- •Тыныс алу физиологиясының элементтері.
- •Зерттеудің әдістемесі, жүргізілу тәртібі.
- •Обструктивті және рестриктивті өзгерістер
- •Спирография
- •Қандағы гемоглобин мөлшерін санау.
- •Адам қанындағы эритроциттердің мөлшерін анықтау.
- •Бір эритроциттегі гемоглобиннің құрамы мен түстік көрсеткішін анықтау.
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
Кіріспе
Негізгі бөлім
Спирограф аппараты
Қолданылу көрсеткіштері
Қолдануға қарсы көрсеткіштер Спирография жүргізудің техникасы Зерттеу протоколы
Негізгі параметрлердің сипаттамасы Қорытынды
Спирография қалыпты тыныс алу қозғалыстарын және форсирленген тыныс маневрлерін жасаған кездегі өкпе сыйымдылығының өзгерістерін тіркеудің графикалық әдісі. Спирография кезінде өкпе вентиляциясын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштерді алуға болады. Алдымен бұл кеуде клеткасы мен өкпенің эластикалық қасиетін сипаттайтын статистикалық көлемдер мен сыйымдылыктар, сонымен қатар уақыт бірлігіндегі дем алу мен шығару кезіндегі тынысалу жолдарындағы ауаның көлемін анықтайтын динамикалық көрсеткіштер. Көрсеткіштерді тыныштық қалпында анықтайды, ал кейбіреулері – форсирленген тыныс маневрлерін орындау кезінде.
Микропроцессорлы спирограф өкпенің функционалдық жағдайының сапалық және көлемдік өзгерістерін бағалау үшін қолданылады және емдік-диагностикалық процесстің барлық этаптарында (бұзылыстарды анықтау, олардың айқындылығын бағалау,өткізіліп жатқан терапияның негізделуі мен эффективтілігінің бағалануы, аурудың динамикасын қадағалау), белгілі бір жағдайлардағы еңбекке жарамдылықты бағалау экспертизаларында, тұрғын халықтың жалпы және эпидемиологияық тексерулерінде пайдаланылады. Спирограф әр түрі профильдегі медициналық мекемелерде аппараттың механикалық қасиеттеріне байланысты адам өкпесінің вентиляциясын бағалау үшін арналған.
Спирографта « Адам өкпесінің ветиляциялық қасиеттерін функционалды зерттеу мен бағалауды өткізудің унифицерленген методикасы» іске асырылған. Берілген әдістеме 1996 жылы енгізілген.. Спирограф – бұл портативті және үстелүстілік құрылғы, сыртқы тыныс алудың 27 көрсеткіштерін анықтау және есептеуді іске асыратын және тексерудің қорытынды протоколын құрастыратын аппарат.
|
Тыныс алу физиологиясының элементтері.
Тыныс алу - сыртқы орта мен ағзаның арасындағы газ алмасуы, оттегін жұтып көмірқышқыл газы бөлінеді және қажетті энергия түзіледі. Тыныс алу сыртқы (өкпелік) тыныс алудың қан газдары тасымалы ұлпалардағы газ алмасуын (ұлпалық келесі ішкі тыныс алу) біріктіреді.
Сыртқы тыныс алу өз кезегінде үш кезенен тұрады:
желдету – қоршаған ортамен альвеолдар арасындағы ауа алмасу.
альвеолдық-капиллярлық мембрана, арқылы газдардың диффузиясы.
өкпе капиллярлардағы қан перфузиясы.
Қанның газ тасымалын оксигемометр (пульсоксиметрдің) көмегімен бағалуға болады. Қалптты кезде гемоглобин 96-98 % оттегімен қанығады. Перфузияны бағалау үшін өкпеге изотоптық әдістер пайдаланылады (көктамырға альбумин, енгізу ол гамма сәуле шығару изотобымен таңбаланады) және рентгеноконтрастілік әдістемелік пайдаланылады. Диффузиялық қабылеті шағын улы газ қанықпасыман тыныс алу кезінде оның қанға түсуімен анықталады.
Өкпелік көлемдер мен сиымдылықтар.
Өкпелік көлемдер деп тыныс алудың әр түрлі фазаларындағы өкпедегі жиналатын ауа мөлшерін түсінеді. Өкпе сиымдылығы бірнеше көлемдердің қосындысы. Статикалық көлемдер жайбырақат тыныс алу мен анықталады, ал динамикалық көлемдер асығыс тыныс алумен анықталады. Туынды көлемдер формулалармен анықталады:
Cтатикалық көлемдер мен сиымдылығы:
ӨЖК (TLC) - өкпенің жалпы сиымдылығы максимал тыныс алу биіктігіндегі өкпеде болатын барлық ауа.
ӨӨК (VC) - өкпенің тіршілік көлемі - максимал тыныс алудан кейінгі тыныс шығаруға болатын ауаның ең үлкен мөлшері. ЖЕЛ (VC) толық дем шығарғаннан кейін біраз көп, себебі ауаның ұсақ бронхыларда (ауа ұстағыштар феномендері) кептелуі жүрмейді:
ӨҚК (RV) - өкпенің қалдық көлемі – максимал деп шығарудан кейін өкпеде қалып қоятын ауа;
ТК (VT) –жайбарақат тыныс алумен тыныс шығару кезінде өкпеден өтетін ауа, орташа 500 мл;
Тыныс алу (тыныс шығарудың) резервтік көлемдері
РК (IRV, ERV) –жайбарақат тыныс алу немесе тыныс шығаруға қосымша тыныс алуға немесе тыныс шығаруға болатын ауа;
Тыныс алудың сиымдылығы Е (IС) - ДО мен РОМ қосындысы:
ФҚС (FRC) – функционалдық қалдық сиымдылық – жайбарақат тыныс шығарудан кейінгі өкпеде қалатын ауа ООЛ мен РО қосындысы.
Ескерту. Қарапайым зерттеулерде ӨЖК (TLC) , ӨҚК (RV) және ФҚС (FRC) өлшеуге мүмкіндік болмайды.
Газ алмасуға қатыспайтын, тыныс алу жолында және альвеолдарда болатын ауа бөлігі өлі кеңістік деп аталады. Функционалдық өлі кеңістік - перфузияланбаған альвеолдар ауасы. Өлі кеңістік (DS) қалдың көлемді анықтау әдісіндегі, тәсілдермен анықталады. Қалыпқа сәйкес (МП - өлі кеңістік DS) әйелдерде 140 мл ер адамдарда 150 мл болады.
Ол анатомиялық өлі кеңістік есебінен құралады. Тыныс алудың минуттық көлемінде өкпе арқылы 1 минутта өтетін ауа мөлшерін түсінеді:
Оны анықтайтын формула
МОД = ЧД ДО,
ТАМК – тыныс алудың минуттық көлемі
ТАЖ – тыныс алу жиілігі
ТАК – тыныс алу көлемі
Мысалы: ТАЖ – тыныс алу жиілігі, қалыпта минутына 12-20, орташа 16, ТАК тыныс алу көлемі 500 мл, деп алатын болсақ минуттық тыныс алу көлемі ТАМК - 8 л болады.
Араласқан обструктивтік-рестриктивтік үрдістерде оның мәні диагностикалық маңызын жоғалтады. Ол кезде ФТАК қатынасын есептейді, ол фактыға, қатысты емес ӨӨК- қатынысы есептеледі.
