- •Ширимбаева Лаура Рустемовна тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық-талдамалық жүйесі
- •6М050800-«Есеп және аудит» мамандық
- •Астана, 2014
- •1 Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебін жүргізудің теориялық негіздері
- •2 Тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық –талдамалық жүйесінің ерекшеліктері
- •3 Тауар өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық –талдамалық жүйесін талдау және оны жетілдіру жолдары
- •2. Жоспар мәнін белгілеу және көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін талдау
- •3. Ішкі талдамалық есеп нысандарын генерациялау
- •4. Басқару шешімдерін қабылдауды қолдауда ақпараттық технологияны әзірлеу және енгізу
- •Қорытынды
- •Диссертациялық жұмыс бойынша жарияланған еңбектер тізімі
2. Жоспар мәнін белгілеу және көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін талдау
Көрсеткіштерді таңдау жоспарлы мәнді белгілеуді ұйғарады. Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін бастапқы енгізгенде тек тенденцияны жиі қадағалау керек: осы немесе басқа көрсеткіштерді енгізгеннен кейін мақсатты мәні оң немесе теріс болады.
Мақсатты мән ретінде танылған ең үздік немесе жақын көрсеткіштер бойынша бәсекелестердің сәйкес көрсеткіштерін қолдануы мүмкін. Бұл үрдіс бенчмаркетинг деп аталады, яғни өз қызметін жетілдіру үшін пайдалы ақпарат алу мақсатында бір компанияның жұмысының тиімділігін табысты фирманың көрсеткіштерімен салыстырып талдау.
3. Ішкі талдамалық есеп нысандарын генерациялау
Тауар өткізуді ынталандыру бойынша қызмет нәтижесін талдау, кезеңдік және жүйелі бағалау ды кесте түріндегі есептілік нысандары бойынша жүргізу ұсынылады:
- «Тауар өткізуді ынталандыру жүйесін дамыту деңгейі туралы есеп» (Қосымша Б);
- «Тауар өткізуді ынталандыру шығындарын бағалау көрсеткіштерінің теңдестірілген жүйесінің динамикасы туралы есеп» (Қосымша В).
Тауар өткізуді ынталандыру жүйесін дамыту деңгейі туралы есеп тауар өткізуді ынталандыру шығындарының жасалған жіктемесіне сәйкес құрастырылған, оның ерекшелігі болып тек қана шығындардың құндық көрсеткіштерін ғана емес, заттай көрсеткіштерді де қолданады, тауар өткізуді ынталандыру бағытының әрбір бөлігіндегі өткізілген іс-шаралар масштабын бағалауда нақты толық суретті қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Тауар өткізуді ынталандыру шығындарын бағалау көрсеткіштерінің теңдестірілген жүйесінің динамикасы туралы есепте компания өзі үшін дербес анықтайтын, бірнеше есепті кезеңдегі барлық 4 құрамдас көрсеткіштер жүйесінің (қаржы, клиенттер, бизнес-үрдіс, үйрету және дамыту) мәндері көрсетіледі. Тауар өткізуді ынталандыру жүйесіне тез әсер ету үшін және көрсеткіштер мәндерін өлшеу үшін ұзақ емес кезеңді белгілеу керек (апта, ай).
4. Басқару шешімдерін қабылдауды қолдауда ақпараттық технологияны әзірлеу және енгізу
Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін қалыптастыру техникалық жүйеде және үрдісте параметрлерді бақылауға ұқсас(мысалы, автоматтандырылған басқару жүйесінде - АБЖ). Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесінің қалыптасу үрдісінің сызбасы 3-суретте көрсетіледі. Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесінің параметрлерін бақылау рәсідерінің фокусы жүзеге асырылатын үрдіске бағытталуы тиіс, тауар өткізуді ынталандыруға бағытталған қызметтің қандай да бір функциясы параметр ретінде қатысады, мысалы, өткізуді ынталандыру деңгейінде өнім өткізу үрдісін қолдау.Ең қарапайым нұсқаның бірі ретінде MS Office стандарттық пакетін, соның ішінде MS Exel-ді қолдану болып табылады. Бағдарлама өнімдері нарығында «ABIS.BSC» (Activity-Based Information System қазақшаға аударғанда әрекет негізіндегі ақпараттық жүйе ретінде, Balanced ScoreCard – көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесі негізінде тиімді басқару) бағдарламалық өніміне ұсыныстар бар.
Не оставлять!
Сурет
3 - Көрсеткіштердің теңдестірілген
жүйесінің қалыптасу үрдісінің жалпы
сызбасы
Осы бағдарлама «1С: Кәсіпорын 8» платформасында әзірленген дербес конфигурация болып табылады.
«ABIS.BSC» Конфигурациясы келесілерді қолдау үшін арналған:
кәсіпорынды стратегиялық басқару технологиясы ;
кәсіпорын стратегиясының ағымдағы оперативтік қызметпен байланысы;
көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін қалыптастыру стратегиялық мақсатқа жету деңгейін неғұрлым тиімді қадағалауға мүмкіндік береді;
BSC-диаграмммасын құрастыру:
мақсат диаграммасын; түйін көрсеткіштер диаграммасын;
түйін көрсеткіштер ағашын;
ұйымдастыру диаграммасын.
- Талдамалық BSC ақпараттар базасын құру үшін түйінді көрсеткіштер өзгерісінің динамикасын, сонымен қатар стратегия аясында алға қойған мақсатқа жету деңгейін қадағалау;
- алға қойған мақсатқа жету үшін іс-шараларды анықтап, орындау;
- шаруашылық қызметі нәтижесін өлшеу жүйесінде қаржылық емес көрсеткіштерді қосу арқылы нақты мерзімде жету үшін міндетті қызметтің сандық нәтижелерін анықтау;
- талдамалық есепті қалыптастыру.
