Кафедра детских инфекционных болезней и фтизиатрии Дисциплина: «Детские инфекционные болезни»
Жұқпалы аурулар қызметін ұйымдастыру.
19.8.1.1.1.
Вируленттілік - бұл
1. патогенділік дәрежесі, клетка қабырғасының арнайы компоненттеріне байланысты
2. микроорганизмнің ауруды шақыруға потенциальды қабілеті
3. қоздырғыштың табиғи барьерлардан өту қабілеті
4. гомеостазды сақтауға бағытталған биологиялық реакциялар жиыны
5. микроорганизмнің токсикалық заттар өндіруі (экзо- және эндотоскиндер)
1
19. 8.1.3.1
Реконвалесценция кезеңі бұл:
1. бұзылған функциялардың біртіндеп қалпына келуі
2. лабораторлы анализдердің қалпына келуі
3.жұқпалы ауру ағымында патологиялық процестердің өршуі
4. клиникалық көріністің күшеюі
5. ауру симптомдарының қайтуы
1
19. 8.1.3.2
Бала стационарлық ем алып жатыр мына диагнозбен: «Дизентерия, типті, созылыңқы ағымды». Динамикада алыңған емнен кейін дене температурасының төмендеуі, гемоколит көрінісінің басылуына тенденция, жалпы қан анализі мен копрограмманың қалпына келуі. Науқасқа респираторлы вирусты инфекцияның қосылуына байланысты дене температурасының жоғарлауы және жалқақ пен қан аралас сұйық нәжіс қосылды. Жұқпалы ауру кезеңін көрсетіңіз:
1.рецидив
2. суперинфекция
3. реинфекция
4. өршу
5. аурудың айқын көріну кезеңі
4
19. 8.1.4.2.
Бала 18 айда сұйық нәжіске 15 ретке дейін, дене температурасының жоғарлауына 39, 4 С, әрбір тамақтанудан соң және сұйықтық ішкеннен кейін құсуға шағымданады. Науқасқа коллоидты және кристаллоидты ерітінділер инфузиясы тағайындалды. Қолданылған терапия түрін көрсетіңіз.
регидратационды
этиотропты
симптоматикалық
Иммунды толықтырушы
патогенетикалық
1
19. 8.1.5.2
Балада қызылшадан соң 8 жылдан кейін жеделдеу склерозирлеуші панэнцефалит дамыды. Науқаста қайталамалы тонико-клоникалық тырысулар, саңдырақ, галлюцинациялар дамыған. Ауруханадан шамалы сауығумен шығарылды. Келесі диспансерлі бақылауда балада психосенсорлы және мишықтық бұзылыстар қосылып жағдайы нашарлады. Инфекционды үрдіс сипатын көрсетіңіз:
1. персистентті инфекция
2. баяу инфекция
3. субклиникалық инфекция
3. инаппарантты инфекция
5. рецидивирлеуші инфекция
2
19. 8.1.6.2
Науқас П., 12 жаста, ауруының 2 күні ішіндегі ұстама тәрізді ауырсынуға, шұрылдауға, жиі сұйық нәжіске, әлсіздік, дене темпеpатуpасының 38,60С жоғарлауына, қайталамалы құсуға шағымданады. Екінші күннің соңында нәжісінде шырыш пайда болды. Ауру алдында котлет, омлет жеген. Іші жұмсақ, эпигастpий мен кіндік айналасында ауырсыну. Бауыры қабырға астынан 2 см-ге шығыңқы. Нәжісі сұйық, көлемді, жағымсыз йісті, жасыл түсті шырыш аралас. Осы аурудың қоздырғышының сипаты?
1. антибиотиктарға төзімділік
2. төмен температурада қоздырғыш жақсы көбейеді
3. қоршаған орта әсерінен тез өледі
4. L-форма түзеді
5. антигенді құрамының тұрақты өзгергіштігі
1
19. 8.1.7.2
Бала-бақшада вирусты гепатит А-ның эпидемиялық өршуі дамыды. Қатынастағыларды жоспарлы түрде зерттегенде бір балада келесі анализдер қортындылары алынды: АлАт – 0,2 мккат/л, анти-HAV IgM. Объективті: тері жабындылары мен шырышты қабаттарының түсі қалыпты. Зәрі мен нәжіс түсі қалыпты. Бауырының Курлов бойынша өлшемдері 12-13-11 см, жұмсақ – эластикалы консистенциялы, шеті домалақтанған, беті тегіс. Инфекциялық процесс сипатын көрсетіңіз:
1. инапарантты инфекция
2. манифестті инфекция
3. тасымалдаушылық
4. персистирлеуші инфекция
