Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PEDIATRIYa_shpory_Asya.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163.46 Кб
Скачать

ААА

«Антрадуоденальды қышқылды тежелу»- ол?//

қалтқыны жабу қабілеті

А типті гемофилияда қандай фактор жетіспейді?//

VIII//

«Алиментарлы маразм» - бұл://

белокты-калориялыашығу 60% дене салмағының жетіспеушілігімен//

Ауруханаға 6 айлық бала жеткізілді. Қараған кезде: салмағы – 6300гр. Бала мазасыз, жылағыш. Тәбеті нашар. Тері жабындылары бозғылт, аздаған мәрмәрлікпен, кейбір жерлері құрғақ. Тіндер тургоры мен бұлшықет тонусы төмендеген. Ішінде, қол-аяқтарында тері асты май қабаты жұқарған, бетінде сақталған, санында көлденең қатпарлар бар. Нәжісі тұрақсыз. Балада салмақ жетіспеушілігі://

жоқ//

20-30%//

Анасының айтуы бойынша 8 жастағы балада аздаған физикалық жүктемеден кейін тез шаршағыштық, әлсіздік, аяқ бұлшықеттерінің ауырсынуы, кейде тіпті тырысуы байқалады. Қарау кезінде дененің жоғарғы бөлімінің бұлшықеттері тым дамыған, табандары бозғылт, ұстағанда суық болып келеді. Сан артерияларының пульсациясы айқын әлсіреген. Бұл балаға біріншіден қандай зерттеме өткізу қажет ?//

артериялық қысымды өлшеу//

Аускультативті өкпеде қатқыл тыныс естіледі. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Анасы жүктіліктің 20 аптасында жедел респираторлы аурумен ауырған. Босану асқынусыз өтті. Диагноз қойыңыз://

жүре пайда болған кардит//

Айқын ісінулері бар баланың жағдайы күрт нашарлап, анорексиясы нығая түсті. Сұйықтық ішуден бас тартып, лоқсу, құсу, басының ауырсынуы пайда болды. Қандай асқыну?//

мидың ісінуі//

Анемиясы бар науқас бала темір препараттарын қабылдайды. Ем барысында құсу, сұйық нәжіс, артериялық қысымның төмендеуі байқалған. Темір препаратының мөлшерін қайта санағанда, тәуліктік мөлшері 10 мг/кг салмаққа құрағаны анықталды. Науқасқа не тағайындау қажет?//

десферал//

Ауырғанына 3 жыл болды. Ауруханаға қайтадан ауыр жағдайда, аурудың екінші күні түсті. Шағымдары: басының ауруы, ішінің ауырсынуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Тері жабындылары балауызды бозғылт түсті, айқын ісінулер анасаркаға дейін. Жүрек тондары тұйықталған. Жалпы қан анализінде : гемоглобин – 114 г/л, лейкоциттер 8,8х109 ,эритроциттер - 4,2х1012 , ЭТЖ – 40 мм/с. Мочевина – 17,1 ммоль/л, жалпы белок – 40г/л. Жалпы зәр анализінде – белок – 9,9 ‰; гиалинді цилиндрлер 3-4 к/а. Диагноз қойыңыз?//

созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық түрі//

Ауырғанына 1 жыл болды, нефрологта ‚Д’ есепте тұр. Ауруханаға қайтадан жағдайы нашарлап, есту қабілетінің төмендеуімен түсті. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4,3х1012, лейкоциттер 8,1х109, ЭТЖ 20 мм/с. Зәрінде, Д/L-3 гидроксипролин, белок - 1,33‰, эритроциттер - 40-45 к/а., лейкоциттер – 2-3 к/а. Ем тағайындаңыз.//

делагил//

Араңнан және мұрыннан BL-ға жоспарлы түрде жағынды алу уақытын көрсетіңіз:

2. аш қарынға және тамақтан соң 2 сағаттан кейін

АИТ-инфекциясы кезінде қанның қандай клеткалары зақымданады

  1. Т-хелперлер

АИТ- инфекциясында вирустың қандай қасиеттері негізгі жүргізуші патогенезі болып табылады:

2. CD4 лимфоциттердің өлімін шақырады

АИТ – инфекциясының негізгі берілу жолдары:

2. жыныстық, парентеральды, вертикальды

БББ

Бала 10 жаста. Нефрологта «Д» есепте тұр. Жыл сайын жедел респираторлы-вирусты инфекциямен 5-6 рет ауырады. Осы балада созылмалы гломеруло-нефриттің дамуында вирусты инфекцияның рөлі қандай?//

