Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алгоритм+жне+бадарламалау+негіздері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.77 Mб
Скачать

Mainform модулінің соңғы бағдарламалық коды

var ball:byte;

begin

ball:=0;

if TestDlg.RadioGroup1.ItemIndex=0 then ball:=ball+1;

if TestDlg.RadioGroup2.ItemIndex=

...

...

ResultDlg.Label1.Caption:=’Ваш результат:’+IntToStr(Ball);

ResultDlg.ShowModal;

end;

Тестілеу нәтижесінде әрбір дұрыс жауап 1 балл деп есептелінеді және балдардың жалпы қосындысы, максимум 5 жағдайында, Результат пішініне шығуы керек. Көрнекілік бағдарламалау құралдарының көмегімен бұл есепті шешу мүмкін емес, сондықтан қарапайым бағдарламалауға көшейік.

procedure TForm1.N6Click(Sender: TObject);

процедурасы тестілеу нәтижесінің балдарын қосады және нәтижені ball айнымалысына орналастырады. Тестен өтуші дұрыс жауабы бар радиобатырмаға басқан кезде ғана бал есептелінеді. Әрбір радиотопта бір ғана батырма дұрыс және ол бағдарламада өзінің топтық нөмірінің индексі бойынша белгіленеді, 0 – ден басталады. Бұл сұрақта дұрыс жауап бірінші жауап, радиобатырманың индексі 0 – ге тең және т.б. Бағдарламалық жолда

if TestDlg.RadioGroup1.ItemIndex=0 then ball:=ball+1;

шартты көшу командасы орындалады. Мұнда былай деп айтылады, егер тышқанмен бірінші топтың бірінші батырмасына шертсек (элемент индексі ItemIndex=0), онда ball айнымалысына 1 балл (ball:=ball+1) қосылады. Басқа жағдайда бұл команда орындалмайды. Осылайша TestDlg пішінінің барлық радиотобына жазып шығамыз. Тәжірибелік тұрғыдан алғанда бірдей жолдарды енгізуді жеңілдету үшін бірінші жолды жазғаннан кейін оны ерекшелеп, Edit менюінің Сору және Paste командаларын қолдана отырып, тағы да төрт көшірме жасап, оған сәйкесінше өзгертулер енгізіңіздер.

Бағдарламалық жолда

ResultDlg.Label1.Caption:=’Ваш результат:’+IntToStr(Ball);

ResultDlg пішінінде орналасқан Label1 құрауышының Caption қасиетіне 'Ваш результат:' деген мәтін және алынған балдар саны меншіктелінеді, IntToStr(Ball) (Integer to string сөздерінің басқы әріптері— бүтінді жолға айналдыру) функциясы ball айнымалысындағы бүтін санды жолдық форматқа айналдырады.

ResultDlg.ShowModal;

командасы Результат пішінін демонстрация жасайды.

  • Бағдарламаны орындап, онда өз жолдастарыңызды тестен өткізіңіздер және оларға Паскаль тілінде мұндай бағдарламаны құру үшін 1500 – ге жуық жол жазу керек, ал ол бір жұмалық немесе айлық уақытты алатынын айтыңыздар. Delphi тілін меңгеру арқылы мұндай бағдарламаны 30 минут уақыт ішінде жасауға болады. Delphi сияқты күшті, әрі әдемі бағдарламалық тілді үйреніп, біліп жатқандарыңызға мақтаныңыздар.

2 Object pascal тіліндегі объектілі – бағытталған бағдарламалау

Процедуралық бағдарламалау бағдарламаның негізі алгоритм, берілгендерді өңдеу процедурасы деп тұжырымдайды.

Объектілі - бағытталған бағдарламалау (ОББ) – ол негізінде нақты өмірдің объектісі мен тәртібіне сай келетін, қандай да бір құрылым ретінде қарастырылатын объект түсінігі бар бағдарламаны құрудың әдістемесі.

ОББ әдістемесінің қолданылуымен шешілетін тапсырмалар объект және оларға қолданылатын операциялар деген терминдермен сипатталады. Мұндай түрдегі бағдарлама объектілер жиыны мен олардың арасындағы байланысты көрсетеді.

Кластар мен олардың элементтеріне ат тағайындауда ұсынылатын ережелер:

  • Кластың аты Т префиксінен басталады.

Мысалы: TObject, TForm, TButton және т.б.

  • Кластың өрісі, қасиетке сай келеді (property), әдетте қасиеттің атымен аталады, бірақ F деген префикстен басталады. Мысалы: FCount: Integer; property Count: Integer read FCount write SetCount;

  • Әдістің параметрі, оның мәні қандай да бір өрістің класына меншіктеледі, өрістің атымен аталады, бірақ А деген префикстен басталады. Мысалы: procedure SetCount(ACount: Integer);

  • Әдістің аты, оның көмегімен қасиеттің мәні оқылады, әдетте Get сөзінен басталады. Мысалы: function GetParam: Integer;

  • Әдістің аты, оның көмегімен қасиеттің мәні жазылады, әдетте Set сөзінен басталады. Мысалы: SetCount әдісі (жоғарыдан қараңыздар).

  • Конструктор әдісіне әдетте Create аты беріледі. Мысалы: constructor Create(Owner: TComponent); constructor Create(AName: String);

  • Деструктор әдісіне әдетте Destroy аты беріледі: Мысалы: destructor Destroy; override;

  • Хабарламаны өңдейтін әдістердің аттары WM префиксінен басталады, хабарламаның типтерінің аттары - TWM , ал хабарламаның индексі - WM_ - префиксінен басталады. Мысалы: procedure WMSetFocus (var Message: TWMSetFocus); message WM_SetFocus; message WM_Quit; {әр кез бағдарламаның орындалуын тез арада тоқтату керек болғанда өрбиді}

  • Оқиғаның өңдеуішіне қатынауды жүзеге асыратын қасиеттің аттарына On префиксі бар ат тағайындалады. Мысалы: property OnChange: TNotifyEvent read FOnChange write FOnChange;