнің сөзінен гөрі ортасының, топ мүшелерінің сыны көп әсер ететінін байқадым.
Топ боынша оқыту арқылы сабақ сапасы , тиімділігі артады. Оқушыларды топқа бөле отырып, модульдік технологиямен жұмыс істеуге болатынын өз тәжірибемнен көріп жүрмін. Қабілетсіз оқушы жоқ, әр бала өзінше қабілетті. Қай технологияны пайдалансақ та, ең негізгісі оқушының білім сапасы екендігін естен шығармауымыз керек. Осы технологиялар жайлы басылым беттерінде де, материалдар жеткілікті.Соңғы жылдары қаламыздың көптеген мектептерінде семинарлар көп өткізілуде. Сол семинарлардың барлығында сабақ жүргізуші әр мұғалім түрлі технологияларды өз сыныбының мүмкіндігіне орайластыра пайдаланатындығын көреміз. Және де содан жақсы көрсеткіштерге жететіндігіне, білім сапасының жоғары деңгейде болатындығына куә боламыз. Осының барлығы бізді шығармашылық ізденіске, оқушымызды сапалы білімге жеткізуге деген құлшынысқа жетелейді.
Оқушының жас ерекшелігіне сай, дұрыс таңдалған оқыту технологиялары сапалы білімге ,кепіл болады деп нық сеніммен айта аламын. Ұстаз үшін ең басты мәселе- оқыту әдісін дұрыс таңдау. Менің өз әдісім- ізденіс, ізденіске жұмылдыру, проблемалық міндеттерді шешуге талаптандыру.
Шәкірттерді берілген тапсырмаларды қызыға ,ынталандыра орындауға,
кез- келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге үйрету.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақ тілі өте әдемі, көркем тіл , сондықтан бұл тілді білмеу мүмкін емес» деген екен.
Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ тілі сабағында ойын формаларын енгізу барысында интерактивті тақтаны да қолданудың маңызы өте зор. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті - ойын болса, оқу - тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асады.
Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойын сабақтың басында – өткен сабақты еске түсіреді.
Сабақтың ортасында – көңіл - күйін сергітеді, ерік - жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.
Сабақтың соңында – тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.
Ойын – оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс - әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс.
