- •I дәреже//
- •II дәреже//
- •III дәреже//
- •10 Жаста, жүдеу. Көз торында дақ бар. Есту қабілеті төмендеген-дыбыс өткізгіштік кереңдік. Болашақта осы балада қандай асқыну болады://
- •IV типті коллагеннің үшспиральды структураларының қалыптасу бұзылыстары//
- •VIII жұп//
- •2 Сатысына//
- •3 Сатысына//
- •4 Сатысына//
VIII жұп//
Бала 10 жаста, АҚ 110/70 мм.с.б, жалпы қан анализінде: гемоглобин 116г/л., эритроциттер- 4,2х10/12, лейкоциттер-6,9х10/9, ЭТЖ- 18 мм/с. Иммунограммада- Ig A -1,9 г/л, Т-лимфоциттер- 36%. Жалпы зәр анализінде: белок – 1,66%о, эритроциттер – 25-30 к/а, бактериялар– 106. Диагноз қойыңыз.//
тұқымқуалаушылық нефрит//
Бала 3 жаста, балабақшаға бару үшін зерттеме өткен кезде, жалпы қан анализінде: гемоглобин – 120 г/л, эритроциттер - 4,2х1012 , лейкоциттер 6,9х109,ЭТЖ – 15 мм/сағ.Жалпы зәр анализінде лейкоциттер-18-20к/а., бактериялар-106. Экскреторлы урограммада: қуық-несеп ағардың рефлюксінің І сатысы. Диагноз қойыңыз.//
созылмалы біріншілік пиелонефрит
Балада 3 күн бойы дене температурасы 38оС, бас ауруы, сол жақ бүйірінің ауырсынуы. Пастернацкий симптомы «оң». Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 118 г/л, эритроциттер - 4,2х1012 , лейкоциттер- 6,5х109,ЭТЖ – 12 мм/с.Зимницкий бойынша зәр анализінде максимальді үлес салмағы –1,017, минимальді үлес салмағы – 1,010, күндізгі диурез - 450 мл, түнгі диурез – 650 мл.Жалпы зәр анализінде: лейкоциттер-20-25к/а., бактериялар-106. Ем тағайындаңыз.//
цефозалин//
Баланың ауырғанына 3 күн болды. Жағдайы орташа ауырлықта. Қарауда: бетінде, тізесінде ісінулері бар. АҚ 110/70 мм.с.б., Ұрғылау симптомы «оң». Жалпы қан анализінде гемоглобин – 114 г/л, лейкоциттер- 8,8х109 ,эритроциттер - 4,2х1012 , ЭТЖ – 38 мм/с. Қанның биохимиялық анализінде: мочевина 6,5 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде – үлес салмағы 1012, белок – 1,67‰, эритроциттер – 25-30 к/а, гиалинді цилиндрлер 2-3 к/а. Ем тағайындаңыз.//
амоксиклав + верошпирон//
Бала 10 жаста. Беті, іші, аяқтары ісінген. Қан анализінде: гемоглобин – 118 г/л, эритроциттер – 4,3х1012 лейкоциттер – 8,0х109, ЭТЖ – 70 мм/с. Жалпы зәр анализінде - белок – 6,6‰, үлес салмағы - 1,030. Тәулік бойы 100 мл зәр бөлінген. Осы жағдайдың себебін түсіндіріңіз://
қызметтегі нефрондар салмағының азаюы//
Бала 10 жаста, емінің 10-шы күні жағдайы нашарлады. Ішінің бүйір бөлігінде ауырсынулар пайда болды, АҚ 150/90 мм.с.б. Жалпы қан анализінде : эритроциттер- 4,2х1012, лейкоциттер – 9,0х109, ЭТЖ – 30 мм/с. Жалпы зәр анализінде: үлес салмағы 1,025, түсі-ашық қызыл, эритроциттер- 50-55 к/а. Түйіршікті цилиндрлер 7-8 к/а. Тәулігіне 700 мл сұйықтық ішіп, 200 мл шығарды. Бұл қандай асқыну?//
бүйрек веналарының тромбозы//
Бала 10 жаста, бірнеше ай әлсіздік, шаршағыштық байқалады. Жалпы қан анализінде: эритроциттер- 4,2х1012, лейкоциттер- 7,0х109, ЭТЖ – 20 мм/с. Жалпы зәр анализінде: эритроциттер- 30-35 к/а, белок 0,99‰. Оның атасында есту қабілетінің төмен екендігі анықталды, осындай өзгерістер ағасында және оның 3 баласында бар. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттемелер өткізілді://
шежіресін құрастыру//