Т-супрессорлардың қызметін төмендетеді//

Балаларға темір препараттарын тағайындағанда қандай шараларды сақтаған жөн?//

цитрусты шырындармен қабылдау//

Біріншілік гипотиреоз кезінде қандай зертханалақ мәліметтердің диагностикалық мәні бар?//

тиреотропты гормон деңгейінің жоғары болуы//

Бала 1 жаста. Анамнезінен: қосымша тамақты кеш алды, жиі вирусты инфекциялармен ауырады, антибактериальді емді қабылдаумен; соңғы екі ай нәжісі тұрақсыз. Қараған кезде: тері жабындылары бозғылт, ерін шеттері жарылған, шаштары жылтыр емес. Ылғалды жөтел, ентігу байқалады. Өкпесінде оң жақ жауырын асты аймағында перкуторлы дыбыстың қысқаруы, сол жерде ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет://

жалпы қан анализі, өкпе рентгенограммасы, дисбактериозға нәжіс//

Балаға 5 күн. Анасында осы жүктіліктің 26-28 аптасында созылмалы пиелонефриттің асқынуы байқалған. Сусыз кезең 2 сағат. Екінші күні мазасыздық, лоқсу, дене қызуының 37,8ºС дейін жоғарлауы байқалды. Қараған кезде: бала қозғыш, омыраудан бас тартады, мұрын-ауыз үшбұрышы көгерген. Құрсақтың алдынғы қабырғасының, сан терісінде және шап қатпарларында айналасы қызарған, мөлшері 5-15 мм, оңай алынатын, дөңгелек формалы көпіршіктер.Сіздің диагнозыныз://

нәрестелердің эпидемиялық көпіршіктері//

Балаға 7 күн. Кіндік аймағындағы ісіну мен гиперемиясына шағымданады. Кіндік қалдығы түспеген, дәрігер қарауы кезінде алынып тасталды. Анасында созылмалы пиелонефрит, кольпит. Кіндік сақинасының пальпациясы кезінде инфильтрация, ауырсыну, ішіндегі тамырлық тор, басқан кезде іріңді бөлініс байқалады. Бұл жағдайдың даму себебі не://

кіндік тамырының флебиті//

Бала 10 жаста. Апта бойы ауырады. Бала төртінші күннен бастап дене қызуының тұрақты 390 С дейін жоғарылауына, мұрнынан шырышты бөліндіге, ылғалды жөтелге, бұлшық етінің ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: терісі таза, бозғылт. ТАЖ минутына – 32 рет, ЖЖЖ минутына – 110 соққы. Өкпесінде ылғалды әр түрлі калибрлы сырылдар. Өкпе рентгенограммасында: өкпе суретінің күшеюі, біркелкі емес инфильтративті өзгерістер. Қан анализінде: Нв-125 г/л, эритроциттер-3,7х1012/л, Л-5,5*109 г\л, таяқша ядролы-1%, сегментоядролы-47%, моноциттер-3%, лимфоциттер-49%, ЭТЖ-35 мм\сағ. Жоғарыда аталған патологияның себебі қай қоздырғыш болып табылады?//

микоплазма//

Бала 8 жаста. Жедел ауырған. Төрт күн бойы дене қызуы 39-400С дейін жоғарылаған, қалшылдау, қызыл-қоңыр түсті қақырықты қатты жөтел, бас ауруы, терең тыныс алғанда кеуде қуысының ауырсынуы мазалайды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, есі бұлыңғыр. Терісінде мұрын ауыз ұшбұрышының көгеруі, оң жақ бетінің қызаруы байқалады. Еріндері құрғақ, тыныс алу актісінде кеуде қуысының бір бөлігінің қалуы, тыныс алғанда мойындырық ойысының ішке тартылуы байқалады. ТАЖ минутына – 38 рет, ЖЖЖ минутына - 116 соққы. Өкпе үстінде оң жағынан төменгі бөліктерінде өкпелік тыныстың қысқаруы, осы аймақта крепитация естіледі. Қан анализінде: Нв-120 г/л, эритроциттер-3,5х1012/л, Л-10,5*109 г\л, таяқша ядролы-5%, сегментоядролы-76%, моноциттер-1%, лимфоциттер-18%, ЭТЖ-47 мм\сағ. Диагноз қойыңыз.//

крупозды пневмония//

Бала 5 жаста. Ерте көктемде мұрынның бітелуі, қышыну, түшкіру, мұрыннан мөлшерлі серозды бөлініс, жас ағу байқалады. Анамнезінен балада 3 жасына дейін экссудативті-катаральді диатез көріністері болған. Риноскопиялық қарауда мұрынның шырышты қабатының көгеруі, ісінуі байқалады. Барлық бұл өзгерістер бірнеше күн бойы сақталады. Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын осы балаға ең алдымен тағайындау қажет?//

