- •1 Delphi ортасымен танысу
- •1.1 Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмалар
- •Зертханалық жұмыс № 1 «Delphi интерфейсінің элементтері»
- •Зертханалық жұмыс № 2 «Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды»
- •Interface
- •Implementation
- •Initialization
- •Зертханалық жұмыс № 3 ««Тест» қосымшасын құру»
- •Mainform модулінің соңғы бағдарламалық коды
- •2 Object pascal тіліндегі объектілі – бағытталған бағдарламалау
- •2.1 Класс және объект туралы түсінік
- •2.2 Инкапсуляция, туындау және полиморфизм
- •2.3 Кластың синтаксисі
- •Interface
- •Implementation
- •2.4 Кластың өрістері
- •2.5 Кластың әдістері
- •Implementation
- •2.6 Кластың қасиеттері
- •2.7 Кластың құрылымы. Кластың элементтерінің көріну аймағы
- •2.8 Кластарға операциялар қолдану. Is және as кілттік сөздері
- •2.9 Оқиға және меншіктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №4 «Полиморфизм және көрнекілік әдістер»
- •Interface
- •Implementation
- •Зертханалық жұмыс №5 "Қаситтер мен әдістер"
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6 "Оқиғалар"
- •Interface
- •Implementation
- •Өз бетінше орындауға тапсырма
- •3 Терезелік қосымшаларды құру
- •3.1 Label, Edit, Memo мәтіндік құрауыштары. Button батырмасы
- •Зертханалық жұмыс №7 "Қарапайым Windows-қосымшасын құру"
- •3.2 Пернетақта арқылы берілген хабарламаны өңдеу
- •3.3 Тышқан арқылы берілген хабарламаны өңдеу
- •Зертханалық жұмыс №8 “tForm объектісі”
- •3.4 Басқару элементтерінің тасуын қамтамасыз ететін сипаттамалар (Drag & Drop тетігі)
- •Зертханалық жұмыс №9 "Экрандық объектілерді сүйреу"
- •3.5 Диалог терезелері. Dialogs парағындағы Delphi құрауыштары (Open Dialog, Save Dialog, Font Dialog және т.Б.)
- •Тәжірибелік жұмыс №10 «Мәтіндік редактор»
- •3.6 Delphi - дің кескінді құруға тағайындалған кластары мен құрауыштары. Timer – таймер құрауышы
- •Image құрауышы.
- •Зертханалық жұмыс №10 «Бейнелерді құру»
- •Interface
- •Implementation
- •Қарандаш және қылқалам
- •Қарапайым графиктерді сызу әдістері
- •Функциялардың графиктері мен диаграммаларын сызу
- •Interface
- •Implementation
- •5. Мультимедиалық мүмкіндіктер
- •5.1. Animate компоненті
- •Interface
- •5.2. MediaPlayer компоненті
- •5.3. Дыбысты шығару
- •Implementation
- •5.4. Видеороликтер мен анимацияны қарап шығу
- •Implementation
- •5.5 Анимацияны құру
- •Әдебиеттер тізімі
2.2 Инкапсуляция, туындау және полиморфизм
Класс - өріс, әдіс және қасиетті өзіне бүтіндей қоса отырып, жеке тапсырмаларды шешуге тағайындалған, аяқталған құрылымдық бірлік болып табылады. Әдетте мұндай тапсырма шешімі қандай да бір мәселелер жетегінің айналымында табылатын тапсырма болады. TRichEdit класы rtf-файлдардың (Rich Text Format форматындағы файл) қуатты мәтіндік редакторын береді, ол файлды көруді және редактрлеуді ұйымдастыруға, қаріптің өлшемі мен типін сақтау мен өзгертуге, символдар жолын іздеуге және т.б. тағайындалған. Өріс, әдіс және қасиеттің мұндай бүтіндігін инкапсуляция деп атаймыз.
Бұл тілде көптеген кластар бар (300 – ге жуық ), олар Delphi ортасын қолданатын бағдарламашыға арналып Object Pascal тілінің құрауыштарымен - Inprise International фирмасының қызметкерлерінің көмегімен құрылған.
Программист, бағдарламаны құра отырып өзінің пайдаланушы класын құрады. Мұндай кластар не айқын емес құрылады, онда программист Delphi ортасының көрнекілік құралдарын қолданады, ал кластың мәтінін Delphi өзі құрастырады, немесе айқын, онда программист кластың кодын Object Pascal тілінің құралдарымен өзі жазады.
Жаңа класс басқа қарапайым кластың негізінде құрылады. Ол үшін кластың тақырыбында оның аталық класын көрсету керек. Жаңа кластың тақырыбының синтаксисі мынандай түрде болады:
type className = class (ancestorClass)
мұнда className – жаңа кластың аты; ancestorClass – аталық кластың аты. Жаңа класс автоматты түрде өзінің аталық класының өрісін, әдісін және қасиеттерін иемденеді және өзінің өрісі, әдісі және қасиеттерімен толықтырылады. Кластың бұл қасиеті туындау деп аталады. Туындаудың көмегімен қарапайымнан қиынға өту әдісі арқылы, қандай болса да қиын дәрежедегі класты құруға болады. Қарапайым класс болып TObject табылады, ол өріс пен қасиеттен тұрмайды, бірақ кластың данасын құратын, жоятын, осы класқа қызмет көрсету және бағдарламаны қалыпты функциялауға арналған қандай да әдістердің жиынынан тұрады. Осының негізінде барлық аталық класқа ортақ кластың туындау ағашы құрастырылады. Мысалы:
type TPersistent = class (TObject),
type TComponent = class (TPersistent),
type TControl = class (TComponent).
Кейде аталық класта сипатталған әдістер қандай да бір себепке байланысты ұрпақ класты қанағаттандырмайды. Мұндай жағдайда ұрпақ класта аталық класта жазылғандай атпен әдіс құруға болады, бірақ жұмыс істеу принципі басқадай болады. Осыдан екі класта да бір атпен әртүрлі әдістер әрекет жасайтын болады. Полиморфизм бұл біратты әдістерді жариялауға мүмкіндігі бар туыс кластардың қасиеті.
2.3 Кластың синтаксисі
Барлық кластың синтаксисі мынандай түрде болады:
type
ClassName = class (AncestorClass)
MemberList
end;
мұнда ClassName – кластың аты; class – кілттік сөз; AncestorClass – аталық кластың типі; MemberList – өрістер, әдістер және қасиеттердің тізімі. Төменде TForm1 класынан тұратын main модулінің мәтіні көрсетілген.
unit Main;