Бала 6 жаста. Шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық. АҚ - 105/65 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,2х1012, лейкоциттер - 7,0х109, ЭТЖ – 15 мм/с. Жалпы зәр анализінде: белок 1,33‰, эритроциттер 20-25 к/а., лейкоциттер – 3-4 к/а., бактериялар 107. Морфологиялық зерттемеде: бүйрек шумақшаларының базальды мембранасында үшспиральды структуралар құрамының бұзылысы анықталды. Диагноз қойыңыз://
тұқымқуалаушылық нефрит//
Бала 7 жаста, зерттеме кезінде Кортиев мүшесінің зақымдалуымен есту қабілетінің төмендеуі. АҚ 110/65 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,2х1012, лейкоциттер - 7,0х109, ЭТЖ – 13 мм/с. Жалпы зәр анализінде: белок - 1,97‰, эритроциттер - 30-32 к/а., бактериялар - 107. Ем тағайындаңыз.//
делагил
Бала 3 жаста.Геморрагиялық бөрпелердің пайда болуына, мұрыннан қан кетуге, тәбеттің төмендеуіне шағымданады. Қарау кезінде: тері жабындылары бозғылт, бауыры мен көкбауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Шеткері қанда 1% бласты жасушалар, тромбоциттер 40х109/л. Ауру диагностикасының «алтын стандарты»?//
миелограмма көрінісі
Бала 5 жаста. Анасы тері жабындылардың бозғылттығына, дене қызуының 37,2-37,3оС дейін жоғарлауына, мұрыннан бір рет қан кеткеніне шақымданады. Қарау кезінде шеткері лимфа түйіндерінің ұлғайғаны анықталған. Бауыры мен көкбауыры қабырға доғасынан 3 см шығыңқы. Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 108 г/л, эритроциттер – 3,47х1012 г/л. Жалпы зәр анализінде: белок 0,033%о, лейкоциттер – 3-6 көру аймағында, эритроциттер- 0-1 көру аймағында. Бұл ауруда қай синдром ең негізгі болып табылады?//
пролиферативті//
Бала 8 жаста. Тез шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданады. Бала жүдей бастады, сұйықтықты көп ішіп, кіші дәретке жиі барды. Қандағы қант деңгейі -10,2 ммоль/л, тиреотропты гормон – 1,5 МЕ/л. Бұл аурудың себебі не?//
ұйқы безінің зақымдануы
Бір жыл бұрын 5 жастағы балада қант диабеті анықталып, инсулинмен ем тағайындалды. Кетоацидоз көрінісі болды. 8 айдан кейін инсулинге қажеттілігі азая бастады, инсулин алынып тасталды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Аш қарынға гликемия 4,2-5,0 ммоль/л, тамақтан кейін –7,2 ммоль/л жоғары емес. Бұл науқаста қазіргі уақыттағы қант диабеті, 1 типті , ремиссия//
Бала 8 жаста, респираторлы инфекциямен, бронхитпен жиі ауырады. 2 жыл бойы зәрінде - лейкоциттер 20-30к/а болуы байқалады. Субфебрильді температура. Қарауда: тері жабындылары бозғылт, көзінің асты көгерген, оң жақ бүйірінің ауырсынуы және ұрғылау симптомы «оң». Жалпы қан анализінде: гемоглобин – 118 г/л, эритроциттер - 4,2х1012 , лейкоциттер- 6,5х109,ЭТЖ – 12 мм/с.Жалпы зәр анализінде: лейкоциттер-20-25к/а., бактериялар-106. Экскреторлы урографияда патология анықталған жоқ. Диагноз қойыңыз.//
созылмалы біріншілік пиелонефрит//
Бала 5 жаста. Салмағы 20 кг. Ауырғанына 5-ші күн болды. Төртінші күн дене қызуының 39-400С дейін жоғарылауына, ылғалды жөтелге шағымданады. Екі рет құсқан, тәбеті жоқ. Қарап тексергенде: бала әлсіз. Тері түсі боз, мұрын қанаты керілген, ТАЖ минутына - 30 рет. Сол жақтан өкпесінің үстінен жауырын аралық аймақта өкпелік дыбыс қысқарған, осы аймақта әлсіреген тыныс фонында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Осы балаға амоксициллинді тәулігіне үш рет қабылдайтынын ескере отырып, бір реттік дозасын есептеңіз?//