ацеластин//

Бала 5 жаста. Мұрнының бітелуіне, мұрыннан аздаған серозды бөліндіге, ұйқысының бұзылуына, белсенділігінің төмендеуіне, тітіркенгіштікке шағымданады. Қарап тексергенде: мұрынмен тыныс алуы қиындаған, ауыз арқылы дем алады. Риноскопияда мұрынның шырышты қабаты боз, ісінген. Бұл патологияның өршуі ағаштар гүлдегенде байқалады. Бұл кезең қай маусымға тән?//

ерте көктем//

Бала 6 жаста. Ұстама тәрізді, қатты, дөрекі, жиі түнде мазалайтын, кеуде қуысын ауыртатын құрғақ жөтелге шағымданады. Аталған симптомдар бірнеше ай бойы мазалайды, итпен қатынаста болғанда пайда болады. Жалпы жағдайы қалыпты. Болжам диагноз қойыңыз.//

аллергиялық трахеит//

Бала 8 жаста. Анасының сөзінен оны ұстама тәрізді құрғақ жөтел, айына1-2 рет түнгі мерзімде тыныс алу қиындау ұстамалары мазалайды. Ұстама түнде басталады, мазасыздана бастайды, төсекте отырады, жиі дем ала бастайды, тыныс алу қиынға түседі. Содан 20-30 минуттан соң ұстама қайтады. Жағдайы жақсарады, одан кейін қақырық бөлінеді. Қарап тексергенде бала тізесіне сүйеніп, басын иығына сүйеп отыр. Терісі бозғылт, ауыз аймағында көгеру байқалады. Кеуде қуысы керілген, қабырға аралық кеңістіктің жазылуы байқалады. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы дыбыс анықталады. Өкпесінде тынысы қатқыл, көптеген шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 38 рет. Болжам диагноз?//

бронх демікпесі//

Бала 12 жаста. Жиі құрғақ жөтелге, тыныс алудың қиындау ұстамасына шағымданады. Бұл шағымдар аптасына 1 реттен аспайды, түнгі тыныс алудың бұзылуы айына 1-2 рет болады. Анамнезінен: бала кезінде атопиялық дерматитпен ауырған, 6 жасынан бастап көктемгі уақытта мұрынның қышуы мен көп мөлшерде серозды бөлінді, жас ағу мазалайды. Қарап тексергенде терісі боз, ауыз аймағында көгеру байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы дыбыс. Өкпесінде тынысы қатқыл, шашыранды құрғақ сырылдар естіледі. ТАЖ минутына 24 рет. Бұл аурудың ағымын көрсетіңіз?//

жеңіл интермиттирлеуші//

Бала 10 жаста. Жиі құрғақ жөтел, тыныс алудың ұстама тәрізді қиындауы, нашар ұйқы мазалайды. Бұл симптомдар күнде мазалайды, атровентпен қайтарылады, түнгі ұстамалары аптасына 1-2 рет болады. Қарап тексергенде терісі боз, ауыз аймағында көгеру байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпе дыбысы. Өкпесінде қытқыл тыныс, тыныс шығарғанда естілетін шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ минутына – 30 рет. Бұл аурудың ағымын көрсетіңіз?//

орташа персистерлеуші//

Бала 8 жаста. Қабылдау бөліміне мына диагнозбен түсті: ауруханадан тыс пневмония. Тыныс алудың қиындауы, ауа жетпей қалу сезімі, жөтел мазалайды. Қозғалса ауыз аймағының қызаруы байқалады. Қарап тексергенде: бала мазасыз, төсекте отыр. Терісі боз. Өкпесінде оңжағынан төменгі бөліктерде өкпелік дыбыстың қысқаруы, өкпесінде қатқыл дыбыс, ылғалды ұсақкөпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 34 рет, ЖЖЖ - 102 соққы минутына. Қанның газдық құрамы: оттегімен қанығуы 90%. Тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз://

I дәреже//

Бала 2 жаста. Дене қызуының алғашқы екі күнінде 370-380С дейін жоғарлауына, ылғалды жөтелге, тыныс алуының жиілеуіне шағымданады. Сырқаттың 4 күні тыныс алуы қиындаған, отырған кезде де ауа жетпеу сезімі мазалаған. Қарап тексергендежағдайы ауыр, тыныс алуы қашықтан естіоіп тұр, беткей. Тері түзі боз, ылғалды, мұрын ауыз үшбұрышының, бетінің, қолдарының көгеруі. Кеуде қуысы керілген. Қабырға аралық кеңістіктің жазылуы байқалады. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпе дыбысы. Өкпесінде қытқыл тыныс, шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. ТАЖ минутына - 48 рет. Жүрек тондары аздап тұйық. ЖЖЖ минутына - 140 соққы. 50% оттегімен тыныс алғанда тері түсінің көкшіл реңі сақталады. Қанның газдық құрамы: оттегімен қанығуы 70%. Бұл патологияның дәрежесін анықтаңыз://

II дәреже//

Бала 8 жаста. Жедел ауырды. 4 күн бойы дене қызуының 39-400С дейін жоғарылауына, басының қатты ауырсынуына, қызыл-қоңыр түсті қақырықты қатты жөтелге, кеуде қуысының ауырсынуына, ауа жетпеу сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, есі бұлыңғыр. Терісі мәрмәр реңді, ылғалды, жабыспақ, ауыз аймағының көгеруі. Сол жақ кеуде қуысының тыныс алу актісінен кешігу байқалады. ТАЖ минутына – 46 рет, ЖЖЖ минутына 130 соққы. Өкпе үстінен сол жағынан төменгі бөліктерде өкпелік дыбыстың қысқаруы, өкпесінде әлсіз тыныс, сол жағынан төменгі бөліктерде крепитация естіледі. 100% оттегімен тыныс алғанда тері түсінің көкшіл реңі сақталады. Қанның газдық құрамы: оттегімен қанығуы 70% төмен. Қан рН 7,2 төмен. Тыныс алу жеткіліксіздігінің дәрежесін анықтаңыз.//

III дәреже//

Бала 10 жаста. Жедел ауырды. Үш күнде дене қызуы 39-400С дейін жоғарылаған, темір тотығы түстес қақырықты қатты жөтел, басының ауырсынуы, кеуде қуысындағы ауырсыну сезімі, ауа жетпеу сезімі мазалайды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, бала әлсіз. Тері түсі боз, мәрмәр сипатта, ылғалды, жабысқақ, шырышты қабаттарының, еріннің көгеруі байқалады. Оң жақ кеуде қуысының тыныс алу актісінен кешігуі анықталады. ТАЖ минутына 46 рет, ЖЖЖ минутына - 130 соққы. Өкпе үстінен оң жақтан төменгі бөлікте өкпелік дыбыстың қысқаруы., өкпесінде әлсіреген тыныс, оң жақта төменгі бөлікте крепитация естіледі. 100% оттегімен дем алғанда тері түсінің көкшіл реңі сақталады. Қан рН 7,2 төмен. Берілген науқаста қанның оттегімен қанығуы қалай өзгереді://

ра О2=5,33 кПА//

Бала 5 айлық. Жедел ауырған. Анасының сөзінен дене қызуы 37°С дейін жоғарлаған, құрғақ жөтел, әлсіздік мазалайды. Бүгін жағдайы күрт нашарлаған: қиындаған ысқырықты тыныс пайда болды, жөтелі ылғалды. Қарап тексергенде жағдайы ауыр. Тері түсі бозғылт, ауыз аймағының көгеруі, мұрын қанаттарының керілуі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қорапты сипаттағы дыбыс. Өкпесінде дем алғанда ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 70 рет. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ минутына – 146 соққы. Болжам диагноз қойыңыз?//

жедел бронхиолит//

Бала 6 айлық. Жедел ауырды. Дене қызуының 370-380С дейін жоғарылауына, қатты жөтелге шағымданады. Келесі күні жағдайы күрт нашарлады: жөтелі күшейді, тыныс алуы қиындады. Қарап тексергенде жағдайы ауыр, тынысы шулы, ысқырықты. Терісі бозғылт, ауыз мұрын үшбұрышының көгеруі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Қабырға аралық кеңістіктің кеңеюі анықталады. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы өкпелік дыбыс анықталады. Өкпесінде дем алғанда ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына – 70 рет. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ минутына – 136 соққы. Қан анализінде: Нв-128 г/л, эритроциттер-3,8х 1012/л, Л-15,5х109 г\л, ЭТЖ-27 мм\сағ. Аталған патология емінде көрсетілген препараттардың қайсысы қолданылмайды?//

эфедрин//

Бала 5 жаста. 4-ші күн ауырады. Мұрнынан шырышты бөліністердің болуына, әлсіздікке, жөтелген кезде күшейетін кеуде қуысының ауырсынуына шағымданады. Жөтелі қазір ылғалды бола түсті. Өкпесінде тынысы қатқыл, таралған, симметриялық, жөтелден кейін жоғалатын ылғалды, орташа көпіршікті сырылдар естіледі. ТАЖ минутына - 28 рет. Қан анализінде: Нв-124 г/л, эритроциттер-3,6 х 1012/л, Л-5,5*109 г\л, ЭТЖ-9 мм\сағ. Аталған патологияда қай препарат тағайындауға көрсетілген?//