300 мг б/етке//
Бала 5 жаста. Салмағы -20 кг. Бір ай бойы таңертең мазалайтын ылғалды жөтелге, мұрнынан шырышты бөліністің болуына шағымданады. Анамнезінен: бұл аурудың өршуі осы жылда үш рет болды. Жедел респираторлы аурулармен, ренитпен жиі ауырады. Қарап тексергенде: тері түсі бозғылт, құрғақ. Мұрнынан серозды бөліністер. Өкпесінде екі жақтан да құрғақ, ысқырықты, ылғалды сырылдар. ТАЖ минутына - 28 рет. Балаға амоксициллин тағайындалды, тәуліктік дозаны есептеңіз?//
900 мг//
Бала 8 жаста. Тыныс алуының қиындауына, тұтқыр қақырықты жөтелге шағымданады. Анамнезінен: туған кезінен бастап ауырады, тұрақты жөтел байқалады. Осында шағымдармен госпитализацияланған. Объективті: тері түсі бозғылт, мұрын ауыз үшбұрышының көгеруі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде тимпаникалық сипаттағы дыбыс анықталады. Қкпесінің оң жағында тыныс әлсіреген, сол жағынан қатқыл. Сол жғынан басымырақ ылғалды және құрғақ сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 40 рет, ЖЖЖ минутына - 120 соққы. Бауыры қабырға доғасынан +5-6 см шығып тұр. Үлкен дәреті тәулігіне 2-5 рет, жағын, сұр түсті. Копрограммада: бейтарап май +++, майлы қышқылдар ++, сабын +, қортылмаған бұлшық ет талшықтары ++, крахмал+. Диагноз қойыңыз.//
муковисцидоз, аралас түрі//
Бала 10 жаста. Периодты түрде түшкіруге, мұрыннан көп мөлшерлі бөліндіге, басының ауруына шағымданады. Аталған симптомдар жаз ортасында пайда болады. Қарап тексергенде беті ісінген, көз астының қарауытуы, терісінде бөртпелер. Бала салмағы 32 кг. ІІ қатардағы сәйкес дозада антигистаминды препарат тағайындаңыз.//
лоратадин 10 мг-нан күніне 1 рет//
Бала 9 жаста. Алғашында қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, айына 2-3 рет күндіз, 1-2 рет түнде тыныс алуының қиындауына шағымданған. Қазір ешқандай ем қабылдамайды, себебі жыл бойы тыныс алу қиындау ұстамасы болмады, түнгі симптомдар мазаламады. Қарап тексергенде: бала белсенді, тері түсі боз. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпелік дыбыс. Өкпесінде қатқыл тыныс. ТАЖ минутына – 22 рет. Бала аталған патологияның қай бақылау зонасында?//
жасыл зона//
Бала 8 жаста, жиі жөтелге, аптасына 2-3 рет болатын тыныс алудың қиындауына шағымданады. Кейде түнде айына 2-3 рет тынысы қиындағаннан оянып кетеді. Қарап тексергенде терісі боз, ауыз аймағында көгеру байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпе дыбысы. Өкпесінде қытқыл тыныс, тыныс шығарғанда естілетін шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ минутына – 30 рет. Баланы зерттеп, тыныс шығару жылдамдығының шыңы 80 % жоғары екені анықталды. Диагноз қойыңыз.//
бронхылық демікпе жеңіл персистерлеуші ағым//
Бала 7 жаста. Жөтелге, аптасына 2-3 рет болатын тыныс алудың қиындауына шағымданады. Кейде түнде айына 2-3 рет тынысы қиындағаннан оянып кетеді. Қарап тексергенде терісі боз, ауыз аймағында көгеру байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпе дыбысы. Өкпесінде қытқыл тыныс, тыныс шығарғанда естілетін шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ минутына 32 рет. Баланы зерттеп, тыныс шығару жылдамдығының шыңы 80 % жоғары екені анықталды. Ем тағайындалды: будесонид 100 мкг. Бұл аталған патологияны емдеудің қай сатысына тән?//