ацетилцистеин//

Бала 3 айлық. 2 күн ауырады. Ылғалды жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, тыныс алуының қиындауына шағымданады. Қарап тексергенде бала әлсіз, шулы тыныс анықталады. Терісі боз, мұрын ауыз үшбұрышының көгеруі, мұрын қанаттарының керілуі байқалады. Кеуде қуысы керілген. Өкпе үстінде қораптық сипаттағы дыбыс анықталады. Өкпесінде дем алғанда естілетін екі жақты да өте көп ұсақ көпіршікті сырылдар. ТАЖ минутына – 75 рет. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖЖЖ минутына – 158 соққы. Қан анализінде: Нв-127 г/л, эритроциттер-3,5х 1012/л, Л- 3,6*109 г\л, ЭТЖ- 19 мм/сағ. Өкпе рентгенограммасында өкпе суретінің мөлдірлігінің жоғарылауы, диафрагманың төмен тұруы. Диагноз қойыңыз?//

жедел бронхиолит//

Бала 6 жаста. 3 ай бойы таңертеңгілік уақытта шырышты-іріңді қақырықпен болатын ылғалды жөтел, мұрыннан шырышты бөлініс мазалайды. Анамнезінде аденоидит, созылмалы тонзиллит. Аталған аурулардың өршуі жылына 3-4 рет болады. Бұндай жағдай анасының айтуы бойынша 2-2,5 жыл шамасында орын алған. Қарап тексергенде тері түсі бозғылт, мұрынмен тыныс алу бұзылған. Өкпе үстінде өкпелік тыныс, жауырын аралық аймақта қысқарған тимпанит. Өкпесінде қатқыл тыныс, екі жақтан құрғақ және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар естіледі. Осы балаға төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған дұрыс?//

бактрим//

Бала 4 жаста. Басынан өткізген вирусты инфекциядан кейін екі апта бойы таңертең мазалайтын жөтелге шағымданады. Алғашқы үш күнде дене қызуы 37°С дейін көтерілген, басы ауырған, мұрнынан шырышты бөлініс, құрғақ жөтел болған. Анамнезінен: 3,5 жасынан балабақшаға барады. Осы уақыттан бастап респираторлы инфекциялармен жиі ауырады. Осы жылы аталған аурудың өршуі 5 рет болған. Қарап тексергенде терісі айқын бозарған, көзінен жас аққыш, мұрннынан серозды сипаттағы бөліністер. Өкпе үстінде перкуторлы шамалы қораптық сипаттағы өкпелік дыбыс. Өкпесінде таралған құрғақ сырылдар, тыныс алғанда орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. ТАЖ минутына – 28 рет. Болжам диагноз қойыңыз?//

рецидиверлеуші бронхит//

Бала 14 жаста.Тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағында ауырсынулар, кейде қышқылмен кекіру, қыжылдау болады.Таңертең тамақтанбайды. Мектепте үлкен үзіліс кезінде қуырылған самса жеп, кока-кола ішіп тамақтанады. Түскі тамақты сағат 5-6-да ішеді. Қуырылған котлетаны, пелменді жаратады. Қарауда:тілі ақ жабындымен қалың жабылған.Ішін пальпациялағанда ауырсыну эпигастрий аймағында анықталады. Нәжісі күн ара болады. Клиникалық диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеме өткізу керек?//

эндофиброгастродуоденоскопия//

Бала 13 жаста. Тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағында сыздаған ауырсынулар, әсіресе қуырылған және майлы тағамдарды көп мөлшерде қабылдағаннан кейін мазалайды, кейін 1-1,5 сағаттан соң басылады. Жиі эпигастрий аймағында ішінің толып тұрғандай сезімі байқалады. Эндоскопиялық зерттемеде: асқазан шырышы қызарған және ісінген: жалпы қышқылдылығы-38 Б. Балаға клиникалық диагноз қойыңыз://

созылмалы гастрит, таралған//

Бала 13 жаста. Тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағында сыздаған ауырсынулар, әсіресе қуырылған және майлы тағамдарды көп мөлшерде қабылдағаннан кейін мазалайды, кейін 1-1,5 сағаттан соң өздігінен басылады. Жиі эпигастрий аймағында ішінің толып тұрғандай сезімі байқалады. Эндоскопиялық зерттемеде: асқазан шырышы қызарған және ісінген. Асқазанды зондтауда: жалпы қышқылдылығы-36 Б. Баланы кешенді емдеуде қандай антибактериалды препарат қажет болады?//

кларитромицин//

Бала 12 жаста. Төс артында бөгде заттың болу сезімі, ішінің ауырсынуымен бірге керілу сезімі, шұрылдауы жиі мазалайды.Нәжісі күніне 2-3 рет, ботқа тәрізді. Копрограммада: л.-3-4 көру аймағында, бейтарап май +, қортылмаған бұлшық ет талшықтары 1-2 көру аймағында., шырыш +. Римдік крийтерилер бойынша ........... бірге болатын Ішектің қозғыш синдромы диагнозын қойыңыз.//

+диареямен//

Балада арнайы зонд арқылы асқазан және өңештің бірнеше нүктелерінде тіндердің қарсылығы өлшенді.Қарсылығы асқазанның қышқыл өндіру қызметіне кері пропорционалды болды. Өңештің қышқылдануын ынталандырушы (гистаминді) енгізбей тұрып және енгізгеннен кейін асқазанның қышқыл өндіру қызметі, антральды бөлігінің нейтрализдеуші қабілеті бағаланды. Бұл әдіс://

гастроимпедансометрия//

Бала 13 жаста. Шағымдары: тамақ ішкісі келгенде ішінің ауырсынуы. Жиі ащы дәммен кекіру болады. Эндоскопияда: асқазан шырышы қызарған, шырышты қабатының терең дефектісі бар, ол фибрин жабындысымен жабылған және қабынған валмен қоршалған. Балаға диагноз қойыңыз://

асқазанның ойық жара ауруы

Бала 14 жаста. 3 жыл бойы гастроэнтерологта есепте тұрған диагнозы: «Асқазанның ойық жара ауруы». Жыл сайын қазан немесе наурыз айында аурудың өршуіне байланысты ем алады. Аурудың мерзімді өршуі немен байланысты?//

нейрогуморальды реттеуші механизмдердің дестабилизациясына//

Бала 14 жаста. 3 жыл бойы ауырады. Бала майлы және қуырылған тағамдарды жегеннен кейін ішінің ауырсынуы пайда болып, жағдайы нашарлады. Қарауда: тері жабындылары бозғылт түсті, тілі қалың ақ жабындымен жабылған. Пальпация кезінде ауырсыну пилоробульбарлы аймақта және кіндік маңында байқалады. Кешкі уақытта кенеттен ішінің қатты ауырсынуы, құсу пайда болып, дене қызуы 380 көтерілді. Баланың жағдайы неге нашарлады?//

асқазан перфорациясы

Баланы эндоскопиялық зерттегенде асқазанның шырышты қабаты қызарған және кейбір жерлері ісінген. Шырышты қабатының дұрыс емес формалы дефектісі бар, ол фибрин жабындысымен жабылған және қабынған валмен қоршалған. Асқазанды зондтауда: жалпы қышқылдылығы 80-ге тең. Балаға ем тағайынданыз://

гастросидин//

Баланың жағдайы ауыр, дене температурасы 380. Тері жабындылары бозғылт. Бет әлпеті ауырсынумен тыжырайған, себебі 12 сағат бойы тұрақты ауырсыну эпигастральды аймақтың оң жағында анықталады, беткей пальпацияда кезеңмен ауырсыну қарқындығы күшейе түседі. Медикаментозды ем ауырсынуды баспайды. Қан анализінде: лейкоциттер-12,0х109,эритроциттер – 4,1х1012 , ЭТЖ-39 мм/с. Балада асқынудың қандай түрі?//

пенетрация//

Бала 8 жаста, тамақ ішкен соң ішінің ауырсынуы мазалайды. Қарауда: тері жабындылары бозғылт түсті. Өт қабы нүктесінде ауырсыну бар, бауыры қабырға асты доғасынан 1,5 см шығып тұр, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, іш қатуға бейімділігі бар.Өт қабының ультрадыбысты зерттемесінде: өт қабының жиырылу қабілеті шамалы жоғарлаған, қозғалу қызметінің көрсеткіштері- 80%.Қан анализінде: Лейкоциттер-7,9х109,эритроциттер – 4,2х1012 , ЭТЖ-12 мм/с. Дуоденальды зондтауда: «В» порциясында ішек таяқшасы себілді. Балаға ем тағайындаңыз.//

метронидазол//

Бала 14 жаста. Дәрігер церукал, гепабене, электр ұйқы тағайындады. Дискенезияның түрін көрсетіңіз://

өт қабы дисфункциясының гипотоникалық түрі//

Балаға 1,5 ай. Бала I жүктіліктен, жүктілік бірнеше рет түсік қаупімен өткен. Бала мерзімінде туды. Туғандағы салмағы 2900,0, омырауға бірінші күннен салынған. Кешке таман сұйық нәжіс пайда болып, осы уақытқа дейін сақталуда. Кейде нәжісі көпіршікті, шырыш араласқан. Алған емнен нәтиже болған жоқ. Қарауда: тері жабындылары бозғылт, бауыры+2,0 см қабырға доғасы астынан. Нәжісте: шырыш, РН-4,8. Лактозамен жүктеме жасағанда қант қисығы тегіс болды. Лактозурия жоқ. Баланы қандай қоспамен тамақтандыру керек?//

нан соямен//

Бала жанұяда үшінші. Туыстарының генеологиялық тармағын анықтаған кезде, ағасының екі баласында нәжістері тұрақсыз, ботқа тәрізді, жағымсыз иісті, көп мөлшерде, майлы және көпіршікті екені анықталды. Балада шағымдары жоқ. Бірақ генеологиялық тармағын зерттегеннен кейін ДQ 2 анықталды. Диагноз қойыңыз://

целиакияның латентті түрі//

Бала 9 жаста. Ол ішінің кезеңді түрде ауырсынуы, дефекациядан кейін тік ішегінің толық емес босаңсуына, кейде тәңертеңгі шақыруларға жиі шағымданады.Нәжісі аптасына 3-4 рет. Балада ішек тітіркендіргіш синдромының қандай түрі://

ауырсынумен және іш қатумен//

Бала 14 жаста. Шағымдары: тамақтан соң эпигастрий және кіндік аймағының ауырсынуы. Кейде лоқсу және қышқылмен кекіру болады. Ақырғы жарты жылда бала қозғыш, ашушаң. Ішін пальпациялағанда ауырсыну эпигастрий аймағында байқалады. Нәжісі күн ара. Балаға ем тағайындаңыз://

амоксациллин//

Бала 13 жаста. Шағымдары: тамақтанған соң, әсіресе майлы және қуырылған тағамдардан эпигастрий және кіндік аймағында сыздаған ауырсынулар мазалайды, бірақ1,5-2 сағаттан кейін басылады. Копрограммада: қортылмаған бұлшық ет талшықтары+. Асқазанды зондтауда: жалпы қышқылдылығы-58 Б. Гастриттің клиникалық түрін анықтаңыз://

дискинетикалық//

Бала 13 жаста. Оны жиі ішінің ауырсынулары, әсіресе түнде немесе тәңертең ерте уақытта, қыжыл мазалайды. Протонды насос ингибиторлары тобындағы дәрілерді тағайындаңыз://

пантопразол//

Бала 13 жаста, аш қарынға және түнде ішінің ауыруына шағымданады. Жиі кекіреді, кейде қышқылмен кекіру болады. Эндоскопияда: асқазан шырышы қызарған, шырышты қабатының терең дефектісі бар, ол фибринмен жабылып, шеттері қабыну валымен қоршалған. Екінші қатардағы препараттармен ем тағайындаңыз.//

фурозолидон//

Бала 14 жаста, 12 елі ішектің ойық жара ауруы бойынша жанұялық дәрігерде «Д» есепте тұр. Достарының үйінде қонақта болғанда қуырылған бәліш жеген. Кешке таман эпигастрийде кенеттен жедел, шыдатпайтын ауырсыну пайда болған, құсып, дене температурасы 380С көтерілді. Балаға жедел көмек көрсету шараларын көрсетіңіз.//

іш қуысының обзорлы рентгенограммасын жасау//

Бала14 жаста, шағымдары: 2 күн бойы «қара түсті нәжіс», тәбетінің төмендеуі, эпигастрий аймағының ауырсынуы, әлсіздік және басының айналуы. Эндоскопиялық зерттемеде жедел қан кетумен болған жара дефектісі анықталды. Балаға бірінші ретте не істеу керек?//

хирургиялық бөлімге ауыстыру//

Бала 13 жаста, 1,5 жыл бойы педиатрда «12 елі ішектің ойық жара ауруы» диагнозымен «Д» есепте тұр. Фиброгастродуоденоскопияның бақылау зерттемесінде: асқазан шырышы ашық қызыл түсті, қатпарлары айқын көрінеді, 0,5-0,7 см тыртық бар. Жалпы қалыптырушы тағайындаңыз://

компливит 1 ай//

Бала 12 жаста. 6 ай бойы оң жақ қабырға астында ауырсынулар, ұстама тәрізді, жедел, қысқа мерзімді, ауырсыну жиі жүгіргенде немесе қатты жүргенде пайда болады. Ультрадыбысты зерттемеде бауырдың көлемі қалыпты, өт қабы алмұрт тәрізді, размерлері 7х3 см. Қозғалғыш қызметінің көрсеткіштері 89%. Дуоденальды зондтауда: өт сұйықтығының ағу жылдамдығы 2,8 мм\мин. Одди сфинктерінің тарылуы. Дисфункцияға не себеп болды?//

бауыр гепатоциттарындағы өзгерістер//

Бала 10 жаста. 3 күн бойы ауырады, дене температурасы 38-390 С, қалтырау. Зәр шығару кезінде ауырсыну болады. Жалпы қан анализінде: гемоглобин - 119г/л, эритроциттер 4,4х1012 , лейкоциттер 18,3х109, ЭТЖ - 22 мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: белок 0,66%0, лейкоциттер50-55 к/а, эритроциттер 40-45 к/а, бактериялар - 106.Цистоскопияда: шырышы шамалы қызарған. Диагноз қойыңыз.//

жедел цистит, геморрагиялық//

Бала 12 жаста. Дене температурасы 38-390 С, басының ауруы, сол жақ бүйірінің ауырсынуы. Жалпы қан анализінде –гемоглобин 116г/л, эритроциттер 4,2х1012, лейкоциттер-13,3х109, ЭТЖ- 25мм/сағ. Жалпы зәр анализінде: лейкоциттер – 50-55к/а, бактериялар – 106. Ем тағайындаңыз.//

амоксацилин//

Бала 10 жаста.Дене температурасы380 С, оң жақ бүйірінің ауырсынуы, зәрдің ауырсынумен бөлінуі болады.Жалпы қан анализінде: гемоглобин 110 г/л. Эритроциттер – 4,2х1012, лейкоциттер- 9,8х109, ЭТЖ- 13 мм/сағ.Жалпы зәр анализінде: белок – 0,66 %о, лейкоциттер- 20-25 к/а, бактериялар -106.Балаға диагноз қойыңыз?//

жедел пиелонефрит//

Бала 12 жаста. Ауырғанына 3 күн болды. Беті, тізесі, белі, жыныс мүшелері ісінген. Артериалды қысымы 130/85 мм.с.б. Жалпы қан анализінде: гемоглобин -118г/л, эритроциттер – 4,2х1012, лейкоциттер-8,9х109, ЭТЖ - 20 мм/с. Жалпы зәр анализінде: үлес салмағы-1012, белок – 1,67‰, эритроциттер – 25-30 к/а, цилиндрлер – гиалинді 5-7 к/а. Қандай микроб баланың ауруына себепші болды?//

бета-гемолитикалық стрептококк//

Бала 14 жаста, Ювенильді ревматоидты артритпен «Д» есепте тұр, вольтаренді жиі қабылдайды. Ақырғы 3 айда аш қарынға немесе кешкі уақытта эпигастрий аймағында ауырсынулар, ауамен кекіру, қыжыл мазалайды. Баланың емінде қандай препарат көрсетілген?//

энпростил//

Бала 14 жаста. Ауруханада жатқандағы шағымдары: басының ауруы, ішінің ауырсынуы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Тері жабындылары балауыз тәрізді, анасаркаға дейін айқын ісінулер.Жалпы қан анализінде: гемоглобин 110г/л, лейкоциттер- 8,8х109 , эритроциттер- 4,1х1012 , ЭТЖ- 55 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок – 40 гр/л. Жалпы зәр анализінде: белок-9,9%о, түйіршікті цилиндрлер 5-6 к/а. Кешке қарай баланың жағдайы нашарлап, ентікпесі ұлғая түсті, ішінің ауырсынуы қатайып, құсу пайда болды. Баланың негізгі ауруының асқынуларын көрсетіңіз?//

гиповолемиялық шок//

Бала 10 жаста. Екпе жасалған, 2 аптадан соң баланың жағдайы нашарлай түсті, бетінде, аяқтарында, белінде ісінулер пайда болды. Тері жабындылары бозғылт. АҚ 110/70.мм.с.б. Жүрек тондары тұйықталған. Іші жұмсақ, оң және сол бүйірінің ауырсынуы байқалады. Ұрғылау симптомы оң. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер - 9,8 х109, эритроциттер - 4,0х1012 ЭТЖ – 66 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок 48 г/л, жалпы липидтер – 9,0 г/л, мочевина 7,0 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде – үлес салмағы- 1028, белок – 6,6%0, лейкоциттер 3-4 к/а, гиалинді цилиндрлер 3-4 к/а. Диагноз қойыңыз.//

нефротикалық синдром//

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]